279-бап. Акцизделетiн тауарлар тiзбесi

  Мыналар:
  1) спирттiң барлық түрлерi;
  2) алкоголь өнiмi;
  3) құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра;
  4) темекi бұйымдары;
  5) бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отыны;
  6) жеңiл автомобильдер (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа);
  7) шикi мұнай, газ конденсаты акцизделетiн тауарлар болып табылады.

   280-бап. Акциз ставкалары

  1. Акциз ставкалары тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
  2. Алкоголь өнiмiне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттiк) спирттiң болу көлемiне байланысты бекiтiледi.
  3. Спирттiң барлық түрiне және шарап материалына акциз ставкалары спирттiң және шарап материалының бұдан әрi пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
  Алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн өткiзiлетiн спиртке және шарап материалына акциз ставкасы алкоголь өнiмдерiн өндiру үшiн пайдаланбайтын тұлғаларға өткiзiлетiн спиртке және шарап материалына белгiленетiн базалық ставкадан төмен белгiленуi мүмкiн.
  4. Акциз сомасын есептеу былайша жүргiзiледi:
  1) осы Кодекстiң 279-бабының 1)-4), 6), 7) тармақшаларында көрсетiлген акцизделетiн тауарларға:

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Рет
N

ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды

Акцизделетiн тауарлардың түрлерi

Акциз ставкалары (өлшем бiрлiгi үшiн теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдiк процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлерi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, сондай-ақ белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медициналық мекемелерге берiлетiн спирттен басқа)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спиртi (этанол) (түссiз емес, iшкi нарықта тұтыну үшiн боялған)

0,1 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдiк проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; спирт тұнбалары және өзге де спирттi iшiмдiктер (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын, сондай-ақ белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттiк медициналық мекемелерге берiлетiн спирттен басқа)

100% спирт  750 теңге/литр

4.

2207-ден

80 көлемдiк процент немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; этил спиртi және алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлерi

60 теңге/литр

5.

2208-ден

80 көлемдiк проценттен төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi; спирт тұнбалары және алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын өзге де спирттi iшiмдiктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

2208

Алкоголь өнiмi (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)

100% спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Коньяк, бренди (отандық өндiрiстiң коньяк спиртiнен жасалған коньяктан, брендиден басқа)

100% спирт 325 теңге/ литр

8.

2208

Отандық өндiрiстiң коньяк спиртiнен жасалған коньяк, бренди

100% спирт 170 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2ден

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2ден

Шарап материалы (этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2ден

Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiру үшiн сатылатын шарап материалы

20 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра

26 теңге/литр

13.

2ден

Құрамындағы этил спиртiнiң көлемi 0,5 проценттен аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлi сигареттер

1000 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсiз сигареттер, папиростар

600 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллдер

1200 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигарлар

95 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотинi бар фармацевтикалық өнiмдi қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және соңғы тұтынуға арналған түтiктiк, шегетiн, шайнайтын, соратын, иiскейтiн, хорхорлы және өзге де темекi

1220 теңге/килограмм

19.

2ден

Шикi мұнай, табиғи газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702, 8703, 8704-тен

Двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден жоғары жеңiл автомобильдер

100 теңге/текше см

  2) осы Кодекстiң 279-бабының 5) тармақшасында көрсетiлген акцизделетiн тауарларға:

Рет
N

1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)

Бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2 11590 0)

Дизель отыны
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2

1

2

3

4

1.

Өндiрушiлердiң өз өндiрiсiндегi бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

4500

540

2.

Жеке және заңды тұлғалардың бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы

0

0

3.

Өндiрушiлердiң бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiгiне пайдалануы

5000

600

4.

Жеке және заңды тұлғалардың бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзiнiң өндiрiстiк қажеттiлiгiне пайдалануы

500

60

5.

Импорт

4500

540

  Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.

39-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДIРIЛЕТIН,
ӨТКIЗIЛЕТIН АКЦИЗДЕЛЕТIН ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

  281-бап. Салық салу объектiсi

  1. Мыналар:
  1) акциз төлеушiнiң өзi шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетiн тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
  акцизделетiн тауарларды өткiзуi;
  акцизделетiн тауарларды алыс-берiстiк негiзде қайта өңдеуге беруi;
  алыс-берiстiк, оның iшiнде акцизделетiн шикiзат пен материалдарды, қайта өңдеу өнiмдерi болып табылатын акцизделетiн тауарларды беруi;
  жарғылық капиталға жарнасы;
  заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
  өндiрушiнiң акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тиеп жөнелтуi;
  өндiрушiнiң жасап шығарған және (немесе) өндiрген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн пайдалануы;
  өндiрушi жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды лицензияда көрсетiлген өндiрiс мекенжайынан ауыстыруы;
  2) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткiзуi;
  3) бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткiзуi;
  4) конкурстық массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген акцизделген тауарларды өткiзуi;
  5) акцизделетiн тауарлардың бүлiнуi, жоғалуы акциз салынатын объект болып табылады.
  2. Акциздiк маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы акцизделетiн тауарларды өткiзу ретiнде қарастырылады.
  3. Мыналарға:
  1) егер осы Кодекстiң 288-бабында белгiленген талаптарға сай келсе, акцизделетiн тауарлардың экспортына;
  2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейтiн квоталар шегiндегi: V085457
  өндiрушiнiң аталған өнiмдi өндiру құқығына арналған Қазақстан Республикасының лицензиясы болған жағдайда емдiк және фармацевтiк препараттарды дайындау үшiн;
  тиiстi лицензиясы болған кезде мемлекеттiк медицина мекемелерiне босатылатын этил спиртiне;
  3) жаңа үлгiдегi есепке алу-бақылау немесе акциздiк маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстiң 643-бабының 2-тармағында аталған акцизделетiн тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
  4) 0,1 литрден аспайтын тұтыну ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнiмге акциз салынбайды.

   282-бап. Операция жасалған күн

  1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетiн тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күнi операция жасалған күн болып табылады.
  2. Өндiрушi өзi өндiрген акцизделетiн тауарларды өзiнiң құрылымдық бөлiмшелер желiсi арқылы өткiзген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлiмшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
  3. Акцизделуге тиiс алыс-берiстiк тауарларын беру кезiнде аталған тауарларды мердiгерге (қайта өңдеушiге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  Алыс-берiстiк тауарларынан акцизделетiн тауарлар дайындаған кезде дайындалған акцизделетiн тауарларды тапсырыс берушiге немесе тапсырыс берушi көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  4. Акцизделетiн тауарларды өздерiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына және акцизделетiн тауарларды өзi өндiруi үшiн пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  5. Өндiрушi жүзеге асыратын акцизделетiн тауарларды өндiрiс мекенжайынан ауыстыру кезiнде акцизделетiн тауарларды лицензияда көрсетiлген өндiрiс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.
  6. Акцизделетiн өнiм, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген жағдайда, бүлiнген акцизделетiн өнiмдi (акциз маркаларын, есепке алу-бақылау маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндiрiстiк процесте одан әрi пайдалану туралы шешiм қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.
  Акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетiн тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38