42-бап. Қызметiн тоқтататын жекеше нотариустың,
адвокаттың салық мiндеттемесiн орындау
1. Жекеше нотариус, адвокат нотариаттық, адвокаттық қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде өзiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiштi;
2) таратудың салық есептiлiгiн;
3) жекеше нотариустың, адвокаттың қызметiн тоқтату туралы ақпараттың баспа басылымында жарияланғанын растайтын құжатты табыс етедi.
2. Таратудың салық есептiлiгi қызметiн тоқтататын жекеше нотариус, адвокат төлеушi және (немесе) салық агентi болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргiзу туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
3. Қызметiн тоқтататын жекеше нотариус, адвокат таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудi салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
Егер таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталса, төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
4. Қызметiн тоқтататын жекеше нотариустың, адвокаттың салықтық өтiнiшiн салық органы алғаннан кейiн құжаттық тексеру жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей басталуға тиiс.
5. Егер қызметiн тоқтататын жекеше нотариуста, адвокатта салықтың, төлемақылардың және өсiмпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен жекеше нотариустың, адвокаттың салық берешегiн өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметiн тоқтататын жекеше нотариуста, адвокатта салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызылуға жатады.
6. Қызметiн тоқтататын жекеше нотариуста, адвокатта салық
берешегi болмаған жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң қате төленген сомасы осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен осы жекеше нотариусқа, адвокатқа қайтарылуға жатады;
2) салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 602-бабында белгiленген тәртiппен осы жекеше нотариусқа, адвокатқа қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленген сомасы осы Кодекстiң 606-бабында белгiленген тәртiппен осы жекеше нотариусқа, адвокатқа қайтарылуға жатады.
7. Қызметiн тоқтататын жекеше нотариустың, адвокаттың салық мiндеттемесi, оның салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ болған немесе толық көлемде өтелген жағдайда құжаттық тексеру аяқталғаннан кейiн орындалды деп есептеледi.
8. Осы баптың 7-тармағына сәйкес салық мiндеттемесiнiң орындалған күнi жекеше нотариусты, адвокатты салық органындағы тiркелу есебiнен шығару күнi болып табылады.
9. Қызметiн тоқтатқан жекеше нотариус, адвокат салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiн толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал салық берешегi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегi жоқ болған жағдайда тексеру аяқталған күннен бастап орналасқан жерi бойынша салық органына:
1) нотариаттық, адвокаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылған банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
2) iшкi iстер органының жекеше нотариустың, адвокаттың мөрiн (ол болған кезде) жойғаны туралы құжатын табыс етуге мiндеттi.
43-бап. Қызметi тоқтатылған кезде салық төлеушiлердiң
жекелеген санаттарының салық мiндеттемесiн
орындау ерекшелiктерi
1. Патент, оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкер қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына бiр мезгiлде:
1) қызметiн тоқтату туралы салықтық өтiнiштi;
2) таратудың салық есептiлiгiн;
3) дара кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркелуi туралы куәлiктi немесе ол жоғалған немесе бүлiнген кезде қағаз жеткiзгiштегi түсiнiктеменi табыс етедi.
2. Таратудың салық есептiлiгi дара кәсiпкер салық төлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша, қызметiн тоқтату туралы салықтық өтiнiш табыс етiлген салық кезеңiнiң басынан бастап осындай өтiнiш табыс етiлген күнге дейiнгi кезең үшiн жасалады.
3. Салық төлеушi таратудың салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударуды салық органына таратудың салық есептiлiгi табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.
Егер таратудың салық есептiлiгiнiң алдында табыс етiлген салық есептiлiгiнде көрсетiлген салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару мерзiмi осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн басталатын болса, онда төлеу (аудару) таратудың салық есептiлiгi салық органына табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
4. Егер салық төлеушiде салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 602-бабында белгiленген тәртiппен осы салық төлеушiге қайтарылуға жатады.
Егер қызметiн тоқтататын салық төлеушiде салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, онда көрсетiлген сома осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызылуға жатады.
5. Салық органы салық төлеушiнiң қызметiн тоқтату туралы салықтық өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
1) уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға - қызметiн тоқтататын дара кәсiпкер болып табылатын жеке тұлға мемлекеттiк тiркеуге жататын мүлiкпен жасаған мәмiлелер туралы, сондай-ақ қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiш алынған күнгi жағдай бойынша оның мүлкi туралы мәлiметтердi табыс ету туралы;
2) кеден органдарына - қызметiн тоқтататын дара кәсiпкер болып табылатын жеке тұлға жасаған сыртқы сауда мәмiлелерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ кеден төлемдерi және салық бойынша салық органының талаптарын алған күннен бұрынғы емес күнге берешегiнiң жоқ екендiгi туралы растауды табыс ету туралы;
3) банктерге және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға - қызметiн тоқтататын дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтату туралы салықтық өтiнiшi алынған күнгi банктiк шоттарындағы ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы мәлiметтердi табыс ету туралы сауалды жiберуге мiндеттi.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмiлелер туралы, сондай-ақ банктiк шоттардағы ақша қозғалысы туралы мәлiметтер салық органының қызметтi тоқтату туралы салықтық өтiнiштi алған күнге дейiн салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзiлмеген кезең үшiн осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi шегiнде табыс етiледi.
6. Салық органының осы баптың 5-тармағында көрсетiлген сауалдары бойынша мәлiметтер, егер осы Кодекстiң 581-бабының 12) тармақшасында өзгеше көзделмесе, оны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей табыс етiлуге тиiс.
7. Салық органы барлық мәлiметтердi алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей камералдық бақылауды жүзеге асыруға мiндеттi, оның нәтижелерi бойынша осы Кодексте белгiленген тәртiппен қорытынды жасалады.
8. Қызметiн тоқтататын дара кәсiпкердiң салық берешегi аталған дара кәсiпкердiң ақшасы есебiнен, оның iшiнде оның мүлкiн өткiзуден алынған ақша есебiнен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен өтеледi.
9. Егер қызметiн тоқтататын дара кәсiпкерде салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетiлген сома осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен осы дара кәсiпкердiң салық берешегiн өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады.
Егер қызметiн тоқтататын дара кәсiпкерде салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың қате төленген сомасы бар болса, көрсетiлген сома осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызылуға жатады.
10. Қызметiн тоқтататын салық төлеушiде салық берешегi болмаған
жағдайда:
1) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң қате төленген сомасы осы Кодекстiң 601-бабында белгiленген тәртiппен осы салық төлеушiге қайтарылуға жатады;
2) салықтың, бюджетке төленетiн төлемақылар мен өсiмпұлдардың артық төленген сомасы осы Кодекстiң 602-бабында белгiленген тәртiппен осы салық төлеушiге қайтарылуға жатады;
3) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң төленген сомасы осы Кодекстiң 606-бабында белгiленген тәртiппен осы салық төлеушiге қайтарылуға жатады.
11. Дара кәсiпкердiң қызметi:
1) аяқталған күнi осы Кодекстiң 587-бабына сәйкес айқындалатын
камералдық бақылаудың аяқталуы;
2) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң жоқ болу шарттары орындалған кезде тоқтатылған болып есептеледi.
12. Осы баптың 11-тармағында көзделген шарттар орындалған кездегi ең соңына келетiн күндердiң бiрi дара кәсiпкердi салық органындағы тiркелу есебiнен шығару күнi болып табылады.
13. Қызметi тоқтатылған деп есептелетiн дара кәсiпкер салық берешегiн, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi толық көлемде өтеген күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей орналасқан жерi бойынша салық органына:
1) банктегi бар шоттарының жабылғаны туралы банктiң және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
2) iшкi iстер органдарының дара кәсiпкердiң мөрiн (ол болған кезде) жойылғаны туралы құжатын табыс етуге мiндеттi.
44-бап. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық
мiндеттемесiн орындау
1. Жеке тұлғаның салық мiндеттемесi ол соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде хабарсыз кеткен деп танылған кезден бастап тоқтатыла тұрады.
2. Сот хабарсыз кеткен деп таныған жеке тұлғаның салық берешегiн хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкiне қорғаншылық жасау жөнiндегi мiндет жүктелген адам өтейдi.
3. Егер хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда оның салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктiң жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.
4. Сот адамды хабарсыз кеткен деп тану туралы шешiмнiң күшiн жойған кезде, бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, сот тәртiбiмен қайта басталады.
45-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегiн өтеу
1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгi, сондай-ақ оны соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау күнгi жиналып қалған салық берешегiн оның мұрагерi (мұрагерлерi) мұраға қалдырылған
мүлiктiң құны шегiнде және мұраны алған күнгi ондағы үлесiне барабар өтейдi.
Егер қайтыс болған жеке тұлғаның, сондай-ақ соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жарияланған жеке тұлғаның мүлкi салық берешегiн өтеу үшiн жеткiлiксiз болса, онда салық берешегiнiң өтелмеген бөлiгiн салық органы мүлiктiң жеткiлiксiздiгi туралы сот шешiмi негiзiнде есептен шығарады.
2. Егер мұрагер (мұрагерлер) кәмелетке толмаған болса, онда жеке тұлғаның қайтыс болған күнгi немесе оны қайтыс болды деп жариялау күнгi жиналып қалған салық берешегiн өтеу бойынша мiндеттеме соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде ғана осындай мұрагерге (мұрагерлерге) мұраға қалдырылған мүлiктiң құны шегiнде және мұраны алған күнгi ондағы үлесiне барабар шекте жүктеледi.
3. Жеке тұлғаның қайтыс болған күнгi немесе оны соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болды деп жариялау күнгi жиналып қалған салық берешегi, егер:
1) кәмелетке толмаған мұрагер (мұрагерлер) соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде осындай берешектi өтеу жөнiндегi салық мiндеттемесiнен босатылса;
2) мұрагерi (мұрагерлерi) жоқ болса, өтелген болып саналады.
Сот жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы шешiмнiң күшiн жойған кезде бұрын салық органы есептен шығарған салық берешегiнiң күшi осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiне қарамастан, сот тәртiбiмен қайта басталады.
4. Осы баптың ережелерi, қайтыс болған немесе соттың күшiне енген шешiмi негiзiнде қайтыс болған деп жарияланған дара кәсiпкерге де, жекеше нотариусқа да, адвокатқа да қолданылады.
46-бап. Салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою
мерзiмi
1. Салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi:
1) салық қызметiнiң органы салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын есепке жазуға немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы;
2) салық төлеушi (салық агентi) салық есептiлiгiн табыс етуге мiндеттi, салық есептiлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге, салық есептiлiгiн керi қайтарып алуға құқылы;
3) салық төлеушi (салық агентi) салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, өсiмпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап етуге құқылы;
4) салық қызметiнiң органы салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, өсiмпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргiзуге мiндеттi болатын уақыт кезеңi.
2. Салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi — бес жыл. Салық мiндеттемесi бойынша талап қою мерзiмiнiң өтуi, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiстi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн басталады.
3. Қызметiн жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушiлер бойынша салық қызметiнiң органы жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi iшiнде және жер қойнауын пайдалануға келiсiмшарттың қолданылуы аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде үстеме пайда салығының, сондай-ақ салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын есепке жазуға немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауға құқылы, оларды есептеу әдiстемесiнде мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) немесе пайданың iшкi нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады.
4. Жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша немесе жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасаған мәмiлесi (мәмiлелерi) бойынша салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын есепке жазуды немесе олардың есепке жазылған сомасын қайта қарауды салық қызметiнiң органы соттың үкiмi немесе қаулысы заңды күшiне енгеннен кейiн салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi шегiнде жүргiзедi.
5. Салық төлеушi (салық агентi) осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылға жетпейтiн уақыт iшiнде аяқталатын кезең үшiн қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен жағдайда көрсетiлген талап қою мерзiмi салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын есепке жазу және (немесе) есептелген сомасын қайта қарау бөлiгiнде күнтiзбелiк бiр жылға ұзартылады.
6. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен салық органдарының есепке жатқызуына және (немесе) қайтаруына жататын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, өсiмпұлдар бойынша есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргiзу үшiн талап қою мерзiмi осы Кодекстiң 548-бабында белгiленген жағдайды қоспағанда, салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл болады.
7. Осы бапта белгiленген салық мiндеттемесi мен талабы бойынша талап қою мерзiмi салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен салықтық тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметiнiң жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелерi бойынша шығарған шешiмiне, сондай-ақ салық қызметiнiң органдары лауазымды адамдарының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау кезеңiнде аяқталған жағдайда талап қою мерзiмi шағымды, талап қоюды қарау нәтижелерi бойынша шығарылған шешiм орындалғанға дейiн шағым жасалатын бөлiгiнде ұзартылады.
6-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУ ЖӨНIНДЕГI САЛЫҚ
МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУ МЕРЗIМДЕРIНIҢ ӨЗГЕРТIЛУI.
САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ТОҚТАТУ НЕГIЗДЕРI
47-бап. Жалпы ережелер
1. Салық (төлем көзiнен ұсталатын салықтардан, акциздерден және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқасын) төлеудiң осы Кодексте белгiленген мерзiмiн салық төлеушiнiң өтiнiшi негiзiнде неғұрлым кеш, бiрақ күнтiзбелiк он екi айдан аспайтын мерзiмге ауыстыру салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту деп танылады.
Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш салық төлеу мерзiмiнiң ауыстырылу себептерiн қамтуға тиiс.
2. Өзгертiлген мерзiмдер бойынша салық мiндеттемесiн орындау құқығы басқаға берiлуге жатпайды.
3. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту салық төлеушiнi осы Кодекстiң 610-бабына сәйкес салық сомасын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмпұлдар төлеуден босатпайды.
4. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiн өзгерту осы тарауда белгiленген тәртiппен салық төлеушiнiң және (немесе) үшiншi тұлғаның мүлкiн кепiлге алу және (немесе) банк кепiлдiгi арқылы жүргiзiледi.
48-бап. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау
мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм қабылдауға
уәкiлеттi орган
1. Республикалық бюджетке келiп түсетiн, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықты төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
2. Жергiлiктi бюджетке толық көлемiнде келiп түсетiн салықты төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмдi салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу орны бойынша салық органы қабылдайды.
49-бап. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау
мерзiмдерiн банк кепiлдiгi арқылы өзгерту тәртiбi
1. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн банк кепiлдiгi арқылы өзгерту туралы өтiнiштi салық төлеушi салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiм қабылдауға уәкiлеттi салық қызметiнiң органына банк кепiлдiгi шартын жасасқан күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей табыс етедi. Өтiнiшке кепiлдiк берушi банк пен салық төлеушi арасында жасалған банк кепiлдiгi шарты және банк кепiлдiгi қоса берiледi.
2. Банк кепiлдiгi керi қайтарып алынбайтын болуға тиiс. Банк
кепiлдiгi шартының мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген талаптарға сәйкес болуға тиiс.
3. Салық қызметiнiң органы салық төлеушiнiң өтiнiшiн алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн мынадай:
1) салық төлеушiмен келiсiлген, салық төлеу мерзiмiн белгiлейтiн және осы шешiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын салық мiндеттемесiн орындау графигiн қоса бере отырып, салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы;
2) салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды.
4. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгерту туралы шешiмде ол бойынша төлеу мерзiмi өзгертiлген салықтың түрi мен сомасы, салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) не атауы, сәйкестендiру нөмiрi және шешiмнiң қолданылу мерзiмi көрсетiледi.
5. Салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiн өзгертуден бас тарту туралы шешiм салық төлеушi осы тараудың ережелерiн сақтамаған жағдайда қабылданады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


