Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

"Қазақ халқы қонақжай"
Жоспар:
1. Қазақтарда қонаққа қатысты қандай түсініктер бар.
2. Қазақ халқының салт-дәстүрлері:
а) Қонақ күту - ең жауапты іс.
б) қонақтарға сусын беруі.
в) "мырза үй" мен "сараң" үй
3. Шетелден келген қонақтардың пікірі.
Қазақ халқы танымаса да, "құдайы қонақпын" деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп, қонақ бола береді. Қазақ халқында "қазақтың бірі қыдыр" деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы: "Алланың жіберген сыйы қырық адаммен бәрге келуі мүмкін". Сондықтан "қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс, кейін қашып кетеді" деген түсінік бар.
Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күпеу - ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі алдынан шығып қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп, есікті жабуы керек. Бұл - қонақпен келген "құт", "ырыс" бәрге кірсін дегені.
Қонақ күту - қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. ең алдымен, қонақтарға сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі жағдай жасайды. ауылдағы әнші, күйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонвқты жақсы қарсы алған үйді "мырза үйі", ал дұрыс қарсы алмаған үйді "сараң" дейді.
Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар "қазақ халқы - қонақжай халық " деп бекер айтпайды.
( Ш. Бектұров)
V. Үйге тапсырма беру: ережелерді қайталау.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

35-35-сабақ

8-сынып Қазақ тілі 30.10.2015ж.

Сабақ тақырыбы

Диктант «Тарих ақтады»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері, сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.

Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.

Негізгі идеялар

Диктант- сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.

Дереккөздер, сілтемелер

Қазақ тілі «Сборник диктантов» С. Дюсебаев.

2011ж.

Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа - райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?

Тұсаукесер

Ø  Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

Ø  Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

Ø  Тарихи тұлғалар туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.

Тарих ақтады

Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезінде туған.

Ахмет Байтұрсынов еңбек жолын бала оқытудан бастаған. Қарқаралыда оқытушы болып жүріп, патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шығады. Сол үшін оны түрмеге жабады. 12 жыл айдауда жүреді. Бірақ ол алған бетінен қайтпайды. Барлық жастық, саналы өмірін халқын отарлықтан құтқаруға сарп етті. Бас көтеруге, бостандық үшін күресуге шақырады. Үгіт жүргізеді.

Ахмет Байтұрсынов қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші, Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушылардың бірі болды.

«Ұлтшыл, халық жауы» деген жала жабылып, сталиндік режімнің құрбаны болды.

Ахмет Байтұрсыновты тарих ақтады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді. (97 сөз)

(Р. Сыздықова)

Жазу кезеңі

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлеріне бір мысалдан келтіру.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Ахмет Байтұрсынов туралы тағы не білесің?

Қайталау ережелері

Үш сөзге морфологиялық талдау жасау, бір сөзді септеу.

Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.

36-36-сабақ Нәтиже сабақ 31.10.2015ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Берілген сөйлемді аяқтаңдар. «Анам жұмыс орнындағы.... тамақтанады».

A) үйде B) асханадан C) әпкемнің үйінде D) жұмыста

2. Берілген сөйлемдегі этикеттік орам неге байланысты? «Сізге қиындық келтірмесе, қай жерде асхана барын айтып жібересіз бе?»

A) тілек айту B) кешірім сүрау C) өтіну D) құттықтау

3. Берілген сөйлемге керекті сөзді жазыңдар. «Мен екіншіге (сорпа, палау, сүт, балмұздақ) аламын».

A) сорпа B) палау C) сүт D) балмұздақ

4. Берілген сөйлемді дұрыс құраңдар. «Жанында, орналасқан, үйдің, асхана».

А) Асхана үйдің жанында орналасқан. B) Асхана жанында үйдің орналасқан.

C) Үйдің орналасқан жанында асхана. D) Жанында орналасқан үйдің; асхана.

5. Сөйлемді дұрыс құрандар. «Салат турау үшін {пышақ, тәрелке, стакан, қасық) керек.

А) пышақ В)стакан С) тәрелке D) қасық

6. Берілген сұрақ қай сөйлем мүшесіне қатысты? «(Қашан?) мен асханаға барамын».

A) бастауыш B) баяндауыш C) толықтауыш D) пысықтауыш

7. Берілген сөйлемді дұрыс құрандар. «Мен ас үйде {отбасыммен, мұғаліммен, сыныптасыммен, бейтаныс адаммен) тамақтандым».

A) отбасыммен B) мұғаліммен C) сыныптасыммен D) бейтаныс адаммен

8. Асхана қайда орналасқан?

A) қақпада B) үйдің жанында C) сыныпта D) дәлізде

9. Берілген сөйлемді дұрыс құрандар. «Бұл асханада арнайы.... жоқ».

А)адам B) тағамдар C) даяшы D) үстел

10. Берілген сөздердің дұрыс аудармасын табыңдар: сливки, масло, сметана.

A) май, күріш, нан B) кілегей, қаймақ, сүт

C) кілегей, май, қаймақ D) ұн, нан, сүт

ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1.  Асханада айтылатын этикеттік орамдарды сен қалай қолданасың? Өзара диалог құру арқылы этикеттік орамдарды мысалға келтір.

2. Мектеп асханасында неше мезгіл тамақтанасыңдар? Мектеп асханасы қандай екендігін айтып беріңдер.

3. Үйдегі ас үй қалай орналасқан? Аналарыңа тамақ пісіргенде қалай көмектесесіңдер?

4. Ата – анаңмен асханаға жиі барасың ба? Әңгіме құраңдар.

5. Анаңа дүкеннен азық – түлік алуға көмектесесің бе? Нанның қандай түрлері ұнайды?

6. «Ас – адамның арқауы» атты шағын шығарма жазыңдар.

7. Асқа байланысты мақал – мәтелдер жаттаңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48