Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
§ 2. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы
181-бап. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы
Заң көмегiн көрсеткенi, нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн ақы төлеудi қоса алғанда, нотариаттық және адвокаттық қызметтi жүзеге асырудан алынған барлық табыс түрлерi, сондай-ақ қорғау мен өкiлдiкке байланысты шығыстарды өтеуден алынған сомалар жекеше нотариустар мен адвокаттардың табысы болып табылады.
182-бап. Салықты есептеу және төлеу
1. Жекеше нотариустар мен адвокаттардың табыстары бойынша жеке табыс салығының сомасы алынған табыстың сомасына осы Кодекстiң 158-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы қолдану жолымен бiр айға алынған табыстар бойынша, әрбiр айдың қорытындылары бойынша есептеледi.
2. Есептелген салық сомасы табыстары бойынша салық есептелген айдан кейiнгi айдың 5-iнен кешiктiрiлмей ай сайын төлеуге жатады.
§ 3. Дара кәсiпкердiң табысы
183-бап. Дара кәсiпкердiң табысы
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, дара кәсiпкердiң табысы осы Кодекстiң 83-133, 136, 137, 224-баптарына сәйкес корпоративтiк табыс салығы салынатын объектiнi айқындау үшiн белгiленген тәртiппен айқындалады.
2. Патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкердiң табысы осы Кодекстiң 61-тарауына сәйкес айқындалады.
§ 4. Басқа табыстар
184-бап. Басқа табыстар
1. Мыналар салық төлеушiнiң салық салуға жататын басқа табыстарына жатады:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған табыстар;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетiн табыстар;
3) үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген табыстарға салық салу осы Кодекстiң 27-тарауында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
21-тарау. ЖЕКЕ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯ
185-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларация
1. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны мына резидент салық төлеушiлер:
1) дара кәсiпкерлер;
2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
3) мүлiктiк табыс алған жеке тұлғалар;
4) басқа табыстар, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi шетелдiк банктердегi банктiк шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етедi.
2. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексiнежәне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес декларацияны табыс ету мiндетi жүктелген Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектiсi болып табылатын мүлкi туралы декларацияны табыс етедi.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негiзiнде шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсiпкерлер осы Кодекстiң 427-бабына сәйкес салық салу объектiсiне қосылатын табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етпейдi.
186-бап. Декларацияны табыс ету мерзiмдерi
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация тұрғылықты жердегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етiледi.
187-бап. Салық төлемiнiң расталмауы
Осы Кодекстiң 185-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес жеке табыс салығы бойынша декларация табыс етушi салық төлеушiлер жеке табыс салығын төлегенiн растамаған жағдайларда, жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстiң 158-бабының 1-тармағында белгiленген ставканы жеке табыс салығының төленгенi расталмаған табыс сомасына қолдану жолымен жүргiзiледi.
7-БӨЛIМ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
22-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
188-бап. Халықаралық салық салудың негiзгi принциптерi
1. Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған табыстардан салықтар төлейдi.
2. Қазақстан Республикасында резидент еместер осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардан салық төлейдi.
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметтi тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес мұндай тұрақты мекеменiң қызметiне байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден алынған табыстардан да салық төлейдi.
3. Резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасында осы Кодексте белгiленген өзге де салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi осындай мiндеттемелер туындаған кезде төлейдi.
189-бап. Резиденттер
1. Қазақстан Республикасында тұрақты болатын немесе Қазақстан Республикасында тұрақты болмайтын, бiрақ өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан жеке тұлғалар осы Кодекстiң мақсатында Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.
2. Жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде аяқталатын кез келген үздiксiз он екi айлық кезеңде кемiнде күнтiзбелiк бiр жүз сексен үш күн Қазақстан Республикасында болса, ол ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады.
Жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында болатын күнiнiң бiр бөлiгi бiр толық күн ретiнде есептеледi.
Егер ағымдағы салық кезеңiнде және алдыңғы екi салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында болған күндердiң саны кемiнде күнтiзбелiк бiр жүз сексен үш күндi құраса, жеке тұлға ағымдағы салық кезеңi үшiн Қазақстан Республикасында тұрақты болатын жеке тұлға деп танылады. Бұл ретте тұрақты болу әрбiр салық кезеңiне төменде көрсетiлген коэффициенттер қолданылып мынадай формула бойынша айқындалады:
1 х ағымдағы салық кезеңiнде болған күндер санына + 1/3 х алдыңғы бiрiншi салық кезеңiнде болған күндер санына + 1/6 х алдыңғы екiншi салық кезеңiнде болған күндер санына, мұндағы:
1 - ағымдағы салық кезеңiне арналған коэффициент;
1/3 - алдыңғы бiрiншi салық кезеңiне арналған коэффициент;
1/6 - алдыңғы екiншi салық кезеңiне арналған коэффициент.
Егер жеке тұлға ағымдағы салық кезеңiнде Қазақстан Республикасында күнтiзбелiк отыз күннен аз тұрған болса, онда мұндай жеке тұлға Қазақстан Республикасында тұрақты болатын адам деп танылмайды.
Егер жеке тұлға Қазақстан Республикасында болуы аяқталатын жылдан кейiнгi жылда резидент болмаса, мұндай тұлға осы тармақтың мақсатында Қазақстан Республикасында болуының соңғы күнiнен кейiнгi кезең үшiн резидент емес ретiнде қарастырылады.
3. Бiр мезгiлде мынадай талаптар орындалған кезде:
1) жеке тұлғада Қазақстан Республикасының азаматтығы немесе Қазақстан Республикасында тұруға рұқсаты (ықтиярхаты) болса;
2) жеке тұлғаның отбасы және (немесе) жақын туыстары Қазақстан Республикасында тұрса;
3) жеке тұлғаның Қазақстан Республикасында кез келген уақытта тұруы және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң тұруы үшiн қолжетiмдi, оған және (немесе) оның отбасы мүшелерiне меншiк құқығында немесе өзге де негiздерде тиесiлi жылжымайтын мүлкi болса, жеке тұлғаның өмiрлiк мүдделерiнiң орталығы Қазақстан Республикасында орналасқан деп қарастырылады.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдамай, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ету туралы өтiнiш берген:
1) мемлекеттiк билiк органдары шет елге iссапарға жiберген адамдар, оның iшiнде дипломатиялық, консулдық мекемелердiң, халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ аталған жеке тұлғалардың отбасы мүшелерi;
2) тұрақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына немесе азаматтарына тиесiлi көлiк құралдарының экипаж мүшелерi;
3) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскери базалардың, әскери бөлiмдердiң, топтардың, контингенттердiң немесе құрамалардың әскери қызметшiлерi мен азаматтық персоналы;
4) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан және Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының субъектiлерiнiң меншiгi болып табылатын объектiлерде (оның iшiнде концессиялық шарттар негiзiнде) жұмыс iстейтiндер;
5) оқу немесе практикадан өту мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген студенттер, тағылымдамадан өтушiлер мен практиканттар оқу немесе практикадан өтудiң бүкiл кезеңiнде;
6) сабақ беру, консультациялар беру немесе ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер сабақ берудiң немесе аталған жұмыстарды орындаудың бүкiл кезеңiнде;
7) емделу немесе сауықтырудан өту, профилактикалық ем алу мақсатында Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында тұрған уақытына және осы бапта көзделген басқа да кез келген өлшемдерге қарамастан, резидент жеке тұлғалар деп танылады.
5. Осы Кодекстiң мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар және (немесе) тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) Қазақстан Республикасында болатын өзге заңды тұлғалар да Қазақстан Республикасының резиденттерi деп танылады.
Нақты органның (директорлар кеңесiнiң немесе сол сияқты органның) негiзгi басқару және (немесе) бақылау жүзеге асырылатын, сондай-ақ заңды тұлғаның кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу үшiн қажеттi стратегиялық коммерциялық шешiмдер қабылданатын жиналысы өткiзiлетiн орын тиiмдi басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жерi) деп танылады.
190-бап. Резидент еместер
1. Осы Кодекстiң мақсатында мыналар:
1) осы Кодекстiң 189-бабының ережелерiне сәйкес резидент болып табылмайтын жеке және заңды тұлғалар;
2) осы Кодекстiң 189-бабының ережелерiне қарамастан, қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шарттың ережелерiне сәйкес резидент еместер болып танылатын шетелдiктер немесе азаматтығы жоқ адамдар резидент еместер деп танылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес резидент емес болып танылатын жеке тұлға болатын (тұрғылықты) жерiндегi салық агентiне немесе салық органына табысты алған күннен кешiктiрмей немесе салық есептiлiгiн табыс ету кезiнде мынадай құжаттарды:
резидент еместiң резиденттiгiн растайтын, осы Кодекстiң 219-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес келетiн құжатты;
жеке басын куәландыратын құжаттың (паспорттың) нотариаттық куәландырылған көшiрмесiн табыс етуге мiндеттi.
191-бап. Резидент еместiң тұрақты мекемесi
1. Кәсiпкерлiк қызметтi, оның iшiнде уәкiлеттi тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы тұрақты қызмет орны, атап айтқанда:
1) тауарларды өндiруге, ұқсатуға, жинақтауға, өлшемдеп салуға, орап-бууға, беруге байланысты қызмет жүзеге асырылатын кез келген орын;
2) кез келген басқару орны;
3) көмiрсутектерiн өндiретiн кез келген орынды қоса алғанда, табиғи ресурстарды өндiруге байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;
4) құбырларға, газ құбырына, табиғи ресурстарды барлауға байланысты қызметтi (оның iшiнде бақылау немесе байқау қызметiн) жүзеге асыратын кез келген орын;
5) энергетикалық және технологиялық жабдықты монтаждауды қоспағанда, жабдықты орнатуға, монтаждауға, құрастыруға, жөнге келтiруге, iске қосуға және (немесе) оған қызмет көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын;
6) ойын автоматтарын (жалғамаларын қоса), компьютерлiк желiлер мен байланыс арналарын, аттракциондарды орнатуға, жөнге келтiруге және пайдалануға байланысты, сондай-ақ көлiк немесе өзге де инфрақұрылымға байланысты қызметтi жүзеге асыратын кез келген орын резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесi деп танылады.
Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезiнде резидент еместiң тұрақты мекемесi екi күннiң бiрiнiң: осы резидент еместiң тиiстi қызметтi жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжаттың (келiсiмшарттың, шарттың) күшiне ену күнiнiң немесе осындай қызметтiң нақты басталу күнiнiң неғұрлым ертерегiнен бастап құрылған болып есептеледi.
2. Қазақстан Республикасында қызмет көрсету кезiнде резидент емес осындай мақсаттар үшiн жалдаған қызметшiлер немесе басқа персонал арқылы қызмет көрсетiлетiн орын, егер осындай сипаттағы қызмет Қазақстан Республикасында бiр немесе байланысты жобалар шеңберiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру басталған күннен бастап кез келген кейiнгi он екi айлық кезең шегiнде алты айдан астам уақыт жалғасатын болса, тұрақты қызмет орны болып танылады.
Солар бойынша келiсiмшарттар өзара байланысты немесе өзара тәуелдi болып табылатын жобалар байланысты жобалар болып танылады. Солар бойынша резидент емес немесе резидент еместiң немесе оның құрылтайшысының (акционерiнiң, қатысушысының) еншiлес компаниялары бiр ғана салық агентiне немесе оның өзара байланысты тарапына ұқсас немесе бiртектес қызметтер көрсететiн (жұмыстар орындайтын) келiсiмшарттар өзара байланысты келiсiмшарттар болып танылады. Жеке немесе заңды тұлғаның келiсiмшарттың бiрi бойынша мiндеттемелердi орындамауы басқа келiсiмшарт бойынша мiндеттемелердi жүзеге асыруға әсер ететiн келiсiмшарттар өзара тәуелдi болып танылады.
Осы тармаққа сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келген кәсiпкерлiк қызмет бiр жоба немесе байланысты жобалар шеңберiнде жүзеге асырылған жағдайда, тұрақты мекеме жобаға қатысушы әрбiр резидент емес үшiн құрылған болып танылады. Жобаға қатысушы резидент еместер салық мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда тұрақты мекеме мұндай жобаны аяқтайтын резидент емеске қатысты бiр жоба немесе байланысты жобалар шеңберiнде кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру басталған күннен бастап ретроспективтi құрылған болып қаралады.
Егер жобаның (келiсiмшарттың) орындалуына жауапты болатын бас мердiгер қосалқы мердiгерге басқа заңды тұлғаны жалдаса, онда қосалқы мердiгер жобаны (келiсiмшартты) орындауға жұмсаған уақыт кезеңi бас мердiгердiң жобаны (келiсiмшартты) орындауға жұмсаған уақыты болып саналады.
3. Резидент емес, сондай-ақ:
1) уәкiлеттi тұлға арқылы Қазақстан Республикасында тәуекелдi сақтандыру немесе қайта сақтандыру жүргiзген;
2) Қазақстан Республикасының аумағында белгiлi бiр жерден тауарлар өткiзген. Бұл ретте тұрақты мекеме осы тармақтың 3) тармақшасын қоспағанда, мұндай қызметтi жүзеге асыру басталған күннен бастап құрылады;
3) егер мұндай қызмет он күннен астам уақытқа созылса, Қазақстан Республикасында тауарлар сатылатын көрмелер өткiзген;
4) осы баптың 6-тармағында көрсетiлген қызметтi жүзеге асыратын өкiлдiктi қоспағанда, филиал немесе өкiлдiк ашқан кезде Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құрады.
4. Құрылыс алаңы, оның iшiнде монтаждау немесе құрастыру объектiсi, жобалау жұмыстарын жүргiзу жұмыстарды жүзеге асыру мерзiмдерiне қарамастан, тұрақты мекеменi құрады.
Бұл ретте, атап айтқанда, жылжымайтын мүлiк объектiлерiн тұрғызу және (немесе) қайта жаңарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде үйлер, ғимараттар салу және (немесе) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу, көпiрлер, жолдар, каналдар салу және (немесе) қайта жаңарту, құбырлар тарту, энергетикалық, технологиялық жабдықтарды монтаждау орны құрылыс алаңы (объектiсi) деп түсiнiледi.
Құрылыс алаңы (объект) пайдалануға берiлген объектiнi (орындалған жұмыстың көлемiн) қабылдау актiсiне қол қойылған және құрылысқа толық ақы төленген күннен кейiнгi күннен бастап өзiнiң жұмысын тоқтатады.
5. Осы бапта көрсетiлген қызметтi жүзеге асыру кезiндегi он екi ай кезең шегiндегi уақытша үзiлiстер және маусымдық үзiлiстер тұрақты мекеменi таратуға алып келмейдi.
6. Резидент еместiң Қазақстан Республикасының аумағында резидент еместiң негiзгi (әдеттегi) қызметiнен ерекшеленетiн дайындық және көмекшi сипаттағы қызметтi жүзеге асыруы, егер мұндай қызмет үш жылдан аспайтын болса, тұрақты мекеме құруға алып келмейдi. Бұл ретте дайындық және көмекшi сипаттағы қызмет басқа (үшiншi) тұлғалар үшiн емес, резиденттiң өзi үшiн жүзеге асырылуға тиiс. Дайындық және көмекшi сипаттағы қызметке:
1) кез келген орынды резидент емеске тиесiлi тауарларды оларды өткiзу басталғанға дейiн сақтау, көрсету және (немесе) беру мақсатында ғана пайдалану;
2) тұрақты қызмет орнын тауарларды өткiзбей, оларды сатып алу мақсатында ғана ұстау;
3) тұрақты қызмет орнын, егер мұндай қызмет осы резидент еместiң негiзгi (әдеттегi) қызметi болып табылмаса, ақпаратты жинау, өңдеу және (немесе) тарату, резидент емес сататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) жарнамалау немесе олардың нарығын зерделеу үшiн ғана ұстау жатады.
7. Тәуелсiз агент (тапсырма, комиссия, консигнация шарты немесе басқа да сол сияқты шарттың негiзiнде жұмыс iстейтiн брокер және (немесе) өзге де тәуелсiз делдал) арқылы Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент емес тұрақты мекеме құрушы ретiнде қарастырылмайды.
Бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) резидент еместiң атынан келiсiмшарттар жасасуға уәкiлеттiк берiлмеген;
2) өзiнiң негiзгi (әдеттегi) қызметi шеңберiнде әрекет ететiн және резидент еместен заңдық жағынан да, экономикалық жағынан да тәуелсiз болып табылатын;
3) қызметiн дербес жүзеге асыруына орай кәсiпкерлiк тәуекелдi көтеретiн тұлға тәуелсiз агент деп түсiнiледi.
8. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерiне қарамастан, егер резидент емес Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк қызметiн тәуелдi агент (жеке немесе заңды тұлға) арқылы жүзеге асырса, онда мұндай резидент емес тәуелдi агент ол үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке байланысты тұрақты мекемесi бар резидент емес ретiнде қарастырылатын болады. Бұл ретте тәуелдi агент бiр мезгiлде мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
1) осы баптың 7-тармағына сәйкес тәуелсiз агент болмауға;
2) шарт қатынастары негiзiнде Қазақстан Республикасында оның мүдделерiн бiлдiру құқығын иеленушi болуға, оның атынан әрекет ету және келiсiмшарттар (шарттар, келiсiмдер) жасасу құқығы болуға;
3) оның қызметi осы баптың 6-тармағында тiзбеленген қызмет түрлерiмен шектелмеуге тиiс.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы, егер еншiлес ұйым мен резидент емес заңды тұлға арасында осы баптың 8-тармағының ережелерiне сай келетiн қатынастар туындаса, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылады. Өзге жағдайларда резидент емес заңды тұлғаның еншiлес ұйымы резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретiнде қарастырылмайды.
10. Өзге заңды тұлғаға, оның iшiнде тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент емеске Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстеу үшiн шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент емес бiр мезгiлде мынадай талаптарды орындаған кезде:
1) егер мұндай персонал өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан ғана және соның мүдделерiн көздеп қана әрекет етсе;
2) шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсететiн резидент емес осындай персоналдың Қазақстан Республикасында орындайтын жұмыс нәтижелерiне жауапты болмаса;
3) резидент еместiң шетелдiк персоналды ұсыну жөнiнде қызмет көрсетуден алатын табысы осындай персоналдың өзiн ұсынған заңды тұлғаның атынан және соның мүдделерiн көздеп өз мiндеттерiн орындаған уақыты ескерiле отырып анықталса және резидент емес тұлғаның осындай персоналды ұсыну шығындары жалпы сомасының он процентiнен аспауға тиiс болса, Қазақстан Республикасындағы осындай қызметтер бойынша тұрақты мекеме құрмайды.
Шетелдiк персоналдың табыстарын қоса алғанда, осындай қызмет көрсетуге арналған шығындардың жалпы сомасын растау үшiн резидент емес қызмет көрсетудi алушыға есеп құжаттамасының көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
Жоғарыда көрсетiлген талаптар орындалмаған кезде резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғады.
11. Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға әкеп соғатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын резидент емес осы Кодекстiң 562-бабында белгiленген тәртiппен салық органына салық төлеушi ретiнде тiркелуге мiндеттi.
12. Резидент еместiң салық органдарында салық төлеушi ретiнде тiркелмегенiне немесе әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өтпегенiне қарамастан, резидент еместiң қызметi осы баптың ережелерiне сәйкес тұрақты мекеменi құрады.
13. Осы Кодекстi қолдану мақсатында резидент еместiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi ретiнде:
1) мыналарға:
Қазақстан Республикасында жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге, немесе
өз атынан Қазақстан Республикасында iс-әрекет жасауға өкiлеттiктер беруге;
өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасында тауарлар сатып алуға, Қазақстан Республикасында бiрлескен қызметтi жүзеге асыруға (жай серiктестiкке қатысуға);
Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыру мақсатында жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуға келiсiмшарттың (шарттың, келiсiмнiң) бiрiн жасасу;
2) Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғамен алғашқы еңбек шартын немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы өзге де шартты жасасу күнi не осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген келiсiмшарттың талаптарын орындау үшiн қызметкердiң Қазақстан Республикасына келген күнi танылады. Бұл ретте резидент еместiң Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыруды бастаған күнi осы тармақшада көрсетiлген алғашқы күндердiң бiрiнен ертерек бола алмайды.
Осы тармақтың бiрнеше талаптары болған жағдайда осы тармақта көрсетiлген күндердiң неғұрлым ертерегi Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыруды бастаған күн болып танылады.
14. Егер резидент емес қызметiн қосарланған салық салуды болғызбау туралы халықаралық шартқа немесе осы баптың 6-тармағына сәйкес тұрақты мекеме құруға алып келмейтiн филиал немесе өкiлдiк арқылы жүзеге асырса, егер осы Кодекстiң 26-тарауында өзгеше белгiленбесе, онда резидент еместiң мұндай филиалына немесе өкiлдiгiне осы Кодекстiң резидент еместiң тұрақты мекемесi үшiн көзделген ережелерi қолданылатын болады.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 |


