Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

8-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Электронды пошта қай жылдан бастап қолданылып келеді?

А) 1965 ж. В)1966 ж. С)1967 ж. D)1968 ж.

2. Берілген сөйлемнен сын - қимыл үстеуді табыңдар. Электронды поштаға лезде үйрендік.

A) пошта B) лезде C) үйрендік D)электронды

3. @ таңбасының оқ жағындағы сөз қалай аталады?

A) чат B) домен C) мекенжай D) құпия сөз

4. Электронды поштаның тасымалдайтын ақпарат түрлеріне қайсысы жатпайды?

A) ақпарат B) бағдарлама C) хат D) табиғат байлықтары

5. Доменнің оң жақ шетіндегі екі әріптен тұратын сөз мәлімет баратын елдің несі болып табылады?

A) атауы B) коды C) белгісі D)түрі

6. Мекенжайдағы kz қай елдің коды?

A) Ресей B) Қазақстан C) Австрия D) Франция

7. Қосалқы аттар тұтынушылар тізімінен басқа нені анықтайды?

A) қосалқы аттардың жалпы жүйелік файлында

B) қайта бағыттауға арналған файлында

C) мекенжайлар тізімі бар файлды анықтайды

D) қолданушы агенттің конфигурациялық файлында

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

8. Электронды поштаны қолдану арқылы сандық формат... ауысатындардың барлығын жіберуге болады. Тиісті септік жалғауын жалғаңдар.

A) –ға B) –ге C) –қа D) - ке

9. «Файлдарды жіберу хаттамасы» қандай қызмет атқарады?

A) хаттарды жіберу B) электронды поштаға тіркелу

C) құпия сөзді жазу D) файлдарды жіберу

10. Білім беру мекемелерінің доменін табыңдар.

A) com B) edu C) mil D) net

ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1.  Сын-қимыл үстеулері қалай жасалады? Мысал келтіріп, сөйлемдер құраңдар.

2.  Электронды пошта жәшігін ашу үшін қажетті қадамдарды атаңдар.

3.  Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған танымал бағдарламаларды атаңдар.

4.  Электронды поштаны қалай қолданып жүрсіңдер? Өзара диалог құраңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы.

XVI МОДУЛЬ Лексикалық тақырыбы:

Менің e-mail поштам

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту

Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Диалогпен жұмыс

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

3-сабақ

«Хаттарға файлдарды тіркеу» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

4-сабақ

Деңгейлік тапсырмалар Диалогпен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

5-сабақ

Диалогпен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

6-сабақ

Жаттығулармен жұмыс Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру

45 минут

7-сабақ

Диалог құрау Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс

45 минут

Қорытынды

5-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

Кіріспе бөлімі

1-сабақ Жеке тегін пошта мекенжайын алу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Электронды пошта абонентінің жәшігі дегеніміз не?

2. Пошта жәшіктерінің атаулары қандай көріністе болады?

3. Үйшік атауы неден тұрады?

ІІ деңгей

Тірек сызба бойынша электронды пошта жәшігін жүктеу туралы айтып беріңдер.

І деңгей

Жоғарыдағы мәтін мен тірек сызбаны пайдаланып, өз электронды пошталарың туралы, қалай тіркелгендерің туралы айтып беріңдер. Егер электронды пошталарың жоқ болса, ретін қолданып, тіркеліп көріңдер.

2-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармаларын анықтау.

Сөздер мен сөз тіркестері

Аудармалары

1. телефон желісі

2. пошта қызметі

3. құпия сөз

4. тіркелу

5. батырма

1. телефонная связь

2. служба почты

3. пароль

4. регистрировать

5. клавиш

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.

- Электорнды пошта дегеніміз не?

- ... .

- Жеке тегін пошта мекенжайын қалай алуға болады?

- ... .

- Электронды мекенжай қалай белгіленеді?

- ... .

- Пошта қызметінің қандай түрлері болады?

- ... .

- Шолғыш терезесін толтырған соң, қандай батырманы басамыз?

- ... .

- Құпия сөз қалай жазылады?

- ... .

- Құпия сөзді жоғалтып алған жағдайда керек болатын электронды пошта мекенжайы қандай?

- ... .

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

2-сабақ Хаттарды әзірлеу, жөнелту, қабылдау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Электронды хабарламаларды жіберу үшін не қажет?

2. Электронды поштада хаттарды жөнелту қалай жүзеге асырылады?

2-тапсырма. Беріл ген тірек сызба бойынша электронды поштадa хаттарды әзірлеумен танысып, өзара диалог құрау.

3-тапсырма. Берілген мәтінді оқып шығып, көп нүктенің орнына керекті сөзді қою.

Жауап үлгісі:

Хост-машиналармен хат алмасуды автоматтандыратын бағдарламалық қамтамасыздандыру (телефон соғу, жөнелтілетін хаттарды жіберу, кіріс хаттарын қабылдау) пошта бағдарламасы деп аталады.

Пошта бағдарламасы поштаны қабылдау, қарау, өңдеу және жіберуді жүзеге асырады. Көбіне пошта бағдарламасында екі құрамдасты бөліп көрсетеді: пошталық пайдаланушы агент және пошталық транспорттық агент. Пошталық пайдаланушы агент жаңа хаттар жазуға, келгендерін жүйелеуге, хат алмасуды сақтауға, оларды өңдеуге, мекенжайлардың жазбаша кітапшасын жүргізуге мүмкіндік береді.

Пошталық транспорттық агент хаттың хост-машина - пошта жәшігіне келуіне дейінгі жеткізілуін қамтамасыз етеді.

5-тапсырма. Берілген сөйлемге керекті септік жалғауларын жалғап, үлгі бойынша талдау. Хабарламаға жауап қайыру туралы мәліметпен танысу.

Үлгі: хабарламаны; - ны - табыс септігінің жалғауы.

Жауап үлгісі:

Хабарламаны оқыған соң, «жауап қайыру» батырмасын басасыз. Абонентіңіздің мекенжайы өздігінен «кімге» әрісіне орналасады. Тақырып әрісіне сіз қабылдап алған хаттың тақырыбы Re деген белгімен көрініс табады. Тақырыпты өзгертуіңізге де болады, хабарламаны жазып болған соң, «жөнелту» батырмасын басыңыз.

V. Сабақты қорытындылау.

6-тапсырма. Өз пошталарында хатты қалай әзірлеп, жөнелтіп, жіберетіндері туралы әңгімелеу.

VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Берілген сөйлемді аяқтап, электронды хабарламаны қабылдап алу туралы мәліметті айтып беру.

3-сабақ Хаттарға файлдарды тіркеу

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырманы орындау.

ІІІ деңгей

1. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ дайындаңдар.

2. Мәтіндегі басқа тілден енген термин сөздерді теріп жазыңдар.

ІІ деңгей

1. Хаттарды файлдарға тіркеу туралы рет-ретімен айтып беріңдер.

2. Сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Файл, батырма, жөнелту, тіркеу.

Фа-йл, 2 буын, 1-ашық буын, 1-тұйық буын.

Ф - дауыссыз қатаң

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48