399-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
1. Салық төлеушiлер салықты есептеудi салық базасына тиiстi салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргiзедi.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер салықты осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып есептейдi.
2. Ортақ үлестiк меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша әрбiр салық төлеушi үшiн мүлiк салығы мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi.
3. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушiлер салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдердi төлеуге мiндеттi, олар салық кезеңiнiң басындағы бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша айқындалған салық салу объектiлерiнiң баланстық құнына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы айқындалады.
4. Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша жүргiзiледi.
5. Салықтың ағымдағы төлемдерiнiң сомасын, патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушi салық кезеңiндегi 25 ақпаннан, 25 мамырдан, 25 тамыздан және 25 қарашадан кешiктiрмей тең үлестермен енгiзедi.
Салық төлеушiнiң құрылу күнiнен (салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен) кейiнгi кезектi мерзiм осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған жаңадан құрылған салық төлеушiлер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн құрылған салық төлеушiлер мен осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар ағымдағы төлемдердi төлеудiң соңғы мерзiмiнен кейiн салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық сомасын ағымдағы салық кезеңi үшiн осы баптың 7-тармағында көзделген мерзiмдерде төлейдi.
6. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi келiп түскен жағдайда, мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық кезеңiнiң соңына дейiн салық салу объектiлерi келiп түскен айдан кейiнгi айдан бастап ағымдағы салық кезеңi айларының санына көбейтiлген, келiп түскен күнiне бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалған, келiп түскен салық салу объектiлерiнiң бастапқы құнының 1/13-iне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға ұлғайтылады. Ағымдағы төлемдер ұлғаюға жататын сома осы баптың 5-тармағында белгiленген мерзiмдер бойынша тең үлестермен бөлiнедi, бұл ретте салық салу объектiлерi келiп түскен күннен кейiнгi кезектi мерзiм ағымдағы төлемдердi төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда, мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық салу объектiлерi шығып қалған айдан бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi ағымдағы салық кезеңi айларының санына көбейтiлген, салық кезеңiнiң басына бухгалтерлiк есеп деректерi бойынша айқындалған, шығып қалған салық салу объектiлерiнiң бастапқы құнының 1/13-iне салық ставкасын қолдану жолымен айқындалатын сомаға азайтылады. Ағымдағы төлемдер азайтылуға жататын сома ағымдағы төлемдердi төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi.
7. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзедi және мүлiк салығын төлейдi.
8. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер мүлiк салығын салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей төлейдi.
400-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу және төлеу
Дара кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейдi.
401-бап. Салық кезеңi
1. Мүлiк салығын есептеу және төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар үшiн салық кезеңi салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезiне дейiн айқындалады.
402-бап. Салық есептiлiгi
1. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда, салық төлеушiлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын және декларацияны табыс етуге мiндеттi.
Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына декларацияны табыс етуге мiндеттi.
Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық есептiлiгiн осы бапта белгiленген тәртiппен табыс етедi.
2. Мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы есептi салық кезеңiнiң 15 ақпанынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын салық органдарына тiркеу есебiне қойылған айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
Осы Кодекстiң 394-бабы 4-тармағының 3) тармақшасында аталған заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын объектiлердi пайдалануға немесе жалға берген айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей табыс етедi.
3. Салық кезеңi iшiнде мүлiк салығы бойынша салық мiндеттемелерi өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабы салық салу объектiлерi бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиiсiнше ағымдағы салық кезеңiнiң 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешiктiрмей табыс етiледi.
4. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
58-тарау. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ МҮЛIК САЛЫҒЫ
403-бап. Салық төлеушiлер
1. Осы Кодекстiң 405-бабына сәйкес салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:
1) мерзiмдi қызметтi өткеру (оқу) кезеңiндегi мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер;
2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1000 еселенген мөлшерi шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер;
3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1500 еселенген мөлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер;
4) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 1500 еселенген мөлшерi шегiнде - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар.
Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салықты осы тарауда белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi;
5) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын салық салу объектiлерi бойынша дара кәсiпкерлер.
404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушiнi айқындау
1. Меншiк иесi салық салу объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға берген кезде, салық төлеушi осы Кодекстiң 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.
2. Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады.
3. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келiсiммен осы салық салу объектiсi меншiк иелерiнiң бiрi салық төлеушi бола алады.
405-бап. Салық салу объектiсi
Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар және аяқталмаған құрылыс объектiлерi қоныстану, пайдалану кезiнен бастап оларға мүлiк салығын салу объектiсi болып табылады.
406-бап. Салық базасы
1. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн, мынадай тәртiппен айқындалған салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары немесе аяқталған құрылыс объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К таб х К функц х К айм х К аек. өзг, мұнда:
Қ - салық салу мақсаты үшiн мүлiктiң құны,
Қ б - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң бiр шаршы метрiнiң базалық құны,
S - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң шаршы метрмен пайдалы ауданы,
К таб - табиғи тозу коэффициентi,
К функц - функционалдық тозу коэффициентi,
К айм - аймақтау коэффициентi,
К аек. өзг - айлық есептiк көрсеткiш өзгерiсiнiң коэффициентi.
2. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң теңгемен көрсетiлген бiр шаршы метрiнiң базалық құны (Қб) елдi мекеннiң түрiне байланысты мынадай мөлшерде айқындалады:
Рет N | Елдi мекеннiң түрi | Базалық құн, теңгемен |
1 | 2 | 3 |
Қалалар: | ||
1. | Алматы | 30000 |
2. | Астана | 30000 |
3. | Ақтау | 18000 |
4. | Ақтөбе | 18000 |
5. | 18000 | |
6. | Қарағанды | 18000 |
7. | Қызылорда | 18000 |
8. | Көкшетау | 18000 |
9. | Қостанай | 18000 |
10. | 18000 | |
11. | Петропавл | 18000 |
12. | Талдықорған | 18000 |
13. | Тараз | 18000 |
14. | Орал | 18000 |
15. | Өскемен | 18000 |
16. | 18000 | |
17. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12000 |
18. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6000 |
19. | Кенттер | 4200 |
20. | Селолар (ауылдар) | 2700 |
3. Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiкке және олармен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды тiркеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мынадай формула бойынша есептеген осындай объектiнiң құны тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi, гаражы бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К таб х К аек өзг. х K айм, мұнда:
Қ – салық салу мақсаты үшiн құн,
Қ б - осы баптың 2-тармағында белгiленген базалық құнның мынадай мөлшерiнде айқындалған бiр шаршы метрдiң базалық құны:
тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайлары, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстары, шығыңқы iрге қабаттары, жертөлелерi бойынша – 25 процент,
гараж бойынша – 15 процент,
S - тұрғын үйлердiң салқын жапсаржайларының, шаруашылық (қызметтiк) құрылыстарының, шығыңқы iрге қабаттарының, жертөлелерiнiң, гаражының шаршы метрмен жалпы ауданы,
К таб – осы баптың 4-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған табиғи тозу коэффициентi,
К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған айлық есептiк көрсеткiш өзгерiсiнiң коэффициентi,
К айм - осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалған аймақтау коэффициентi.
4. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозу коэффициентi амортизация нормаларын және тиiмдi уақытын есепке ала отырып, мына формула бойынша айқындалады:
К таб = 1 - М таб, мұнда:
М таб - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозуы.
Табиғи тозу мына формула бойынша айқындалады:
М таб = (Т баз - Т п. б) х Наморт/100, мұнда:
Т баз - салық есептелген жыл,
Т п. б - объектiнiң пайдалануға берiлген жылы,
Н аморт - амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына байланысты табиғи тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
Рет | Күрделiк тобы | Ғимараттың сипаттамасы | Н аморт % | Қызмет ету мерзiмi (жыл) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 1 | Тастан салынған, ерекше күрделi, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темiрбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiштi, аражабындары темiрбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темiр бетонды ғимараттар | 0,7 | 143 |
2. | 2 | Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кiрпiштен қаланған, аражабындары темiр-бетонды, бетонды немесе ағаш; iрi блокты қабырғасы бар, аражабындары темiрбетонды ғимараттар | 0.8 | 125 |
3. | 3 | Қабырғалары жеңiлдетiлiп қаланған кiрпiштен, монолиттi шлакты бетоннан, жеңiл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темiрбетонды немесе бетонды ғимараттар; iрi блокты немесе кiрпiштен, жеңiлдетiлiп монолиттi шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар | 1,0 | 100 |
4. | 4 | Қабырғалары аралас, кесiлген ағаштан немесе бедерлi кiрпiштен қаланған ғимараттар | 2,0 | 50 |
5. | 5 | Шитiден жасалған, жиналмалы-қалқанды, қойма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар | 3,3 | 30 |
6. | 6 | Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңiлдетiлген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тастан қалаған немесе тасымалы панелдi тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң табиғи тозуы 70 проценттен жоғары болса, оның iшiнде материалдардан салынған үйлерде 65 проценттен жоғары болса, онда 0,2-ге тең табиғи тозу коэффициентi қолданылады.
5. Тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң сапасына қойылатын талаптарды ескеретiн функционалдық тозу коэффициентi (К функц.) мына формула бойынша есептеледi:
К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:
К қаб - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруiн есепке алу коэффициентi,
К бiр - тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскелерiнде орналасуын есепке алу коэффициентi,
К қ. мат - қабырға материалын есепке алу коэффициентi,
К жайл - тұрғын үй-жайдың, саяжай құрылыстарының немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң жайлылығы мен оның инженерлiк-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етiлу деңгейiн есепке алу коэффициентi,
К жылу - жылыту түрiн есепке алу коэффициентi.
Қабатына байланысты мынадай қабаттылықтың түзету коэффициентi (К қаб) қолданылады:
Рет | Қабат | К қабат |
1 | 2 | 3 |
1. | Бiрiншi | 0,95 |
2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
3. | Соңғы | 0,9 |
Биiктiгi үш қабаттан аспайтын көп пәтерлi тұрғын үйлер үшiн кез келген қабат үшiн 1-ге тең қабаттылық коэффициентi қолданылады.
Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскелерiндегi орналасуына байланысты мынадай түзету коэффициенттерi (К бұр) қолданылады:
Рет | Тұрғын үй-жайдың немесе аяқталмаған құрылыс объектiсiнiң құрылыстың бұрыштағы учаскесiнде орналасуы | К бұр |
1 | 2 | 3 |
1. | Бұрыштағы пәтер |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


