Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Шикi мұнайға пайдалы қазбаларды өндiру салығының ставкалары, газ конденсатын қоса алғанда, тiркелген түрде мынадай шкала бойынша белгiленедi:
Рет | Жылдық өндiру көлемi | Ставкалар, |
1 | 2 | 3 |
1. | тоннаға дейiн қоса алғанда | 7 |
2. | тоннаға дейiн қоса алғанда | 9 |
3. | 1 тоннаға дейiн қоса алғанда | 10 |
4. | 2 тоннаға дейiн қоса алғанда | 11 |
5. | 3 тоннаға дейiн қоса алғанда | 12 |
6. | 4 тоннаға дейiн қоса алғанда | 13 |
7. | 5 тоннаға дейiн қоса алғанда | 14 |
8. | 7 тоннаға дейiн қоса алғанда | 15 |
9. | 10 тоннаға дейiн қоса алғанда | 17 |
10. | 10 тоннадан жоғары | 20 |
Осы Кодекстiң 332-бабы 2-тармағының 1)–3) тармақшаларында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының iшкi нарығында шикi мұнай мен газ конденсатын өткiзген жағдайда белгiленген ставкаларға 0,5 төмендетiлген коэффициент қолданылады.
Табиғи газға пайдалы қазбаларды өндiру салығының ставкасы 10 проценттi құрайды.
Iшкi нарықта табиғи газды өткiзген кезде пайдалы қазбаларды өндiру салығы жылдық өндiру көлемiне қарай мынадай ставкалар бойынша төленедi:
Рет | Жылдық өндiру көлемi | Ставкалар, |
1 | 2 | 3 |
1. | 1,0 млрд. текше. м. дейiн қоса алғанда | 0,5 |
2. | 2,0 млрд. текше. м дейiн қоса алғанда | 1,0 |
3. | 2,0 млрд. текше м.-ден жоғары | 1,5 |
§ 2. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, минералды
шикiзатқа пайдалы қазбаларды өндiру салығы
337-бап. Салық салу объектiсi
Минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемi (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемi) салық салу объектiсi болып табылады.
Осы бөлiмнiң мақсатына орай салық кезеңi iшiнде нормаланған ысырапты шегере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт талаптарында табу, пайдалану (өткiзу) көзделген минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының көлемi айналыстан шыққан қорлардың салық салу объектiсi болып табылады.
Әрбiр алу бiрлiгi бойынша нормаланған ысыраптың көлемi осы мақсаттар үшiн Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органы бекiткен кен орындарын әзiрлеудiң техникалық жобасының негiзiнде белгiленедi.
338-бап. Салық базасы
1. Салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу үшiн салық базасы болып табылады.
2. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында минералды шикiзат:
1) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалар ғана бар минералды шикiзат;
2) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалармен бiр мезгiлде алынуы, пайдаланылуы (өткiзiлуi) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың талаптарында көзделген пайдалы қазбалардың басқа да түрлерi бар минералды шикiзат;
3) құрамында осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбаларды қоспағанда, басқа да пайдалы қазбалар бар минералды шикiзат;
4) кен орындарында есептен шығарылған қорлар (ысырапты қайтару) құрамынан өндiрiлген минералды шикiзат;
5) кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндiрiлетiн минералды шикiзат болып бөлiнедi.
3. Пайдалы қазбаларды өндiру салығын есептеу мақсатында салық кезеңiнде минералды шикiзаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құны:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңiнде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негiзiнде айқындалады.
Орташа биржалық баға салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында тiркелген және "Metal Bulletin Journals Limited" баспасының "Metal Bulletin" журналында, "Metal-pages Limited" баспасының "Metal-pages" журналында жарияланған пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
S – салық кезеңiндегi орташа биржалық баға,
Р1, Р2,...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,
n – салық кезеңiнде бағамдау жарияланған күндердiң саны.
Пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау мынадай формула бойынша айқындалады:
Р1, Р2,...Рn = (С1+С2)/2, мұнда:
С1 – пайдалы қазбаға күн сайынғы Cash бағамдау,
С2 – пайдалы қазбаға күн сайынғы Cash Settlement бағамдау.
Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында тiркелген пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
S – салық кезеңiндегi орташа биржалық баға,
Р1, Р2,...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,
n – салық кезеңiнде бағамдау жарияланған күндердiң саны.
Пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау мынадай формула бойынша айқындалады:
Р1, Р2,...Рn = (С1+С2)/2, мұнда:
С1 – пайдалы қазбаға күн сайынғы morning (таңертеңгi фиксинг) бағамдау,
С2 – пайдалы қазбаға күн сайынғы afternoon (кешкi фиксинг) бағамдау.
Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында тiркелген күмiске күн сайынғы бағамдаудың орташа арифметикалық мәнi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:
S = (P1+P2+.....+Рn)/n, мұнда:
S – салық кезеңiндегi орташа биржалық баға,
Р1, Р2,...Рn – пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдау,
n – салық кезеңiнде бағамдау жарияланған күндердiң саны.
Орташа биржалық баға осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы әрбiр пайдалы қазба түрiнiң барлық көлемiне, оның iшiнде, кейiннен қайта өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бiр заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық бөлiмшеге берiлген көлемге қолданылады.
Салық жылының iшiнде пайдалы қазбаларды өндiру салығын төлеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы әрбiр пайдалы қазба түрiнiң нақты көлемiн осы мақсаттар үшiн уәкiлеттi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы белгiлеген тәртiппен бекiтiлген кен орындарын әзiрлеудiң техникалық жобасындағы өндiрудiң күнтiзбелiк кесте негiзiнде әзiрленген жергiлiктi жобада аталған минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiндегi пайдалы қазбалардың құрамы бойынша айқындайды.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалар қорларының осы жылдық есептiк балансы бойынша пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының нақты салық салынатын көлемдерiн нақтылауды ескере отырып, пайдалы қазбалардың нақты көлемдерiн түзетуге және пайдалы қазбаларды өндiру салығы жөнiндегi қосымша декларацияны орналасқан жерi бойынша салық органына есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етуге мiндеттi.
Жүргiзiлген түзетудi ескеретiн пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң осы салығы бойынша салық мiндеттемелерi болып табылады.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша түпкiлiктi есеп-қисап есептi жылдан кейiнгi жылдың 15 сәуiрiне дейiн жүргiзiлуге тиiс;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбалардың құны:
осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерi – оларды өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде, ал кейiннен қайта өңдеуге және (немесе) өзiнiң өндiрiстiк мұқтаждарына пайдалану үшiн басқа заңды тұлғаларға және (немесе) бiр заңды тұлға шеңберiнде құрылымдық бөлiмшеге берген жағдайда – халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрiне жатқызылатын 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы қайта өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны – бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы негiзiнде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағы 1) тармақшасының ережелерi есептi салық кезеңiнде Лондон металдар биржасында тiркелген бағалардың ресми белгiсi бар пайдалы қазба түрлерiне қатысты қолданылады.
5. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген пайдалы қазбаларды қоспағанда, осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты өткiзбеген жағдайда, олардың құны мұндай өткiзу орын алған соңғы салық кезеңiндегi өткiзудiң орташа өлшемдi бағасының негiзiнде айқындалады.
6. Келiсiмшарт қолданылған кездiң басынан бастап бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және (немесе) пайдалы қазбаларды өткiзу мүлдем болмаған жағдайда:
1) осы баптың 4-тармағында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың құны – осы баптың 3-тармағы 1) тармақшасында белгiленген тәртiппен;
2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбалардың басқа да түрлерiнiң құны – халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған өндiру мен бастапқы қайта өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде;
3) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың құны - халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын пайдалы қазбалардың осындай түрлерiне жатқызылатын, 20 процентке ұлғайтылған, өндiру мен бастапқы қайта өңдеудiң (байытудың) нақты өндiрiстiк өзiндiк құны негiзiнде айқындалады.
Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген пайдалы қазбалардан басқа, бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикiзатты және осы баптың 2-тармағынның 2) тармақшасында көрсетiлген минералды шикiзаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемiнiң құрамындағы пайдалы қазбаларды кейiннен өткiзген жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткiзу орын алған салық кезеңiндегi өткiзудiң орташа өлшемдi нақты бағасын ескере отырып, есептелген пайдалы қазбаларды өндiру салығының сомаларына түзету енгiзуге мiндеттi.
Пайдалы қазбаларды өндiру салығының есептелген сомаларын түзетудi жер қойнауын пайдаланушы алғашқы өткiзу болған өткен салық кезеңiнiң он екi айлық кезеңiнде жүргiзедi. Бұл ретте, түзету сомасы ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесi болып табылады.
7. Осы баптың мақсатында салық кезеңi үшiн өткiзудiң орташа өлшемдi бағасы осы Кодекстiң 341-бабының 2-тармағында белгiленген тәртiппен айқындалады.
339-бап. Пайдалы қазбаларды өндiру салығының ставкалары
Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикiзатқа пайдалы қазбаларды және көмiрдi өндiру салығының ставкалары мынадай мөлшерде белгiленедi:
Рет | Пайдалы қазбалардың атауы | Ставкалар, | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Қара, түстi және радиоактивтi металдар кенi | Хром кенi (концентраты) | 17,0 |
марганец, темiр-марганец кенi (концентраты) | 3,0 | ||
темiр кенi (концентраты, окатыштар) | 3,5 | ||
уран (өнiмдi ерiтiндi, шахталық әдiс) | 24,0 | ||
2. | Металдар | мыс | 8,0 |
мырыш | 9,0 | ||
қорғасын | 8,50 | ||
алтын, күмiс, платина, палладий | 6,0 | ||
0,3 | |||
қалайы, никель | 6,0 | ||
3. | Құрамында металдар бар минералды шикiзат | Ванадий | 4,0 |
Хром, титан, магний, кобальт, вольфрам, висмут, сүрме, сынап, мышьяк және басқалар | 6,0 | ||
4. | Құрамында сирек кездесетiн металдар бар минералды шикiзат | Ниобий, лантан, церий, цирконий, | 7,7 |
Галлий | 1,0 | ||
5. | Құрамында шашыраңқы металдар бар минералды шикiзат | Селен, теллур, молибден | 7,0 |
Скандий, германий, рубидий, цезий, кадмий, индий, таллий, гафний, рений, осмий | 6,0 | ||
6. | Құрамында радиоактивтi металдар бар минералды шикiзат | Радий, торий | 5,0 |
7. | Құрамында металл еместер бар минералды шикiзат | Тас көмiр, қоңыр көмiр, жанғыш тақтатастар | 0 |
фосфориттер | 4,0 | ||
бор ангидритi | 3,5 | ||
барит | 4,5 | ||
тальк | 2,0 | ||
флюориттер | 3,0 | ||
воластонит | 3,5 | ||
шунгит | 2,0 | ||
графит және басқалар | 3,5 | ||
Жарқырауық тас шикiзаты: | |||
8. | Құрамында қымбат бағалы тастар бар минералды шикiзат | Алмас, лағыл, жақұт, зүбәржат, анар, александрит, қызыл (асыл) шпинель, эвклаз, топаз, аквамарин және басқалар | 12,0 |
9. | Құрамында жасанды тастар бар минералды шикiзат | Нефрит, лазурит, радонит, чароит, малахит, авантюрин, агат, яшма, қызғылт кварц, диоптаз, халцедон және басқалар | 3,5 |
10. | Құрамында техникалық тастар бар минералды шикiзат | Алмас, корунд, агат, яшма, серпентинит, цирконий, асбест, слюда және басқалар | 2,0 |
Пайдалы қазбалар мен кен орны бойынша баланстан тыс қорлардың құрамынан өндiрiлген минералды шикiзаттың барлық түрiне пайдалы қазбаларды өндiру салығының ставкалары нөл проценттiк ставка бойынша төленедi.
Сирек және жерде сирек кездесетiн металдар (литий, берилий, тантал, иттрий, стронций, празеодим, неодим, прометий, самарий, европий, гадолиний, тербий, диспрозий, гольмий, эрбий, тулий, иттербий, лютенций) бойынша пайдалы қазбаларға өндiру салығы ставкаларының мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


