Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

   21-бап. Мүдделер қақтығысы

  Салық қызметi органдары лауазымды адамының жақын туысы (ата-анасы, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлер мен апалы-сiңлiлiлер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер), жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты (ерлi-зайыптылардың аға-iнiлерi, апалы-сiңлiлiлер (аға-қарындастар) ата-анасы мен балалары) болып табылатын салық төлеушiге (салық агентiне) қатысты, сондай-ақ қаржылық жағынан тiкелей немесе жанама мүдделiлiгi бар болса, мұндай лауазымды адамға қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыруына тыйым салынады.

   22-бап. Кеден органдарының салықтар алу жөнiндегi
    өкiлеттiгi

  Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар өткiзуге байланысты төленуге жататын салықтарды алуды жүзеге асырады.

   23-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттiгi

  1. Кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi (бұдан әрi - әкiмдер) салық төлеушi - жеке тұлға төлейтiн мүлiк, көлiк құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.
  2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықты жинау қатаң есептiлiк құжаты болып табылатын квитанция негiзiнде жүзеге асырылады. Квитанция нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
  3. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген салықты жинауды ұйымдастыру кезiнде әкiмдер:
  1) салық органдарынан салықтың сомасы туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей көрсетiлген хабарламаны салық төлеушiге - жеке тұлғаға тапсыруды;
  2) салық сомасы қолма-қол ақшамен төленген кезде салық төлеушiге - жеке тұлғаға осындай төлеу фактiсiн растайтын квитанция берудi;
  3) банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға ақша қабылдау жүзеге асырылған операциялық күннен кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей, салық сомасын кейiннен бюджет есебiне жатқызу үшiн күн сайын өткiзудi қамтамасыз етедi. Егер күн сайынғы ақша түсiмi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген он еселенген айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, сондай-ақ елдi мекенде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым болмаған кезде ақша өткiзу үш операциялық күнде бiр рет жүзеге асырылады;
  4) қвитанциялардың дұрыс толтырылуын және сақталуын;
  5) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және мерзiмдерде салық органына квитанцияларды пайдалану туралы, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер берудi қамтамасыз етедi.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

   24-бап. Салық қызметi органдарының уәкiлеттi мемлекеттiк
   және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара
   iс-қимылы

  1. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бiрлескен бақылау шараларын әзiрлейдi және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
  2. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi орындауда салық қызметi органдарына жәрдемдесуге мiндеттi.
  3. Салық қызметi органдары мен кеден органдары өздерiне жүктелген салықтық бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттердi өзара iс-қимыл жасау арқылы орындайды.
  4. Салық қызметi органдары мен жергiлiктi атқарушы органдар салық жинауды жүзеге асыру бойынша осы Кодекстiң 23-бабында белгiленген тәртiппен бiр-бiрiмен өзара iс-қимыл жасайды.
  5. Уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi алу жөнiндегi өкiлеттiктерi осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде айқындалады.
  6. Салық қызметi органдары уәкiлеттi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимылды осы Кодексте белгiленген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асыруға құқылы.

   25-бап. Салық қызметi органдарының лауазымды адамдарын
   материалдық қамтамасыз ету, құқықтық және
    әлеуметтiк қорғау

  1. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде заңмен қорғалады.
  2. Салық қызметi органдары лауазымды адамының заңды талаптарын орындамау, салық қызметi органдары лауазымды адамының қызметтiк жұмысына байланысты оны немесе оның отбасы мүшелерiн қорлау, қорқыту, оларға зорлық-зомбылық жасау немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне қол сұғушылық, салық қызметi органдары лауазымды адамының қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiретiн басқа да iс-қимылдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
  3. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығына орташа ауыр зиян жасалған және келтiрiлген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес айлық жалақы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы төленедi.
  4. Қызметтегi жұмысын жүзеге асыруына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығына кәсiптiк қызметiмен одан әрi айналысуына мүмкiндiк бермейтiндей ауыр зиян жасалған және келтiрiлген кезде, оған республикалық бюджет қаражатынан бес жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы өтемақы, сондай-ақ оның лауазымдық жалақысы мен зейнетақысының мөлшерi арасындағы айырма (өмiр бойы) төленедi.
  5. Салық қызметi органдарының лауазымды адамы қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қайтыс болған жағдайда қаза тапқан адамның отбасына немесе оның асырауындағы адамдарға (мұрагерлерiне):
  1) қаза тапқан адамның соңғы атқарған лауазымы бойынша республикалық бюджет қаражатынан он жылдық ақшалай табысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi;
  2) Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшерде және тәртiппен асыраушысынан айрылуына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалады.
  6. Қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты салық қызметi органдары лауазымды адамының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген нұқсан, сондай-ақ салық қызметi органдары лауазымды адамының отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген нұқсан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеледi.

2-БӨЛIМ. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСI

4-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

   26-бап. Салық мiндеттемесi

  1. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тiркелiмдерiн қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгiленген мерзiмде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.
  2. Мемлекеттiң салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден оның салық мiндеттемесiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал салық мiндеттемесi орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртiппен оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

   27-бап. Салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға
   байланысты объект

  Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негiзiнде салық төлеушiнiң салық мiндеттемесi туындайды.

   28-бап. Салық базасы

  Салық базасы салық салу объектiсiнiң құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын бiлдiредi, олардың негiзiнде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы айқындалады.

   29-бап. Салық ставкасы

  1. Салық ставкасы салық салу объектiсiнiң немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдi есептеу жөнiндегi салық мiндеттемесiнiң шамасын бiлдiредi.
  2. Салық ставкасы салық салу объектiсiнiң немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.

   30-бап. Салық кезеңi

  Салық кезеңi деп салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiне қатысты белгiленген уақыт кезеңi түсiнiледi, ол аяқталған соң салық салу объектiсi, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы есептеледi.

5-тарау. САЛЫҚ МIНДЕТТЕМЕСIН ОРЫНДАУ

   31-бап. Салық мiндеттемесiн орындау

  1. Егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.
  2. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:
  1) салық органында тiркелу есебiне тұрады;
  2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;
  3) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасы мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын есептейдi;
  4) салық тiркелiмдерiн қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгiленген тәртiппен салық қызметi органдарына табыс етедi;
  5) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдердi төлейдi.
  3. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде орындауға тиiс.
  4. Салық төлеушi салық мiндеттемесiн мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.
  5. Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушiнiң салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша мiндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасына төлем тапсырмасының акцептiн алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемдi жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда - салық төлеушi көрсетiлген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға, уәкiлеттi мемлекеттiк органға, жергiлiктi атқарушы органға енгiзген күннен бастап орындалған болып саналады.
  6. Осы Кодексте белгiленген жағдайларда салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкiлi салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi, әлеуметтiк аударымдарды төлеу, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару кезiнде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтушi салық төлеушiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендiру нөмiрiн көрсетедi.
  7. Салық төлеушiнiң салық агентi орындайтын, салық төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледi.
  8. Салықты, төлемақыны төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар төлеу бойынша мiндеттеме осы Кодекстiң 599-бабында белгiленген тәртiппен есепке жатқызулар жүргiзу арқылы орындалуы мүмкiн.
  9. Салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша мiндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдардың қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттардың ережелерiнде төлеудiң заттай нысаны немесе шетелдiк валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.

   32-бап. Салық мiндеттемесiн орындау кезiнде салықты және
   бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi
   есептеу ерекшелiктерi

  1. Төлем көзiнен ұсталатын салықтың сомасын есептеудi салық
агентi жүзеге асырады.
  2. Осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң жекелеген түрлерiнiң сомасын есептеу жөнiндегi мiндет салық органына және уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүктелуi мүмкiн.

   33-бап. Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi

  Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерi осы Кодексте белгiленедi. Бұл ретте, осы Кодексте белгiленген мерзiмнiң өтуi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмiнiң басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық iс-қимылдан кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм осы Кодексте белгiленген кезеңнiң соңғы күнiнiң соңында аяқталады. Егер мерзiмнiң соңғы күнi жұмыс күнi болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.

   34-бап. Салық берешегiн өтеу тәртiбi

  Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
  1) есепке жазылған өсiмпұлдар;
  2) бересi сомасы;
  3) айыппұлдар сомасы.

   35-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кезiнде
   салық мiндеттемесiнiң орындалуы

  1. Сенiмгерлiкпен басқарушы өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде алынуға жататын (алынған) табыстар, төленуге жататын (жүргiзiлген) шығыстар және сатып алған және (немесе) алған мүлiк мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары, шығыстары және мүлкi болып табылады.
  Сенiмгерлiкпен басқарушының сыйақы түрiндегi табысы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығысы болып табылады.
  Егер салық мiндеттемесiн орындау сенiмгерлiкпен басқару жүктелсе, онда сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының табыстары мен оның осы тармақта көзделген, осындай құрылтайшының немесе пайда алушының алдыңғы салық кезеңдерi үшiн шеккен залалдары сомасына, сондай-ақ орындалуы сенiмгерлiкпен басқарушыға жүктелген салық мiндеттемесi сомасына азайтылған шығыстары арасындағы оң айырма мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенiмгерлiкпен басқарудан алынған таза табысы болып табылады.
  Осы тармақта көзделген шығыстардың мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстарынан асып кетуi мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенiмгерлiкпен басқарудан шеккен залалы болып табылады.
  2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруды құру туралы актiде көзделген сыйақы сенiмгерлiкпен басқарушының сенiмгерлiкпен басқарудан алынған табысы болып табылады. Сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асыруға байланысты шығыстар, егер көрсетiлген актiде сенiмгерлiкпен басқарушының шығыстарын мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының есебiнен өтеу көзделмеген болса, сенiмгерлiкпен басқарушының шығыстары болып танылады.
  3. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының салық мiндеттемесiн орындауды:
  1) қосылған құн салығынан басқа салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша осындай құрылтайшы немесе пайда алушы, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүлiктi сенiмгерлiк басқаруды құру туралы актiнiң негiзiнде сенiмгерлiкпен басқарушыға жүктеуi мүмкiн;
  2) қосылған құн салығы бойынша ол осы Кодекстiң 8-бөлiмiнде және 568-571-баптарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен сенiмгерлiкпен басқарушыға жүктеледi.
  Егер салықты, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу, төлеу немесе ұстау жөнiндегi салық мiндеттемесiн орындау сенiмгерлiкпен басқарушыға жүктелген болса, мұндай сенiмгерлiкпен басқарушы осы Кодекстiң 81-тарауында белгiленген тәртiппен салық органында тiркелу есебiне тұруға тиiс.
  4. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға берумен байланысты өзiнде туындайтын қосылған құн салығы бойынша салық мiндеттемесiнен басқа салық мiндеттемесiн мынадай жағдайлардың кез келгенiнде:
  1) салық мiндеттемесiн орындау сенiмгерлiкпен басқарушыға
жүктелмесе;
  2) егер сенiмгерлiкпен басқарушы сенiмгерлiк басқару туындаған күнi және сенiмгерлiкпен басқару кезеңiнде осы Кодекстiң 134, 135, 181, 182-баптарының және (немесе) 63-тарауының ережелерi қолданылатын тұлғаларға жататын болса, осы Кодексте белгiленген тәртiппен дербес орындайды.
  5. Сенiмгерлiкпен басқарушы мүлiк сенiмгерлiкпен басқаруға берiлген кездегi салық мiндеттемесiн орындау мақсатында осы Кодекстiң 58-бабына сәйкес бөлек есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.
  6. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының не сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушыға беруi осындай мүлiктi өткiзуi болып табылмайды және ол сенiмгерлiкпен басқарушының табысы болып танылмайды.
  7. Сенiмгерлiкпен басқарушының сенiмгерлiкпен басқарудың туындауына негiз болатын құжаттың қолданылуы тоқтаған кезде мүлiктi қайтаруы осындай мүлiктi өткiзу болып табылмайды және ол мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табысы (залалы) болып танылмайды.
  8. Сенiмгерлiкпен басқарушыға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасын есептеу, төлеу немесе ұстау, сондай-ақ мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы немесе сенiмгерлiкпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы үшiн салықтық нысандарды жасау және табыс ету жөнiндегi салық мiндеттемесi жүктелген жағдайда, мұндай салық мiндеттемесiн орындау сенiмгерлiкпен басқарушы болып табылатын тұлғаның атынан, осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде сенiмгерлiкпен басқарушы жататын тұлғалар үшiн белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен жүргiзiледi.
  Бұл ретте, егер осы Кодекстiң 58 және 64-баптарында өзгеше белгiленбесе, сенiмгерлiкпен басқарушы салықтық нысандарды мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысының және (немесе) пайда алушының мүддесiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоса алғанда, тұтас бүкiл қызметi бойынша жасайды және табыс етедi.

   36-бап. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кезiнде
   салық мiндеттемесiн орындаудың ерекшелiктерi

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38