Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

1. Менің қарынм ашқан кезде... .

2. Мен шөлдеген кезде... .

3-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді мәтін бойынша мағынасына қарай толықтырып жазу.

Жауап үлгісі:

Лицей асханасының ас мәзірі күнделікті өзгеріп отырады. Бірінші күні көбіне біріншіге борщ, екіншіге манты беріледі. Екінші күні біріншіге сорпа. екіншіге палау беріледі. Үшінші күні балық күні, ылғи балықтан жасалған тағамдар жасалады. Төртінші күні жеңіл күріш сорпасы мен картоп беріліп жүр. Бесінші күні біріншіге сүт кеспе, екіншіге қуырдақ берілсе, алтыншы күні көбіне біріншіге күріш сорпасы, екіншіге тұшпара беріледі.

4-тапсырма. Берілген диалогті оқып, ұқсас диалог құрау.

- Алло, сәлеметсіз бе, мен түскі асқа сіздерге тапсырыс берейін деп едім.

- Иә, айта беріңіз, тыңдап тұрмын. Бізде түсте орын бар, келе беруіңізге болады.

- Екі адамға тапсырыс берсем бола ма? Досыммен баратын едім.

- Жарайды, бір сағаттың ішінде тапсырысыңыз дайын болады.

- Олай болса, екі адамға ас мәзіріндегі бірінші екінші, үшінші тағамдардан дайындап қоярсыз.

- Тапсырысыңызды қабылдадық, күтеміз.

- Сау болыңыз.

- Кездескенше.

V. Сабақты қорытындылау.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

«Кім жылдам?» ойыны:

Оқушыларға бір апталық ас мәзірін жазуға тапсырма беріледі. Кім тез жазып оқып береді, сол ең шапшаң әрі ақылды атанады.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген қатарға ас мәзірінде не болу керектігін тізіп жазу.

33-33-сабақ Асқа тапсырыс беру 28.10.2015ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Диалог бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сынып 3 адамнан топтарға бөлінеді. Тақырып материалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Бір сабақта әр оқушыға 4 тапсырмадан болса, жеткілікті. Мүнда III деңгей тап-сырмаларын бермеген дүрыс. Жауаптары жеке парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мүғалімнен кеңес алуға болады). Бірінші тап-сырманы орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сосын 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. әр тапсырма бағаланып, нәтежесі бағалау парағына жазылып отырылады. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауаптарын қорыта келе, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

ІІІ деңгей

1. Бірінші және екінші тағамдардың айырмашылығын түсіндіріңдер.

2. Берілген сұхбат бойынша бірнеше сұрақ құраңдар.

ІІ деңгей

1. Сөйлемдердегі үш сөзге фонетикалық талдау жасаңдар.

Біздің асханамызда даяшы жоқ, өйткені бұл мейрамхана емес. Әркім өзіне - өзі қызмет етеді.

2. Сөз тіркестерін пайдалана отырып, сөйлемдер құраңдар.

Сүт қатқан шай, ыстық палау, дәмді шырын.

І деңгей

Мектептегі асханада асқа тапсырыс беру туралы айтып беріңдер, өзара диалог құраңдар.

2-тапсырма. Төмендегі диалогті толықтыру.

- Сіз асханада неше мезгіл тамақтанасыз?

- ...

- Асхананың қызметкерлері қандай?

- ...

- Асханада қандай тағамдар бар?

- ...

- Сіз бірінші мен екіншіге не аласыз?

- ...

- Шай ішесіз бе?

- ...

- Шайға неше қасық қант саласыз?

- ...

- Ұлттық тағамдардан не аласыз?

- ...

- Асхананың іші қандай?

- ...

V. Сабақты қорытындылау. Венн диаграммасы:

Асхана мен мейрамхана ас мәзірлерін салыстыру.

Асхана Мейрамхана

 

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Берілген тағамдарды түріне қарай бөліп жазу.

9-сабақ Дүкеннен азық-түлік алу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Тақырыпқа байланысты сөздікті қолданып, мәтін құрау.

Азық-түлік дүкені – продуктовый магазин нан бөлімі – хлебный отдел

Сүт бөлімі – молочный отдел ет бөлімі – мясной отдел

Тәтті тағамдар бөлімі – кондитерский отдел қант – сахар

Кәмпит – конфета күріш – рис

Кеспе – лапша кілегей – сливки

Май – масло сүзбе – творог

Ірімшік – сыр еріткен май – топленое масло

Сүт – молоко тоқаш – булочка

Нан – хлеб ақ нан – белый хлеб

Қара нан – черный хлеб ет – мясо

Жаңа піскен нан – свежий хлеб қой еті – баранина

Сиыр еті – говядина жылқы еті – конина

Шұжық – колбаса қаз еті – гусиное мясо

Тауық еті – куриное мясо алма – яблоко

Алмұрт – груша сәбіз – морковь

Картоп – картофель қияр – огурец

Пияз – лук сарымсақ – чеснок

Қызанақ – помидор орамжапырақ – капуста

Шалғам – редиска аскөк - укроп

2-тапсырма. 1-тапсырмадағы құрастырылған мәтінді қолданып, тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар дайындау.

3-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, адам өміріндегі нанның рөліне байланысты мақал-мәтел тауып айту. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Нан бөліміндегі нанның түрлеріне сипаттама беріңдер.

2. Сендер дүкеннен нанды қанша теңгеге аласыңдар? Әңгімелеп беріңдер.

ІІ деңгей

1. Нан туралы халқымызда қандай тыйым сөздер мен мақал – мәтелдер бар екендігін айтыңдар.

2. Берілген сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.

Нан, ұн тағамдары, арзан, қымбат, сатып алу.

І деңгей

Нанның қалай дайындалатыны туралы қосымша мәлімет жинап, өзара әңгімелесіңдер.

4-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға ойланып жауап беру.

«Өз жартыңды тап» ойынын өткізу.

Ойынның шарты:

Мұғалім екі-екіден кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кестелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.

Сұрақтар:

1. Сен Жаңа жыл дастарқанына дүкеннен қандай азық-түлік сатып алар едің?

2. Тоңазытқышта ешқандай тамақ қалмады. Сен ең бірінші қай азық-түліктен бастап алар едің?

3. Сен азық-түлікті базардан алар ма едің, әлде дүкеннен алған тиімдірек пе?

4. Азық-түлік аларда оның бағасына қарайсың ба, әлде сапасына қарайсың ба?

V. Сабақты қорытындылау. Синквейн әдісі: Нан.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген диалогті оқып, үлгі бойынша ұқсас диалог құрау.

34-34-сабақ 29.10.2015ж.

Тақырып: Мазмұндама «Қазақ халқы қонақжай» (қысқы мазмұндама)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың қазақ халқы, ның қонақжайлығы туралы білмдерін бақылау, білім деңгейін тексеру;
2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға, есте сақтауға, бағыттау, оқушының зейінін, ойын дамытуға, оқушының іс-әрекетке ұйымдастыру.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
II. Мазмұндама жазуда нені ескеру керек?
1. Оқушының білім деңгейін;
2. Дағдысын
3. Жас ерекшілігін
4.Оқушыны неге үйрету
5.Мазмұндама түрін ( негізінде мазмұндаманың 5 түрі бар:бақылау мазмұндама,үйрету
мазмұндама,қысқа мазмұндама, тапсырмасы бар мазмұндама, таңдамалы мазмұндама)
III. Кірспе әңгіме: мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді, мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды, өйткені кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.
IV. Мәтінмен танысу, мәтін бойынша жұмыстар:
1. Мәтінді асықпай, жағымды дауыспен, салмақпен оқу керек. Түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлерге жаздырады, кейбір қиын, жаңа сөздерді тақтаға жазып қояды. Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп бірінші бағанаға жазады, екінші бағанаға етістіктерді жазады. Содан кейін оқушылар бірінші мен екінші бағаналардағы сөздермен сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.
2. Оқушының мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін тексеруі қажет. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінбесе түсіндіруі керек. Мұғалім өзі түсіндірмей тек сұрақ арқылы оқушыларды мәтінді түсінуге жетелейді.
Мысалы: - Мәтінде не туралы айтылған? Басты дәстүрлер қандай? деген сияқты сұрақтар арқылы іске асады.
3.Жоспар құрастыру. ісованың «Мәтін бөліктері» ойынын өткізуге болады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Әр топ мәтіннің белгілі бөлігін табады.
Мысалы: I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III.Қорытынды бөлім
IV. Толықтыру.
4.Мәтінді екінші рет оқу, не өте жақсы оқитын оқушыға оқыту. Бұдан соң мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді.
5.Тілдік тапсырмалармен байланыстырады. Ол үшін тірек сөздерді қолдану, сөйлемнің сөз тіркестерін білгілі бір үлгілерін қолдану т. б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет.
6.Дұрыс жазу.Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушыларға ескерту керек.
7.Үндестік заңын ескерту.
8.Мазмұндама жазу.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48