104-бап. Төленген күмәндi мiндеттемелер бойынша шегерiм

  Егер салық төлеушi бұрын табыс деп танылған күмәндi мiндеттемелердi кредит берушiге төлесе, онда жүргiзiлген төлемнiң шамасында шегерiм жасауға жол берiледi. Мұндай шегерiм төлем жасалған салық кезеңiнде бұрын табысқа жатқызылған шама шегiнде жүргiзiледi.
  Осы бапта көзделген шегерiмдерге жатқызу тәртiбi осы Кодекстiң 88-бабына сәйкес бұрын табыс деп танылған мiндеттемелердi төлеген жағдайда да қолданылады.

   105-бап. Күмәндi талаптар бойынша шегерiм

  1. Күмәндi талаптар деп заңды тұлғалар мен дара кәсiпкерлерге, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету нәтижесiнде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл iшiнде қанағаттандырылмаған талаптар танылады. Өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеушi-дебиторды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәндi талаптар болып танылады.
  2. Осы Кодекске сәйкес күмәндi деп танылған талаптар шегерiмге жатады.
  Салық төлеушiнiң күмәндi талаптарды шегерiмге жатқызуы бiр мезгiлде мынадай талаптар сақталған кезде жүргiзiледi:
  1) талаптар туындауын растайтын құжаттардың болуы;
  2) шегерiмдерге жатқызу кезiне бухгалтерлiк есепте талаптардың көрсетiлуi не осындай талаптарды алдыңғы кезеңдердегi бухгалтерлiк есептегi шығыстарға (есептен шығаруға) жатқызу.
  3. Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, оған қосымша конкурстық iс жүргiзудiң аяқталғаны туралы сот ұйғарымы көшiрмесiнiң болуы қажет. Салық төлеушi жоғарыда көрсетiлген шарттар сақталған кезде, конкурстық iс жүргiзу аяқталғаны туралы сот ұйғарымы күшiне енген салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша күмәндi талаптың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
  4. Күмәндi талаптар бұрын тауарлар өткiзуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетiн табыс деп танылған табыстың мөлшерi шегiнде шегерiмге жатқызылады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   106-бап. Резервтiк қорларға аударымдар бойынша шегерiмдер

  1. Банктер және лицензия негiзiнде банктiк қарыз операцияларын жүргiзуге арналған банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өзара байланысты тұлғалардың пайдасына не өзара байланысты тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген активтер мен шартты мiндеттемелердi қоспағанда (кредиттiк серiктестiктердiң активтерi мен шартты мiндеттемелерiнен басқа), мынадай күмәндi және үмiтсiз активтерге, шартты мiндеттемелерге:
  1) басқа банктерде орналастырылған корреспонденттiк шоттардағы қалдықтарды қоса алғанда, депозиттерге;
  2) басқа банктер мен клиенттерге берiлген кредиттерге (қаржы лизингiн қоспағанда);
  3) құжаттық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешекке;
  4) өтелмеген аккредитивтер, шығарылған немесе расталған кепiлдiктер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар.
  Активтер мен шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiз санатқа жатқызу тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсе отырып қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.
  2. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру резервтерiн құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар. Сақтандыру резервтерiн құру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
  3. Микрокредиттiк ұйымдардың салық кезеңiнiң iшiнде берiлген микрокредиттер сомасының 15 процентiнен аспайтын мөлшерде өзара байланысты тараптардың пайдасына не өзара байланысты тараптардың мiндеттемелерi бойынша үшiншi тұлғаларға берiлген микрокредиттер мен микрокредиттер бойынша шартты мiндеттемелердi қоспағанда, күмәндi және үмiтсiз микрокредиттерге, берiлген микрокредиттер бойынша шартты мiндеттемелерге қарсы резервтердi құру жөнiндегi шығыстардың сомасын шегеруге құқығы бар.
  Микрокредиттердi және берiлген микрокредиттер бойынша шартты мiндеттемелердi күмәндi және үмiтсiздер санаттарына жатқызу тәртiбi, сондай-ақ резервтердi құру тәртiбi микрокредиттiк ұйымның халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес әзiрленген есепке алу саясатында айқындалады.

   107-бап. Кен орындарын әзiрлеу салдарын жоюға арналған
   шығыстар бойынша шегерiмдер және салдарды жою
   қорларына аударымдар сомасының шегерiмдерi

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт негiзiнде қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табыстан салдарды жою қорына аударымдар сомасын шегеруге құқығы бар. Көрсетiлген шегерiмге жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген банктегi арнаулы депозиттiк шотқа iс жүзiнде жүргiзген аударымдардың мөлшерiнде жол берiледi.
  Салдарды жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртiбi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленедi.
  Жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган жер қойнауын пайдаланушының салдарды жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактiсiн анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берiлген немесе ол анықталған және жойылмаған және осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмiнен асып кеткенде, жер қойынауын пайдаланушының сол салық кезеңiндегi жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге жатады.
  2. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңi iшiнде кен орындарын әзiрлеу салдарын жоюға iс жүзiнде шеккен шығыстары, салдарды жою қорының шартты депозиттiк арнайы шотта орналастырылған қаражаты есебiнен жүргiзiлген шығыстарды қоспағанда, сол шығыстарды шеккен салық кезеңiнде шегерiмге жатады.
  3. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген екiншi деңгейдегi банктегi арнайы депозиттiк шотқа аударылған, қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың сомасын жылдық жиынтық табыстан шегеруге құқығы бар.
  Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорына аударымдардың мөлшерi мен тәртiбi, сондай-ақ қор қаражатын пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленедi.
  Осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган салық төлеушiнiң қалдықтарды орналастыру полигондарының салдарын жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалану фактiсiн анықтаған жағдайда мақсатсыз пайдаланылған қаражат сомасы оған жол берiлген салық кезеңiндегi салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табысына енгiзiлуге жатады.

   108-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға
   арналған шығыстар бойынша шегерiм

  Тiркелген активтердi сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және капитал сипатындағы басқа шығыстардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға арналған шығыстар шегерiмдерге жатады. Осындай шығыстарды шегерiмге жатқызуға ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмысқа арналған техникалық тапсырма және осындай жұмыстардың аяқталған кезеңдерiн қабылдап алу актiлерi негiз болып табылады.

   109-бап. Кепiлдiк беру жүйелерiне қатысушылардың
   сақтандыру сыйлықақылары мен жарналары бойынша
   шығыстарды шегеру

  1. Жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қоспағанда, сақтанушының сақтандыру шарттары бойынша төлеуiне жататын немесе төлеген сақтандыру сыйлықақылары шегерiмге жатады.
  2. Жеке тұлғалардың депозиттерiне мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдiк беруге байланысты аударылған мiндеттi күнтiзбелiк, қосымша және төтенше жарналарының сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
  3. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беруге байланысты аударылған мiндеттi, төтенше және қосымша жарналардың сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
  4. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк берумен байланысты аударылған жыл сайынғы мiндеттi жарналар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.
  5. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы астық қабылдау кәсiпорындары астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк берумен байланысты аударылған жыл сайынғы мiндеттi жарналар сомасын шегерiмге жатқызуға құқылы.

   110-бап. Қызметкерлердiң есепке жазылған табыстары және
   жеке тұлғаларға өзге төлемдер бойынша шығыстарды
   шегеру

  1. Осы Кодекстiң 163-бабының 2-бабында көрсетiлген, жұмыс берушiнiң:
  тiркелген активтердiң, преференциялар объектiлерiнiң бастапқы құнына енгiзiлетiндердi;
  осы Кодекстiң 122-бабының 3-тармағына сәйкес кейiнгi шығыстар болып танылатындарды;
  осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес амортизациялауға жатпайтын активтердiң бастапқы құнына енгiзiлетiндердi қоспағанда, қызметкер табысы бойынша шығыстары шегерiмге жатады.
  Шегерiмге, оның iшiнде жұмыс берушiнiң қызметкердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберiлген шығыстары түрiндегi қызметкердiң табысы жатады.
  2. Осы Кодекстiң 155-бабы 3-тармағының 2), 3), 7), 9)-12), 14), 17) тармақшаларында айқындалған жеке тұлғаларға төлемдер түрiндегi салық төлеушiнiң шығыстары шегерiмге жатады.
  3. Салық төлеушiнiң зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының есебiнен төлеген ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген шекте шегерiмге жатады.

   111-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
   оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған
   шығыстар бойынша шегерiмдер және жер қойнауын
   пайдаланушының басқа да шегерiмдерi

  1. Жер қойнауын пайдаланушының коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау, абаттандыру жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстары, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомасы, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығыстар және осы Кодекске сәйкес шегерiмге жататын өзге де шығыстар амортизацияланатын активтердiң жеке тобын құрайды. Көрсетiлген шығыстар пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап жылдық жиынтық табыстан шегерiледi. Амортизациялық аударымдардың сомасы салық кезеңiнiң аяғында, осы бапта көзделген амортизацияланатын активтер тобы бойынша жинақталған шығыстар сомасына жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 проценттен аспайтын амортизация нормаларын қолдану арқылы есептеледi.
  Жер қойнауын пайдалануға арналған жеке келiсiмшарт шеңберiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызмет аяқталған жағдайда амортизацияланатын активтер тобының соңғы салық кезеңiнiң аяғында қалыптасқан құндық балансы шегерiмге жатады.
  Осы баптың мақсатына орай коммерциялық табудан кейiнгi өндiру:
  1) барлауға арналған, сондай-ақ пайдалы қазбалардың бекiтiлмеген қорлары болғанда бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша – Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органы қорларды бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өндiрудiң басталуын;
  2) қосымша геологиялық зерттеудi және геологиялық-экономикалық қайта бағалауды талап ететiн қорларды қоса алғанда, пайдалы қазбаларының қорлары мемлекеттiк баланста есепте тұратын және осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органның сараптамалық қорытындысымен расталған бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттар бойынша – егер мұндай жұмыстар келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасымен көзделсе және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлсе, осы келiсiмшарттардың жасалу күнiнен бастап пайдалы қазбаларды өндiрудiң басталуын бiлдiредi.
  2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген шығыстар жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша:
  1) осы Кодекстiң 99-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тастауға жататын табыстарды қоспағанда, геологиялық зерттеудi және өндiруге дайындық жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде алынған;
  2) коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткiзуден алынған;
  3) жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн өткiзуден алынған табыстарының сомасына азайтылады.
  3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын алуға байланысты салық төлеушi шеккен материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстарға да қолданылады.

   112-бап. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық
   кадрларды оқытуға және өңiрлердiң әлеуметтiк
   саласын дамытуға арналған шығыстары бойынша
   шегерiм

  1. Жер қойнауын пайдаланушының қазақстандық кадрларды оқытуға және өңiрлердiң әлеуметтiк саласын дамытуға iс жүзiнде шеккен шығыстары жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген сома шегiнде шегерiмдерге жатқызылады.
  2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген, коммерциялық табудан кейiн өндiру басталғанға дейiн жер қойнауын пайдаланушы iс жүзiнде шеккен шығыстар жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта белгiленген сома шегiнде осы Кодекстiң 111-бабында белгiленген тәртiппен шегерiмге жатқызылады.
  3. Осы баптың мақсатына орай жер қойнауын пайдаланушы iс жүзiнде шеккен шығыстар деп:
  1) қазақстандық кадрларды оқытуға – Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сома, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттiк бюджетке аударылған қаражат танылады;
  2) өңiрдiң әлеуметтiк саласын дамытуға – өңiрдiң әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн дамытуға және қолдауға жұмсалған шығыстар, сондай-ақ осы мақсатқа арнап мемлекеттiк бюджетке аударылған қаражат танылады.

   113-бап. Терiс бағамдық айырма сомасының оң бағамдық
   айырма сомасынан асып кетуiн шегеру

  Терiс бағамдық айырманың сомасы оң бағамдық айырманың сомасынан асып кеткен жағдайда асып кету шамасы шегерiмге жатады.
  Бағамдық айырманың сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының  талаптарына сәйкес айқындалады.

   114-бап. Салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
   төлемдердi шегеру

  1. Мыналардан:
  1) жылдық жиынтық табыс айқындалғанға дейiн алып тасталатын салықтан;
  2) Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағында төленген корпоративтiк табыс салығынан және заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салықтан;
  3) жеңiлдiктi салық салынатын елдерде төленген салықтан;
  4) үстеме пайда салығынан басқа, салық төлеушiнiң салық салу объектiлерi бойынша Қазақстан Республикасының немесе өзге мемлекеттiң бюджетiне төленген салықтар есептелген және есепке жазылған шекте шегерiмге жатады.
  2. Алдыңғы салық кезеңдерi үшiн есепке жазылып, есептелiп, ағымдағы салық кезеңiнде төленген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ағымдағы салық кезеңiнде шегерiмге жатады.

   115-бап. Шегерiмге жатпайтын шығындар

  Мыналар:
  1) табыс алуға бағытталған қызметке байланысты емес шығындар;
  2) соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң немесе қаулысының негiзiнде жалған кәсiпорын деп танылған салық төлеушiмен жасалған операциялар бойынша сот белгiлеген қылмыстық қызмет басталған күннен бастап жүргiзiлген шығыстар;
  3) осы Кодекстiң 579-бабында айқындалған тәртiппен әрекетсiз деп танылған салық төлеушiмен уәкiлеттi органның ресми сайтында деректер жарияланған кезден бастап жасалған операциялар бойынша шығыстар;
  4) сот жеке кәсiпкерлiк субъектiсi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз жасады деп таныған мәмiле (мәмiлелер) бойынша шығыстар;
  5) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша бюджетке енгiзiлуге жататын (енгiзiлген) тұрақсыздық айыптарын (айыппұлдарды, өсiмпұлдарды) қоспағанда, бюджетке енгiзiлуге жататын (енгiзiлген) тұрақсыздық айыптары (айыппұлдар, өсiмпұлдар);
  6) осы Кодексте шегерiмге жатқызу нормалары белгiленген шығыстардың көрсетiлген нормаларды қолдана отырып есептелген шегерiмнiң шектi сомасынан асып кету сомасы;
  7) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген мөлшерден тыс есептелген (есепке жазылған) және төленген, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы;
  8) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтiк сала объектiлерiн сатып алу, өндiру, салу, монтаждау, орнату жөнiндегi шығындар және олардың құнына енгiзiлетiн басқа да шығындар, сондай-ақ оларды пайдалану жөнiндегi шығыстар;
  9) егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi өтеусiз негiзде беретiн мүлiктiң құны. Өтеусiз орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң құны осындай жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерiнде айқындалады;
  10) есепке жатқызылуға жататын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 267-бабын қолданатын салық төлеушiде туындайтын, салық кезеңi iшiнде есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуi;
  11) осы Кодекстiң 106, 107-баптарында көзделген шегерiмдердi қоспағанда, резервтiк қорларға аударымдар;
  12) кәсiпорынды мүлiктiк кешен ретiнде сатып алу-сату шарты бойынша берiлетiн тауарлық-материалдық қорлардың құны;
  13) өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төленген қосымша төлемiнiң сомасы;
  14) осы Кодекстiң 87-бабына сәйкес салық төлеушiнiң амортизацияға жатпайтын активтердiң бастапқы құнына қосылатын шығындары шегерiмге жатпайды. 

§ 3. Тiркелген активтер бойынша шегерiмдер

   116-бап. Тiркелген активтер

  1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, мыналар тiркелген активтерге жатады:
  1) түскен кезде халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк есебiнде ескерiлген және табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, материалдық емес және биологиялық активтер;
  2) концессия шартының шеңберiнде концессионер (концессия шартын iске асыру үшiн тек қана концессионер арнайы құрған құқық мирасқоры немесе заңды тұлға) жүргiзген және (немесе) алған, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;
  3) осы Кодекстiң 97-бабының 3-тармағында көрсетiлген әлеуметтiк сала объектiлерi болып табылатын, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер;
  4) табыс алуға бағытталған қызметте бiр жылдан астам уақыт бойы пайдалануға арналған, сенiмгерлiкпен басқарушының сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы өзге акт бойынша сенiмгерлiкпен басқаруға алған, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер.
  2. Мыналар тiркелген активтерге жатпайды:
  1) жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 111-бабына сәйкес салық салу мақсатына орай ескерiлетiн негiзгi құралдар және материалдық емес активтер;
  2) жер;
  3) мұражай құндылықтары;
  4) сәулет және өнер ескерткiштерi;
  5) ортақ пайдаланымдағы құрылыстар: автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, гүлзарлар;
  6) аяқталмаған күрделi құрылыс;
  7) фильмқорына жататын объектiлер;
  8) Қазақстан Республикасы шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондары;
  9) Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңнамасына сәйкес бұрын құны толығымен шегерiмдерге жатқызылған негiзгi құралдар;
  10) халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалы қызмет мерзiмi белгiсiз деп танылған және салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн, пайдалы қызмет мерзiмi белгiсiз материалдық емес активтер;
  11) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келiсiмшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлген активтер;
  12) осы Кодекстiң 118-бабының 13-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, осындай объектiлер пайдалануға берiлген салық кезеңiнен кейiнгi үш салық кезеңi iшiндегi преференция объектiлерi;
  13) осы Кодекстiң 97-бабының 2-тармағында көзделген әлеуметтiк сала объектiлерi болып табылатын, қызмет мерзiмi бiр жылдан асатын активтер.

   117-бап. Құндық балансты айқындау

  1. Тiркелген активтердi есепке алу техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес қалыптастырылатын топтар бойынша мынадай тәртiппен жүзеге асырылады: 

рет
N

топ
N

Тiркелген активтердiң атауы

1

2

3

1.

I

Мұнай, газ ұңғымаларын және беру қондырғыларын қоспағанда, ғимараттар, құрылыстар

2.

II

Мұнай-газ өндiру машиналары мен жабдықтарын, сондай-ақ ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдықты қоспағанда, машиналар мен жабдық

3.

III

Ақпаратты өңдеуге арналған компьютерлер мен жабдық

4.

IV

Басқа топтарға енгiзiлмеген тiркелген активтер, оның iшiнде мұнай, газ ұңғымалары, беру қондырғылары, мұнай-газ өндiру машиналары мен жабдық

  I топтың әрбiр объектiсi кiшi топқа теңестiрiледi.
  2. Әрбiр кiшi топ (I топтың), топ бойынша салық кезеңiнiң басында және аяғында кiшi топтың (I топтың), топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сомалар айқындалады.
  I топтың құндық балансы кiшi топтардың негiзгi құралдардың әрбiр объектiсi бойынша құндық баланстарынан және осы Кодекстiң 122-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құралған кiшi топтың құндық балансынан тұрады.
  3. Кiшi топтың алдыңғы салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, осы Кодекстiң 121 және 122-баптарына сәйкес жүргiзiлген түзетулер де ескерiлетiн, алдыңғы салық кезеңiнiң аяғындағы құндық балансы I топтың тiркелген активтерiнiң қалдық құны болып табылады.
  4. Тiркелген активтер:
  1) I топ бойынша - әрқайсысы топтың құндық балансының жекелеген кiшi тобын құрайтын тiркелген активтер объектiлерi бойынша;
  2) II, III және IV топтар бойынша – топтардың құндық баланстары бойынша ескерiледi.
  5. Түскен тiркелген активтер осы бапта белгiленген тәртiппен кiшi топтардың (I топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиiстi баланстарын осы Кодекстiң 118-бабына сәйкес айқындалатын құнға ұлғайтады.
  6. Шығып қалған тiркелген активтер осы бапта белгiленген тәртiппен кiшi топтардың (I топ бойынша), топтардың (қалған топтар бойынша) тиiстi баланстарын осы Кодекстiң 119-бабына сәйкес айқындалатын құнға азайтады.
  7. Кiшi топтың (I топтың), топтың салық кезеңiнiң басындағы құндық балансы:
  кiшi топтың (I топтың), топтың алдыңғы салық кезеңiнiң аяғындағы құндық балансы
  алу
  алдыңғы салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдардың сомасы,
  қосу немесе алу
  осы Кодекстiң 121-бабына сәйкес жүргiзiлетiн түзетулер ретiнде айқындалады.
  Кiшi топтың (I топтың), топтың салық кезеңiнiң басындағы құндық балансының мәнi терiс болмауға тиiс.
  8. Кiшi топтың (I топтың), топтың салық кезеңiнiң аяғындағы құндық балансы:
  кiшi топтың (I топтың), топтың салық кезеңiнiң басындағы құндық балансы
  қосу
  салық кезеңiнде түскен тiркелген активтер
  алу
  салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер
  қосу немесе алу
  осы Кодекстiң 122-бабына сәйкес жүргiзiлген түзетулер ретiнде айқындалады.
  9. Сенiмгерлiкпен басқарушы осы Кодекстiң 116-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген тiркелген активтер бойынша топтардың (кiшi топтардың) жекелеген құндық баланстарын қалыптастыруға және осындай активтер бойынша осы Кодекстiң 58-бабының 5-тармағы негiзiнде бөлек салықтық есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38