Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
2-тапсырма. Берілген тірек сызбаны қолданып, өзара диалог құрау. Сызба бойынша сұрақтарға жауап беру. «Өз жартынды тап» ойынын өткізу. Ойынның шарты:
Мұғалім екі-екіден кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
Сұрақтар:
1. Дастарқан әдемі көрінуі үшін үстелден қанша сантиметр салбырап тұруы қажет?
2. Ыдыс-аяқты қалай таңдап алу керек?
3. Тәрелкенің сол жағында және оң жағында нелер орналасады?
4. Үстелде майлықтар қандай болуы керек?
5. Үстелдегі қосымша элементтерге нелер жатады?
Кластер жасау:
Оқушылар дастарқанды сәнді әзірлеудің үлгісін қағаз бетіне түсіріп, ортаға шығып қорғайды. өз ойларын еркін жеткізіп, пікір тыңдайды.
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Сөйлемді мағынасына қарай толықтыру.
Мен тамақ іштім.
Сен үстелді сәндедің.
Сіз салат жасадыңыз.
Ол ой дайындады.
Біз асханаға бардық.
Сендер қонақ күттіңдер.
Сіздер жеміс-жидек сатып алдыңыздар.
Олар асқа тапсырыс берді.
VI. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. Тірек сызба бойынша толықтыру.
44-8-сабақ Асханада ыдыс жуу тәртібі Күні: 25.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, төмендегі үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сөздік:
Талаптар – требование
Ішек аурулары – кишечные заболевания
Қоғамдық тамақтану орындары – места общественного питания
Ыдыстарды шаю – полоскать посуду
Ыдыстарды кептіру – просушить посуду
ІІІ деңгей
1. Мәтінге байланысты сұрақтар дайындаңдар.
2. Сөздерді пайдаланып, ыдыс жууға байланысты сөйлемдер құраңдар.
Таза, талаптар, шаю, жуғыш заттар, дайындау.
ІІ деңгей
1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Асхана ыдысын жуу кезінде талаптарды сақтау керек.
2. «Ыдысын көріп, асын іш» деген мақалдың мағынасын түсіндіріңдер.
І деңгей
Ата – аналарыңа ыдыс жууға көмектескендерің туралы шағын әңгіме құраңдар.
2-тапсырма. Ыдыс-аяқтың маңызы туралы мәтінді оқып, мағынасын түсіндіру. Аталған ыдыстар туралы әңгімелесу. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Ата-бабаларымыз ыдысты неден жасаған?
2. Қазан қандай ыдыс?
3. Саба дегеніміз не?
4. Ешкі терісінен сусын құюға арналып жасалатын ыдыс қалай аталады?
5. Талқан, тары түю үшін не қолданылады?
Сөздік:
Тұрмыс – быт жылқы – лошадь
Ешкі терісі – козья шкура (шевро) қазан – казан
Кәделі – обрядовый шағын ыдыс – маленькая посуда
Тары – просо заман ағымы – течение времени
V. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Ыдыс-аяқ туралы жұмбақтарды шешу.
Отқа қойсаң елпілдеп, Сабы бар, басы шатыр,
Быж – быж етіп тұншығар. Табысын өлшеп әкеп,
Тақиясы селкілдеп, Құдыққа тасып жатыр.
Танауынан су шығар. (Шәйнек) (Қасық)
Өткір жүзді келеді, Баы – құдық, сабы – сырық.
Өте қажет құрал ол. (Ожау)
Ұсақтап та турар ол. (Пышақ)
VI. Үй тапсырмасы.
3-тапсырма. Мәтіндегі сөйлемдерге назар аударып, төмендегі мысалдардың дұрыстығын анықтау, үлгі бойынша жазу.
45-9-сабақ Асхананы жабдықтау Күні: 26.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді қою.
Жауап үлгісі:
Олар кеңінен отырып ас ішті. Мен онымен бірге тамақтандым. Біз асхананы кешкі асқа әзірледік. Осы асханада достарыммен кездесу өткіземін. Бәріміз асхананы қажетті заттармен жабдықтадық. Самат бізбен асханада кездесетінін айтты.
2-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтау. Жауап үлгісі:
1. Асхананы жабдықтау үшін... 2. Үстелдің үсті әрқашан... 3. Асхана ыдыстары бірдей ... 4. Асхананың қабырғасына түрлі 5. Асхананың ауасы... 6. Асханада тазалық әрқашан... | 1. тұрмыстық құралдар қажет. 2. тазартылып тұруы қажет. 3. болғаны абзал. 4. суреттер ілінгені әдемі. 5. таза болуы керек. 6. сақталуы керек. |
4-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінен сөйлемдер құрау.
Асхана жабдығы, үстел тазалығы, кең бөлме, алма шырыны, салқын тағамдар, тамақ әзірлеу, майлықтарды дайындау, ыдыс-аяқты тазалау, әдемі суреттерді ілу, қажетті заттар.
Жауап үлгісі: Асхана жабдығы түгел болған жағдайда ғана тамақ әзірлеуге кірісу керек. Үстел тазалығы белгілі бір этикаға сай келуі тиіс. Үстелдер мен орындықтар тұрған кең бөлме жарық болғаны дұрыс. Даяшы үстелдерге алма шырынын қойып шықты. Бұл асханада салқын тағамдар өте дәмді жасалады. Тамақ әзірлеу үшін керекті заттарды алдын – ала даярлап қою керек. Әр үстелге майлықтарды дайындап, сәндеп қойыпты. Ас ішіліп болған соң ыдыс-аяқты тазалау керек. Асхананың қабырғаларына әдемі суреттерді іліп қойыпты. Қажетті заттардың бәрі өз орындарында тұр.
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Жақында анасы не ашқан?
2. Асхананы жабдықтауға кімдер көмектескісі келді?
3. Асхананы жабдықтауға байланысты кеңесті қайдан қарайтынын айтты?
VI. Үй тапсырмасы.
5-тапсырма. Сөздерге фонетикалық талдау жасау.
46-10-сабақ Нәтиже сабақ Күні: 27.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Тамақ ішкенде ... оқыма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.
А) теледидар В)радио С) кітап Е) тігін
2. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар.
Ac ішіп болған соң, «...» деуге болмайды, «...» деу керек.
A) іштім, болдым
B) тойдым, болдым
C) тойдым, қанағат
D) қанағат, болдым
3. Бата жасау, ас қайыру сияқты жораларды сыйлы адам... күтеді. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауын қойыңдар.
A) –ды B) –нан C) –ға D) - нда
4. «Дастарқанға ең бірінші (не?) қойылады». Берілген сұраққа жауап беріңдер.
A) сүт B) қант C) нан D) бал
5. Тамақтану барысында неден сақтану керек?
A) тамақтан
B) қомағайлықтан
C) аштықтан
D) тәтті тағамдардан
6. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.
«Тамақтың ... назар аудар».
A) ащылығына B) сапасына C) тәттілігіне D) көптігіне
7. Асханада кезекке не үшін тұрамыз?
A) оқу құралдарын алу үшін
B) сабақ оқу үшін
C) асқа тапсырыс беру үшін
D) ыдыс жуу үшін
8. Берілген мақалды мағынасына қарап аяқтаңдар. «... көріп, ... іш».
A) ыдысын, асын B) ыдысын, сүт C) асын, тамағын D) ыдысын, жу
9. Қымыз құюға арналған жылқы терісінен жасалған ыдыс қалай аталады?
А) саба B) торсық C) қазан D) ожау
10. Асхананың қабырғасына түрлі нелер ілінуі керек?
A) суреттер B) кітаптар C) жапқыштар D) теледидарлар
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
1. Этикеттік орамдардың түрлерін анықтап, әрқайсысына сипаттам беріңдер.
2. Мектеп асханасында өздеріңді қалай ұстайтындарың туралы әңгімелеп беріңдер.
3. Қазақ халқында дастарқан басында қандай ырыс – тыйымдарды сақтау керек.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


