Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
салқын тағамдар - холодные блюда ыстық тағамдар - горячие блюда
түрлі сусындар - разные напитки таңертеңгі ас - завтрак
дастарқан мәзірі – меню даяшы - официант
өзіне-өзі қызмет ету - самообслуживание
VI. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.
«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны
Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.
I тур
Оқушылар, әдеттегідей, қатармен партада отырады. Барлығы 6 қатар.
1 қатар | 2 қатар | 3 қатар | 4 қатар | 5 қатар | 6 қатар |
Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.
II тур
2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.
1-қатар + 3-қатар
4-қатар + 6-қатар
2-қатар + 5-қатар
Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).
Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.
Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.
III тур
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.
Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар
2-қатар + 3-қатар
4-қатар + 5-қатар
(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап беру.
2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қою.
Жауап үлгісі:
Мен асханадан тамақтанамын. Олар апельсин шырының ішті. Біріншіге тауық сорпасын алды. Мен достарыммен асханаға бардым. Бұл асхананың тағамдары дәмді.
4-тапсырма. Берілген сұрақтарды достарына қойып, жауап жазу.
1. Сенің үйіңнің жанында асхана бар ма?
2. Сен қай кезде асханадан тамақтанасың?
3. Мектептегі асханада ыстық тағамдар бар ма?
4. Бірінші, екінші тағамдардың қандайын ұнатасың?
Үлгі: Менің үйімнің жанында асхана бар. Асхана үлкен әрі іші жарық, тамақтануға ыңғайлы.
6-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, сөйлемдер құрау.
Жауап үлгісі:
Нені? He істейді?
Сусынды ішеді.
Етті жейді.
Шайды қайнатады.
Нанды кеседі.
VII. Сабақты қорытындылау.
VIII. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Асқа байланысты мақал-мәтелдерді жаттап алу. Қолданылған септік жалғауларын атау.
28-28-сабақ Мектеп асханасы 17.10.2015ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
V. Сөздік жұмысы.
Сөздік
екі мезгіл - два раза қасық - ложка
ботқа - каша шанышқы - вилка
бірінші - первый қызметкер - служащий
екінші - второй сыпайылық - вежливость
айран - кефир
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, төмендегі үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Бұл тапсырманы «Мәтін бөліктері» оқыта үйрету ойыны арқылы да өткізуге болады.
Ойын шарты: Сынып төрт топқа бөлінеді.
1-топ - «Кіріспе». 2-топ - «Негізгі ой». 3-топ - «Қорытынды». 4-топ - «Толықтыру».
Мәтінді бөліктерге бөліп, әңгімелеуді ретімен бастайды. «Толықтыру» тобы әрбір топтан кейін толықтырып отырады. Ойын аяқталғаннан кейін қай топтың неғұрлым нақты айтқаны анықталады.
ІІІ деңгей
1. Берілген тағам түрлеріне сипаттама беріңдер, әрқайсысына мысал келтіріңдер.
Салқын тағам, ыстық тағамдар, сүт тағамдары, түрлі сусындар.
2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.
ІІ деңгей
1. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Асхана, қызметкер, сыпайылық.
2. Сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.
Даяшы, мәзір, тапсырыс, мектеп, қасық, шанышқы, асхана.
І деңгей
Мектептегі асханаларың туралы шағын әңгіме құраңдар.
2-тапсырма. Мағынасы сәйкес сөзді жазу.
Жауап үлгісі:
1. Біз асханадан екі мезгіл (тамақтанамыз).
2. Таңертеңгі асқа {ботқа) аламыз.
3. Түскі асқа біріншіге (сорпа) аламыз.
4. Екіншіге мен (палау) аламын.
5. Үшіншіге мен (кофе) аламын.
6. Дастарқан (мәзірін) көрген соң, даяшыға тапсырыс береміз.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма.
Кестедегі сөздерді пайдаланып, сөйлем құрау.
29-29-сабақ Ac үй 21.10.2015ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. «Менің үйім» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Менің үйім
Біздің отбасымыз үлкен: әкем, анам, үш ағам, апам, екі інім бар. Ауылда біздің жеке меншік үйіміз бар. Үйіміз бес бөлмелі. Үйдегі ас үй анама тамақ дайындауға қолайлы, жарық, кең. Ас үйде ыдыстар жинайтын сөрелер, тоңазытқыш, ыдысты жуып – шаятын орын және тамақ ішетін үстеліміз бар. Ас үйде тәбетті ашатын жеміс – жидектің суреті бар картина ілініп тұр. Терезесі күншығыс жақта, жап – жарық болып тұрады. Анам ас үйде түрлі тағамдар пісіргенді жақсы көреді. Әсіресе отбасымызбен түгел отырғанда анамызға бәріміз көмектесіп, кешкі асты мерекеге айналдырамыз.
«Өз жартыңды тап» ойынын өткізу. Ойынның шарты:
Мұғалім екі-екіден кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады.
Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы - біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
1. Оның отбасы қандай?
2. Отбасында кімдер бар?
3. Үйі қанша бөлмелі?
4. Ac үйде нелер орналасқан?
5. Ac үйдің терезесі қайда орналасқан?
6. Кешкі асты қалай өткізеді?
2-тапсырма. Сызбаны пайдаланып, сөйлемдер құрау.
Жауап үлгісі:
Ас үйде сөре бар. Ас үйде тоңазытқыш бар. Ас үйде үстел бар. Ас үйде шәйнек бар. Ас үйде қазан бар. Тамақтанғаннан соң теледидар, музыка, радио тыңдаймын. Ас үй таза, кең, жарық, қолайлы болды. Біз ас үйде отбасымызбен, достарымызбен, сыныптастарымызбен, көршілермен тамақтанамыз.
3-тапсырма. Берілген тұрақты тіркестердің мағынасын ашып жазу.
Жауап үлгісі:
Қой аузынан шөп алмас - жуас. Төбе шашы тік тұрды - қорықты. Көзді ашып-жұмғанша - тез. Жүрегінің түгі бар - батыр. Мұрттай ұшты - ауырды. Беті бүлік етпеді - ұялмау.
4-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерінің бірнешеуін қолданып, сөйлемдер құрау.
V. Сабақты қорытындылау.
Синквейн әдісі: Отбасы.
VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма.
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жүргізу.
30-30-сабақ Асхана қай жерде орналасқан? 22.10.2015ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара пікірлесу. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Асхана қай жерде орналасқан?
2. Асхананың атауы қалай?
3. Бейтаныс балаға асхананы кім тауып берді?
2-тапсырма. Қате құрастырылған сөйлемдерді дұрыс жазу.
Жауап үлгісі:
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


