Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2-сабақ Ғылым таппай мақтанба

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Қандай нәрселерден аулақ болуымыз керек?

2. Қандай асыл іс істеуіміз керек?

3. Сабаққа дайындалуды неден бастайсыңдар? Әр кезеңін ашып айтыңдар.

4. Сабаққа тиімді дайындалудың ұсыныстары қандай?

3-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлем құрап, сөздерге морфологиялық талдау жасау.

Кітапханада, дайындалдық, сабаққа, біз.

Морфологиялық талдау жоспары

1. Негізгі, көмекші сөздерді мағыналарына, тұлғаларына, қызметіне қарай анықтаңдар.

2. Толық мағынасы бар негізгі сөздердің мағынасын, жасалу жолын, сөйлемдегі қызметін түсіндіріңдер. Қай сөз табына жататынын анықтаңдар.

3. Әр сөз мағынасын морфологиялық көрсеткіш арқылы, қызметін сұрақ арқылы анықтаңдар.

Кластер жасау:

Оқушылар қағаз бетіне Абай атамыздың өлеңіне сүйене отырып өз ойларын жазады. Жазған ойларын ортаға шығып қорғайды. Бұл жұмысқа оқушыларға 10 минут уақыт беріледі.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

V. Сабақты қорытындылау.

Кубизм әдісі:

Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Қағаздарда сабақ тақырыбына байланысты сұрақтар жазылады.

1.  Абай Құнанбаев кім?

2.  «Ғылым» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.  Абай атамыз неге шақырады?

4.  Қандай кітаптарды оқығанды ұнатасыңдар?

5.  Қандай ақындардың өлеңдерін оқисыңдар?

6.  Олар неге тәрбиелейді?

VI. Үй тапсырмасы. 1-тапсырма. Жаттау.

3-сабақ Адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. М. Әуезовтің нақыл сөздерін оқып, мазмұнын түсініп алу.

* Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.

* Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге білетіндігінен.

* Ақыл – адам көрігі, ақылдының серігі.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу.

«Кезбе журналист» әдісі:

Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Айбардың жасаған жұмысы туралы оқушылардан пікір алмасады. Әр оқушы өз ойын айтады. Оның өз жұмысына деген аса жауапкершілігі туралы айтады. Оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс туралы өз ойларын білдіреді.

3-тапсырма. Мектеп кабинеттерін жабдықтауға қандай үлес қосқандары туралы диалог дайындап, өзара сөйлесу.

V. Сабақты қорытындылау.

Кубизм әдісі: Сұрақтарға жауап беру.

1.  Мектептеріңде қандай оқу кабинеттері бар?

2.  Олар қалай жабдықталған?

3.  Мектептеріңде мерекелік іс-шаралар қалай өтеді?

4.  Сынып жетекшілеріңмен бірге қандай жұмыстар атқарасыңдар?

5.  Сыныптастарыңмен қарым – қатынастарың қалай?

6.  Мектептің қоғамдық өміріне қалай атсалысасың?

«Кім шапшаң?» ойыны.

«Мектеп – кеме, білім - теңіз» деген мақалдың мәнін ашыңдар. Өз сөздеріңмен айтып беріңдер.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

4-сабақ Қазақ тілі сабағында

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды жеке - топтық оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге де болады.

Жеке - топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Оқулықтағы үш деңгейдегі тапсырмалар.

3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды.

Жетондар

Ойынның жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. әр оқушының алдында үш деңгейлік сұрақтары бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді тандап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді таңдап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгейдің тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. «Қазақ тілі сабағында» қандай тапсырма түрлерін орындайтындары туралы айтып беру.

5-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Кітапхана - ... мекеме.

A) салалық B) көрнекті C) мәдени-ағартушылық D) ғылыми

2. Кітапхана атқаратын міндетіне қарай нешеге бөлінеді?

A) екіге B) үшке С)төртке D) беске

3. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. Кітапхананың іші

A) жарық, тар, ұзын

B) қалың, тар, қараңғы

C) кең, таза, жарық

D) кең, тар, жарық

4. Берілген сөйлемді аяқтаңдар.

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - ... .

A) өмір B) білім C) адам D) бақыт

5. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңдар.

Қазақ тілі сабағына арнайы кітапхана... барып дайындаламын.

A) барыс септігі B) табыс септігі C) жатыс септігі D) шығыс септігі

6. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

Мектеп кітапханасы... қабатта орналасқан.

A) екінші B) үйде C) мектепте D) көшеде

7. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

Біз бүгін қазақ тілі сабағында ... туралы оқыдық.

A) жер бедері B) көмір қышқылы C) мақал-мәтелдер D) күрделі есептер

8. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңдар.

Кітапхана... алды... біраз сөйлесіп отырдың.

A) - ның, - нда B) -нің, - нде C) - дің, - да D) - дың, - де

9. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Кітапханадан бірнеше... алдым.

A) қағаз B) кітап C) дөптер D) сурет

10. Мен бос уақытымда... оқимын. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар.

A) қағаз B) кітап C) дәптер D)сурет

ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48