154-бап. Қазақстан Республикасының резидентi болып
табылатын шетелдiктiң және азаматтығы жоқ
адамның табыстарына салық салу ерекшелiктерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның (бұдан әрi – резидент шетелдiк тұлға) табыстарынан төлем көзiнен табыс салығын есептеудi, ұстауды және аударуды салық агентi осы Кодекстiң 158 және 166-баптарында көзделген салықтық шегерiмдердi ескере отырып және ставкалар бойынша осы Кодекстiң 25-тарауында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
2. Резидент шетелдiк тұлға Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алатын табыстарға осы Кодекстiң 178-бабында және 27-тарауында белгiленген тәртiппен салық салуға жатады.
155-бап. Салық салу объектiлерi
1. Жеке тұлғаның:
1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар;
2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түрiндегi табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.
2. Салық салу объектiлерi осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер ескерiле отырып, салық салуға жататын табыстар мен осы бөлiмде көзделген тәртiппен және мөлшердегi жағдайларда салық шегерiмдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
3. Жеке тұлғаның табысы ретiнде қарастырылмайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемақылар;
2) жеке тұлғаның өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
3) қызметкерлердiң жұмысы жол бойында өтетiн, жол жүру сипатына ие, қызмет көрсетiлетiн учаскелер шегiндегi қызметтiк сапарлармен байланысты болатын жағдайларда – оларға осындай жұмыстың әрбiр күнiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 0,35 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi өтемақы төлемдерi;
4) егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қызметтiк iссапарлар кезiндегi:
осы Кодекстiң 101-бабының 1), 2) және 4) тармақшаларында белгiленген;
Қазақстан Республикасының шегiнде қырық тәулiкке дейiн iссапарда болған кезең үшiн - тәулiгiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерiнен аспайтын тәулiктiк өтемақылар;
Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде қырық тәулiкке дейiн iссапарда болған кезең үшiн - тәулiгiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерiнен аспайтын тәулiктiк өтемақылар;
5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде жүргiзетiн қызметтiк iссапарлар кезiндегi өтемақылар;
6) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сметасы есебiнен қамтылатын мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мөлшерлерде және тәртiппен жүргiзетiн қызметтiк iссапарлар кезiндегi өтемақылар;
7) қызметкер жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан (не көшкен) кездегi жол жүру, мүлкiн көшiру, күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге үй-жай жалдау бойынша құжатпен расталған шығыстар өтемақысы;
8) жұмыс берушiнiң табыс алуға бағытталған қызметтi жүзеге асырумен байланысты емес және нақты жеке тұлғаларға бөлiнбейтiн шегерiмдерге жатқызылмайтын шығыстары;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде далалық жағдайда геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлердiң далалық үлесi;
10) жұмыс берушiнiң вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдардың өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн осы тармақтың 4) тармақшасында белгiленген тәулiктiк өтемақы шегiнде тұрғын үй жалдау бойынша және тамақтануға арналған шығыстары;
11) қызметкерлердi Қазақстан Республикасында тұратын (болатын) жерiнен жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құны соған тең басқа да емдеу-профилактикалық тамақтануға арналған тамақ өнiмдерiнiң құны;
13) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жұмыс берушiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi;
14) материалдық нұқсанды өтеудiң сот шешiмi бойынша тағайындалған сомасы;
15) төлем көзiнен осындай салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болған кезде бұрын төлем көзiнен жеке табыс салығы салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары;
16) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитеттi) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетiнiң шарттары бойынша құнын өтеп сатып алу сомалары;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы ұстамағаны (есебiне жазбағаны) және (немесе) аудармағаны үшiн есебiне жазылған өсiмпұл сомалары;
18) гуманитарлық көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
19) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр жыл және одан да ұзақ уақыт меншiк құқығында болатын механикалық көлiк құралы мен тiркемелердi өткiзу кезiндегi құн өсiмi;
20) меншiк құқығын тiркеу кезiнен бастап бiр жыл және одан да ұзақ уақыт меншiк құқығында болатын тұрғын жайларды, саяжай құрылыстарын, гараждарды өткiзу кезiндегi құн өсiмi;
21) бiр жыл және одан да ұзақ уақыт меншiк құқығында болатын, осы Кодекстiң 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналасқан, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзу, саяжай құрылысы және гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi;
22) егер жер учаскесiн және (немесе) жер үлесiн сатып алуға және иелiктен айыруға арналған құқық белгiлейтiн құжаттарды жасау күндерi арасындағы кезең бiр жылды немесе одан да ұзақ уақытты құраса, осы Кодекстiң 180-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген объектiлер орналаспаған, жеке тұрғын үй құрылысы, жеке қосалқы шаруашылықты жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы, саяжай құрылысы, гараж салу үшiн берiлген жер учаскелерiн және (немесе) жер үлестерiн өткiзу кезiндегi құн өсiмi;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк мұқтаждар үшiн құнын өтеп сатып алынған мүлiк құнының өсiмi;
24) жалға берушi жеке тұлғаның жалға берiлген мүлiктi күтiп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстарын өтеу немесе жалға алушының жеке тұлғадан жалға алған мүлiктi күтiп ұстауға және жөндеуге жұмсаған шығыстары;
25) опционды орындау кезiнде опционның базалық активiнiң нарықтық құнының опционды атқару бағасынан асып түсуi. Опционды жеке тұлғаға беруге негiз болған тиiстi құжатта опционның базалық активi бекiтiлген баға опционды орындау бағасы болып табылады;
26) жеке тұлғаға өтеусiз негiзде жарнама түрiнде берiлген мүлiктiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерi шегiнде құны.
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
1. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың мынадай түрлерi алып тасталады:
1) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер;
2) жеке тұлғалардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар;
4) мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар, агенттiк облигациялар бойынша сыйақылар және мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар мен агенттiк облигацияларды өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түскен табыстар;
5) дивидендтер мен сыйақыларды есебiне жазу күнiне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмiнде болатын осындай бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен сыйақылар;
6) пайлық инвестициялық қорларды осы қордың басқарушы компаниясы құнын өтеп сатып алған кездегi пай бойынша табыстар;
7) бiр мезгiлде мынадай талаптар орындалған кезде:
акцияларды немесе қатысу үлестерiн үш жылдан астам иеленсе;
заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлiк) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан көп процентi дивидендтердi төлеу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құраса, резидент заңды тұлғадан алынған дивидендтер;
8) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге берiлетiн, iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесi және мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары мен мекемелерiнiң белгiленген тәртiппен арнаулы атақ берiлген қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алатын төлемдердiң барлық түрi;
9) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 50 процентi шегiндегi лотерея бойынша ұтыстар;
10) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiптiк оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын төлемдер;
11) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбегiне ақы төлеу түрiндегi төлемдерден басқа);
12) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетiн төлемдер;
13) Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейiн кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң бiр жылдағы 45 еселенген мөлшерi шегiндегi табыстары;
14) III топтағы мүгедектердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң бiр жылдағы 27 еселенген мөлшерi шегiндегi табыстары;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғадағы немесе консорциумдағы акцияларды және қатысу үлестерiн өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түсетiн табыстар.
Егер көрсетiлген заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық (акционерлiк) капиталы құнының немесе акцияларының (қатысу үлестерiнiң) 50 және одан да көп процентi осындай өткiзу күнiне жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылмайтын тұлғалардың (тұлғаның) мүлкiн құраса, осы тармақша қолданылады;
16) өткiзу күнi Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн қор биржасының ресми тiзiмдерiнде болатын бағалы қағаздарды осы қор биржасында ашық сауда-саттық әдiсiмен өткiзу кезiндегi құн өсiмiнен түсетiн табыстар;
17) бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбегiне ақы төлеу түрiндегi төлемдерден басқа);
18) күнтiзбелiк жыл iшiнде әрбiр төлем түрi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 8 еселенген мөлшерi шегiнде медициналық қызмет көрсетулерге (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақы төлеу үшiн, бала туылған кездегi, жерлеуге арналған төлемдер.
Көрсетiлген табыстар медициналық қызмет көрсетулердi (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) алуды және оларды төлеуге жұмсалған нақты шығыстарды растайтын құжаттар, баланың туу туралы куәлiгi, қайтыс болғаны туралы анықтама және қайтыс болғаны туралы куәлiк болғанда салық салудан босатылады;
19) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары;
20) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiндегi, сол елдегi табысы салық салуға жататын шетелдiктердiң ресми табыстары;
21) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызмет iстейтiн жеке тұлғалардың бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары;
22) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақысы);
24) осы Кодекстiң 155-бабы 3-тармағының 4)-6) тармақшаларында көзделген қызметтiк iссапарлар кезiндегi өтемақыларды қоспағанда, жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмсаған шығыстары. Осы тармақшаның мақсаты үшiн жұмыс берушiнiң өндiрiстiк қызметiмен байланысты қызметкерлердi мамандық бойынша оқытуға, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға жұмсалатын шығыстарға:
оқытуға ақы төлеуге жұмсалған нақты шығыстар;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде тұруға жұмсалған нақты шығыстар;
оқуға түскен кезде оқу орнына және оқу аяқталғаннан кейiн қайтуға жұмсалған нақты шығыстар жатады;
жұмыс берушi:
қызметкердiң Қазақстан Республикасының шегiнде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - тәулiгiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 6 еселенген мөлшерi;
қызметкердiң Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқудан, бiлiктiлiгiн арттырудан немесе қайта даярлаудан өткен мерзiм iшiнде - тәулiгiне тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 8 еселенген мөлшерi шегiнде қызметкерге төлеуге арналған ақша сомасы жатады;
25) осы Кодекстiң 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жұмсалған, оқытуға бағытталған шығыстар;
26) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;
27) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңнамасында мемлекеттiк стипендиялар үшiн белгiленген мөлшерде төленетiн стипендиялар;
28) жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүлiктiң құны. Осы тармақшаның ережелерi дара кәсiпкердiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында алған мүлкiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтiн зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;
29) қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны;
30) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерьлерiне жолдамалардың құны;
31) осы Кодекстiң 175-бабында көзделген табыстарды қоспағанда, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн сақтандыру төлемдерi;
32) жұмыс берушi өз қызметкерлерiне мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтiн сақтандыру сыйлықақылары;
33) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi;
34) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары;
35) қызметкер өз жұмыс берушiсiнен алған қарыз (кредиттiк) қаражатты пайдаланғаны үшiн сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда;
36) сенiмгерлiкпен басқарушы болып табылатын резидент жеке тұлғадан алынған, сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенiмгерлiкпен басқарудан түсетiн таза табысы;
37) банк пен клиент арасында жасалған шартта белгiленген процентсiз кезең iшiнде төлем карточкасын ұстаушыға банктiк қарыз берiлген кезде алынған, сыйақыны үнемдеуден түсетiн материалдық пайда;
38) эмитент банк төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдерiн жүзеге асырған кезде эмитент банктiң қаражаты есебiнен төлем карточкасын ұстаушының есебiне жатқызылатын сома;
39) осы Кодекстiң 224-бабының 1-тармағында көрсетiлген резидент емес заңды тұлғадан алынған, пайдадан немесе оның бiр бөлiгiнен бөлiнген, осы Кодекстiң 224-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке табыс салығы салынған дивидендтер.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген I, II және III топтардағы мүгедектердi салық салудан босату мүгедектiк белгiленген айдан басталған кезең iшiнде алынған табыстар бойынша берiледi.
157-бап. Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшерi
Дара кәсiпкерлердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың жеке табыс салығы салынбайтын мөлшерiн жеке тұлға үшiн күнтiзбелiк жылда тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 12 еселенген мөлшерi құрайды.
158-бап. Салық ставкалары
1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
2. Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегi көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
159-бап. Салық кезеңi
1. Салық агенттерiнiң төлем көзiнен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығын есептеуi үшiн күнтiзбелiк ай салық кезеңi болып табылады.
2. Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығын есептеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 148-бабына сәйкес айқындалады.
19-тарау. ТӨЛЕМ КӨЗIНЕН САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТАР
160-бап. Төлем көзiнен салық салынатын табыстар
Төлем көзiнен салық салынатын табыстарға олардың мынадай түрлерi жатады:
1) қызметкердiң табысы;
2) жеке тұлғаның салық агентiнен түсетiн табыстары;
3) жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;
4) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
5) стипендиялар;
6) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
161-бап. Салықты есептеу, ұстау және төлеу
1. Жеке табыс салығын есептеудi салық агентi төлем көзiнен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебiне жазу кезiнде жүргiзедi.
2. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды салық агентi төлем көзiнен салық салынатын табысты төлеу күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
3. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, салық агентi төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды төлем айынан кейiнгi айдың 25-iне дейiн өзi орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
Салық агентiнiң құрылымдық бөлiмшелерi бойынша салық төлеу тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлiмшелер орналасқан жер бойынша жүргiзiледi.
4. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстардан салықты есептеудi және ұстауды осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi жүргiзедi.
5. Оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi және шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерiнiң жеке табыс салығын төлеу мерзiмдерi осы Кодекстiң 438 және 446-баптарында белгiленген.
162-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша
декларация
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi жеке тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларацияны және шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардан жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларацияны салық агентi есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-iнен кешiктiрмей, салық төленетiн жердегi салық органдарына табыс етедi.
2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн және оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимдерiн қолданатын салық агенттерi осы режимдер қолданылатын қызмет бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық бойынша декларация табыс етпейдi.
§ 1. Қызметкердiң табысы
163-бап. Қызметкердiң табысы
1. Қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысы осы Кодекстiң 156-бабында көзделген түзетулер ескерiле отырып, жұмыс берушi қызметкердiң есебiне жазған, салық салуға жататын табыстары мен осы Кодекстiң 166-бабында көзделген салық шегерiмдерiнiң сомасы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
2. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қызметкер жұмыс берушiден ақшалай немесе заттай нысанда алған кез келген табыстар, оның iшiнде материалдық пайда түрiнде алынған табыстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушi және үшiншi тұлғалар арасында жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкер алған, осы Кодекстiң 164, 165-баптарында көрсетiлген табыстар қызметкердiң салық салуға жататын табыстары болып табылады.
3. Мыналар қызметкердiң салық салуға жататын табыстары болып табылмайды:
1) жинақтаушы зейнетақы қорларынан алынатын зейнетақы төлемдерi;
2) дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;
3) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;
4) осы Кодекстiң 177-бабында айқындалған, төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар;
5) қызметкерлерге олардан сатып алынған жеке мүлкi үшiн төлемдер;
6) жұмыс берушiден алынған кредиттердi (қарыздарды, микрокредиттердi) пайдаланғаны үшiн проценттердi үнемдеуден түсетiн материалдық пайда.
164-бап. Қызметкердiң заттай нысандағы табысы
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


