§ 3. Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен
емдiк балшықтарға пайдалы қазбаларды өндiру салығы
340-бап. Салық салу объектiсi
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде өндiрген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдiк балшықтың нақты көлемi салық салу объектiсi болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы мынадай жағдайларда:
1) жер қабатының қысымын қалпында ұстау және техногендiк суларды сору үшiн жерасты суларын жер қойнауына керi айдағанда;
2) меншiк құқығында, жер пайдалану құқығында және жерге арналған өзге де құқықтарда өзiне тиесiлi жер учаскесiнде жерасты суларын өндiрудi жүзеге асыратын жеке тұлға өндiрiлген жерасты суларын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде пайдаланбаған жағдайда;
3) өзiнiң шаруашылық мұқтаждары үшiн мемлекеттiк мекемелер өндiретiн жерасты сулары бойынша төленбейдi.
341-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңiнде өндiрген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшық көлемiнiң құны пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңiнде өндiрген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдiк балшықтың құны салық кезеңiнде айқындалатын оларды өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.
Өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Б ор. = (V1 ө.т. х Б1ө. + V2 ө.т. х Б2 ө. … + Vn ө.т. х Бn ө.) / V жалпы өткiзу, мұнда:
V1 ө.т., V2ө.т., …. Vn ө.т. – салық кезеңiнде өткiзiлген кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықтың әрбiр топтамасының көлемдерi,
Б1 ө., Б2 ө. … + Бn ө. – салық кезеңiнде әрбiр топтама бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықты өткiзудiң нақты бағалары,
n – салық кезеңiнде өткiзiлген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшық топтамасының саны,
V жалпы өткiзу - салық кезеңiнде кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықты өткiзудiң жалпы көлемi.
Жер қойнауын пайдаланушы өткiзудiң орташа өлшемдi бағасын салық кезеңiнде өндiрiлген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдiк балшықтың барлық көлемiне, оның iшiнде, кейiннен қайта өңдеу үшiн бiр заңды тұлға шеңберiндегi құрылымдық бөлiмшеге өндiрудiң өндiрiстiк өзiндiк құны бойынша берiлген және (немесе) тауарлы өнiм өндiру үшiн бастапқы шикiзат ретiнде пайдалануды қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдаланған көлемдерiне қолданылады.
3. Есептi салық кезеңiнде кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшық өткiзiлмеген жағдайда, олардың құны өткiзу орын алған соңғы салық кезеңiндегi өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт қолданылған кездiң басынан бастап кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықты сату мүлдем болмаған жағдайда, олардың құны халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы қайта өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде айқындалады.
Кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықты кейiннен өткiзген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бiрiншi өткiзу орын алған салық кезеңiндегi өткiзудiң өлшемдi нақты орташа бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомасына түзету енгiзуге мiндеттi.
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомасын түзетудi бiрiншi өткiзу болған салық кезеңiнiң алдындағы он екi айлық кезеңде жүргiзедi. Бұл ретте түзету сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемелерi болып табылады.
342-бап. Пайдалы қазбаларды өндiру салығының ставкалары
Кең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдiк балшыққа пайдалы қазбалар өндiру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставкалар, |
1 | 2 | 3 |
1. | Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземi бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломиттер, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшiн әктас | 2,5 |
2. | Кенге жатпайтын басқа шикiзат, отқа төзiмдi саз, каолин, вермикулит, ас тұзы | 4,7 |
3. | Жергiлiктi құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипстi тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель (құмды әк), мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-дала шпаты жыныстары, шой тас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас | 5,6 |
4. | Жерасты сулары, емдiк балшық | 10,6 |
§ 4. Салық кезеңi, салық декларациясы және төлеу мерзiмi
343-бап. Салық кезеңi
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк тоқсан болып табылады.
344-бап. Төлеу мерзiмдерi
Салық төлеушi салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңiнен кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
345-бап. Салық декларациясы
Жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығы жөнiндегi декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей бередi.
346-бап. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын, шикi мұнай,
газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын,
роялтидi және Қазақстан Республикасының заттай
нысандағы өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу
тәртiбi
1. Осы Кодекстiң 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында, сондай-ақ осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген келiсiмшарттардың салық режимдерiнiң ережелерiнде белгiленген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығын, шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтидi және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу есебiне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге мiндеттi.
2. Осы Кодексте белгiленген пайдалы қазбаларды өндiру салығын және шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеудiң ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық және iшiнара жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Заттай нысанда төленетiн осы Кодексте белгiленген пайдалы қазбаларды өндiру салығының және шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшерi, сондай-ақ роялти мен осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi осы Кодексте, сондай-ақ осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген тәртiппен және мөлшерде ақшалай түрде есептелген осы салықтар мен төлемдердiң сомасына баламалы болуға тиiс.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына беретiн пайдалы қазбалардың көлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен айқындалады.
4. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгiленген пайдалы қазбаларды өндiру салығын және шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн заттай нысанда төленуiн көздейтiн қосымша келiсiмдi жасасу кезiнде:
1) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығы және шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi түрiнде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретiн пайдалы қазбалар көлемдерiн мемлекеттiң атынан алушы;
2) жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндiру салығы, шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы, роялти және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесi түрiнде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретiн пайдалы қазбалар көлемдерiн жеткiзудiң пунктi және шарттары мiндеттi түрде көрсетiледi.
5. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодексте белгiленген пайдалы қазбаларды өндiру салығын және шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, сондай-ақ роялтидi және осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiн төлеу есебiнде заттай нысанда беретiн пайдалы қазбаларды беру мерзiмi осы Кодексте және осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген ақшалай нысанда төленетiн осы салық пен төлемдердi төлеу мерзiмiне сәйкес келуге тиiс.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттiң атынан алушыға пайдалы қазбаларды, мемлекеттiң атынан алушы осындай берудiң неғұрлым кеш мерзiмiн белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған салық пен төлемдердi төлеу мерзiмiнен кешiктiрмей бередi.
6. Мемлекеттiң атынан алушы пайдалы қазбаларды өндiру салығының, шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, роялтидiң және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiнiң тиесiлi сомасын осы Кодексте және осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген осы төлемдердi төлеу мерзiмiнде ақшалай нысанда мемлекеттiк бюджетке аударады.
7. Мемлекеттiң атынан алушы жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбалардың тиiстi көлемiн оған уақтылы әрi толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.
Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретiн осы Кодексте белгiленген пайдалы қазбаларды өндiру салығының және шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидiң және осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда белгiленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiнiң бюджетке толық әрi уақтылы аударылуына жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың тиiстi көлемдерiн нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауап бередi.
8. Жер қойнауын пайдаланушы және мемлекеттiң атынан алушы осы Кодексте белгiленген пайдалы қазбаларды өндiру салығының және шикi мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының, сондай-ақ роялтидiң және осы Кодекстiң 308-бабының 2-тармағында көрсетiлген жер қойнауын пайдалану келiсiмшарттарында белгiленген Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегi үлесiнiң мөлшерлерi және төлеу (беру) мерзiмдерi туралы есептiлiктi орналасқан жерi бойынша салық органына уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген заттай нысандағы мерзiмде және нысандар бойынша табыс етедi.
46-тарау. ҮСТЕМЕ ПАЙДА САЛЫҒЫ
347-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келiсiмдер (келiсiмшарттар), кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты сулары мен емдiк балшықты өндiруге арналған келiсiмшарттар, сондай-ақ барлауға және өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және пайдалануға арналған келiсiмшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратындарды қоспағанда, бұл келiсiмшарттар пайдалы қазбалардың басқа түрлерiн өндiрудi көздемеген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушiлер болып табылады.
348-бап. Салық салу объектiсi
1. Жер қойнауын пайдаланушының осы Кодекстiң 99-бабында көзделген түзетулердi ескере отырып, жылдық жиынтық табысының шегерiмдерге қатынасы 1,25-тен жоғары болған салық кезеңiндегi жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының бiр бөлiгi үстеме пайда салығын салу объектiсi болып табылады.
2. Келiсiмшарттық қызмет бойынша жер қойнауын пайдаланушы жылдық жиынтық табысты осы Кодексте белгiленген тәртiппен жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша айқындайды.
3. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша шегерiмдер:
1) осы Кодекстiң 100-114, баптарына сәйкес есептi салық кезеңiнде келiсiмшарт қызметi бойынша корпорациялық табыс салығын есептеу мақсатында шегерiмдерге жатқызылған шығыстардың
2) мынадай шығыстар мен залалдар шегiнде:
салық кезеңi iшiнде қолданыстағы тiркелген активтер бойынша қалған амортизацияның сомалары және бухгалтерлiк есепте тiркелген активтердiң баланстық құнын ұлғайтуға жатқызылған тiркелген активтердiң кейiнгi шығыстарының сомалары шегiндегi шығыстарды қоса алғанда, тiркелген активтердi сатып алуға және (немесе) құруға жұмсалған нақты шеккен шығыстардың
жер қойнауын пайдаланушылардың осы Кодекстiң 111 және 112-баптарына сәйкес амортизацияларды есептеу жолымен одан әрi шегерiмге жатқызылатын шығыстарының
3) осы Кодекстiң 136 және 137-баптарына сәйкес бұрынғы салық кезеңдерiнде шеккен залалдардың сомасы ретiнде айқындалады.
4. Осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шығыстар мен залалдарды үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн шегерiмдерге жатқызу кез келген мөлшерде (осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген нақты келтiрiлген шығыстар шегiнде) және кез келген салық кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша жүзеге асырылады.
5. Тиiстi салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу кезiнде осы баптың 4-тармағында белгiленген құқықты қолданған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасынан осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшiн бұдан бұрын шегерiмге жатқызылған шығыстар бойынша осындай салық кезеңiнiң корпорациялық табыс салығын есептеу кезiнде шегерiмге жатқызылған амортизациялық аударымдардың сомаларын алып тастауға мiндеттi.
349-бап. Салық базасы
1. Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiнде жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр жеке келiсiмшарт бойынша таза табысының осы Кодекстiң 348-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған шегерiмдер сомасының 25 процентiнен асатын бөлiгi салық базасы болып табылады.
2. Осы тараудың мақсатына орай таза табыс салық салынатын табыс пен корпорациялық табыс салығы арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
3. Осы тараудың мақсатына орай салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен осы Кодекстiң 133-бабына сәйкес жүзеге асырылатын азайтуды ескере отырып, осы Кодекстiң 348-бабының 3-тармағында көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
4. Тұрақты мекеме арқылы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын резидент еместер үшiн таза табыс осы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартқа байланысты тұрақты мекеменiң таза табысына есептелген салықтың сомасына қосымша азайтылады.
350-бап. Есептеу тәртiбi
1. Салық кезеңiнде үстеме пайда салығын есептеу жер қойнауын пайдаланушының таза табысының әрбiр бөлiгiне осы Кодекстiң 349-бабына сәйкес айқындалатын, жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының мәнiне сәйкес келетiн салық базасына осы Кодекстiң 351-бабында белгiленген әрбiр тиiстi ставканы қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерiн қолдану үшiн және жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының нақты алынған мәнi негiзiнде жер қойнауын пайдаланушы:
1) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының әрбiр мәнiне сәйкес келетiн жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасын осы Кодекстiң 348-бабына сәйкес салық кезеңiнде есептелген шегерiмдердiң жалпы сомасы мен жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының сәйкес келетiн мәнiнiң жоғары шегiнiң көбейтiндiсi ретiнде айқындайды;
2) жылдық жиынтық табыстың алынған есеп айырысу мәнi негiзiнде осы Кодекстiң 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының әрбiр мәнiне сәйкес келетiн таза табыстың тиiстi есеп айырысу сомасын айқындайды;
3) салық кезеңiнде алынған нақты таза табысты осы Кодекстiң 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының мәнiне сәйкес келетiн деңгейлер бойынша бөледi.
Таза табыстың есеп айырысу сомасы, жылдық жиынтық табыстың есеп айырысу сомасы, осы Кодекстiң 348-бабына сәйкес салық кезеңi iшiнде есептелген шегерiмдердiң жалпы сомасы мен осы Кодекстiң 349-бабының 4-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, корпорациялық табыс салығы сомасының арасындағы айырма ретiнде айқындалады;
4) осы Кодекстiң 351-бабында көзделген жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының әрбiр мәнiне қатысты таза табыстың әрбiр бөлiгiне үстеме пайда салығының тиiстi ставкасын қолданады.
351-бап. Үстеме пайда салығының ставкалары
Үстеме пайда салығын жер қойнауын пайдаланушылар өзгермелi шкала бойынша мынадай мөлшерде төлейдi:
Рет | Жылдық жиынтық табыстың шегерiмдерге қатынасының мәнi | Салық базасы | Ставка, %-пен | Бюджетке төленуге жататын салық сомасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 1,25-тен кем немесе соған тең | салынбайды | 0 | |
2. | 1,25-тен 1,3-кe дейiн қоса алғанда | 1,25-тен 1,3-кe дейiнгi мәнге сәйкес келетiн таза табыс бөлiгi | 10 | 10% ставка бойынша есептелген салық сомасы |
3. | 1,3-тен 1,4-кe дейiн қоса алғанда | 1,3-тен 1,4-кe дейiнгi мәнге сәйкес келетiн таза табыс бөлiгi | 20 | 10% және 20% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
4. | 1,4-тен 1,5-кe дейiн қоса алғанда | 1,4-тен 1,5-кe дейiнгi мәнге сәйкес келетiн таза табыс бөлiгi | 30 | 10%, 20% және 30% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
5. | 1,5-тен 1,6-ға дейiн қоса алғанда | 1,5-тен 1,6-ға дейiнгi мәнге сәйкес келетiн таза табыс бөлiгi | 40 | 10%, 20%, 30% және 40% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
6. | 1,6-дан 1,7-гe дейiн қоса алғанда | 1,6-дан 1,7-гe дейiнгi мәнге сәйкес келетiн таза табыс бөлiгi | 50 | 10%, 20%, 30%, 40% және 50% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
7. | 1,7-ден жоғары | 1,7 мәнiнен асатын таза табыс бөлiгi | 60 | 10%, 20%, 30%, 40%, 50% және 60% ставкалар бойынша есептелген салық сомасы |
352-бап. Салық кезеңi
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


