273-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын
қайтару
1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушiге қайтару:
1) егер осы Кодекстiң 274-бабында өзгеше белгiленбесе, осы бапта белгiленген тәртiппен және мерзiмде;
2) салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда аталған қайтару туралы оның талабының негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Егер қосылған құн салығын төлеушi салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсетпесе, онда бұл асып кеткен сома алдағы қосылған құн салығы бойынша төлемдер есебiне жатқызылады немесе қайтарылуға ұсынылуы мүмкiн.
Бұл ретте қосылған құн салығын төлеушiнiң осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде, 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейiн қалыптасқан қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтаруға құқығы бар.
3. Егер осы баптың 4-тармағында және осы Кодекстiң 274-бабында өзгеше белгiленбесе, салықтық тексеру нәтижелерiмен расталған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару салық кезеңi iшiнде қайтару туралы талап көрсетiлген қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлген күннен бастап күнтiзбелiк жүз сексен күн iшiнде жүргiзiледi.
Осы тармақтың мақсатында:
1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актiсi;
2) осы Кодекстiң 635-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресiмделген салықтық тексеру актiсiне қорытынды;
3) нөлдiк ставка бойынша салық салынған айналым болған кезде, осы Кодекстiң баптарына сәйкес нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшiн негiз болып табылады.
4. Осы Кодекстiң 274-бабының 2-тармағында аталғандарды қоспағанда, салық кезеңi iшiндегi өткiзу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемiнде 70 проценттi құрайтын нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеушiге, қайтару туралы талап көрсетiлген қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлген кезден бастап алпыс жұмыс күнi iшiнде қайтару жүргiзiледi.
Осы тармақтың мақсатында:
1) қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растайтын салықтық тексеру актiсi;
2) осы Кодекстiң 243-245-баптарына сәйкес нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдарды растайтын құжаттар;
3) осы Кодекстiң 634-бабының 10-тармағында көзделген жағдайда, ресiмделген салықтық тексеру актiсiне қорытынды қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару үшiн негiз болып табылады.
5. Қосылған құн салығының асып кетуi:
1) мыналар:
шағын бизнес субъектiлерi;
шаруа немесе фермер қожалықтары;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi-заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн белгiленген арнаулы салық режимдерiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушiге;
2) осы Кодекстiң 267-бабының ережелерiн қолданатын салық төлеушiге қайтарылмайды.
6. Бюджеттен қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын салық төлеушiге осы Кодекстiң 603-бабында белгiленген тәртiппен қайтарылады.
Бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып кеткен сомасы қосылған құн салығы бойынша алдағы төлемдердiң шотына есептеледi. Импорт кезiнде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстiң 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотына есепке жатқызу жүргiзiлмейдi.
7. Салық төлеушiнiң декларацияда қосылған құн салығын қайтару талабы көрсетiлген, бюджеттен қайтарылған және құжаттық салықтық тексеру жүргiзу барысында расталмаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасы салық төлеушiнiң салықтық тексеру нәтижесi туралы хабарлама негiзiнде бюджетке төлеуiне жатады.
Егер салық төлеушiге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару осы Кодекстiң 603-бабының 4-тармағына сәйкес осы салық төлеушiнiң пайдасына бұрын өсiмпұл есебiне жатқызу және аудару арқылы жүргiзiлген болса, салықтық тексеру кезiнде расталмаған, салық төлеушiге бұрын аударылған және қайтарылған қосылған құн салығының асып кеткен сомасына келетiн өсiмпұл салықтық тексерулердiң нәтижесiнде хабарлама негiзiнде бюджетке төленуге жатады.
8. Осы баптың 7-тармағында көрсетiлген сомалар осы Кодекстiң 603-бабының 4-тармағында көрсетiлген мөлшерде салық төлеушiнiң осы сомаларды аударған күнiнен бастап әр күн үшiн өсiмпұл есептен шығарыла отырып бюджетке төленуге жатады.
274-бап. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын
қайтарудың оңайлатылған тәртiбi
1. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбi алдын-ала салықтық тексеру жүргiзбей қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асыру болып табылады.
2. Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс еткен:
1) iрi салық төлеушiлер мониторингiнде кемiнде он екi ай қатарынан тұрған және қосылған құн салығының асып кеткен сомасынқайтару туралы талапты көрсете отырып, қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс ететiн күнi салық есептiлiгiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi жоқ қосылған құн салығын төлеушiлердiң қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.
Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетiн iрi салық төлеушi бөлiну, бөлiнiп шығу, қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдану құқығы қайта ұйымдастырылған тұлғаның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) өтедi.
Мониторингке жататын, осы тармақшада көзделген талаптарға сай келетiн iрi салық төлеушiлер қосылу немесе бiрiгу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде, қосылу немесе бiрiгу жолымен қайта ұйымдастырылған барлық заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылуға дейiн мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер болып табылған жағдайда, қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдану құқығы құқықтық мирасқорға өтедi.
Осы тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарында аталған құқықтық мирасқорға (құқықтық мирасқорларға) қатысты қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдану құқығы мониторингке жататын iрi салық төлеушiлердiң жаңа тiзбесi қолданысқа енгiзiлгенге дейiн әрекет етедi.
2) камералдық бақылау нәтижесiнде осы тұлғаның қосылған құн салығы бойынша салық есептiлiгiнде және оның тiкелей өнiм берушiлерi мен сатып алушыларының қосылған құн салығы бойынша салық есептiлiгiнде көрсетiлген деректерi арасындағы айырмалар анықталмаған тұлға қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.
Егер салық төлеушiнiң қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс ететiн күнi салық есептiлiгiн табыс ету бойынша орындалмаған салық мiндеттемелерi болмаған жағдайда, осы тармақшаның ережелерi қолданылады.
Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы аталған тұлғаларға осы тармақшаның ережелерi қолданылмайды;
3) тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану нәтижесiнде тәуекелдер санатына жатқызылмаған, осы бапта көзделген оңайлатылған тәртiптi қолдануға құқығы жоқ тұлғалар қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртiбiн қолдануға құқығы бар.
3. Оңайлатылған тәртiппен қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару мынадай мерзiмдерде:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушiлерге – салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны салық органына табыс ету үшiн осы Кодексте (ұзарту кезеңiн ескере отырып) белгiленген соңғы күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде;
2) егер осы тармақшада өзгеше белгiленбесе, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушiлерге – салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны табыс ету үшiн белгiленген соңғы күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Қосылған құн салығы жөнiндегi декларация уақтылы табыс етiлмеген жағдайда, осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған салық төлеушiлерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушiлерге – салық кезеңi iшiнде қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару туралы талап көрсетiлген қосылған құн салығы жөнiндегi декларация салық органына табыс етiлген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
275-бап. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған
тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша
төленген қосылған құн салығын қайтару
1. Грант қаражаттары есебiнен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша:
1) грант алушыға – Қазақстан Республикасының грант беру туралы халықаралық шартына сәйкес бенефициар болып табылатын мемлекеттiк органға, егер Қазақстан Республикасының аталған халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, орындаушыны тағайындаушыға;
2) орындаушыға – грантты iске асыру үшiн грант алушы болып тағайындалған тұлғаға (бұдан әрi – орындаушы) төленген қосылған құн салығын қайтару жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушыларға төленген қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары, егер бiр мезгiлде мынадай шарттар сақталса:
1) грант қаражаты есебiнен тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер сатып алынған грант мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлсе;
2) грант тек қана тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу үшiн берiлiп, олар сол мақсаттарда ғана сатып алынса;
3) тауарларды өткiзу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер грант алушымен не грант мақсаттарын жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес жүзеге асырылса, грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қайтарады.
3. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару грант алушыларға немесе орындаушыларға осы Кодекстiң 599, 604-баптарында көзделген тәртiппен, қосылған құн салығының грант қаражаттары есебiнен төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жүргiзiледi.
4. Осы бапқа сәйкес қосылған құн салығын қайтару үшiн грант қаражаттары есебiнен сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша төленген қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтiнiшке қоса грант алушы немесе орындаушы орналасқан жерi бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
1) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекет, шет мемлекет үкiметi не Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбеге енгiзiлген халықаралық ұйым арасындағы грант беру туралы шарттың көшiрмесiн;
2) грант алушы не орындаушы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушымен жасасқан шарттың (келiсiмшарттың) көшiрмесiн;
3) қосылған құн салығын қайтару туралы салықтық өтiнiшпен жүгiнуi кезiнде оның орындаушы ретiнде тағайындалуын растайтын құжаттың көшiрмесiн;
4) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң тиеп жөнелтiлгенiн және алынғанын растайтын құжаттарды;
5) қосылған құн салығының сомасын бөлек жазып көрсете отырып, қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын ұсынушы жазып берген шот-фактураны;
6) жүкқұжатын, тауар-көлiк жүкқұжатын;
7) грант алушының немесе орындаушының материалдық жауапты адамының тауарды алғанын растайтын құжатты;
8) белгiленген тәртiппен ресiмделген, грант алушы немесе орындаушы орындаған және қабылдаған тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң актiлерiн;
9) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алғаны үшiн ақының төленгенiн, оның iшiнде қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттарды табыс етедi.
Осы бапта көзделген қосылған құн салығын қайтаруды қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын грант алушы немесе орындаушы да жүргiзедi.
276-бап. Қазақстан Республикасында аккредиттелген
дипломатиялық және оларға теңестiрiлген
өкiлдiктерге және олардың персоналына қосылған
құн салығын қайтару
1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге (бұдан әрi – өкiлдiктер) және дипломатиялық, әкiмшiлiк-техникалық персоналына жататын адамдарға (бұдан әрi – персонал), олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңiлдiктер беру кезiнде өзара түсiнiстiк принципiн растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргiзiледi.
Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi бекiткен тiзбеге енгiзiлген өкiлдiктердiң орналасқан жерi бойынша салық органы жүзеге асырады.
2. Өзара түсiнiстiк принципi негiзiнде, бiрқатар өкiлдiктерге қатысты қосылған құн салығын қайтарудың мөлшерi мен шарттары бойынша шектеулер белгiленуi мүмкiн.
Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгiленетiн өкiлдiктердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша бекiтедi.
3. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығын қоса алғанда, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жазып берiлген әрбiр жеке шот-фактурада және төлеу фактiсiн растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең аз есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерiн құраған және одан асып түскен жағдайларда, өкiлдiктерге қосылған құн салығы қайтарылады.
Осы тармақта белгiленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық қызмет көрсетулердi төлеуге қолданылмайды.
4. Салық органдары өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) және қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттар (осы Кодексте белгiленген тәртiппен жазып берiлген шот-фактуралар, төлеу фактiсiн растайтын құжаттар) көшiрмелерiнiң негiзiнде қосылған құн салығын қайтаруды жүзеге асырады.
Өкiлдiктер персоналының мүшелерiне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi берген аккредитттеу құжаттарының көшiрмелерi қосымша табыс етiледi.
Өкiлдiктер есептi тоқсан iшiнде сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тiзiлiмдердi) уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша қағаз жеткiзгiште тоқсан сайын жасайды, мөрмен куәландырылады және оған басшы не өкiлдiктiң соған уәкiлеттiк берген лауазымды адамы қол қояды.
Өкiлдiктер жасаған ведомостар (тiзiлiмдер) қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгiленген тәртiппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактiсiн растайтын құжаттардың) көшiрмелерiмен қоса есептi тоқсаннан кейiнгi айдың iшiнде, өкiлдiк персоналы мүшесiнiң (мүшелерiнiң) Қазақстан Республикасында болуының аяқталу мерзiмi жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне берiледi.
5. Өзара түсiнiстiк принципi расталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасында тiркелген өкiлдiктердiң орналасқан жерi бойынша салық органына қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгiленген тәртiппен жазылған шот-фактуралардың, төлеу фактiсiн растайтын құжаттардың) көшiрмелерiмен қоса жиынтық ведомостарды (тiзiлiмдердi) iлеспе құжатпен бiрге бередi.
6. Өкiлдiктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Сыртқы iстер министрлiгiнен жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тiзiлiмдердi) және қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттарды алғаннан кейiн, отыз жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырады.
Салық органдары жиынтық ведомостарды (тiзiлiмдердi) және қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн тексергеннен кейiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне қосылған құн салығын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.
Қосылған құн салығы сомаларын қайтарудан бас тартқан жағдайда салық органдары қандай бұзушылықтар болғанын және оларға қандай құжаттар бойынша жол берiлгенiн хабарлайды.
7. Өкiлдiктер табыс еткен құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның iшiнде қосылған құн салығының сомалары бөлек жазып көрсетiлмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушыға қарсы тексеру жүргiзедi.
Егер қарсы тексеру жүргiзу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгiленген қайтару мерзiмi iшiнде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.
Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейiн жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгiленген тәртiппен жазып берiлген шот-фактуралардың, төлеу фактiсiн растайтын құжаттардың) көшiрмелерiмен қоса табыс етiлген қосымша жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) негiзiнде тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi он екi ай iшiнде жүргiзiледi.
Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген тоқсанның iшiнде қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкiлдiктер қосылған құн салығының төленгенiн растайтын құжаттардың (осы Кодексте белгiленген тәртiппен жазып берiлген шот-фактуралардың, төлеу фактiсiн растайтын құжаттардың) көшiрмелерiмен қоса табыс етiлген жиынтық ведомостардың (тiзiлiмдердiң) негiзiнде тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетiлген салық кезеңiнен кейiнгi он екi ай iшiнде қайтаруға ұсынуы мүмкiн.
8. Өкiлдiктер құжаттарды салық органына мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiнде жолдайды.
Шет тiлдерiнде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде өкiлдiктiң мөрi басылған мемлекеттiк және (немесе) орыс тiлдерiндегi аудармасы табыс етiледi.
9. Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкiлдiктердiң және (немесе) өкiлдiк персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының банктерiнде ашқан тиiстi шоттарына жүргiзедi.
9-БӨЛIМ. АКЦИЗДЕР
38-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
277-бап. Акциздердi қолдану
Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын, осы Кодекстiң 279-бабында көрсетiлген тауарларға акциз салынады.
278-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетiн тауарлар шығаратын;
2) акцизделген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына импорттайтын;
3) Қазақстан Республикасының аумағында бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын;
4) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбеген болса, осы Кодекстiң 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркiленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын;
5) егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында аталған тауарлар бойынша бұрын акциз төленбесе, осы Кодекстiң 279-бабында аталған акцизделетiн тауарлардың конкурстық массасын өткiзудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушiлер болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi ескерiле отырып, резидент емес заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерi де акциз төлеушiлер болып табылады.
3. Осы Кодекстiң 279-бабының 5)-7) тармақшаларында аталған тәркiленген, иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделетiн тауарларды өткiзудi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдар акциздердi төлеушiлер болып табылмайды.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


