Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

1.  Бос уақыттарыңда кітапханаға барасыңдар ма?

2.  Қазақ тілі сабағында кітапханадан көбіне қандай материалдарды аласыңдар?

3.  Білім, ғылым туралы бірнеше мақал – мәтел жаттап айтыңдар.

4.  Бос уақыттарыңда қандай іспен шұғылданатындарың туралы диалог құраңдар.

5.  «Бос уақытымды қызықты өткіземін» деген тақырыпта шағын мәтін құраңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.

XV МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: E-mail пошта

Грамматикалық тақырыбы: Сын - қимыл үстеулері

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту

E-mail пошта дегеніміз не? Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Диалогпен жұмыс

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

Диалогпен жұмыс Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

4-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс

45 минут

5-сабақ

Тірек сызбамен жұмыс Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

6-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс

45 минут

7-сабақ

«Пошта жүйесін баптау» мәтінімен жұмыс Диалог құрау Жаттығулармен жұмыс

45

минут

Қорытынды

5-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

Кіріспе бөлімі

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

1-сабақ E-mail пошта дегеніміз не?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

Сызбалармен танысып, ережелерін есте сақтау.

Сын - қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: ақырын жүрді, емін-еркін отырды, т. б. Сын - қимыл үстеулері құрамы жағынан негізгі, туынды және күрделі де бола алады.

V. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Берілген сұрақтарға жауап беру.

1) Электронды пошта дегеніміз не?

2) «Е-mail» сөзі қай тілден енген?

3) Е-mail поштаның жазылуы қай сөздікте берілген?

4) Электронды поштаның хабарлама жіберудің басқа жүйелерінен айырмашылығы қандай?

2. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойыңдар.

Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы дамыған жүйемен тәуелсіз қарым-қатынастар болып табылады.

ІІ деңгей

1. Берілген сөздердің дұрыс аудармасын табыңдар.

Пошта – почта

Желі – сеть

Бағдарлама – программа

2. Сөйлемдегі сұрақтарға жауап беріңдер.

(Неде?) дұрыс жазылуы әлі бекітілген жоқ. Хабарлама жіберудің басқа жүйелерден айырмашылығы дамыған жүйемен (қандай?) қарым – қатынастар болып табылады.

І деңгей

Берілген мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

3-тапсырма. Берілген сөздерді қолданып, электронды пошта туралы әңгімелесу.

Электронды байланыс, сайттарды ашу, Интернет желісі, жедел ақпарат, пошта қызметі, хабарлама тасу, жаңа желі.

VI. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.

VII. Үй тапсырмасы.

2-тапсырма. Мәтін бойынша берілген сөйлемдердің дұрыстығын тексеру.

2-сабақ Электронды поштаның тарихы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Тірек сызба бойынша электронды поштаның тарихына сипаттама беру.

Электронды пошта тарихы

 

1965 ж.

Массачусетс технологиялық институтының (МІТ) қызметкерлері

Ноэль Моррис және То Ван Влек

СТSS операциялық жүйесіне арналған

MAIL бағдарламасын жазды.

Бағдарлама IBM 7094 компьютерде орнатылды.

2-тапсырма. Берілген мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

«Өз жартынды тап» ойынын өткізу.

Ойынның шарты:

Мұғалім екі-екіден кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оңушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

Сұрақтар:

1. Пошта мен электронды поштаның айырмашылығы қандай?

2. Электронды поштаның ең елеулі ерекшелігі қандай?

3. Электронды поштаның жылдамдығы немен бірдей?

4. Электронды поштада хабарлама қалай жеткізіледі?

5. Хабарламаларды электронды поштада қалай қолдануға болады?

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерге керекті сын - қимыл үстеулерді қойып жазу.

Қазіргі кезде электронды пошта кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі кезде пошта бұрынғыша қолданылмайды. Электронды поштада хаттарға қолма-қол жауап беруге бола­ды. Интернет желісі Қазақстанда бірте-бірте дамып келеді. Мен электронды поштаны емін-еркін қолданамын. Мөлдір электронды поштада хат жіберуді лезде үйреніп алды.

V. Сабақты қорытындылау.

Берілген сөздерді септе.

Пошта, хабарлама, бағдарлама.

Атау с.

Ілік с.

Барыс с.

Табыс с.

Жатыс с.

Шығыс с.

Көмектес с.

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Электронды поштаны қолдану туралы өзара диалог құрау.

3-сабақ Электронды поштаны қалай қолдануға болады?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу. Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Электронды поштаға жаңадан тіркелу үшін қандай қадамдар жасалады?

2. Электронды поштада қандай үйшіктер қызмет жасайды?

3. Электронды поштада хаттар қалай жеткізіледі?

2-тапсырма. Тірек сызбаны пайдаланып, электронды поштаны қолдану туралы шағын мәтін құрау.

 

Электронды пошта тарихы

 

ХАТ СУРЕТ БЕЙНЕЛІК ДЫБЫСТЫҚ БАҒДАРЛАМА

МӘЛІМЕТ МӘЛІМЕТ

3-тапсырма. Сөйлемдегі сұрақтарға жауап беру. Жауап үлгісі:

1) Электронды поштаның ең негізгі айырмашылығы - оның жылдамдығы.

2) Дербес компьютерлерге арналған пошталық бағдарламалар поштаны қабылдау және жөнелту үшін әр түрлі хаттамаларды қолданады.

3) Электронды поштаны Жер шарының бүкіл аймағында бар пошталық қызметтің баламасы деп айтуға болады.

Сөздік:

Қолданушы агент – агент – пользователь

Тұтынушы - потребитель

Тасымалдау агенті – агент переноса

Жеткізу агенті – агент доставки

Жергілікті – местный

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Электронды пошта жүйесі неше бөліктен тұрады?

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48