192-бап. Резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы
   көздерден алатын табыстары

  1. Табыстардың мынадай түрлерi резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстары болып танылады:
  1) Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткiзуден түскен табыстар, сондай-ақ сыртқы сауда қызметiн жүзеге асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегi тауарларды өткiзуден түскен табыстар;
  2) Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;
  3) мыналарға:
  резидентке;
  егер алынатын қызметтер Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты болса, осындай тұрақты мекемесi бар резидент емеске Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқару, қаржылық (тәуекелдердi сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөнiндегi қызметтердi қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда және төрелiк органдарында өкiлдiк ету мен қорғау жөнiндегi қызметтердi, сондай-ақ нотариаттық қызметтердi қоспағанда) қызметтерiн көрсетуден түсетiн табыстар;
  4) осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес айқындалатын салық салудағы жеңiлдiгi бар мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң, тауарлар өткiзудiң нақты орындалған (көрсетiлген, өткiзiлген) жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден, өткiзуден түсетiн табыстары, сондай-ақ көрсетiлген тұлғаның:
  резиденттен;
  егер алынатын жұмыстар, қызметтер, тауарлар осындай тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесi бар резидент еместен алған, осы бапта белгiленген өзге де табыстары;
  5) мыналарды:
  Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi;
  резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаға, консорциумға қатысу үлестерiн;
  егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп процентiн Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаға қатысу үлестерiн өткiзу нәтижесiнде алынған құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
  6) талап ету құқығын берген салық төлеушi үшiн - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидентке немесе резидент емеске борышты талап ету құқықтарын беруден түсетiн табыстар;
  7) талап ету құқығын сатып алатын салық төлеушi үшiн - Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резиденттен немесе резидент еместен борышты талап ету құқықтарын алудан түсетiн табыстар;
  8) мұндай резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы қызметi барысында туындаған мiндеттемелерiн, оның iшiнде жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге жасасқан келiсiмшарттар (шарттар, келiсiмдер) бойынша және (немесе) тауарларды жеткiзуге сыртқы сауда келiсiмшарттары бойынша мiндеттемелерiн резиденттiң және резидент еместiң орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
  9) резидент заңды тұлғадан, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан пайлық инвестициялық қорлардан түсетiн дивидендтер нысанындағы табыстар;
  10) мыналардан:
  резиденттен;
  егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент еместiң берешегi оның тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, осы резидент еместен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар түрiндегi табыстар;
  11) мыналардан:
  резидент эмитенттен;
  егер Қазақстан Республикасында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар резидент еместiң берешегi оның тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, осы резидент емес эмитенттен алынатын, борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түрiндегi табыстар;
  12) егер роялти төлеу жөнiндегi шығыстар осындай тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесi бар резиденттен немесе резидент еместен алынатын, роялти түрiндегi табыстар;
  13) Қазақстан Республикасында орналасқан мүлiктi жалға беруден түсетiн табыстар;
  14) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстар;
  15) Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдердi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру сыйлықақылары түрiндегi табыстар;
  16) халықаралық тасымалдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының iшiндегi тасымалдарда көлiк қызметiн көрсетуден түсетiн табыстар.
  Әртүрлi мемлекеттерде орналасқан, бiреуi Қазақстан Республикасы болып табылатын пункттер арасында жүзеге асырылатын теңiз, өзен немесе әуе кемесiмен, автокөлiк құралымен немесе темiр жол көлiгiмен жолаушыларды, багажды, тауарларды, оның iшiнде почтаны кез келген тасымалдаулар осы бөлiмнiң мақсатында халықаралық тасымалдар болып танылады.
  Осы бөлiмнiң мақсатында мыналар:
  Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi пункттер арасында ғана, сондай-ақ Қазақстан Республикасы iшiндегi пункттер арасында ғана жүзеге асырылатын тасымал;
  өнiмдi құбырлармен өткiзу халықаралық тасымалдар болып танылмайды;
  17) Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желiлерiн, оптикалық-талшықты байланыс желiлерiн пайдаланудан түсетiн табыстар;
  18) резидент емес жеке тұлғаның жұмыс берушi болып табылатын резидентпен немесе резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келiсiмшарты) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетiн табыстары;
  19) резидентке қатысты басқарушылық мiндеттердi орындаудың жүктелуiмен байланысты басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер. Бұл ретте мұндай тұлғалардың басқару мiндеттерiн нақты орындайтын жерi маңызды емес;
  20) жұмыс берушi болып табылатын резидент немесе резидент емес Қазақстан Республикасында тұруына байланысты резидент еместiң жеке тұлғаға төлейтiн үстемақылары;
  21) жұмыс берушi (резидент немесе резидент емес) еңбек шартының (келiсiмшартының) негiзiнде немесе өзге де тұлға қызметтер көрсетуге (жұмыстарды орындауға) арналған шарттың негiзiнде шеккен, резидент емес жеке тұлғаны материалдық, әлеуметтiк игiлiктермен қамтамасыз етуге жұмсалған шығыстарды қоса алғанда, осындай жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы қызметiнен түсетiн табыстары. Бұл ретте мұндай шығыстарға осындай жеке тұлғаның тамақтануына, тұруына, оның балаларын оқу орындарында оқытуға жұмсалатын шығыстар, оның отбасы мүшелерiнiң демалысқа барып-келуiн қоса алғанда, демалуға байланысты шығыстар жатады;
  22) резидент жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерi;
  23) қалайша және кiмге төлем жүргiзiлетiнiне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкерiне: театр, кино артистерiне, радио, теледидар қызметкерiне, музыкантқа, суретшiге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетiн табыстар;
  24) егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесi бар резидент немесе резидент емес төлейтiн ұтыстар;
  25) Қазақстан Республикасында тәуелсiз жеке (кәсiби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;
  26) Қазақстан Республикасындағы мүлiктен түсетiн табыстарды қоса алғанда, осындай мүлiктi тегiн алу түрiндегi табыстар;
  27) туынды қаржылық құралдар бойынша табыстар;
  28) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшiн Қазақстан Республикасында салық мiндеттемелерiн орындау жүктелмеген сенiмгерлiкпен басқарушы-резиденттен мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;
  29) Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк қызмет нәтижесiнде туындайтын басқа да табыстар.
  2. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес резидент еместiң табыстарынан есептелген және салық агентi өз қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының бюджетiне төлеген табыс салығының сомасы резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары болып табылмайды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

23-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТIН ТҰРАҚТЫ
МЕКЕМЕ ҚҰРМАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ
ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТIБI

   193-бап. Төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстау
   тәртiбi

  1. Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстарына осы Кодекстiң 194-бабында көрсетiлген ставкалар бойынша, шегерiмдер жүзеге асырылмай, төлем көзiнен табыс салығы салынады.
  2. Төлем көзiнен табыс салығын салық агентi табысты төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табысын төлеу кезiнде ұстайды.
  3. Төлем көзiнен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет пен жауапкершiлiк резидент емеске табысты төлейтiн және салық агенттерi болып табылатын мынадай тұлғаларға:
  1) дара кәсiпкерге;
  2) егер филиал, өкiлдiк қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы Кодекстiң 191-бабының 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құрмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаға;
  3) заңды тұлғаға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске жүктеледi.
  Бұл ретте резидент емес заңды тұлға кейiннен тұрақты мекеме құруға алып келген Қазақстан Республикасындағы қызметiн жүзеге асыру басталған күннен бастап салық агентi болып танылады;
  4) депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң резидент эмитентiне жүктеледi.
  4. Қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес түрде ақшаны, бағалы қағаздарды, қатысу үлесiн, тауарларды, мүлiктi беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, Қазақстан Республикасындағы көздерден табыстарды төлеу бойынша резидент еместiң алдындағы берешектi өтеу есебiнен жүргiзiлетiн борышты талап етудi есептен шығару немесе есебiне жатқызу табысты төлеу деп түсiнiледi.
  5. Мыналар:
  1) сыртқы сауда қызметi шеңберiнде Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар жеткiзуге байланысты төлемдер;
  2) резидент банктердiң корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу және солар бойынша есеп айырысулар, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы есеп айырысуларды жүргiзу жөнiндегi қызметтер көрсетуден түсетiн табыстар;
  3) бiр мезгiлде мынадай талаптар:
  акцияларға немесе қатысу үлестерiне үш жылдан астам иелену;
  дивидендтер төлейтiн заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлiк) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентiнiң дивидендтердi төлеуi күнiнде Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланушылар (пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құрауы орындалған күнгi дивидендтер;
  4) ашық пайлық инвестициялық қорлардың пайлары бойынша, оларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын төлеп сатып алған кездегi табыстар;
  5) осындай дивидендтер мен сыйақыларды есебiне жазу күнiне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
  6) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар, мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздарды және агенттiк облигацияларды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
  7) осы Кодекстiң 197-бабында көрсетiлгендердi қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетiлген акцияларды немесе қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
  8) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында немесе шетелдiк қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
  9) осы Кодекстiң 216-бабында көрсетiлген резидент емес заңды тұлғаның шартты банктiк салымдары бойынша сыйақылары;
  10) бiртұтас құбыр жүйесi арқылы Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге тасымалданатын шикi мұнайды өткiзу сапасы бойынша құнды түзетуге байланысты төлемдер;
  11) резидент сатып алушылар борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде төлеген жинақталған (есебiне жазылған) сыйақылар сомасы;
  12) халықаралық қаржы лизингi шарттары бойынша негiзгi құралдарды қаржы лизингiне беруден түсетiн табыстар;
  13) осы Кодекстiң 192-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетiн табыстар салық салуға жатпайды.
  6. Резидент емес заңды тұлғаның өз табыстарын үшiншi тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, осы резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады.

   194-бап. Төлем көзiнен табыс салығының ставкалары

  Қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын табыстары мынадай ставкалар бойынша төлем көзiнен салық салуға жатады:
  1) осы баптың 2)-6) тармақшаларында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 192-бабында айқындалған табыстар - 15 процент;
  2) осы Кодекстiң 192-бабының 4) тармақшасында көрсетiлген табыстар - 20 процент;
  3) тәуекелдердi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 15 процент;
  4) тәуекелдердi қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары - 5 процент;
  5) халықаралық тасымалдарда көлiк қызметтерiн көрсетуден түсетiн табыстар - 5 процент;
  6) құн өсiмiнен түсетiн табыстар, дивидендтер, сыйақылар, роялти - 15 процент.

   195-бап. Төлем көзiнен табыс салығын аударудың тәртiбi мен
   мерзiмдерi

  1. Резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан ұсталатын төлем көзiнен табыс салығын салық агентi бюджетке:
  1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлгеннен басқа жағдайда, есебiне жазылған және төленген табыс сомасы бойынша - табысты төлеу күнiндегi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша оны төлеу жүргiзiлген ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей;
  2) есебiне жазылған, бiрақ шегерiмге жатқызылған кезде төленбеген табыс сомасы бойынша - резидент еместiң шегерiмге жатқызылған табыстары есептi салық кезеңiнiң отыз бiрiншi желтоқсанындағы валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей аударуға тиiс.
  Осы тармақшаның ережелерi өтеу мерзiмдерi корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгi күнтiзбелiк он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелерi қолданылады;
  3) алдын ала төленген төлем бойынша - табысты есептеу күнiндегi валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша резидент еместiң табысы есебiне жазылған ай аяқталғаннан кейiн күнтiзбелiк жиырма бес күннен кешiктiрмей аударуға тиiс.
  2. Егер резидент еместiң табысының есептелген сомасы ағымдағы салық кезеңiнде шегерiмге жатқызылған болса, бiрақ бұл ретте резидент емеске мұндай табысты төлеу келесi салық кезеңдерiнде жүргiзiлсе, онда төлем көзiнен табыс салығын салық агентi осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгiленген мерзiмде бюджетке аударуға тиiс.
  3. Төлем көзiнен табыс салығының сомасын резидент емес заңды тұлғаның табыстарынан бюджетке аударуды салық агентi өзi орналасқан жер бойынша жүзеге асырады.
  Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға төлем көзiнен табыс салығының сомасын резидент еместiң табыстарынан бюджетке аударуды өзiнiң тұрақты мекемесi орналасқан жер бойынша жүргiзедi.

   196-бап. Салық есептiлiгiн табыс ету

  Салық агентi өзi орналасқан жердегi салық органына резидент еместiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты мынадай мерзiмде:
  1) төлем көзiнен табыс салығын ұстау жөнiндегi мiндеттеме туындаған есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей;
  2) резидент еместiң есебiне жазылған, бiрақ төленбеген табыстары шегерiмге жатқызылған есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 ақпанынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
  Бұл ретте есептi салық кезеңiнiң 31 желтоқсаны резидент еместiң есебiне жазылған, бiрақ төленбеген табыстарын шегерiмге жатқызу күнi болып танылады.

   197-бап. Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын
   мүлiктi және Қазақстан Республикасында жер
   қойнауын пайдалануға байланысты бағалы
   қағаздарды, қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн
   өсiмiнен түсетiн табыстардан салықты есептеу,
   ұстау және аудару

  1. Осы бап мыналарды:
  1) Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктi;
  2) резидент шығарған акцияларды және Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн;
  3) егер аталған резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлiк) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құраса, резидент шығарған акцияларды және резидент заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн;
  4) егер аталған резидент емес заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлiк) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнының 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құраса, резидент емес шығарған акцияларды және резидент емес заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табыстарына қолданылады.
  Бұл ретте құн өсiмi осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес айқындалады.
  Осы Кодекстiң мақсаты үшiн акцияларды (қатысу үлестерiн) өткiзу күнiне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлiк) капиталы немесе акциялары (қатысу үлестерi) құнында жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын (табылған) тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiнiң үлесiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
  2. Осы Кодекстiң 193-бабының 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, резидент еместiң осы баптың 1-тармағында көрсетiлген табыстары осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген ставка бойынша төлем көзiнен табыс салығын салуға жатады.
  3. Салық органы энергетика және минералдық ресурстарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органнан Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның мүлкiне байланысты бағалы  қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алу-сату жөнiндегi мәмiле туралы мәлiмет алған кезде осындай резидентке немесе консорциумға бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алушы туралы, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарды, қатысу үлестерiн сатып алу бағасы туралы мәлiметтердi көрсете отырып, хабарлама жiберуге мiндеттi.
  4. Акцияларды, қатысу үлестерiн, жылжымайтын мүлiктi өткiзушi тұлға сатып алушыға - салық агентiне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
  Салық агентiне сатып алу (салым) құнын растайтын құжаттың көшiрмесiн табыс етпеген жағдайда, өткiзу құны төлем көзiнен табыс салығын салуға жатады.
  5. Төлем көзiнен табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет пен жауапкершiлiк табысты төлейтiн тұлғаға, оның iшiнде резидент еместiң Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесiнiң болуына немесе болмауына қарамастан, резидент емеске жүктеледi. Мұндай тұлға салық агентi болып танылады.
  6. Салық агентi болып табылатын резидент емес осы Кодекстiң 562-бабында белгiлеген тәртiппен салық органында салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.
  7. Төлем көзiнен табыс салығын салық агентi табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емеске табысты төлеу кезiнде ұстайды.
  8. Корпоративтiк табыс салығының сомасын аударуды салық агентi осы Кодекстiң 196-бабында белгiленген мерзiмдерде резидент еместердiң табыстарынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасындағы салық агентi тiркеу есебiне алынған жердегi салық органына жүргiзедi.
  9. Салықты осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетiлген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлға немесе консорциум салық агентiнiң қаражаты есебiнен төлеуi мүмкiн. Бұл ретте осындай резидент заңды тұлға немесе консорциум салықты осы Кодекстiң 196-бабында белгiленген мерзiмдерде резидент еместiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты табыс ете отырып, осы Кодекстiң 195-бабында белгiленген мерзiмдерде Қазақстан Республикасындағы резидент заңды тұлға немесе консорциум орналасқан жердегi салық органына аударуға тиiс.
  Осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетiлген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлғаға немесе консорциумға салық агентi аударған салық сомасы осындай резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның табысы болып танылмайды.
  10. Салық агентi осы баптың 8 және 9-тармақтарын қолданбаған жағдайда, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлға немесе консорциум құн өсiмiнен түсетiн табыстардан табыс салығын резидент емес үшiн төлеудi осы баптың 9-тармағында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде өз қаражаты есебiнен дербес жүргiзуге құқылы.
  Бұл ретте резидент емес үшiн төленген салық сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлғаның немесе консорциумның салық салынатын табысын айқындау кезiнде шегерiмге жатқызылмайды.
  11. Салық агентi, осы баптың 1-тармағының 2)-4) тармақшаларында көрсетiлген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлға немесе консорциум осы баптың 7-10-тармақтарындағы ережелердi қолданбаған жағдайда, салық берешегiнiң сомасы Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушi резидент заңды тұлғадан немесе консорциумнан өндiрiп алуға жатады.
  12. Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүлiктi өткiзу кезiнде салық агентi резидент еместiң құн өсiмiнен түсетiн табысынан табыс салығын аудармаған немесе толық аудармаған жағдайда, салық берешегi жылжымайтын мүлiктi осы Кодексте белгiленген тәртiппен өткiзу есебiнен өтеуге жатады.

24-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚЫЗМЕТIН ТҰРАҚТЫ
МЕКЕМЕ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН РЕЗИДЕНТ ЕМЕС ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ
ТАБЫСТАРЫНА САЛЫҚ САЛУ ТӘРТIБI

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38