8-тарау. САЛЫҚТЫҚ НЫСАНДАР

   61-бап. Салықтық нысандар және оларды жасау тәртiбi

  1. Салықтық нысандар салық есептiлiгiн, салықтық өтiнiштi және салық тiркелiмдерiн қамтиды.
  2. Салық төлеушi (салық агентi) салықтық нысандарды қағаз және (немесе) электрондық жеткiзгiштерде мемлекеттiк тiлде және (немесе) орыс тiлiнде жасайды.
  3. Қағаз жеткiзгiште жасалған салықтық нысандарға салық төлеушi (салық агентi) не оның өкiлi қол қоюға, сондай-ақ олар салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) не оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда өзiнiң атауы жазылған мөрi бар өкiлiнiң мөрiмен куәландырылуға тиiс.
  Салық тiркелiмдерiн қоспағанда, электрондық жеткiзгiште жасалған салықтық нысандар салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиiс.

   62-бап. Салықтық нысандарды сақтау мерзiмi

  1. Салықтық нысандар осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қою мерзiмi iшiнде салық төлеушiде (салық агентiнде) сақталады.
  2. Салық төлеушiнi, салық агентiн - заңды тұлғаны қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылған тұлғаның салықтық нысандарын сақтау жөнiндегi мiндеттеме оның құқық мирасқорына (құқық мирасқорларына) жүктеледi.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

§ 1. Салық есептiлiгi

   63-бап. Жалпы ережелер

  1. Салық есептiлiгi - салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) осы Кодексте белгiленген тәртiпке сәйкес салық қызметi органдарына табыс етiлетiн, салық төлеушi туралы, салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы, сондай-ақ салық мiндеттемелерiн, мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды есептеу туралы мәлiметтердi қамтитын құжаты.
  2. Салық есептiлiгi салық төлеушi (салық агентi) салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есеп-қисаптарды, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын iрi салық төлеушiлер табыс ететiн мониторинг жөнiндегi есептiлiктi қамтиды. Салық есептiлiгiнiң нысандарын және оларды жасау ережелерiн осы Кодекстiң 65-67-бабының ережелерiн ескере отырып, уәкiлеттi орган бекiтедi. V085428
  3. Салық есептiлiгi мынадай түрлерге бөлiнедi:
  1) бастапқы есептiлiк - салық төлеушiнi тiркелу есебiне қою жүргiзiлген және (немесе) осы тұлға салық төлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң белгiлi бiр түрлерi бойынша салық мiндеттемесi, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша мiндет алғаш туындаған салық кезеңi үшiн тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
  2) кезектi есептiлiк - салық төлеушiнi тiркелу есебiне қою жүргiзiлген және (немесе) осы тұлға салық төлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң белгiлi бiр түрлерi бойынша салық мiндеттемесi, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтiк аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша мiндет алғаш туындаған салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңдерi үшiн тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
  3) қосымша есептiлiк - осы өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңi үшiн бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiне осы тұлға салық төлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
  4) хабарлама бойынша қосымша есептiлiк - салық органы камералдық бақылау нәтижелерi бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңi үшiн бұрын табыс етiлген салық есептiлiгiне осы тұлға салық төлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi бойынша, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзген кезде тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi;
  5) тарату есептiлiгi - салық төлеушi қызметiн тоқтатқан немесе бөлiну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеушi (салық агентi) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түрлерi бойынша, мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша, сондай-ақ тiркелу есебiнен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететiн салық есептiлiгi.

   64-бап. Салық есептiлiгiн жасау ерекшелiктерi

  1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер әрбiр қызмет түрi бойынша бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
  2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргiзу қажеттiлiгi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртiппен салық есептiлiгiн жасайды.
  3. Егер салық төлеушi уәкiлеттi орган әртүрлi салықтық нысандар белгiлеген салық төлеушiлердiң санаттарына жатса, онда мұндай салық төлеушi өзi жатқызылған салық төлеушiлердiң әрбiр санаты үшiн көзделген салықтық нысандарды жасауға тиiс.

   65-бап. Корпоративтiк табыс салығы бойынша салық
   есептiлiгiн белгiлеу ерекшелiктерi

  1. Уәкiлеттi орган корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушiлердiң мынадай санаттарының әрқайсысы үшiн:
  1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру
қоғамдары;
  2) коммерциялық емес ұйымдар;
  3) әлеуметтiк саладағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;
  4) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша немесе өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
  5) өздерiне декларацияны жасау және табыс ету жөнiндегi мiндет белгiленген, осы тармақта көрсетiлмеген корпоративтiк табыс салығын басқа да төлеушiлер үшiн жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекiтедi.
  2. Корпоративтiк табыс салығы бойынша декларация салық төлеушiлердiң жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген табыстардың корпоративтiк табыс салығын, шегерiмге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетiлiмдерiн, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңi үшiн есептелген салық сомасын және салық кезеңi үшiн есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.
  Корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық қызметi органдары пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған.
  Корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
  1) құн өсiмiнен түсетiн табыстар (залалдар) жөнiндегi;
  2) күмәндi мiндеттемелер, күмәндi талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, мiндеттемелердi және талаптарды есептен шығару, оның iшiнде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөнiндегi;
  3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Сыйақылар бойынша шығыстар жөнiндегi осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгiленуi мүмкiн;
  4) өткiзiлген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер бойынша шығыстар жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын тұлғалар үшiн өнiм берушiлер бойынша белгiленуi мүмкiн;
  5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Осы қосымшаның нысаны келiсiмшарт жасаушы агенттер бойынша белгiленуi мүмкiн;
  6) резидент еместiң басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстары
жөнiндегi;
  7) инвестициялық салық преференциялары жөнiндегi;
  8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Осы қосымшаның нысаны өтеусiз берiлген мүлiктi, демеушiлiк көмектi алушылар бойынша белгiленуi мүмкiн;
  9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тiркелген активтер бойынша басқа да шегерiмдер жөнiндегi;
  10) шетелдiк көздерден алынатын табыстар жөнiндегi, жеңiлдiктi салық салынатын елдерде тiркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бiр бөлiгiнiң сомалары жөнiндегi, сондай-ақ төленген шетелдiк салық және есепке жатқызылу сомасы жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгiленуi мүмкiн;
  11) алынған стандартты салық жеңiлдiктерi бойынша салық мiндеттемесiн есептеу жөнiндегi;
  12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөнiндегi ақпаратты;
  13) корпоративтiк табыс салығы бойынша декларациямен табыстар
мен шығыстар туралы есептi салыстыруды;
  14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Осы қосымшаның нысаны келiсiмшарт жасаушы агенттер бойынша белгiленуi мүмкiн;
  15) мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер, салық мiндеттемесi туралы;
  16) резиденттiң Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелерi шегерiмге жатқызатын, резиденттiң басқарушылық және жалпы әкiмшiлiк шығыстары жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн.
  3. Корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ақпаратқа қосымша мынадай:
  1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшiн - құрылған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан алынатын табыстар және провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар жөнiндегi;
  2) коммерциялық емес ұйымдар үшiн:
  өтеусiз алынған (берiлген) мүлiк бойынша табыстар мен шығыстар жөнiндегi, кiру жарналары жөнiндегi, мүшелiк жарналар жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Осы қосымшаның нысаны өтеусiз мүлiктi берген және алған тұлғалар бойынша, кiру жарналарын, мүшелiк жарналарды енгiзген және алған тұлғалар бойынша белгiленуi мүмкiн;
  коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөнiндегi;
  iс-шараларды ұйымдастыруға және өткiзуге жұмсалатын шығыстар жөнiндегi;
  3) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар немесе өнiмдi бөлу туралы келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн:
  Кен орындарын әзiрлеу салдарын жою қорына аударымдар жөнiндегi;
  таза табысты бөлу және әрбiр құрылтайшының, қатысушының үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс жөнiндегi;
  салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер жөнiндегi, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiмшарт бойынша корпоративтiк табыс салығын жеке есептеу жөнiндегi;
  салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, осы Кодекстiң 308-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшелiктерi жөнiндегi;
  табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және өндiруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн;
  4) банктер және лицензияның негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар үшiн, сондай-ақ мұндай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшiн:
  тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер түрлерi бойынша тауарлар өткiзуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетiн табыстар жөнiндегi;
  құрылған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстар және провизияларды (резервтердi) құру бойынша шығыстар жөнiндегi (осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес шегерiмге құқығы бар тұлғалар үшiн);
  жеке тұлғалардың депозиттерiне кепiлдiк беру бойынша жарналар жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн.
  4. Уәкiлеттi орган корпоративтiк табыс салығының сомасы есеп-қисабының мынадай нысандарын:
  1) декларация тапсырылғанға дейiнгi кезеңде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
  2) декларация тапсырылғаннан кейiнгi кезеңде төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
  3) резиденттiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты;
  4) резидент еместiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапты бекiтедi.
  5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген есеп-қисаптар ағымдағы салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомасын есептеуге арналған және оны осы Кодексте корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомасын есептеу және төлеу бойынша мiндеттеме белгiленген салық төлеушiлер табыс етедi.
  6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген есеп-қисаптарды салық агенттерi салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланылатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты көрсету үшiн табыс етедi.
  Резиденттiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
  1) төленетiн табыс сомасы;
  2) төленген табыс сомасы;
  3) корпоративтiк табыс салығының ставкасы;
  4) төлем көзiнен ұсталатын салық сомасы;
  5) iс жүзiнде төленген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы
мүмкiн.
  Резидент еместiң табысынан төлем көзiнен ұсталатын корпоративтiк табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
  1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
  2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
  3) салық ставкасы туралы;
  4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
  5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
  6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкiн.

   66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептiлiгiн
   белгiлеу ерекшелiктерi

  1. Қосылған құн салығы жөнiндегi декларация қосылған құн салығын төлеушiлердiң қосылған құн салығының сомасын есептеуiне және:
  1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
  2) салық салынатын импорт сомасы;
  3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар сатып алу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету сомасы;
  4) есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасы;
  5) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдiсi және оны қолданудың нәтижелерi;
  6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуi, оның iшiнде салық кезеңiнiң аяғында асып кетуi;
  7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты
көрсетуiне арналған.
  Қосылған құн салығы жөнiндегi декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуiн қайтару жөнiндегi талапты қамтуы мүмкiн.
  Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуiн қайтару жөнiндегi талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезектi және (немесе) тарату декларацияларында көрсетiлуi мүмкiн.
  2. Қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияға қосымша салық қызметi органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған.
  Қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
  1) нөлдiк ставка бойынша салық салынатын өткiзу бойынша
айналымдар;
  2) қосылған құн салығынан босатылатын өткiзу бойынша айналымдар;
  3) резидент еместен сатып алынған жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер және осындай резидент емес үшiн төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы;
  4) салық салынатын айналым мөлшерiн және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөнiндегi;
  5) мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi орган сатып алушылар бойынша жазып берген мемлекеттiк материалдық резервтен тауарлар шығаруға арналған құжаттар жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн.

   67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша
   салық есептiлiгiн белгiлеу ерекшелiктерi

  1. Уәкiлеттi орган жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын бекiтедi:
  1) салық агенттерi болып табылатын салық төлеушiлердiң мынадай санаттары:
  оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
  шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн, оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер;
  жекеше нотариустар;
  адвокаттар үшiн Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бiрге жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларация;
  2) салық агенттерi болып табылатын салық төлеушiлердiң мынадай
санаттары:
  оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
  Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар;
  шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн, оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер үшiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша осы декларацияға қосымшалармен бiрге жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларация;
  3) салық төлеушiлердiң әрбiр санаты:
  шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн, патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, Қазақстан Республикасының резидент емес жеке тұлғалары;
  осы Кодекстiң 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;
  төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлердi қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушiлер, Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлердегi шетелдiк банктердегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшiн осы декларацияға жеке қосымшалармен бiрге жеке табыс салығы бойынша декларация.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттерi үшiн жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация мынадай:
  1) жеке тұлғалардың өздерiнен жеке табыс салығы, мiндеттi зейнетақы жарналары есептелетiн және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтiк салық, әлеуметтiк аударымдар есептелетiн табыстары;
  2) есепке жазылған әлеуметтiк жәрдемақылардың Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына аударымдардың есепке жазылған сомасынан асып кету сомасы;
  3) мемлекеттiк мекемелер еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша
төлеген әлеуметтiк жәрдемақылардың сомасы;
  4) есептелген салық мiндеттемелерiнiң, мiндеттi зейнетақы
жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың сомасы туралы ақпаратты
көрсетуге арналған.
  Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияға қосымшалар салық қызметiнiң органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған.
  Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияға қосымшалардың нысандары құрылымдық бөлiмшелер бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың есептелген сомалары туралы, қызметкерлердiң әлеуметтiк салық салынатын және салынбайтын табыстарының тiзбесi жөнiндегi, салық төлеушiлердiң жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтiк салықты есептеуi туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
  Осы тармақтың ережелерi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi үшiн табыс етiлетiн, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттерi үшiн жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға да қолданылады.
  3. Шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттерi үшiн жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларация мынадай:
  1) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерiнен жеке табыс салығы, мiндеттi зейнетақы жарналары есептелетiн және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтiк салық, әлеуметтiк аударымдар есептелетiн табыстарының есепке жазылған және төленуге жататын сомасы;
  2) салық агентi шегерiмге жатқызған, резидент еместердiң есепке жазылған, бiрақ төленбеген, жеке табыс салығы есептелетiн табыстарының сомасы;
  3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарының, әлеуметтiк аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
  Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияға қосымшалар салық қызметiнiң органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған.
  Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияға қосымшалар нысандары табыс алушылар бойынша мынадай:
  1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
  2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
  3) салық ставкасы туралы;
  4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
  5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
  6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы туралы;
  7) салық шегерiмдерi туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
  Осы тармақтың ережелерi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi үшiн табыс етiлетiн, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттерi үшiн жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға да қолданылады.
  4. Дара кәсiпкерлердiң жеке табыс салығы жөнiндегi декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн, патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер табыс етедi.
  Осы декларация салық төлеушiлердiң:
  жылдық жиынтық табысқа енгiзiлген табыстарды;
  шегерiмге жатқызылған шығыстарды;
  табыстар мен шегерiмдердi түзетулердi;
  салық салынатын табысты (залалды);
  салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;
  шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.
  Жеке табыс салығы жөнiндегi декларацияға қосымшалар салық қызметiнiң органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған.
  Жеке табыс салығы жөнiндегi декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
  1) осы Кодекстiң 65-бабы 2-тармағының 1)-6), 8)-10), 12)-15) тармақшаларында көрсетiлген;
  2) осы Кодекстiң 166-бабының 1-тармағында белгiленген салық шегерiмдерi туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
  5. Жеке табыс салығы мен мүлiк жөнiндегi декларацияны осы Кодекстiң 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етедi.
  Осы декларация салық төлеушiлердiң алған табыстарын, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзiнен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.
  Жеке табыс салығы мен мүлiк жөнiндегi декларацияға қосымшалар салық қызметi органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншiк құқығында мүлiктiң бар екендiгi туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған.
  Жеке табыс салығы мен мүлiк жөнiндегi декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
  1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар туралы;
  2) мүлiктiк және өзге де табыстар туралы;
  3) меншiк құқығындағы мүлiк туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
  6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшiн жеке табыс салығы жөнiндегi декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның iшiнде төлем көзiнен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсiпкерлердi қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi шетелдiк банктердегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етедi.
  Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерiмдерiн, жеке табыс салығының сомаларын есептеудi декларациялауға арналған.
  Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлерi мен сомасы туралы, салық қызметi органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық мiндеттемесiн есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлi көрсетуге арналған.
  Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
  1) мүлiктiк және өзге табыстар жөнiндегi;
  2) жекеше нотариустың, адвокаттың табысы жөнiндегi;
  3) шет мемлекеттердегi көздерден алынған табыстар, оның iшiнде жеңiлдiктi салық салынатын елде алынған табыстар жөнiндегi, сондай-ақ төленген шетелдiк салық сомасы және шетелдiк салықты есепке жатқызу сомасы жөнiндегi ақпаратты қамтуы мүмкiн. Осы қосымша өздерiнен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгiленуi мүмкiн;
  4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөнiндегi;
  5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi шетелдiк банктердегi шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөнiндегi және осындай шоттарда ақшаның бар екендiгi туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38