Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Қамсыз жүрген шағыңда. Ғұмырыңды арнарсың
Кейін ақыл кілтімен Халық қамын ойлауға.
Алуан сырды ашарсың.
4-тапсырма. Сөйлемдердегі тұйық етістіктерді теріп жазу.
1. Жаңылпаштың негізгі қызметі – тіл сындыру, дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.
2. Жаңылтпаштың мақсаты – жаңылдыру, тілді тұсау, күрмеу емес, қайта балаға ой салу көкірегіне сәуле түсіру.
3. Қ.Баянбаевтың жаңылтпаштары:
Оқуға салақтар, Қаштым қатты-ақ,
Тек кітап парақтар. Ұшты қалпақ.
Сабақта алақтар, Балақ сатпақ,
Далада далақтар. Аяқ батпақ.
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Жұмбақтарды шешу.
1. Оны кір жейді, кірді бұл жейді. (Сабын)
2. Ұшында бір тамшы, уы бар сұр тамшы. (Жылан)
3. Бөлменің көзі, көрмейді өзі. (Терезе)
4. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (Телескоп)
VI. Үй тапсырмасы.
5-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара әңгімелеу.
80-4-сабақ
Тақырыбы: Ескен Елубаевтың өмірі
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
Кестемен жұмыс:
Жазушының аты – жөні | Туған жылы | Туған жері | Оқыған оқу орны | Қызмет істеген жері | Шығармалары |
Ескен Елубаев |
1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Ескен Елубаев кім?
2) Ол қайда туған?
3) Ақын қандай оқу орындарында туған?
4) Қандай қызмет атқарған?
5) Ақынның алғашқы өлеңдері қайда жарияланған?
2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп жазып, емлесі туралы айтып беріңдер.
ІІ деңгей
1. Мәтін бойынша жоспар құрып, әңгімелеңдер.
2. Ақынның өмірбаянына анықтама дайындаңдар.
І деңгей
Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, Е. Елубаевтың балаларға арналған жинақтарына сипаттама беріңдер.
Кластер жасау:
Оқушыларға берген қағаздарына Е. Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп жазу тапсырмасы беріледі. Жазып болған соң әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Берілген сөздерді септе:
Балалар, өлең, ақын.
V. Сабақты қорытындылау.
«Өрмекші торы» әдісі:
Оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Содан соң бір оқушы қолына орама жіп алып, сабаққа байланысты бір сөз айтып екінші оқушыға береді. Оқушылар бір – біріне жіп лақтырып, оны ұстап осылайша өрмекші торын құрады.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
81-5-сабақ
Тақырыбы: Ақынның шығармалары
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтық мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Әр сөйлемге сұрақтар құрап, диалог дайындау.
1) Е. Елубаев шығармаларының негізгі тақырыбы – балалар өмірі.
2) Ақын өлеңдерінің көбі диалог түрінде құрылған.
3) Е. Елубаев шығармаларында балаларды еңбекті сүюге, бостан – босқа көше кезіп жүруден аулақ болуға үйретеді.
4) «Туады, шығады, түседі, келеді» деген өлеңінде табиғаттағы жыл мезгілдерінің ауысуын суреттеген.
2-тапсырма. Е. Елубаевтың өлеңін мәнерлеп оқуға жаттығу.
Оқушылар кезекпен өлеңді мәнерлеп оқып шығады. Өлеңде не туралы айтылғаны жайлы айтып беру.
Кластер жасау:
Кластер жасау:
Оқушыларға берген қағаздарына Е. Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп жазу тапсырмасы беріледі. Жазып болған соң әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, не туралы айтылғанын анықтау.
«Кезбе журналист» әдісі:
Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Е. Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, ізденіп, тапқанын оқушыларға көрсетеді.
V. Сабақты қорытындылау.
«Топтастыру» әдісі:
![]() |
Е. Елубаев
VI. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. «Е. Елубаевтың шығармаларының ерекшеліктері» деген тақырыпқа шығарма жазу.
82-6-сабақ
Тақырыбы: Сұлтан Қалиев
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, С. Қалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді төмендегі берілген кестеге салып, жинақтау.
Жауап үлгісі:
Ақынның аты-жөні | Туған жылы, жері | Оқыған оқу орны | Ақынның шығармалары |
Сұлтан Қалиев | 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысының Жамбыл ауданында «Пионер» ауылында дүниеге келген. | 1957 жылы Абай атындағы педагогикалық училищеде оқыған. 1961 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ университетінің филология факультетіне сырттай оқуға түседі. | «Қомағай бақа» алғашқы мысал өлеңі, «Қуандырам» өлеңі, «Сәлем, саған мектебім» кітабы. Аудармалары: «Ақымақ тышқан туралы ертегі», «Степа ағай», «Менің атам», «Пілдің баласы». «Мен әлі сәбимін» повесі, «Сен тұрғанда» романы. |
2-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, жалқы есімдердің астын сызу.
1. С.Қалиевтің балаларға арналған жинақтары: «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем, саған мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын».
2. С.Қалиевтің «Қасиетті тақияның» оқиғасы сәбидің әжесінен естіген әңгімесі ретінде баяндалады.
Кластер жасау:
Оқушыларға С.Қалиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп жазу тапсырмасы беріледі. Жазып болған соң әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1) С. Қалиев қандай жанр саласында еңбек етеді?
2) Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
3) Аудармалары туралы не айта аласыңдар?
V. Сабақты қорытындылау. «Топтастыру» әдісі:
![]() |
Сұлтан
Қалиев
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
7-сабақ Тіл дамыту
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Әділовтің мысалын түсініп, талдау жасау.
«Кезбе журналист» әдісі:
Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Е. Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, ізденіп, тапқанын оқушыларға көрсетеді.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әр сөйлемге сұрақ құрау.
Балтабай Әділов Қарақалпақстан қазақ орта мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. Ол көптен бері балаларға арнап әңгіме - ертегілер жазып жүр. Оның «Алданыш», «Атамның жұлдызы» атты кітаптары жарық көрді. «Қырық жеті мысал» 1990 жылы бәйгенің үшінші жүлдесін жеңіп алды.
(«Бастау» кітабынан)
Жауап үлгісі:
1. Б.Әділов қай жерде мұғалімдік қызмет атқарады?
2. Балаларға арнап не істеді?
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |




