Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау.
40-4-сабақ Тамақтану мезгілі Күні: 18.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.
Тамақтану тәртібі дегеніміз ас қабылдауда белгілі бір уақытқа бағыну және тамақтану кезінде астың мөлшерін және мәзірін сақтау дегенді білдіреді. Тамақтану тәртібіне мынадай ережелерді жатқызуға болады: тамақтану барысында тәуліктік кесте белгілеу, тәулігіне үш немесе төрт рет тамақтану керек, тамақ құнарлы болғаны жөн, тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы керек. Тамақтану кезінде адам өзінің ас қабылдау қабілеті, көңіл күйіне назар аудару керек.
Сөздік:
Бағыну – подчинение мөлшер – норма
Сақтау – соблюдать ережелер – правила
Тәуліктік кесте – суточный график құнарлы - питательный
2-тапсырма. Тамақтанудың негізгі ережелерін қолдана отырып, әңгіме құрау.
Тамақтану ережелері: тойып тамақ ішпе, тағамның мөлшерін сақта, сапасына назар аудар, тәбет болмай, ас ішпе, тамақтанудың мезгілін сақта, тамақты асықпай іш.
3-тапсырма. Кестедегі сөздерді қолданып, сұрақтарға жауап беру.
Жауап үлгісі:
1. Күніне неше рет тамақтану керек? | Төрт рет. |
2. Тәуліктің ас мәзірі қандай болу керек? | Әр түрлі тағамдар түрі болуы керек. |
3. Тамақтану тәртібі дегеніміз не? | Ac қабылдағанда белгілі бір уақытқа бағыну. |
4. Тамақтану мезгілін неге сақтау керек? | Денсаулық үшін. |
4-тапсырма. Тамақтанудағы қателіктерді есте сақтау. Осы аталған қателіктер сендерде кездесе ме? Осы жөнінде достарымен өзара сөйлесіп, диалог құрау.
Тамақтанудағы он қателік:
1. Тамақты көп жейміз.
2. Майлы тамақты жақсы көреміз.
3. Қандай тағамды ішіп – жегеніміз жөн, оны таңдап – талғай білмейміз.
4. Әр түрлі сұйық асты көп ішеміз.
5. Өз уақытында тамақтанбаймыз. Дастарқан үстінде тамақты тез ішіп, тез жейміз. Тамақтану мерзімімен санаспаймыз.
6. Тәттіні көп жейміз. Қант, конфет, торт, т. б. асыра ішіп – жейміз.
7. Тамақты жақсы әзірлеп, дұрыс сақтай білмейміз.
8. Кешкілік теледидар көріп отырып, тамақ ішкенді ұнатамыз.
9. Тағамдардың құрамына көңіл бөлмейміз. Бізге міндетті түрде әр тамақтың құрамында қанша белок, май, көмір, дәрумендер мөлшері бар екенін білген жөн.
10. Тамақты жасқа қарай ішіп – жеуге тиістіміз.
(М. Сүлеймен)
V. Сабақты қорытындылау.
«Өрмекші торы» әдісі: Оқушылармен ойын арқылы сабақты қорытындылаймын.
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. Берілген диалогті сұрақтармен толықтыру.
41-5-сабақ Ac үйде қандай тағам дайындағанды ұнатасың? Күні: 19.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген диалогті оқып шығып, сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Жанар қандай салат дайындап жатыр?
2. Түскі асты кім әзірлейтін болды?
3. Түскі асқа не бар екен?
4. Сәбіз салатының әдісі қандай?
2-тапсырма. Берілген мәтінді түсініп оқып, көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қою.
Жауап үлгісі:
«Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа бер» деген қағида бар. Ол - өмірден алынған тәжірибе, ақиқат. Яғни үйықтар алдында тоя тамақтануға болмайды. Ол семіздікке алып келетін жағдай. Себебі тамақтанғаннан кейін 2-3 сағат өткенде іштегі тағамдық заттар белсенді түрде сіңіріле бастайды.
3-тапсырма. Берілген жұмбақтарды шешу.
Алға жайып тұз - дәмін,
Келтіреді үй сәнін.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кең пейіл де арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (Дастарқан)
Өзі ащы, Бірақ
Дәмді етер асты. Бұл не? (Тұз)
Түсі аппақ,
Тысы қатты – ақ.
Екі түрлі уызы,
Жесең тәтті – ақ. Бұл не? (Жұмыртқа)
Сұйық еді аппақ,
Бауырдай боп қатыпты.
Ішсең дәмі тәтті – ақ. Бұл не? (Сүт пен айран)
Әжем уыстап сығып,
Далада кептірген.
Қатты әрі тәтті,
Дәмін кім бар жеп көрген. Бұл не? (Құрт)
4-тапсырма. Берілген сөздерді септеу.
Тағам, досым, сәбіз, салат, мәзірі, дастарқан.
V. Сабақты қорытындылау.
Топтастыру әдісі:
Өздері білетін салат түрлерін жазу. Бір түрінің қалай дайындалатыны туралы айтып беру.
САЛАТ
VI. Үй тапсырмасы. Ас, тағамға байланысты жұмбақ тауып жазып келу.
42-6-сабақ Асхананың тазалығын сақтау Күні: 20.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу.
2-тапсырма. Берілген сын есімдерге тиісті қосымшаларды қолданып, асхана тазалығы туралы әңгімелеу. Сын есімдердің негізгі, туынды түрлерін ажырату.
Жауап үлгісі:
Тірек сөздер | Сын есім |
жарық | негізгі |
таза | негізгі |
кең | негізгі |
ыңғайлы | туынды. |
қоңыр салқын | негізгі |
сөнді | туынды |
көлемді | туынды |
жарығырақ | туынды |
көп бөлмелі | туынды |
жинақы | туынды |
жарасымды | туынды |
3-тапсырма. Тірек сызбаны қолданып, асхананың тазалығы туралы әңгімелеп беру.
![]() |
Асхана
тазалығы
4-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді дұрыс құрау.
Жауап үлгісі:
1) Мен досыммен бірге асханаға бардым.
2) Асханада ұлттық тағамдардан палау, қуырдақ, қазақша ет бар.
3) Асхананың іші жарық, кең әрі таза.
5-тапсырма. Тақырыпқа арналған қосымша сөздікті қолданып, шағын мәтін құрап жазу.
дастарқан мәзірі – меню тағам - еда, пища
түр – вид асхана - столовая
салқын тағам - холодные блюда ыстық тағамдар - горячие блюда
сүт тағамдары - молочные продукты тәтті тағамдар - сладкие блюда
сусындар - напитки даяшы - официант
ішемін - пью ұнатамын - нравится
ұнатпаймын - не нравится тамақтанамын - покушаю
әркім – каждый өзіне қызмет етеді - самообслуживание
кезек - очередь
V. Сабақты қорытындылау.
«Он сөз айт» әдісі:
Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Бір оқушы маңдайына белгілі бір сөзді жазып алады да, сол сөз туралы оқушыларға сұрақ қойып шығады. Он сұрақ қойып, сол сөзді тауып алса, жеңіске жетеді.
VI. Үй тапсырмасы.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдерді үлгі бойынша келер шаққа айналдырып жазу.
43-7-сабақ Асханадағы үстелді сәндеу ережелері Күні: 21.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойып, сөйлемдердің бастауыш пен баяндауышын табу.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |



