Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Лексикалық тақырыбы: Қазіргі кезең балалар әдебиеті
Бөлімі | Сабақ саны | Модуль мазмұны | Уақыты |
Кіріспе | 1-сабақ | Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Қадыр Мырзалиев - ақын» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау Нақыл сөздермен жұмыс | 45 минут |
Сөйлесу | 2-сабақ | «Сабақ» жинағы туралы мәтінмен жұмыс Қ. Мырзалиевтің «Септеу» өлеңін жаттау Қ. Мырзалиевтің жұмбақтарын шешу, жаңылтпаштарды жаттау | 45 минут |
3-сабақ | «Қастек Баянбаев - балалар әдебиетінің ақыны» мәтінімен жұмыс Қ. Баянбаевтың «Баламен сырласу» өлеңі Жұмбақтарды шешу Диалогпен жұмыс | 45 минут |
|
4-сабақ | Ескен Елубаевтың шығармашылығымен танысу Деңгейлік тапсырмалар | 45 минут |
|
5-сабақ | Диалогпен жұмыс Е. Елубаевтың «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі Жаттығулармен жұмыс Тақырып бойынша шығарма жазу | 45 минут |
|
6-сабақ | Сұлтан Қалиев шығармашылығы | 45 минут |
|
7-сабақ | Бердібек Соқпақбаев туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау | 45 минут |
|
8-сабақ | «Менің атым - Қожа» повесі Жаттығуларды орындау Шығарма жазу | 45 минут |
|
9-сабақ | Машқар Гумеров туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау | 45 минут |
|
10-сабақ | М. Гумеровтың шығармаларымен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар | 45 минут |
|
11-сабақ | Тіл дамыту Жаттығуларды орындау | 45 минут |
|
Қорытынды | 12-сабақ | 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары | 45 минут |
77-1-сабақ Кіріспе бөлімі
Тақырыбы: Қадыр Мырзалиев — ақын
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
V. Сөздік жұмысы.
басылу - издаваться
жинақ - сборник
жарық көрген - появилась на свет, были изданы
жекелеген өлеңдер - избранные стихотворения
жыр табағы - пластинка
жауапты хатшы - ответственный секретарь
орынбасар - заместитель
мәнері - манера
1-тапсырма. Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиевтің өмірімен танысып, сұрақтар құрау.
2-тапсырма. Төмендегі анықтаманы жоғарыда берілген мәтін бойынша толықтырып жазу.
Жауап үлгісі:
• 1935 жылы 5 қаңтарда Қадыр Мырзалиев Орал облысының Қаратөбе ауданы Жымпиты ауылында дүниеге келген.
• 1952 жылы Қ. Мырзалиевтің түңғыш өлеңі аудандық «Қызыл ту» газетінде жарияланды.
• 1953 жылы екінші өлеңі облыстық «Екпінді құрылыс» газетінде жарық көрді.
• 1959 жылы «Көктем» деп аталатын кітабы жарияланды.
• 1966 жылы Қ. Мырзалиев республика комсомолы сыйлығына ие болды.
• 1980 жылы Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
3-тапсырма. «Әдебиет» сөзінің шығу тарихымен танысып, есте сақтау.
Әдебиет. Жалпы жазба және көркем шығармалар жиыны. «Әдебиет» сөзі бізге араб, парсы тілдерінен кірген. Оның араб тіліндегі тұлғасы «адабун» болса, алғашқы мағыналарының бірі – «тәрбие беру». Ал парсы тілінде «әдиб» сөзі қазақ тіліндегі «жазушы», кейде «ұстаз», «тәрбиелеуші» деген ұғымдарда қолданылады. Осы сөздер негізінде тіліміздегі «әдебиет» сөзі қалыптасқан.
VI. Сабақты қорытындылау.
Жазушының аты – жөні | Туған жылы | Туған жері | Оқыған оқу орны | Қызмет істеген жері | Шығармалары |
Қадыр Мырзалиев |
VII. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, кітап оқудың пайдасы туралы шағын шығарма жазу.
78-2-сабақ
Тақырыбы: «Сабақ» жинағы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.
2-тапсырма. «Сабақ» жинағының әр сабағына сипаттама беру.
Бірінші сабақ табиғаттану туралы
Бұған жылдың төрт мезгілі мен табиғат құбылыстарын суреттейтін өлеңдері енгізілген. Жаңа жылдан бастап келесі жаңа жылға дейінгі жылдың төрт мезгіліне тән ерекшеліктерімен таныстырады. Яғни табиғатпен таныстыру сабағы ретінде алынған.
Екінші сабақ хайуанаттар жайында
Әрине, бұл «төрт түлік» дегеннен гөрі кең ұғым. Жер шарының басқа бір қырқасында тіршілік ететін, атын естігенімен көз көрмеген хайуанаттардың – кенгуру, зебра, түйеқұс – балалар түгіл үлкендер біле бермейтін қасиеттерімен таныстырды. Қасиеттерімен бірге, олардың сырт тұлғасын да суреттеу арқылы таныстырады.
Үшінші сабақ – тіл сабағы
«Ана тілі» деген өлеңімен басталады. Балаға ана тілінің қасиетін және әр адамның өз туған тілі болу керектігін, оған құрметтеп қарауды насихаттайды.
Төртінші сабақ – еңбек
Төртінші сабақ – еңбек. Бұған әр алуан мамандық иелері туралы «Жылқышы», «Қайрақшы», «Үй қараушы», «Наубай», «Шаштараз», т. б. өлеңдер топтастырылған. Сабақтың көздеген мақсаты – адамды адам еткен еңбек екенін айту.
3-тапсырма. Қ. Мырзалиевтің «Септеу» өлеңін жаттау. «Марат» сөзін септеу.
Атау:
Барлығыңа үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
Ілік:
Жеке басым ең алдымен, Мараттың,
Жасы үлкенді сыйлағанды жараттым.
Барыс:
Сенбейсің бе, күнделікті парақта,
Батыл емессің дей алмайсың Маратқа.
Табыс:
Сол үйретті ауылдағы бар атты,
Батыл емес дей алмайсың Маратты.
Жатыс:
Алғыссыз күн болған емес Маратта,
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.
Шығыс:
Қай өнер де табылады Мараттан,
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Көмектес:
Міне, осындай жақсы бала Маратпен,
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттең! (Қ.Мырзалиев)
V. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Қ. Мырзалиевтің балаларға арналған жұмбақтарын түсініп оқып, шешу.
5-тапсырма. Жаңылтпаштарды тез және қатесіз айтуға жаттығу.
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?!
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Жаттау.
79-3-сабақ
Тақырыбы: Қастек Баянбаев — балалар әдебиетінің ақыны
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Қ. Баянбаевтың өмірбаяны мен шығармаларын әңгімелеу.
Кестемен жұмыс:
Жазушының аты – жөні | Туған жылы | Туған жері | Оқыған оқу орны | Қызмет істеген жері | Шығармалары |
Қастек Баянбаевв |
2-тапсырма. Қ. Баянбаевтың «Баламен сырласу» өлеңін түсініп оқып, жаттау.
Бәйек болып Сонда арзан күлкіден
Мәңгілік Өзің аулақ боларсың.
Жүрмес анаң жаныңда, Азамат боп алғасын
Ал ұйқыңды қандырып, Қысыларсың ойнауға.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


