68-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi
1. Салық төлеушi (салық агентi) салық есептiлiгiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде салық органдарына табыс етедi.
2. Егер салық төлеушi уәкiлеттi орган салық есептiлiгiнiң әртүрлi нысандарын белгiлеген салық төлеушiлер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеушi өзi жататын салық төлеушiлердiң әрбiр санаты үшiн көзделген нысандар бойынша салық есептiлiгiн табыс етуге тиiс.
3. Салық төлеушiлер (салық агенттерi), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептiлiгiн тиiстi салық органдарына таңдауы бойынша:
1) өзi келу тәртiбiмен:
салық есептiлiгi үшiн – қағаз жеткiзгiште;
мониторинг бойынша есептiлiк үшiн – ақпаратты компьютерлiк өңдеуге жол беретiн электрондық түрде;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткiзгiште;
3) салық есептiлiгiн қабылдау жүйесi арқылы – ақпаратты компьютерлiк өңдеуге жол беретiн электрондық түрде табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелерi мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер табыс ететiн мониторинг бойынша есептiлiкке қолданылмайды.
4. Салық есептiлiгi өзi келу тәртiбiмен қағаз жеткiзгiште табыс етiлген жағдайда екi дана етiп табыс етiледi. Салық есептiлiгiнiң салық органының белгiсi қойылған бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) қайтарылады.
5. Салық есептiлiгiнiң электрондық форматының құрылымы, салық есептiлiгiн электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етiлiм және осы бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi жаңарту салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi басталғанға дейiн жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тұрақты негiзде уәкiлеттi органның ресми сайтында орналастырылады.
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептiлiгi табыс етiлгеннен кейiн салық төлеушi (салық агентi) салық органына, қосымша мен (немесе) хабарлама бойынша қосымшаны қоспағанда, келесi салық есептiлiгiн табыс етуге құқылы емес.
Салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеру аяқталғаннан кейiн тарату туралы шешiмдi өзгерткен жағдайда, аяқталмаған салық кезеңi үшiн табыс етiлген таратудың салық есептiлiгi салық кезеңiндегi кезектi салық есептiлiгiне теңестiрiледi. Салық төлеушi таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап келесi салық кезеңдерi үшiн салық есептiлiгiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде тиiстi салық органдарына табыс етуге мiндеттi.
7. Салық салу объектiлерi болмаған кезде, осы Кодекстiң 149, 162, 185, 270, 364-баптарында көзделген салық есептiлiгiн қоспағанда, салық есептiлiгi табыс етiлмейдi.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептiлiгiн табыс ету жөнiндегi мiндеттеме қосылған құн салығын төлеушiлер ретiнде тiркелген тұлғаларға қолданылады.
8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетiлуге жататын деректер болмаған кезде табыс етiлмейдi.
69-бап. Салық есептiлiгiн керi қайтарып алу тәртiбi
1. Салық есептiлiгi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органына және (немесе) уәкiлеттi органға табыс етiлген, салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептiлiгiн керi қайтарып алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде салық қызметi органдарынан керi қайтарып алынуға жатады.
Салық есептiлiгiн керi қайтарып алу көрсетiлген салық кезеңiнде табыс етiлген салық есептiлiгiнiң барлық қосымша нысандарын ескере отырып жүргiзiледi.
Салық есептiлiгiн керi қайтарып алумен бiр уақытта тiркелу есебiнiң орны бойынша салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) жеке шоттарында салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың есептелген (азайтылған) сомасына түзетпе жасауды жүзеге асырады.
2. Салық төлеушi (салық агентi) мынадай:
1) қате табыс етiлген салық есептiлiгiн керi қайтарып алған;
2) осы Кодекстiң 37, 38, 40-43-баптарына сәйкес салықтық тексерудi жүргiзу басталғанға дейiн қызметiн қайта бастаған кезде таратудың салық есептiлiгiн керi қайтарып алған жағдайларда, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi табыс етуге құқылы.
Осы баптың мақсатына орай салық есептiлiгiнiң қате табыс етiлген нысандары деп мыналар:
1) валюта коды;
2) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың нөмiрi және күнi;
3) резиденттiк мәртебесi көрсетiлмеген және (немесе) қате көрсетiлген салық есептiлiгiнiң нысандары танылады.
3. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) мынадай:
1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң
2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде - шағым жасалатын салық кезеңiнiң қате берiлген салық есептiлiгiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.
4. Салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық есептiлiгiн керi қайтарып алуды жүргiзуге және салық төлеушiге (салық агентiне) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық есептiлiгiн керi қайтарып алу туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.
70-бап. Салық есептiлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу
1. Салық төлеушi (салық агентi) салық есептiлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi осы өзгерiстер мен толықтырулар жататын салық кезеңi үшiн қосымша салық есептiлiгiн жасау жолымен жүргiзедi.
2. Қосымша салық есептiлiгiнде:
1) бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiнiң сомасы өзгертiлген кезде салық кезеңi үшiн бұрын табыс етiлген салық есептiлiгi мен iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнде көрсетiлген сома арасындағы айырма;
2) бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiндегi қалған деректер өзгертiлген кезде жаңа мән тиiстi жолдар бойынша көрсетiледi.
3. Қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен кезде салық төлеушi (салық агентi) анықтаған салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдардың сомасы айыппұлды есептемей бюджетке енгiзуге жатады.
4. Салық органы салық төлеушiнiң тарату, бөлу жолымен қайта ұйымдастыру немесе қызметiн тоқтату туралы салықтық өтiнiшi бойынша жүргiзетiн салықтық тексеру басталғанға дейiн салық төлеушi (салық агентi) таратудың қосымша салық есептiлiгiн табыс етуге құқылы.
5. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң):
1) тексеру жүргiзуге арналған нұсқамада көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша кешендi және тақырыптық тексерулердi жүргiзу кезеңiнде - тексерiлетiн салық кезеңiнiң
2) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында көрсетiлген салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнiң
3) қосылған құн салығын қайтару туралы талап ету бөлiгiнде тиiстi салық есептiлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуiне жол берiлмейдi.
71-бап. Уәкiлеттi органның салық есептiлiгiн табыс ету
мерзiмдерiн ұзартуы
1. Мониторингке жататын iрi салық төлеушi осы Кодекстiң 624-бабында көрсетiлген мониторинг бойынша есептiлiктi табыс ету мерзiмi аяқталғанға дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi органға осындай есептiлiктi табыс ету мерзiмiн ұзарту туралы салықтық өтiнiш табыс етуге құқылы.
2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiштi қарау нәтижелерi бойынша оны алғаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей мониторинг бойынша есептiлiктi табыс ету мерзiмiн ұзартудан бас тарту туралы немесе мониторинг бойынша есептiлiктi табыс ету мерзiмiн ұзарту туралы шешiм шығаруға мiндеттi.
3. Мониторинг бойынша есептiлiктi табыс ету мерзiмiн ұзартудан бас тарту туралы шешiм мониторингке жататын iрi салық төлеушiде ол осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықтық өтiнiш берген күнi салық берешегi болған жағдайда, салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ екендiгi (бар екендiгi) туралы анықтама негiзiнде немесе алдыңғы он екi айлық кезең iшiнде мониторинг бойынша есептiлiктi табыс ету мерзiмдерiн бұзушылық фактiсi негiзiнде қабылданады.
4. Уәкiлеттi орган мониторинг бойынша есептiлiктi табыс ету мерзiмiн осындай есептiлiктi табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартуға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган мониторинг бойынша есептiлiктi табыс ету мерзiмiн ұзартудан бас тарту туралы шешiм шығарған жағдайда, мониторингке жататын iрi салық төлеушi осындай есептiлiктi осы Кодексте белгiленген тәртiппен табыс етедi.
6. Салық қызметi органдарының бағдарламалық қамтамасыз етiлiмiнде мониторинг бойынша есептiлiктi уақтылы табыс етуге әсер ететiн техникалық қателер табылған жағдайда, уәкiлеттi орган осындай есептiлiктi табыс ету мерзiмiн осындай есептiлiктi табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен бастап үш айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
72-бап. Салық органының салық есептiлiгiн табыс ету
мерзiмдерiн ұзартуы
1. Салық органы, мониторинг бойынша есептiлiктi қоспағанда, салық есептiлiгiнiң электрондық түрде табыс етiлу шартымен оны табыс ету мерзiмiн салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салықтық өтiнiшi бойынша ұзартады.
2. Салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмiн ұзарту туралы салықтық өтiнiштi салық төлеушi (салық агентi) салық есептiлiгiн табыс ету үшiн осы Кодексте белгiленген мерзiмге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей тiркелу есебi орны бойынша салық органына екi дана етiп бередi. Салықтық өтiнiшiнiң салық органының белгiсi қойылған бiр данасы салық төлеушiге (салық агентiне) қайтарылады.
Салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмiн ұзарту салық органына салық есептiлiгiн ұзартуға салықтық өтiнiш берiлген күнтiзбелiк жыл iшiнде салық төлеушi (салық агентi) табыс ететiн салық есептiлiгiне қолданылады.
3. Салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмi мынадай:
1) корпоративтiк табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша – декларацияны табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын;
2) салықтың өзге түрлерi бойынша – декларацияны және (немесе) есеп-қисапты табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен бастап күнтiзбелiк он бес күннен аспайтын кезеңге ұзартылады.
Салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмiн ұзарту осы Кодекстiң 141-бабында көзделген аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын табыс ету мерзiмiне қолданылмайды.
4. Салық есептiлiгiн табыс ету мерзiмiн ұзарту салық төлеу мерзiмiн өзгертпейдi.
73-бап. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық
есептiлiгiн табыс етуiн тоқтата тұру
(ұзарту, қайта бастау) тәртiбi
1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде, осы бапта белгiленген тәртiппен:
1) салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұруға;
2) салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмiн ұзартуға;
3) егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептiлiгiн табыс етудi қайта бастауға құқығы бар.
Салық төлеушi (салық агентi) қызметiн тоқтата тұру туралы шешiм қабылдаған жағдайда өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына алдағы кезеңге арналған салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш табыс етедi. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi, оны ұзарту ескерiле отырып, осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген мерзiмнен аспауға тиiс.
Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде салық төлеушi (салық агентi) салық кезеңiнiң басынан осындай өтiнiште көрсетiлген қызметтi тоқтата тұру күнiне дейiн салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша салық есептiлiгiн табыс етедi.
2. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде салық органы салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы немесе салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
3. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы немесе салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм салық төлеушiге (салық агентiне) жеке өзiне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактiсiн растайтын өзге тәсiлмен тапсырылады.
4. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм салық төлеушiде (салық агентiнде) өтiнiш берiлген күнi салық берешегi болған немесе салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салық есептiлiгiн табыс етпеген жағдайда қабылданады.
5. Салық органы салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған жағдайда, салық төлеушi (салық агентi) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептiлiгiн табыс етедi.
6. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi (салық агентi) алған салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiм салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiште көрсетiлген салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру кезеңiне салық есептiлiгiн табыс етпеуге негiз болып табылады. Осы тармақта көрсетiлген салық есептiлiгiн табыс етпеу салық есептiлiгiн нөлдiк көрсеткiштерiмен табыс етуге теңестiрiледi.
7. Салық төлеушi (салық агентi) қызметтi тоқтата тұру мерзiмi аяқталғанға дейiн қызметтi қайта бастау туралы шешiм қабылдаған жағдайда, аталған салық төлеушi (салық агентi) қызметтi тоқтата тұру мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш пен салық есептiлiгiн табыс етедi.
8. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiмде көрсетiлген қызметтi тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн салық төлеушi (салық агентi) салық органына мынадай құжаттардың бiрiн табыс етуге мiндеттi:
1) осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық есептiлiгi;
2) салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмiн ұзарту туралы салықтық өтiнiш.
9. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш берiлген кезде осы мерзiм осындай өтiнiште көрсетiлген, осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiлген кезеңге ұзартылады. Салықтық өтiнiш салық органының осындай өтiнiштi қабылдағаны туралы белгiсi болған кезде қызметтi қайта бастау күнiне дейiнгi алдағы салық кезеңдерi үшiн салық есептiлiгiн табыс етпеуге негiз болып табылады.
10. Салық органы салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң қызметiн тоқтата тұру кезеңi iшiнде қызметiн жүзеге асыру фактiлерiн анықтаған жағдайда, салық органдары аталған тұлғаларды хабардар етпей-ақ салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмi тоқтатылды деп таниды.
11. Осы баптың ережелерi мына салық төлеушiлерге:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн, патент негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатын дара кәсiпкерлерге;
2) ойын бизнесi салығын және (немесе) тiркелген салықты төлеушiлер болып табылатын дара кәсiпкерлерге немесе заңды тұлғаларға;
3) ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларға қолданылмайды.
12. Осы баптың ережелерi мүлiк, көлiк құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiне қолданылмайды.
74-бап. Патент негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн
арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң
салық есептiлiгiн табыс етуiн тоқтата тұру
(ұзарту, қайта бастау) тәртiбi
1. Салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш негiзiнде, осы бапта белгiленген тәртiппен:
1) салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұруға;
2) салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру мерзiмiн ұзартуға құқығы бар.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкер қызметiн тоқтата тұрған жағдайда, орналасқан жерi бойынша салық органына патенттiң қолданылу мерзiмi бiткенге дейiнгi алдағы кезеңге салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш бередi.
2. Салық органының салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiмi салықтық өтiнiш берiлген күнге уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша шығарылады.
3. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiм салық төлеушiге немесе оның өкiлiне жеке өзiне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту және алу фактiсiн растайтын өзге тәсiлмен тапсырылады.
4. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы шешiм салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру туралы салықтық өтiнiште көрсетiлген күннен бастап қызметiн қайта бастау күнiне дейiнгi кезеңде патент алу үшiн есеп-қисап табыс етпеуге негiз болып табылады.
5. Салық төлеушi, егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қызметiн тоқтата тұру мерзiмi аяқталғаннан кейiн қызметiн қайта бастаған болып танылады.
6. Салық төлеушi салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұрудың ағымдағы кезеңi аяқталған күннен кешiктiрмей салық органына салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы. Мұндай өтiнiш онда көрсетiлген қызметтi қайта бастау күнiне дейiн патенттi алу үшiн есеп-қисап табыс етпеуге негiз болып табылады.
7. Салық төлеушi қызметiн қайта бастаған күннен бастап алдағы кезеңге патент алу үшiн салық органдарына есеп-қисап беру арқылы қызметiн тоқтата тұру мерзiмi аяқталғанға дейiн қызметiн қайта бастауға құқылы.
8. Салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру кезеңiнде патент алу үшiн есеп-қисап табыс етiлген кезде салық төлеушi қызметi осы есеп-қисапта көрсетiлген қызметтiң басталған күнiнен бастап қайта басталған болып танылады.
9. Салық төлеушi осы баптың 6, 7-тармақтарында көрсетiлген патенттi алу үшiн салықтық өтiнiштi немесе есеп-қисапты табыс етпеген кезде салық төлеушiнiң қызметi салық есептiлiгiн табыс етудi тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтiнiште көрсетiлген қызметiн тоқтата тұру мерзiмiнiң аяқталған күнiнен бастап қайта басталған болып танылады.
10. Осы баптың ережелерi мүлiк, көлiк құралы салықтары мен жер салығы бойынша, жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы бойынша салық есептiлiгiн табыс ету тәртiбi мен мерзiмдерiне қолданылмайды.
§ 2. Салықтық өтiнiш
75-бап. Жалпы ережелер
1. Салықтық өтiнiш – осы Кодексте белгiленген жағдайларда салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өз құқықтарын iске асыру және мiндеттерiн орындау мақсатында салық қызметi органына табыс ететiн құжаты.
2. Салықтық өтiнiштердiң нысандарын уәкiлеттi орган бекiтедi.
76-бап. Салықтық өтiнiштi табыс ету тәртiбi
1. Салық төлеушi (салық агентi) салықтық өтiнiштi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және мерзiмде салық қызметi органдарына табыс етедi.
2. Салық төлеушiлер (салық агенттерi), егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салықтық өтiнiштi тиiстi салық қызметi органдарына таңдауы бойынша:
1) өзi келу тәртiбiмен – қағаз жеткiзгiште;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы – қағаз жеткiзгiште;
3) салық есептiлiгiн қабылдау жүйесi арқылы – ақпаратты компьютерлiк өңдеуге жол беретiн электрондық түрде табыс етуге құқылы.
3. Салықтық өтiнiш өзi келу тәртiбiмен қағаз жеткiзгiште табыс етiлген жағдайда көрсетiлген салықтық нысан екi дана етiп жасалады, бiр данасы салық органының белгiсi қойылып, салық төлеушiге (салық агентiне) қайтарылады.
4. Салықтық өтiнiштiң электрондық форматының құрылымы, салықтық өтiнiштi электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етiлiм және осы бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi жаңарту ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан кешiктiрiлмей уәкiлеттi органның ресми сайтында орналастырылады.
5. Салықтық өтiнiшке өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу осы Кодексте белгiленген жағдайларда және тәртiппен жүзеге асырылады.
§ 3. Салық тiркелiмдерi
77-бап. Салық тiркелiмдерi
1. Салық тiркелiмi – салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтердi қамтитын құжаты.
Салық тiркелiмдерi осы Кодекстiң 56-бабының 3-тармағында көрсетiлген салықтық есепке алу мақсаттарын қамтамасыз ету үшiн ақпаратты жинақтау мен жүйелеуге арналған.
Салықтық есепке алу деректерiн қалыптастыру салық салу мақсатына орай пайдаланылатын ақпаратты хронологиялық тәртiппен көрсету арқылы және салықтық есепке алу деректерiнiң салық кезеңдерi арасындағы (оның iшiнде нәтижелерi бiрнеше салық кезеңдерi iшiнде ескерiлетiн, кейiнгi салық кезеңдерiнде салық салу объектiсiнiң мөлшерiне әсер ететiн немесе бiрқатар жылдарға ауысатын операциялар бойынша) сабақтастығын қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.
Салық тiркелiмдерi арнаулы нысандар түрiнде жүргiзiледi. Уәкiлеттi орган белгiлеген салық тiркелiмдерi нысандарын қоспағанда, салық тiркелiмдерiнiң нысандарын және оларда салықтық есепке алу деректерiн көрсету тәртiбiн салық төлеушi (салық агентi) дербес әзiрлейдi және салықтық есепке алу саясатында бекiтедi.
Салық тiркелiмдерiнде шаруашылық операцияларының көрсетiлу дұрыстығын оларға қол қойған тұлғалар қамтамасыз етедi.
2. Салық тiркелiмдерi:
1) салық төлеушi (салық агентi) осы Кодекстiң 56-бабының ережелерiн ескере отырып, салықтық есепке алу саясатында белгiлеген нысандар бойынша салық төлеушi (салық агентi) дербес жасайтын салық тiркелiмдерiн;
2) жасалу нысандары мен ережесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн, салық төлеушi (салық агентi) жасайтын салық тiркелiмдерiн қамтиды.
3. Салық тiркелiмдерi мынадай мiндеттi деректемелердi қамтуға тиiс:
1) тiркелiмнiң атауы;
2) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) сәйкестендiру нөмiрi;
3) тiркелiм жасалған кезең
4) тiркелiмдi жасауға жауапты адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде).
4. Уәкiлеттi орган:
1) салық салудан босатуды, корпоративтiк табыс салығы, инвестициялық салық преференциялары бойынша салық салынатын табысты азайтуды қолдану;
2) тiркелген активтер топтарының (кiшi топтарының) баланстық құндарын айқындау және тiркелген активтер бойынша кейiнгi шығыстар;
3) туынды қаржы құралдары;
4) шығарылған және төлеушi алған қосылған құн салығының шот-фактуралары жөнiндегi ақпаратты көрсету үшiн салық тiркелiмдерiнiң нысандарын белгiлеуге құқылы.
5. Салық тiркелiмдерi қағаз жеткiзгiштерде жүргiзiлген жағдайда мұндай салық тiркелiмдерiндегi қателердi түзету негiздi болуға және енгiзiлген түзетулердiң күнi мен негiздемесi көрсетiле отырып, түзету енгiзген жауапты адамның қолымен расталуға тиiс.
6. Салық тiркелiмдерi құжаттамалық салықтық тексерулер жүргiзу кезiнде салық қызметi органдарының лауазымды адамдарына қағаз жеткiзгiштерде және (немесе) тексерудi жүзеге асыратын салық қызметi органдары лауазымды адамдарының талап етуi бойынша электрондық жеткiзгiштерде ұсынылады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


