Үстеме пайда салығы үшiн осы Кодекстiң 148-бабында айқындалған салық кезеңi қолданылады.
353-бап. Салықты төлеу мерзiмi
Үстеме пайда салығы салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 15-шi сәуiрiнен кешiктiрiлмей төленедi.
354-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы үстеме пайда салығы жөнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 10-шы сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi.
12-БӨЛIМ. ӘЛЕУМЕТТIК САЛЫҚ
47-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
355-бап. Төлеушiлер
1. Мыналар:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.
2. Резидент заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi әлеуметтiк салық төлеушiлер ретiнде қарастырылуы мүмкiн.
356-бап. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын төлеушiлердiң
әлеуметтiк салық бойынша салық есептiлiгiн
есептеу, төлеу және табыс ету ерекшелiктерi
Әлеуметтiк салық бойынша салық есептiлiгiн есептеудi, төлеудi және табыс етудi:
1) ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн – осы Кодекстiң 451-бабында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып;
2) оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн – осы Кодекстiң баптарына сәйкес;
3) патент негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн – осы Кодекстiң баптарына сәйкес;
4) шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн – осы Кодекстiң баптарына сәйкес арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушiлер жүргiзедi.
357-бап. Салық салу объектiсi
1. Жұмыс берушiнiң осы Кодекстiң 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыс түрiнде резидент қызметкерлерге, осы Кодекстiң 192-бабының 18)-21) тармақшаларында айқындалған табыс түрiнде резидент емес қызметкерлерге төлейтiн шығыстары, сондай-ақ осы баптың 3-тармағында аталған табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 191-бабының 10-тармағында аталған шетелдiк персоналдың табыстары осы Кодекстiң 355-бабы 1-тармағының 3), 4) тармақшаларында және 2-тармағында аталған төлеушiлер үшiн салық салу объектiсi болып табылады.
2. Егер қызметкерге күнтiзбелiк ай үшiн есептелген табысының жалпы сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жалақының ең төменгi мөлшерiнен төмен болса, әлеуметтiк салық салу объектiсi жалақының ең төменгi мөлшерi негiзiнде айқындалады.
3. Осы Кодекстiң 156-бабы 1-тармағының 8), 10), 12), 17), 18), 24), 26), 27), 29)-32), 34) тармақшаларында белгiленген табыстар, сондай-ақ:
1) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiлерi арқылы берiлетiн гранттар қаражаты есебiнен жасалатын төлемдер;
2) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Yкiметi тағайындайтын мемлекеттiк сыйлықақылар, стипендиялар;
3) спорт жарыстарында, байқауларда, конкурстарда жүлделi орындар үшiн берiлетiн ақшалай наградалар;
4) ұйым таратылған немесе жұмыс берушiнiң қызметi тоқтатылған, қызметкерлердiң штат саны қысқартылған немесе қызметкер әскери қызметке шақырылған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерлерде төленетiн өтемдер;
5) жұмыс берушiнiң қызметкерлерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшiн төлейтiн өтемдерi;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларына қызметкерлердiң мiндеттi зейнетақы жарналары салық салу объектiсi болып табылмайды.
4. Осы Кодекстiң 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушiлер үшiн, төлеушiлердiң өздерiн қоса алғанда, қызметкерлер саны әлеуметтiк салық салу объектiсi болып табылады.
5. Егер төлемдер грант алушымен не грант мақсаттарын (мiндеттерiн) жүзеге асыру үшiн грант алушы тағайындаған орындаушымен жасалған шартқа (келiсiмшартқа) сәйкес жүргiзiлсе, осы бапты 3-тармағы 1) тармақшасының ережелерi қолданылады.
358-бап. Салық ставкалары
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салық 11 проценттiк ставка бойынша есептеледi.
2. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өзi үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң екi еселенген мөлшерiнде және әрбiр қызметкер үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бiр еселенген мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
Осы тараудың ережесi салық төлеушiлер осы Кодекстiң 73-бабына сәйкес салық есептiлiгiн табыс етудi уақытша тоқтата тұру кезеңiнде оларға қолданылмайды.
3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 135-бабы 3-тармағының шарттарына сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.
4. Шаруа және фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 445-бабында белгiленген.
5. Патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолданатын төлеушiлер үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 61-тарауында белгiленген.
48-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТIБI
359-бап. Әлеуметтiк салықты есептеу тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 355-бабы 1-тармағының 3, 4) тармақшаларында аталған төлеушiлер салық кезеңiнде әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 358-бабының 1 және 3-тармақтарында белгiленген ставкаларды осы Кодекстiң 357-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалған салық салу объектiсiне қолдану арқылы жүргiзедi.
2. Арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар әлеуметтiк салықты есептеудi осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген ставкаларды осы Кодекстiң 357-бабының 4-тармағында айқындалған әлеуметтiк салық салу объектiсiне қолдану арқылы жүргiзедi.
3. Әлеуметтiк салықтың сомасы "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуға жатады.
360-бап. Әлеуметтiк салықты төлеу
1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, әлеуметтiк салықты төлеу салық төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар әлеуметтiк салық төлеушiлер әлеуметтiк салық төлеудi осы Кодекстiң 362-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
361-бап. Мемлекеттiк мекемелердiң әлеуметтiк салықты
есептеу ерекшелiктерi
1. Мемлекеттiк мекемелердiң есептi айға есептеген әлеуметтiк салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi бойынша төленген әлеуметтiк жәрдемақы сомасына азайтылады.
2. Есептi айда осы баптың 1-тармағында аталған әлеуметтiк жәрдемақының төленген сомасы есептелген әлеуметтiк салық сомасынан асып түскен жағдайда, асып түскен сома келесi айға ауыстырылады.
362-бап. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша салықты есептеу
және төлеу тәртiбi
1. Құрылымдық бөлiмшелер бойынша төленуге жататын әлеуметтiк салықтың сомасы осы құрылымдық бөлiмше қызметкерлерiнiң табыстары бойынша есептелген әлеуметтiк салықтың негiзiнде есептеледi.
2. Төлеушiлер құрылымдық бөлiмшелер үшiн тиiстi бюджеттерге әлеуметтiк салық төлеудi құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерi бойынша жүзеге асырады.
49-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢI ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
363-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк ай әлеуметтiк салықты есептеу үшiн салық кезеңi болып табылады.
364-бап. Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша
декларация
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, төлеушiлер жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органдарына есептi тоқсаннан кейiнгi екiншi айдың 15-нен кешiктiрмей тоқсан сайын табыс етедi.
Жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияға қосымша жыл қорытындысы бойынша жасалады және есептi жылдың төртiншi тоқсанының декларациясымен бiрге табыс етiледi.
2. Құрылымдық бөлiмшелерi бар төлеушiлер құрылымдық бөлiмше бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық бойынша декларацияны құрылымдық бөлiмшенiң орналасқан жерi бойынша салық органына табыс етедi.
13-БӨЛIМ. КӨЛIК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ
50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
365-бап. Салық төлеушiлер
1. Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралы салығын төлеушiлер болып табылады.
2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады.
3. Мыналар:
1) жалпы меншiк құқығында, меншiк құқығында өзiнiң мүшелерiне тиесiлi және өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру, сақтау және қайта өңдеу процесiнде тiкелей пайдаланылатын мынадай көлiк құралдары бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер:
двигателiнiң көлемi 2500 текше см. дейiнгiнi қоса алғанда, бiр жеңiл автомобиль;
двигателiнiң жиынтық қуаты 1000 га егiстiкке 1000 кВт мөлшерiндегi жүк автомобильдерi;
2) өзiнiң ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер:
сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;
ветеринария қызметiнiң автомобильдерi,
автозообиологиялық зертханалар,
автожемтасығыштар;
автотиеуiштер,
дән сепкiштерге автоқұйғыштар;
тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар;
ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер;
тең штабельдерiн автотасымалдауыштар;
автоулыжемшашқыш;
пәлекжинағыш машиналар;
а/ш АН-2 әуе кемесi;
өздiгiнен жүретiн дестелегiштер;
астық жинағыш комбайндар;
доңғалақты тракторлар, өздiгiнен жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;
мал азығын жинағыш комбайндар;
ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар;
өздiгiнен жүретiн шөп шапқыштар;
маялағыштар;
жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiн жинауға арналған);
3) мемлекеттiк мекемелер;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейiнгi аралықта кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
6) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
366-бап. Салық салу объектiлерi
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.
51-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТIБI
ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗIМДЕРI
367-бап. Салық ставкалары
1. Салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай ставкалар бойынша жүргiзiледi:
Рет | Салық салу объектiсi | Салық ставкасы (айлық есептiк көрсеткiш) |
1 | 2 | 3 |
1. | Двигателiнiң көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): | |
1100-ге дейiн қоса алғанда | 1 | |
1100-ден жоғары 1500-дi қоса алғанда | 2 | |
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда | 3 | |
2000-нан жоғары 2500-дi қоса алғанда | 5 | |
2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда | 8 | |
3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда | 15 | |
4000-нан жоғары | 117 | |
2. | Жүк көтергiштiгi мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): | |
1 тоннаға дейiн қоса алғанда | 3 | |
1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда | 5 | |
1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда | 7 | |
5 тоннадан жоғары | 9 | |
3. | Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер | 3 |
4. | Автобустар: | |
отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда | 9 | |
отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса | 14 | |
отыратын 25 орыннан жоғары | 20 | |
5. | Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателiнiң қуаты 55 кВт-дан аспайтын көлемi шағын кемелер | 1 |
Двигателiнiң қуаты 55 кВт-дан жоғары мотоциклдер | 1 | |
6. | Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателiнiң қуаты мынадай ат күшiне тең): | |
160-қа дейiн қоса алғанда | 6 | |
160-тан жоғары 500-дi қоса алғанда | 18 | |
500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда | 32 | |
1000-нан жоғары | 55 | |
7. | Ұшу аппараттары | әрбiр киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
2. Жеңiл автомобильдердiң үш айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, бес айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрдi қоса алғандағы, сегiз айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрдi қоса алғандағы және он бес айлық есептiк көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асып түскен әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
3. Пайдаланылу мерзiмiне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 2,0;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 3,0;
жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 0,5;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары – 0,3.
4. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөнiндегi нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


