227-бап. Салық жинаудағы көмек

  1. Уәкiлеттi орган орындалмаған салық мiндеттемесiн орындау мақсатында халықаралық шарт ережелерiне сәйкес уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша салық талабын жiберу жолымен шет мемлекеттiң құзыреттi органынан жәрдем сұрауға құқылы. Салық талабы резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған табыстарынан салық мiндеттемесiн орындамаған немесе толық орындамаған жағдайда осы Кодексте белгiленген мәжбүрлеп өндiрiп алудың барлық ықтимал шаралары қолданылғаннан кейiн ғана шет мемлекеттiң құзыреттi органына жiберiледi.
  2. Шет мемлекеттiң құзыреттi органынан жәрдемдесуге сұрау салу келiп түскен кезде уәкiлеттi органның резиденттiң шет мемлекетте туындаған салықтық мiндеттемесiнiң атқарылуын қамтамасыз етуге құқығы бар. Бұл ретте уәкiлеттi орган халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес резиденттiң шет мемлекеттегi көздерден алынатын табыстарынан салық төлеудiң заңдылығын қарайды және қорытынды шығарады.
  3. Шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуы бойынша оң қорытынды шығарылған жағдайда уәкiлеттi орган халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес резиденттiң салықтық мiндеттемелердi осы Кодексте белгiленген тәртiппен атқаруын қамтамасыз етедi. Резидент салық төлеушi салық сомасын уәкiлеттi органның талабы бойынша халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес жiберiлген салық жинауға жәрдемдесу туралы сұрау салуда көрсетiлген шет мемлекеттiң құзыреттi органының шотына аударады.
  4. Уәкiлеттi орган шет мемлекеттiң құзыреттi органының сұрау салуларын өзара түсiнiстiк принциптерi негiзiнде қарайды.
  5. Егер халықаралық шартта өзгеше айқындалмаса, осы баптың ережелерi осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi өткенге дейiн қолданылады.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

8-БӨЛIМ. ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫ

28-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  228-бап. Төлеушiлер

  1. Мыналар:
  1) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне тұрған мынадай тұлғалар:
  дара кәсiпкерлер;
  мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент заңды тұлғалар;
  қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
  сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшыларымен не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылармен сенiмгерлiкпен басқару шарттары бойынша тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналымды жүзеге асыратын сенiмгерлiкпен басқарушылар;
  2) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
  2. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою осы Кодекстiң 568, 569-баптарына сәйкес жүргiзiледi.

   229-бап. Салық салу объектiлерi

  Мыналар:
  1) салық салынатын айналым;
  2) салық салынатын импорт қосылған құн салығы салынатын объектiлер болып табылады.

29-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН АЙНАЛЫМ

  230-бап. Салық салынатын айналымды айқындау

  1. Мыналар:
  1) осы Кодекстiң 232-бабында көрсетiлген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша;
  2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу бойынша қосылған құн салығын төлеушi жасайтын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
  2. Қосылған құн салығы осы Кодекстiң 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған (оның iшiнде негiзгi құралдар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар бойынша) тауарлар қалдықтары тұлғаны қосымша құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде Қазақстан Республикасында тауарларды өткiзу бойынша айналым ретiнде қарастырылады.
  Осы тармақтың ережелерi заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына байланысты қосылу нәтижесiнде барлық жаңадан құрылған заңды тұлғалар немесе заңды тұлғаға қосылған басқа заңды тұлға (заңды тұлғалар) қайта құрылғаннан кейiн қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылатын шарттарды орындаған жағдайда оны қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде қолданылмайды.

   231-бап. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi
   өткiзу бойынша айналым

  1. Тауарларды өткiзу бойынша айналым:
  1) тауарға меншiк құқығын берудi, оның iшiнде:
  тауарды сатуды;
  кәсiпорынды тұтастай мүлiктiк кешен ретiнде сатуды;
  тауарды тиеп-жөнелтудi, оның iшiнде басқа тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге айырбастауды;
  тауар экспортын;
  тауарды өтеусiз берудi;
  жұмыс берушiнiң тауарды қызметкерге жалақы есебiнен беруiн;
  2) тауарды бөлiп-бөлiп төлеу шартымен тиеп-жөнелтудi;
  3) мүлiктi қаржы лизингiне берудi;
  4) тауарды комиссия шарты бойынша тиеп-жөнелтудi;
  5) кепiл берушiнiң кепiлге берiлген мүлiктi (тауарды) борыштың төленбеуi жағдайында беруiн;
  6) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.
  2. Жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым жұмыстарды кез келген оның iшiнде өтеусiз орындауды немесе қызмет көрсетулердi, сондай-ақ тауарды өткiзуден ерекшеленетiн, сыйақы үшiн кез келген қызметтi, оның iшiнде:
  1) мүлiктiк жалдау шарттары бойынша мүлiктi уақытша иелiкке және пайдалануға берудi;
  2) зияткерлiк меншiк объектiлерiне құқықтар берудi;
  3) жұмыс берушiнiң қызметкерге жалақы есебiнен жұмыстарды орындауын, қызмет көрсетулерiн;
  4) аванстарды және айыппұл санкцияларын қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге байланысты талап ету құқықтарын берудi;
  5) сыйақы үшiн кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм берудi бiлдiредi.
  3. Мыналар:
  1) мүлiктi жарғылық капиталға салым ретiнде беру;
  2) жарғылық капиталға салым ретiнде алынған мүлiктi қайтару;
  3) бiрлiгiнiң құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта өтеусiз беру не сыйлау;
  4) тапсырысшының мердiгерге дайын өнiмдi мердiгердiң дайындауы, қайта өңдеуi, құрастыруы (монтаждауы, орнатуы), жөндеуi және (немесе) объектiлер салуы үшiн алыс-берiс тауарларын тиеп-жөнелтуi. Көрсетiлген тауарлар Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде дайындалған, қайта өңделген, құрастырылған, жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеу" режимiмен жүзеге асырылса, көрсетiлген тауарлардың тиеп-жөнелтiлуi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды;
  5) қайтарылатын ыдысты тиеп-жөнелту. Құны онымен жiберiлетiн өнiмдi өткiзу құнына кiрмейтiн және осы өнiмдi беру жөнiндегi шартта (келiсiмшартта) белгiленген талаптармен және мерзiмде, бiрақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзiмде өнiм берушiге қайтаруға жататын ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгiленген мерзiмде қайтарылмаса, мұндай ыдыстың құны өткiзу бойынша айналымға енгiзiледi;
  6) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;
  7) егер мұндай әкету Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимiмен ресiмделсе, шартта белгiленген талаптар мен мерзiмдерде қайта алып келуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткiзу үшiн Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету;
  8) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланған және жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiмшарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасына беруге жататын мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi;
  9) эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы;
  10) қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғаның негiзгi құралдарын, материалдық емес активтерiн және өзге де мүлкiн оның құқықтық мирасқорына (құқықтық мирасқорларына) беруi;
  11) концессия объектiсiн концедентке беру, сондай-ақ концессия объектiсiн концессия шарты шеңберiнде пайдалану үшiн кейiннен концессионерге (құқықтық мирасқорына немесе тек қана концессионердiң концессия шартын iске асыру үшiн арнайы құрған заңды тұлғаға) беруi;
  12) егер жеке тұлғаның жеке мүлкi кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, осы тұлғаның осындай мүлiктi өткiзу бойынша айналымы;
  13) сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушыға беруi;
  14) сенiмгерлiкпен басқару туындауының негiзi болып табылатын құжаттың қолданылуы тоқтатылған кезде сенiмгерлiкпен басқарушының мүлiктi қайтаруы;
  15) сенiмгерлiкпен басқарушының сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табысты мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысына немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушыға беруi өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.

   232-бап. Салық салынбайтын айналым

  Мыналар:
  1) осы Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған;
  2) өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым салық салынбайтын айналым болып табылады.
  Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны осы Кодекстiң 236-бабына сәйкес айқындалады.

   233-бап. Тапсырма шарттары бойынша жүзеге асырылатын
   өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар

  1. Сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiнiң атынан және оның есебiнен тауарды тиеп-жөнелтуi, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулерi, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алуы сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылмайды.
  2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi:
  1) сенiм бiлдiрiлген адамның сенiм бiлдiрушiге тауарларды тиеп-жөнелтуi, жұмыстарды орындауы, қызмет көрсетулерi;
  2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент емес – сенiм бiлдiрушiден алынған тауарды тиеп-жөнелтуге қатысты қолданылмайды. Мұндай жағдайда тауарды тиеп-жөнелту сенiм бiлдiрiлген адамның өткiзу бойынша айналымы болып табылады.

   234-бап. Сенiмгерлiкпен басқару шарттары бойынша жүзеге
   асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша айналымдар

  Сенiмгерлiкпен басқарушы сенiмгерлiкпен басқару шартына немесе сенiмгерлiкпен басқарудың туындауына негiз болып табылатын өзге де құжатқа сәйкес жүзеге асыратын тауарды тиеп-жөнелту, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алуы сенiмгерлiкпен басқарушының өткiзу (сатып алу) бойынша айналымы болып табылады.

    235-бап. Бiрлескен қызмет туралы шарттардың шеңберiнде
   жүзеге асырылатын өткiзу (сатып алу) бойынша
   айналымдар

  1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi (оның iшiнде өндiрiлген пайдалы қазбаларды) өткiзудi бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) атынан және (немесе) тапсырмасы бойынша сенiм бiлдiрiлген адам жүзеге асыратын жағдайларда:
  1) шот-фактура бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың бiрiнiң атынан немесе берушi (сатушы) үшiн бөлiнiп берiлген жолда бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) деректемелерi көрсетiле отырып, сенiм бiлдiрiлген адамның атынан жазылады;
  2) шот-фактураларды ресiмдеу кезiнде айналымның жалпы сомасы, сондай-ақ бiрлескен қызмет туралы шарттың талаптарына сәйкес қатысушылардың әрқайсысына тиесiлi айналым сомасы көрсетiледi.
  2. Шот-фактураның түпнұсқасы тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi (оның iшiнде жер қойнауын пайдаланушы өндiрген және өткiзiлетiн пайдалы қазбаларды) сатып алушыға да, жер қойнауын пайдалануға арналған бiр келiсiмшарттың (келiсiмнiң) шеңберiнде жер қойнауын пайдалану қызметiн жүзеге асыратын қатысушылардың санына қарай бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына да жазылады.
  3. Бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушы (қатысушылар) немесе сенiм бiлдiрiлген адам осындай қызмет шеңберiнде тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi сатып алған жағдайларда, берушiден (сатушыдан) алынатын шот-фактураларда мыналар:
  1) бiрлескен қызметке қатысушылардың санына қарай бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушының (қатысушылардың) не сенiм бiлдiрiлген адамның деректемелерi;
  2) сатып алу сомалары, оның iшiнде бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың әрқайсысына тиесiлi қосылған құн салығының сомалары бөлiнiп көрсетiлуге тиiс.
  4. Жазылып берiлетiн шот-фактуралар түпнұсқаларының саны мұндай жағдайларда қызметтi жүзеге асыру үшiн тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер сатып алынатын бiрлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың санына сәйкес келуге тиiс.

   236-бап. Тауарды, жұмысты, қызмет көрсетулердi өткiзу орны

  1. Мынадай орын:
  1) егер тауарды берушi, алушы немесе үшiншi тұлға тасымалдайтын (жiберетiн) болса, тауарды тасымалдау басталған орын;
  2) басқа жағдайларда - тауарды алушыға беру орны тауарды өткiзу орны болып танылады.
  2. Мынадай орын:
  1) егер жұмыстар, қызмет көрсетулердi жылжымайтын мүлiкпен тiкелей байланысты болса, осы мүлiктiң орналасқан жерi.
  Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу орны немесе мұндай мүлiктi мемлекеттiк тiркеу жөнiндегi мiндеттеме болмаған жағдайда - нақты орналасқан жерi жылжымайтын мүлiк орналасқан жер болып танылады.
  Осы баптың мақсатында ғимараттар, құрылыстар, көп жылдық көшеттер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни олардың не мақсатқа арналғанына шамадан тыс нұқсан келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер, сондай-ақ құбырлар, электр беру желiлерi, ғарыш объектiлерi, мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорын жылжымайтын мүлiк болып танылады;
  2) егер олар жылжымалы мүлiкпен байланысты болса, жұмыстар, қызмет көрсетулер нақты жүзеге асырылатын орын.
  Мұндай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге монтаждау, құрастыру, жөндеу, техникалық қызмет көрсету жатады;
  3) егер осындай қызмет көрсетулер мәдениет, ойын-сауық, ғылым, өнер, бiлiм, дене тәрбиесi немесе спорт саласындағы қызмет көрсетулерге жататын болса, нақты қызмет көрсетулер көрсетiлетiн орын;
  Осы тармақшаның мақсатында ойын-сауық саласындағы қызмет көрсетулерге ойын-сауық-демалу мақсатындағы қызмет көрсетулер жатады, олар ойын-сауық орындарында (ойын орын-жайлары, түнгi клубтар, кафе-барлар, мейрамханалар, Интернет-кафелер, компьютер, бильярд, боулинг клубтары және кинотеатрлар, өзге де ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар) көрсетiледi;
  4) жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметi жүзеге асыратын орны.
  Егер осы тармақшада өзгеше көзделмесе, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушы әдiлет органдарында мемлекеттiк (есепке алыну) тiркелу негiзiнде немесе салық органдарында дара кәсiпкер ретiнде тiркелу есебiне қойылу негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушының кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледi.
  Егер жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алушы резидент емес болып табылса, ал алушы мемлекеттiк (есепке алынуы) тiркелуi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында жүргiзiлген оның филиалы немесе өкiлдiгi болып табылса, онда өткiзу орны Қазақстан Республикасы деп танылады.
  Осы тармақшаның ережелерi мынадай жұмыстарға, қызмет көрсетулерге:
  зияткерлiк меншiк объектiлерiн пайдалануға арналған құқықтарды беруге;
  консультациялық, аудиторлық, инжинирингтiк, дизайнерлiк, маркетингтiк, заңдық, бухгалтерлiк, адвокаттық, жарнамалық қызмет көрсетулерге, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн таратуды, жалпыға ортақ телекоммуникациялық желiлердегi веб-сайттарда орналастырылған бұқаралық ақпаратқа қолжетiмдiлiктi ұсынуды қоспағанда, ақпарат беру және (немесе) өңдеу бойынша қызмет көрсетулерге;
  персоналды беруге;
  жылжымалы мүлiктi (көлiк құралдарынан басқа) жалға беруге;
  агенттiң тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi, сатып алу, сондай-ақ осы тармақшада көзделген қызмет көрсетулердi жүзеге асыру үшiн шартқа (келiсiмшартқа) негiзгi қатысушының атынан адамдар тарту жөнiндегi қызмет көрсетулерге;
  байланыс қызметi көрсетулерiне;
  сыйақы үшiн кәсiпкерлiк қызметтi шектеуге немесе тоқтатуға келiсiм беруге;
  радио және телевизиялық қызмет көрсетулерге;
  туризмдi ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетулерге;
  жүк вагондары мен контейнерлердi пайдалануға беру бойынша қызмет көрсетулерге қатысты қолданылады;
  5) осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында және осы баптың 4-тармағында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн тұлғаның кәсiпкерлiк немесе кез келген басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады.
  Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделмеген жұмыстарды орындайтын, қызметтердi көрсететiн тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк (есепке алыну) тiркелу негiзiнде немесе салық органдарында дара кәсiпкер ретiнде тiркелу есебiне қойылу негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, осындай тұлғаның кәсiпкерлiк немесе басқа да қызметтi жүзеге асыратын орны Қазақстан Республикасының аумағы болып есептеледi.
  3. Егер тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу басқа негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзуге қатысты көмекшi сипатта болса, осындай көмекшi өткiзу орны негiзгi тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны болып танылады.
  4. Жолаушылар мен багажды, тауарларды, оның iшiнде почтаны тасымалдау бойынша қызмет көрсетулер кезiнде, ол:
  жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнбейтiн;
  жолаушылар, тасымалданатын тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге әкетiлмейтiн;
  жолаушылар, тауарлар (почта, багаж) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалданбайтын, талаптарға бiр мезгiлде сәйкес келген жағдайда жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу орны Қазақстан Республикасы болып танылмайды.
  5. Осы баптың 2-тармағын қолдану кезiнде бiр тармақшадағыдан артық көрсетiлген жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсетулер орны осы тармақшалардың iшiндегi ретi бойынша бiрiншiсi болып айқындалады.

   237-бап. Өткiзу бойынша айналым жасау күнi

  1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi өткiзу бойынша айналым жасау күнi тауарларды тиеп-жөнелту (беру), жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету күнi болып табылады.
  Жұмыстар орындау, қызметтер көрсету күнi орындалған жұмыстардың, көрсетiлген қызметтердiң актiсiне қол қойылған күн болып танылады.
  2. Егер тауарды тиеп-жөнелту жүзеге асырылмаған жағдайда, өткiзу бойынша айналым жасау күнi алушыға тауар меншiгiнiң құқығы берiлген күн болып табылады.
  3. Тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда өткiзу бойынша айналым жасау күнi:
  1) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалатын өткiзу пунктiнде iс жүзiнде Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен күн;
  2) мына жағдайларда:
  кезең-кезеңдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда;
  уақытша декларациялау рәсiмiн қолдана отырып, тауарларды экспорт режимiнде әкеткен жағдайда, кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi бар толық жүктiң кедендiк декларациясы ресiмделген күн болып табылады.
  4. Кепiл берушiге кепiлге салынған мүлiктi (тауарды) берген кезде кепiл берушi үшiн мына күндердiң бiрi:
  1) кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiл тұрғысынан кепiлге салынған мүлiктi өндiрiп алу айналысы процесiнде жүргiзiлген сауда-саттықтың жеңiмпазына ауысқан күн;
  2) егер сауда-саттық өтпедi деп жарияланса, кепiл тұрғысынан кепiл затына меншiк құқығы кепiл берушiден кепiл ұстаушыға ауысқан күн өткiзу бойынша айналым жасау күнi болып табылады.
  5. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде, осы Кодекстiң 230-бабының 2-тармағында көрсетiлген салық салынатын айналым бойынша өткiзу бойынша айналым жасалған күн:
  1) қосылған құн салығын төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару туралы салықтық өтiнiшi немесе осы Кодекстiң 37-43-баптарында көрсетiлген салықтық өтiнiшi берiлген күн;
  2) салық органының шешiмi бойынша қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарған кезде осы Кодекстiң 571-бабының 6-тармағында көрсетiлген күн болып табылады.
  6. Лизинг берушiнiң лизинг алушы негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi, қайтарымды лизинг шарты бойынша беруiн қоспағанда, қаржы лизингiне берген кезде өткiзу бойынша айналым жасалған күнi:
  1) осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, қаржы лизингiнiң шартында белгiленген кезең-кезеңдiк лизингтiк төлемдi лизинг берушiнiң алу мерзiмiнiң басталу күнi;
  2) егер қаржы лизингiнiң шарты бойынша лизинг берушiнiң лизингтiк төлемдi алу мерзiмiнiң басталу күнi мүлiктi лизинг алушыға беру күнiне дейiн белгiленсе, айналым жасау күнi мүлiктi қаржы лизингiне берген күн болып табылады;
  3) қаржы лизингiнiң шартында көзделген лизинг төлемдерiн лизинг алушы мерзiмiнен бұрын өтеген кезде, түпкiлiктi есеп айырысу күнi қаржы лизингiнiң осы шарты бойынша өткiзу бойынша айналым жасалған соңғы күн болып табылады.
  7. Лизинг алушының (сатушының) негiзгi құрал, жылжымайтын мүлiкке инвестициялар, биологиялық активтер ретiнде алуына жататын мүлiктi қайтарымды лизинг шарты бойынша лизинг берушi берген кезде өткiзу бойынша айналым жасау күнi мүлiктi қаржы лизингiне берген күн болып табылады.
  8. Егер жұмыстар, қызмет көрсетулер тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзiлетiн болса, онда өткiзу бойынша салық салынатын айналым жасау күнi:
  1) қосылған құн салығы көрсетiлiп, шот-фактура жазылған күннiң
  2) әрбiр төлемдi (есеп айырысу нысанына қарамастан) алу күнiнiң қайсысы бiрiншi басталса, сол күн болып табылады.
  Тұрақты (үзiлiссiз) негiзде өткiзу, олардың нәтижелерiн жұмысты, қызмет көрсетулердi алушының өз өндiрiстiк қызметiнде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету күнiнде пайдалана алу шартымен, ұзақ мерзiмдi келiсiмшарт негiзiнде жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетудi бiлдiредi.
  9. Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеушi болып табылмайтын және қызметiн филиалдар, өкiлдiктер арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен жұмыстарды, қызмет көрсетулер сатып алған жағдайда, сатып алу бойынша айналым жасау күнi орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер актiсiне қол қойылған күн болып танылады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38