259-бап. Мiндеттемелердi есептен шығару кезiнде күмәндi
   мiндеттемелер бойынша есепке жатқызылған
   қосылған құн салығының сомасын түзету

  1. Егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша мiндеттемелер мөлшерiнiң бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес күмәндi болып танылса, осы Кодекстiң 256-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшалары негiзiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығынан басқа, күмәндi мiндеттемелер мөлшерiне сәйкес мөлшердегi тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы мiндеттемелер туындаған күннен бастап үш жыл өткен соң есептен шығарылуға жатады.
  2. Егер қосылған құн салығы есепке жатқызылудан алып тасталғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушi тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн ақы төлеген жағдайда, осы аталған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетiлген бойынша салық сомасы ақы төленген сол салық кезеңiндегi есепке жатқызылуда қалпына келтiрiлуге жатады.
  3. Осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргiзiлген мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердi есептен шығару кезiнде, тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығы осы Кодекстiң 88-бабының 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған кезеңде есепке жатқызылудан алып тастауға жатады.
  4. Қосылған құн салығын төлеушi-өнiм берушi банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 1-тармағына сәйкес түзету жүргiзiлген қосылған құн салығын қоспағанда, бұрын есепке жатқызылған қосылған құн салығын есептен шығарып тастау банкрот деп танылған қосылған құн салығын төлеушiнi-өнiм берушiнi Заңды тұлғалардың мемлекеттiк тiзiлiмiнен шығару туралы әдiлет органдарының шешiмi шығарылған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   260-бап. Қосылған құн салығы салынбайтын өткiзу бойынша
   айналымдар болған кезде қосылған құн салығын
   есепке жатқызу тәртiбi

  1. Салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшiн пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша өнiм берушiге төленуге тиiс және импорт бойынша қосылған құн салығы есепке жатқызылмайды.
  2. Салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде қосылған құн салығын төлеушiнiң таңдауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсiмен есепке жатқызылады.
  Есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтаудың таңдап алынған әдiсi күнтiзбелiк жыл iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
  3. Осы бапқа сәйкес есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы салық салынатын табысты анықтау кезiнде осы Кодексте белгiленген тәртiппен шегерiмге жатқызылады.

   261-бап. Барабарлық әдiс

  Барабарлық әдiс бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы салық салынатын айналымның жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай айқындалады.

   262-бап. Бөлек есептеу әдiсi

  1. Бөлек есептеу әдiсi бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығын анықтау кезiнде, қосылған құн салығын төлеушi салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар мақсаттарында пайдалану үшiн алған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
  2. Есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, микрокредиттiк ұйымдардың кепiлдегi мүлiктi (тауарларды) алуға және өткiзуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
  3. Қаржы лизингiне мүлiктi берген кезде, есепке жатқызудың барабарлық әдiсiн пайдаланатын лизинг берушiнiң мүлiктi қаржы лизингiне беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдiсiн қолдануға құқығы бар.
  4. Лизинг берушiнiң қаржы лизингiне беруге жататын мүлiктi сатып алуға байланысты шығыстары салық салынатын айналым мақсаттары үшiн шеккен шығыстар ретiнде қаралады.

35-тарау. ШОТ-ФАКТУРА

  263-бап. Шот-фактура

  1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығын төлейтiн барлық төлеушiлер үшiн мiндеттi құжат шот-фактура болып табылады.
  2. Қосылған құн салығын төлеушi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдарды жүзеге асырған кезде, осы бапта өзгеше белгiленбесе, аталған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушыға шот-фактураны ресiмдеуге мiндеттi.
  3. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактурада:
  1) қосылған құн салығы салынатын айналымдар бойынша – қосылған құн салығының сомасын;
  2) қосылған құн салығынан босатылған айналымдар бойынша "ҚҚС-сыз" белгiсiн көрсетедi.
  4. Егер өнiм берушi осы Кодекстiң 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығын төлеушi болып табылмаса, осы Кодекстiң 256-бабының 2-тармағына сәйкес берiлетiн шот-фактура немесе басқа да құжат "ҚҚС-сыз" белгiсiмен жазылады.
  5. Осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес қосылған құн салығын есепке жатқызу үшiн негiздеме болып табылатын шот-фактурада:
  1) шот-фактураның цифрлық мәнi бар реттiк нөмiрi;
  2) шот-фактураның толтырылған күнi;
  3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушi мен алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болса) не толық атауы, мекенжайы, сондай-ақ осы баптың 18-тармағында көзделген жағдайларда өнiм берушiнiң комитент немесе комиссионер мәртебесi;
  4) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушi мен алушының сәйкестендiру нөмiрi;
  5) өнiм берушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қойылғаны туралы куәлiктiң нөмiрi;
  6) өткiзiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң атауы;
  7) салық салынатын айналымның мөлшерi;
  8) қосылған құн салығының ставкасы;
  9) қосылған құн салығының сомасы;
  10) қосылған құн салығы ескерiле отырып, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны көрсетiлуге тиiс.
  6. Акцизделетiн тауарларды өткiзген жағдайда шот-фактурада акциз сомасы қосымша көрсетiледi.
  Комиссия шартының талаптарына сай келетiн жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу кезiнде оны ұсынушының:
  комитент комиссионерге шот-фактураны жазған кезде - "комитент";
  комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушыға шот-фактураны жазған кезде - "комиссионер" мәртебесi көрсетiле отырып, шот-фактура жазылады.
  7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура айналым жасалған күннен бұрын жазылмайды және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiнгi бес күннен кешiктiрiлмей жазылады.
  Қосылған құн салығы салынатын электр энергиясын, су, газ өткiзудi, байланыс қызмет көрсетулерiн, коммуналдық қызмет көрсетулердi, темiр жол тасымалдарын, сондай-ақ көлiк-экспедиторлық қызмет көрсетудi, банк операцияларын жүзеге асыратын салық төлеушiлер осындай өткiзу кезiнде оның қорытындысы бойынша шот-фактура жазылатын айдан кейiнгi айдың 20-шы күнiнен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактураны жазып беруге құқылы.
  Тауарлар экспорт режимiнде шығарылған жағдайда шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кешiктiрiлмей жазылады.
  8. Шот-фактураға ұсынушының басшысы мен бас бухгалтерiнiң не оған уәкiлеттi қызметкердiң қолдарымен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша салық төлеушiнiң мөрi болмаған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң мөрiмен куәландырылады.
  9. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, шот-фактурада салық салынатын айналымның мөлшерi тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң әрбiр атауы бойынша жеке көрсетiледi.
  Егер мұндай шот-фактураға осы баптың 5-тармағының 6)-10) тармақшаларында көрсетiлген деректер қамтылған құжат қоса берiлсе, айналымның жалпы мөлшерiн көрсетуге жол берiледi. Бұл ретте шот-фактурада құжаттың нөмiрi мен күнiне сiлтеме, сондай-ақ оның атауы болуға тиiс.
  10. Лизинг берушi өзi беретiн лизинг нысанасына жазатын шот-фактурада салық салынатын айналым мөлшерi, сыйақы және қосылған құн салығы сомалары енгiзiлместен, қаржы лизингiнiң шартына сәйкес барлық лизинг төлемдерiнiң жалпы сомасы негiзiнде көрсетiледi.
  11. Жалпыға бiрдей қол жетiмдi телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайтта орналастырылғандарды қоса алғанда, мерзiмдi баспа басылымдарын және бұқаралық ақпарат құралының өзге де өнiмiн өткiзген жағдайда, шот-фактура өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн бес күннен кешiктiрiлмей жазылады.
  12. Сыртқы сауда келiсiмшарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу жағдайларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны және қосылған құн салығының сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
  13. Шот-фактура екi дана етiп жазылады, олардың бiреуi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi алушыға берiледi.
  14. Бұрын ұсынылған шот-фактураға тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiнi және (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болған жағдайда, қателердi түзету мақсатында бұрын ұсынылған шот-фактураның күшi жойылады және түзетiлген шот-фактура ұсынылады.
  Осы Кодекстiң 265-бабында көзделген жағдайларда, осы тармақтың ережесi қолданылмайды.
  15. Шот-фактураны ресiмдеу мынадай жағдайларда:
  1) есеп айырысу бухгалтерлiк есеп жүргiзген кезде негiз болып табылатын бастапқы есепке алу құжаттарын қолдана отырып, халыққа коммуналдық қызмет көрсетулер, байланыстық қызмет көрсетулер үшiн банктер арқылы жүзеге асырылған;
  2) жолаушы тасымалдау жол билетiмен, оның iшiнде әуе көлiгiнде берiлетiн электрондық билеттермен ресiмделген;
  3) халыққа тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызмет көрсетулердi қолма-қол есеп айырысумен өткiзген жағдайда сатып алушыға бақылау-касса машинасының чегi берiлген;
  4) осы Кодекстiң 250-бабында көзделген қызмет көрсетулер кезiнде талап етiлмейдi.
  16. Осы Кодекстiң 256-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызу мүмкiн болмаған кезде, қосылған құн салығын төлеушi ұсынушыға шот-фактураны ресiмдеу талабымен жүгiнуге құқылы, ал ұсынушы осы баптың ережелерiн ескере отырып, осындай талапты орындауға мiндеттi.
  17. Бiрлескен қызмет туралы шарттардың шеңберiнде өткiзу (сатып алу) кезiнде шот-фактураларды жазып беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 235-бабында белгiленген.
  18. Комиссия шартына сәйкес келетiн талаптармен өткiзiлетiн тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушыға шот-фактураларды жазып берудi комиссионер жүзеге асырады. Комиссионер жазып беретiн шот-фактурадағы тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым мөлшерi комиссионер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушыға өткiзудi жүзеге асыратын олардың құны негiзiнде көрсетiледi.
  Комиссионер шот-фактураны мыналардың деректерiн ескере отырып, жазып бередi:
  қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын комитент комиссионерге ұсынған шот-фактура. Бұл жағдайда комитент комиссионерге ұсынған шот-фактурада көрсетiлген салық салынатын (салынбайтын) айналым сомасы комиссионер сатып алушыға жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын (салынбайтын) айналымға қосылады;
  қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын комитент ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнын растайтын құжат.
  Бұл жағдайда мұндай құжатта көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны комиссионер сатып алушыға жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынбайтын айналымға қосылады.
  Комитент комиссионерге жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшерi өткiзу мақсатында комиссионерге ұсынылған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны негiзiнде көрсетiледi.
  Комиссионер комитентке жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын айналым мөлшерi комиссионердiң комиссиялық сыйқасының сомасы негiзiнде көрсетiледi.

   264-бап. Экспедиторлардың шот-фактуралар жазып беру
   ерекшелiктерi

  1. Егер жөнелтушiлер немесе алушылар үшiн жүктердi тасымалдауға көлiк экспедициясы шартына сәйкес жүргiзiлсе, аталған жүктердi тасымалдауға арналған шот-фактуралар жазып берудi экспедитор жүзеге асырады.
  Экспедитор шот-фактураны экспедитор мен жүк жөнелтушiнiң немесе алушының арасында жасалған көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде қосылған құн салығын төлеушi болып табылатын тасымалдаушылар және басқа да жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушылар берген шот-фактуралардың негiзiнде жазып бередi.
  Егер тасымалдаушы (ұсынушы) қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын жағдайда, экспедитор шот-фактураны жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнын растайтын құжаттың негiзiнде жазып бередi.
  2. Экспедитор жазып беретiн шот-фактурадағы салық салынатын айналымның мөлшерi көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар орындаған және көрсеткен жұмыстар мен қызметтердiң құны ескерiле отырып көрсетiледi.
  Шот-фактурада:
  қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын;
  қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнын қамтитын айналым көрсетiледi.
  Экспедитордың салық салынатын айналымы мөлшерiне енгiзiлетiн сыйақы сомасы шот-фактурада бөлек жазып көрсетiлуге тиiс.
  3. Экспедитор шот-фактураны екi данада жасайды.
  Шот-фактураның бiрiншi данасы жүк жөнелтушiге немесе жүктi алушыға берiледi.
  Көлiк экспедициясы шартының шеңберiнде көрсетiлетiн жұмыстарды, қызметтердi тасымалдаушылар және (немесе) ұсынушылар, сондай-ақ олардың құны туралы ақпаратты ашып көрсететiн құжат қоса берiлетiн шот-фактураның екiншi данасы экспедиторда қалады.
  Шот-фактураға қоса берiлетiн құжатта мынадай ақпараттық деректер:
  1) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушының шот-фактурасының реттiк нөмiрi және жасалған күнi;
  2) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушы салық төлеушiнiң сәйкестендiру нөмiрi;
  3) тасымалдаушының және (немесе) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) немесе атауы;
  4) егер тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылса, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi;
  5) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын, шот-фактурада көрсетiлген салық салынатын айналым мөлшерiне қосылатын, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны көрсетiлуге тиiс. Қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын тасымалдаушы және (немесе) ұсынушы жүзеге асыратын жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құны бөлек көрсетiледi.
  4. Аталған талаптарға сәйкес жазып берiлген шот-фактура жүк жөнелтушiлердiң немесе оны алушылардың қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуы үшiн негiз болып табылады.

    265-бап. Салық салынатын айналымды түзету кезiнде
   шот-фактуралар жасау

  1. Осы Кодекстiң 239-бабына сәйкес салық салынатын айналым мөлшерiн түзету кезiнде қосымша шот-фактура жасалады, онда:
  1) цифрлық мәнi бар қосымша шот-фактураның реттiк нөмiрi және оны жасау күнi;
  2) қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның реттiк нөмiрi мен жасалған күнi;
  3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушы мен алушының атауы, мекен-жайы және сәйкестендiру нөмiрi;
  4) қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшерi;
  5) қосылған құн салығының түзетiлген сомасы көрсетiледi.
  2. Қосымша шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушы жасайды және аталған тауарларды, жұмыстарды,қызмет көрсетулердi алушы растайды.

36-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТIБI

  266-бап. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна
   ретiнде қосылған құн салығы

  Салық салынатын айналым бойынша бюджетке жарна ретiнде қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептеп шығарылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.

   267-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын
   төлеу тәртiбi

  1. Ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен қосылған құн салығын төлейдi.
  2. Осы баптың мақсатына орай ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн:
  1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметтi қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн мына қызмет түрлерiн:
  ет және ет өнiмiн өндiрудi;
  жемiстер мен көкөнiстердi қайта өңдеудi және консервiлеудi;
  өсiмдiктер мен жануарлар майын өндiрудi;
  сүттi қайта өңдеу мен iрiмшiк өндiрудi;
  ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмiн өндiрудi;
  жануарлар үшiн дайын жемшөп өндiрудi;
  нан өндiрудi;
  балалар тағамын және емдәмдiк тағам өнiмiн өндiрудi;
  крахмал-ciрне өнеркәсiбi өнiмiн өндiрудi жүзеге асыру нәтижесiнде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;
  2) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қоспағанда, арнаулы салық режимдерiн қолданбайтын;
  3) акцизделетiн өнiмдi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу бойынша қызметтi жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
  3. Осы Кодекстiң 266-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.
  4. Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қосылған құн салығын есептейдi.

   268-бап. Қосылған құн салығының ставкалары

  1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығының ставкасы 12 проценттi құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшерiне қолданылады.
  2. Осы Кодекстiң баптарында көрсетiлген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдiк ставка бойынша салынады.
  Осы Кодекстiң баптарына сәйкес нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша аталған айналым осы баптың 1-тармағында аталған ставка бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
  3. Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртiппен алып өтетiн тауарлар импорты кезiнде қосылған құн салығын жиынтық кедендiк төлем құрамында төлей алады, оның мөлшерi Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалады.

   269-бап. Салық кезеңi

  Күнтiзбелiк тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi болып табылады.

   270-бап. Салық декларациясы

  1. Қосылған құн салығын төлеушi қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей әрбiр салық кезеңi үшiн табыс етуге мiндеттi.
  2. Декларациямен бiр мезгiлде салық кезеңi iшiнде сатып алынған және өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тiзiлiмдерi табыс етiледi, олар декларацияға қосымша болып табылады. Сатып алынған және өткiзiлген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралар тiзiлiмдерiнiң нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
  3. Осы Кодекстiң 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен, мерзiмде және нысан бойынша оларға мемлекеттiк материалдық резервтен тауарларды шығаруға жазылған құжаттардың тiзiлiмiн табыс етедi.

   271-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзiмi

  1. Қосылған құн салығын төлеушi бюджетке жататын жарнаға салықты орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнен кейiнгi екiншi айдың 25-нен кешiктiрмей әрбiр салық кезеңi үшiн төлеуге мiндеттi.
  2. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында кеден төлемдерiн төлеу үшiн айқындалатын күнi төленедi.

37-тарау. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ БОЙЫНША БЮДЖЕТПЕН ӨЗАРА ҚАТЫНАС

  272-бап. Қосылған құн салығын қайтару

  1. Егер осы тарауда өзгеше белгiленбесе, мыналар:
  1) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының осы Кодекстiң 273, 274-баптарында белгiленген тәртiппен есептi салық кезеңiнiң аяғында декларация бойынша өсу қорытындысымен қалыптасқан есептелген салық сомасынан асып түсуi (бұдан әрi – қосылған құн салығы бойынша асып түсуi);
  Айналым мақсатында пайдаланылмайтын, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алуға байланысты қалыптасқан, осы тармақшаның бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қосылған құн салығының асып түсуiн қайтару:
  тауарлар импорты кезiнде төленген;
  Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен осы Кодекстiң 241-бабына сәйкес жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде төленген;
  қосылған құн салығының асып түсуiн қайтару туралы талап көрсетiле отырып, қосылған құн салығы жөнiндегi декларация табыс етiлген салық кезеңiнiң соңындағы пайдалануға берiлетiн негiзгi құралдар, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, сатып алынған биологиялық активтер бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы шегiнде жүргiзiледi.
  Осы тармақшаның екiншi бөлiгiнiң ережесi осы Кодекстiң 274-бабында көзделген қосылған құн салығының асып түсуiн қайтарудың жеңiлдетiлген тәртiбiн қолдануға құқығы бар салық төлеушiлерге қолданылмайды;
  2) грант қаражаты есебiнен сатып алынған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушыларға осы Кодекстiң 275-бабында белгiленген тәртiппен төленген қосылған құн салығы;
  3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер, дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық персоналға жататын адамдар, олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында сатып алған тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi ұсынушыларға осы Кодекстiң 276-бабында белгiленген тәртiппен төлеген қосылған құн салығы;
  4) бюджетке артық төленген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстiң 599 және 602-баптарында белгiленген тәртiппен салық төлеушiге бюджеттен қайтарылуға жатады.
 жылғы 1 қаңтарға дейiн сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша қалыптасқан, осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген қосылған құн салығының асып кетуi, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылған немесе пайдаланылатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге байланысты қалыптасқан асып түсудi қоспағанда, бюджеттен қайтарылуға жатпайды.
  Осы тармаққа сәйкес бюджеттен қайтарылуға жатпайтын қосылған құн салығының асып түсуi қосылған құн салығы бойынша алдағы төлем шотына есептеледi. Импорт кезiнде төлеуге жататын, сондай-ақ осы Кодекстiң 241-бабында көзделген қосылған құн салығын төлеу шотының есебiне жатқызу жүргiзiлмейдi.
  3. Есептi салық кезеңiнiң соңында өсетiн қорытындылар декларациясы бойынша қалыптасқан, есептелген салық сомасынан есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының асып кетуi нөлдiк ставка бойынша салынатын айналымдар бойынша, егер бiр мезгiлде мынадай талаптар орындалса:
  1) қосылған құн салығын төлеушi нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткiзудi, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулердi тұрақты жүзеге асырса;
  2) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымдар жасалған және декларацияда ол бойынша қосылған құн салығының асып кеткенiн қайтару туралы талап көрсетiлген салық кезеңi iшiнде нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу бойынша айналым өткiзу бойынша жалпы салық салынатын айналымда кемiнде 70 процент құрайтын болса, қайтарылуға жатады.
  4. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген нөлдiк ставка бойынша салық салынатын тауарлар өткiзудi, жұмыстар орындауды, қызмет көрсетулердi тұрақты өткiзуге жатқызу өлшемдерiн белгiлеудi және мынадай:
  1) осы баптың 3-тармағында белгiленген талаптар орындалмаған жағдайда, нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымға байланысты;
  2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасының екiншi бөлiгiнде көзделген қайтарылуға жататын қосылған құн салығының асып кеткен сомасын айқындау тәртiбiн белгiлейдi.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38