Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
4. Өзің күніне неше мезгіл тамақтанасың? Асханаға жиі барып тұрасың ба?
5. Мектеп асханасы қалай безендірілгені туралы айтып беріңдер.
6. Үйіңде анаңа ыдыс жууға, тамақ пісіруге көмектесесің бе? Үйдегі ас үй қалай жабдықталған? Шағын әңгіме құраңдар.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау
46-11-сабақ | 8-сынып Қазақ тілі Күні: 28.11.15ж. |
Сабақ тақырыбы | Диктант «Ертіс өзені» |
Жалпы мақсаттар | Сөйлем мүшелері, сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау. Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау. Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету. |
Оқыту нәтижелері | Топта белсенділік көрсетуге тырысады; Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады; пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады. |
Негізгі идеялар | Диктант - сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі. |
Дереккөздер, сілтемелер | Қазақ тілі «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы». . 2002 ж. |
Ынтымақтастық атмосфера тудыру | Мұғалім жазбалары |
Еркін әңгімелесу. Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар? Ауа - райы қалай? Сен сыныпқа келгенде кімдер болды? | |
Тұсаукесер | Ø Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау. Ø Мәтінге кіріспе сұрақтар беру. Ø Басқа да білетін өзендері туралы айту. |
Мағынаны тану | Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары. Ертіс өзені Табиғаттың адамға, оның мінез – құлқына ететін әсері туралы айтқанда, есіме Ертіс өзені, Шыңғыстау аймағы түседі. Ертіс – сұлу, сылқым өзен. Сонау Зайсаннан бастап, алтынды аймақ кербез Алтайды қақ жарып өтеді. Ерке мінезді, сылаң қағып ағатын өзен. Арнасы кең, тоғайы мол өңірді жара ағып, алысқа кетіп жатқан үлкен өзен өз өңіріндегі елге, жерге, тіпті, ерге талай мінез, талай сый берген. Кейде толқып, кейде кенересінен аса төгіліп, неше түрлі бұраңға, бұлтарысқа салып ағатын сұрғылт түсті асау ағын өз тұрғындарына талай ой салып, жанын тербеген болар. Ертіс жағасында өскен Темірбек бойында сол өзі туған жердің суреті, жүрегіне салған ізі бардай. (96 сөз) . |
Жазу кезеңі Бір сөзге дыбыстық талдау жасау. Бір сөзді септеу. | |
Қосымша тапсырмалар | Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою. |
Ой толғаныс | Есіл өзені туралы не білесіңдер? |
Үйг тапсырма: | Емле ережлерін қайталау. |
Бағалау | Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету. |
48-12-сабақ. 8-сынып. Күні: 2.12.15ж.
Тақырып: Мазмұндама «Қазақ халқы қонақжай» ( қысқы мазмұндама)
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушылардың қазақ халқы, ның қонақжайлығы туралы білмдерін бақылау, білім деңгейін тексеру;
2.Дамытушылық: жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдануға, ойлау еңбегіне,өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге,қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: оқушыларды мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға, есте сақтауға, бағыттау, оқушының зейінін, ойын дамытуға, оқушының іс-әрекетке ұйымдастыру.
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, кезекшілермен әңгімелесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
II. Мазмұндама жазуда нені ескеру керек?
1. Оқушының білім деңгейін;
2. Дағдысын
3. Жас ерекшілігін
4.Оқушыны неге үйрету
5.Мазмұндама түрін ( негізінде мазмұндаманың 5 түрі бар:бақылау мазмұндама,үйрету
мазмұндама,қысқа мазмұндама, тапсырмасы бар мазмұндама, таңдамалы мазмұндама)
III. Кірспе әңгіме: мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді, мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды, өйткені кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.
IV. Мәтінмен танысу, мәтін бойынша жұмыстар:
1. Мәтінді асықпай, жағымды дауыспен, салмақпен оқу керек. Түсініксіз сөздерді сөздік дәптерлерге жаздырады, кейбір қиын, жаңа сөздерді тақтаға жазып қояды. Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп бірінші бағанаға жазады, екінші бағанаға етістіктерді жазады. Содан кейін оқушылар бірінші мен екінші бағаналардағы сөздермен сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.
2. Оқушының мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін тексеруі қажет. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінбесе түсіндіруі керек. Мұғалім өзі түсіндірмей тек сұрақ арқылы оқушыларды мәтінді түсінуге жетелейді.
Мысалы: - Мәтінде не туралы айтылған? Басты дәстүрлер қандай? деген сияқты сұрақтар арқылы іске асады.
3.Жоспар құрастыру. ісованың «Мәтін бөліктері» ойынын өткізуге болады. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.Әр топ мәтіннің белгілі бөлігін табады.
Мысалы: I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
III.Қорытынды бөлім
IV. Толықтыру.
4.Мәтінді екінші рет оқу, не өте жақсы оқитын оқушыға оқыту. Бұдан соң мәтінді 2-3 оқушыға жоспар бойынша әңгімелетеді.
5.Тілдік тапсырмалармен байланыстырады. Ол үшін тірек сөздерді қолдану, сөйлемнің сөз тіркестерін білгілі бір үлгілерін қолдану т. б. осы сияқты тапсырмалар арқылы жүзеге асыру қажет.
6.Дұрыс жазу.Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушыларға ескерту керек.
7.Үндестік заңын ескерту. Сөздік жұмысы.
8.Мазмұндама жазу.
"Қазақ халқы қонақжай"
Жоспар:
1. Қазақтарда қонаққа қатысты қандай түсініктер бар.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері:
а) Қонақ күту - ең жауапты іс.
б) қонақтарға сусын беруі.
в) "мырза үй" мен "сараң" үй
3. Шетелден келген қонақтардың пікірі.
Қазақ халқы танымаса да, "құдайы қонақпын" деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ халқында "қазақтың бірі қыдыр" деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы: "Алланың жіберген сыйы қырық адаммен бәрге келуі мүмкін". Сондықтан "қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, кейін қашып кетеді" деген түсінік бар.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күпеу - ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Бұл - қонақпен келген "құт", "ырыс" бәрге кірсін дегені.
Қонақ күту - қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. ең алдымен, қонақтарға сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі жағдай жасайды. ауылдағы әнші, күйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонвқты жақсы қарсы алған үйді "мырза үйі", ал дұрыс қарсы алмаған үйді "сараң" дейді.
Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар "қазақ халқы - қонақжай халық " деп бекер айтпайды.
( Ш. Бектұров)
V. Үйге тапсырма беру: ережелерді қайталау.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


