Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
7-7-сабақ Әдептілік Күні: 11.09.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген сөйлемдердің мағынасын түсіндіру. Қарамен жазылған етістердің жұрнақтарын белгілеп, етістің түрін анықтау.
Жауап үлгісі:
сөйлескенде - ортақ етіс
сөйлескен - ортақ етіс
тесіле - ырықсыз етіс
аударыстырып - өзгелік етіс
тарсылдатып - ырықсыз етіс
түйіле - ырықсыз етіс
2-тапсырма. Мәтінді түсініп, рөлге бөліп оқу. Төменде берілген тапсырмаларды орындау. Бұл тапсырманы «Қазымыр оқушы» оқыта үйрету ойыны арқылы да өткізуге болады.
Бірінші кезең: Топта оқушылар мәтінге өз сұрақтарын дайындайды. Қай топ көп сұрақ құраса, сол жеңіске жетеді (10 минут).
Екінші кезең: Топтар кезегімен басқаларына сұрақ қойып, қысқаша жауап алады.
Жүргізуші кім бірінші орын алғанын анықтайды.
Сөздік:
Қызығына берілу – увлечься тебу – пнуть
Қора – сарай есік – дверь
Қақпа – ворота шошала – чулан
Тостаған – посуда қаймақ – сметана
Жайылды – разлилась қорықпа – не бойся
өтірік – ложь айтпау – не говорить
байқаусызда – нечаянно
Тапсырмалар:
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Мереке мен Дүйсен не істеп жүр еді?
2) Нені қақпа қылып ойнады?
3) Шошалаға нені іздеп кірді?
4) Қараңғы жерде нені ақтарып алды?
5) Дүйсен Мерекенің анасына қалай айтамыз деп ұйғарды?
6) Мереке оған қалай жауап қайырды?
7) Дүйсен мен Мерекенің қылығын қалай бағалайсыңдар? Өз ойларыңды айтып беріңдер.
2. Қарамен жазылған сөздерді теріп жазып, етіске қатысты жұрнақтарын белгілеңдер.
3. Екі сөйлемді біріктіріп, бір құрмалас сөйлем құраңдар.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әдептіліктің белгісін жазып алу.
8-8-сабақ Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар
Күні: 12.09.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген суретке қарап, мәтін құрастыру. Мәтін бойынша сұрақтар дайындау. Бұл тапсырма бойынша сыныпты төрт адамнан топтарға бөліп, жұмыс жүргізуге болады. Жұмысты мына жоспар бойынша жүргізе алады.
1. Суретте бейнеленген зат есімдерді, етістіктерді, сын есімдерді теріп жазып, сөз тіркестерін құрау. Сын есім+зат есім; зат есім+етістік; сан есім+зат есім.
2. Құрастырылған сөз тіркестерінен жай сөйлем құрау.
3. Жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құрау.
4. Сурет бойынша жоспар құру.
5. Мәтін құрау. Мәтінге ат қою.
2-тапсырма. Өздерінің отбасыларындағы немесе достарының ағалары, інілері арасындағы қарым-қатынастары туралы өзара сұхбаттасу.
3-тапсырма. «Көке» мәтінін түсініп, «көке» деген сөздің қандай мағына беретінін анықтау. Құрмалас сөйлемді тауып, тұрлаулы мүшелерін белгілеу. Бұл тапсырманы «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны арқылы да өткізуге де болады.
Ойынның шарты:
Оқушылардың әрқайсысы мәтін бойынша сұрақ құрап қағазға жазады. Жүргізушінің қолындағы сандықшаға ез сұрақтарын салады. Содан соң әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.
Көке
«Көке» - ежелгі түркі сөзі, баланың ағасы деген мағынаны білдіреді. Бұл атау кейін келе мағыналық өзгеріске ұшырады. Оңтүстік қазақтары «көке» деп әкесін айтады. Сәбиін айналып – толғанып ананың «көкешім» деп отыратыны, не болмаса жалынышты адамның «әкетай, көкетай, ағатай» деп өтінуі, аталмыш сөздің әр түрлі мазмұндық сипатын көрсетеді.
(Ш. Ерназаровадан).
V. Сабақты қорытындылау.
Синквейн: Бес жолды өлең құрастыру.
Аға. Іні
Қорғайды, аялайды. Көмектеседі, оқиды.
Ақылды, үлкен, мықты. Сыпайы, кішіпейіл, инабатты.
Менің ағам ақылды. Менің інім жақсы оқиды.
Көке. Бауыр.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
9-9-сабақ Сезімталдық Күні: 16.09.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сөздік жұмысы. Сөздік
сезімталдық - чувствительный
ғажайып - удивительный
сыр - секрет, тайна
жетілдіру - совершенствовать
дамыту - развивать
бейне - образ
бауырмалдық - отзывчивость, доброта
жанашырлық - заботливость
ізгілік - благодеяние
ІІІ деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын сақтап, қысқаша жазыңдар.
2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрып, өзара сөйлесіңдер.
ІІ деңгей
1. «Сезімталдық» ұғымына сипаттама беріңдер.
2. Мәтіннің мазмұны бойынша бір сабақтас, бір салалас құрмалас сөйлем құрап, бастауыш, баяндауышын табыңдар.
І деңгей
«Сезімталдық» ұғымының мағынасын түсіндірме сөздікті пайдалана отырып, айтып беріңдер. Сендердің отбасыларыңда ата – аналарың осы қасиетті қалай дамытады?
IV. Бекіту.
2-тапсырма. ң сөзін түсіндіру.
«Адам бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін. Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың».
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, ішінен қарамен жазылған зат есімдерді теріп жазу. Сол зат есімдердің мағынасын түсіндірмелі сөздік арқылы анықтау.
Жақсылық – Әділетсіздік -
Жамандық – Борыш -
Зұлымдық – Намыс -
Махаббат – Ар -
Әділеттік – Ождан -
Іс-әркті - Мінез – құлық ережесі -
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
9-9-сабақ Нәтиже сабақ Күні: 16.09.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Берілген сөйлемді мағынасына қарай аяқтаңдар. «Аналарды ардақтау, жан-жақты қамқорлық жасау -... ».
A) тілегіміз B) көмекшіміз C) парызымыз D) қамқорлығымыз
2. Жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болатын құрмалас сөйлем қалай аталады?
А)салалас B) сабақтас C) аралас D) құрмалас
3. Сөз басы неден басталады?
A) сәлемдесуден B) көңілден C) бір қарағаннан D) халықтан
4. Сөйлемдегі етістің түрін табыңдар. Отбасы мүшелері ақылдасты.
A) өздік етіс B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс
5. Тай өссе, ат тынығады, Ұл өссе, (кім?) тынығады.
A) ана B) әке C) ата D) іні
6. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар: «...тұрып ұл сөйлегеннен без,... тұрып қыз сөйлегеннен безі».
A) бауыры B) әке, шеше C) үлкен, кіші D) аға, іні
7. Берілген мысалдардағы етіс түрін табыңдар: айтылды, салынды, отырғызылды.
A) өздік етіс B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс
8. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Берілген сөйлем сабақтас құрмаластың қай түріне жатады?
A) мезгіл бағыныңқылы B) шартты бағыныңқылы
C) себеп бағыныңқылы D) қимыл-сын бағыныңқылы
9. Қайсысы сәлемдесудің түріне жатпайды?
A) Қайырлы таң! B) Кеш жарық! C) Сәлеметсіз бе! D) Кездескенше.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


