Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Тұйық етістік көптеледі (тексерулер), тәуелденеді (менің айтуым – І ж.), септеледі (тексерудің – і. с.).

2. Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма атаулары. Мысалы: Көкшетау, Сарысу, Асан, «Абай жолы» романы, т. б.

IV. Бекіту.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тұйық етістіктерді теріп жазу. Емлесін түсіндіру.

Қадірле+у+ге, құрметте+у+ге, айт+у+ға, бас+у.

Сөздік:

Шәркей – лапти жыртылу – порваться

Жылау – плакать өсу – вырасти

Жүн – шерсть шабақталу – повалять

Қарпиды – валять кошму білектейді – помять локтями

Кептіру – сушить пішу – кроить

Тігу – шить

V. Сабақты қорытындылау.

2-тапсырма. 1-сабақтағы 4-тапсырмадан жалқы есімдерді атау. Олардың жазылудағы ерекшеліктері қандай екенін анықтау.

VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. «I. Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы» деген тақырыпқа шығарма жазу.

67-3-сабақ

Тақырыбы: Өтебай Тұрманжанов

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жалқы есімдерді теріп жазу.

Жердің атауы: Шымкент, Бөген, Жалғызағаш, Ташкент.

Адамның атауы: Өтебай Тұрманжанов, Ғани Мұратбаев.

Газет атауы: «Ақ жол».

2-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, 1-тапсырмадағы мәліметтерді пайдаланып, диалог құрау. Содан соң өзара сөйлесу.

Ө.Тұрманжанов жасөспірімдерге арнап көптеген шығармалар жазды. Еңбек тәрбиесін жырлайтын шығармалары: «Қарлығаш, дәуіт және жылан», «Жолбарыс», «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Төрт өгіз туралы ертегі», т. б.

Балаларды ерлікке, ынтымақтыққа, достыққа баулитын шығарманың бірі – «Аю мен аралар».

Сөйлесу:

- Ө.Тұрманжанов кім?

- Ө.Тұрманжанов жазушы.

- Оның еңбек тәрбиесін жырлайтын шығармаларын ата.

- «Қарлығаш, дәуіт және жылан», «Жолбарыс», т. б.

- Ол қай жерде туған?

- Шымкент облысының Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған.

- Оның балалық шағы қалай өтеді?

- Балалық шағы қиыншылық, жоқшылық жағдайда өтеді.

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу. Қарамен жазылған сөздерді тұйық етістік формасына айналдыру.

Танып – тану,

сүйіп – сүю,

бейнелеген – бейнелеу,

болған – болу.

Венн диаграммасы:

Жалқы есім Жалпы есім

 

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Ө. Тұрманжановтың өлеңін түсініп жаттау.

68-4-caбaқ

Тақырыбы: Мұқан Иманжанов - жазушы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Жалқы есімдер туралы айтып беріңдер. Мысал келтіріңдер.

2. Мәтіннен шығарма атауларын теріп жазып, есте сақтаңдар.

3. Мәтіннің мазмұнын ашатын бес сұрақ құраңдар.

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша төменде берілген кестені толықтырып, мазмұнын айтып беріңдер.

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Мұқан Иманжанов

2. Етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасын қойыңдар.

І деңгей

«М. Иманжанов шығармалары, олардың тақырыптары, тәрбиелік мәні» деген тақырыпқа реферат дайындаңдар.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әр сөйлемге сұрақ құрап жазу.

Жауап үлгісі:

1. М. Иманжановтың алғашқы шығармаларының тақырыбы?

2. 1942-1948 жылдары қандай шығармалары жарық көрген?

3. Шығармаларында қандай уақыттың оқиғалары суреттеледі?

3-тапсырма. Жалқы зат есімдердің астын сызып жазу.

М. Иманжановтың проза саласындағы елеулі еңбегі «Алғашқы айлар» повесі 1950 жылы шыққан. Повесте ауылдық жердегі мектеп өмірі, мұғалімдер ұжымының сан – салалы жұмыстары, оқушылардың мінез-құлық, іс-әрекеттері, адамдар арасындағы қарым-қатынастар шынайы әрі терең суреттеледі.

4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларын қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1. М. Иманжановтың шығармалары арқылы оқушылар өздері сияқты балалар өмірімен танысады.

2. Ол балалардың іс-әрекеті, мінез-құлқы арқылы өз бойларындағы жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөліп, ой қорытады.

3. Жазушының ерекшелігі - шығармалары арқылы мектеп өмірімен, мұғалімдер мен балалардың жан-дүниесіне үңіле біліп, жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше мән беруінде.

V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу

- М. Иманжановтың алғашқы шығармалары қандай тақырыпқа арналған?

- ... .

- Олар нешінші жылдары жазылған?

- ... .

- М. Иманжанов өз шығармаларында кімдерді суреттейді?

- ... .

- «Алғашқы айлар» повесі нешінші жылы жарық көрген?

- ... .

- Бұл повесте кімдер, нелер суреттелген?

- ... .

VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Жалқы есімдерді толықтыру.

69-5-сабақ

Тақырыбы: Мұзафар Әлімбаев

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру. Төменде берілген жоспар бойынша әңгімелеу.

Сұрақтар:

1. М. Әлімбаев кім?

2. М. Әлімбаев қашан және қайда туған?

3. Ақынның алғашқы туындысы қашан, қайда шыққан?

4. М. Әлімбаев қандай қызмет атқарған?

5. Ақынның алғашқы кітабы қандай? Ол нешінші жылы баспадан шыққан?

6. М. Әлімбаевтың шығармалары қандай тілдерге аударылған?

7. Ақын қанша әнге мәтін - өлең жазған?

Жоспар:

1. М. Әлімбаев - белгілі ақын, қазіргі қазақ балалар әдебиетінің көрнекті қайраткері.

2. Басылымдардағы атқарған қызметі, міндеттері.

3. Ақынның алғашқы кітабының шығуы.

4. М. Әлімбаевтың шығармаларының 38 тілге аударылуы.

5. Өнге жазған өлеңдері.

2-тапсырма. М. Әлімбаевтың халық ауыз әдебиеті шығармалары туралы айтқанын түсіндіру. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Мәтінді көшіріп, жалқы есімдерді бас әріппен жазыңдар.

2. Аударма сөздікті пайдаланып, шығармалардың атауын ауызша аударыңдар.

ІІ деңгей

1. Сұрақтарға дәлелді жауап беріңдер.

1) Ақынның айтуы бойынша, оның халық өлеңдеріне деген сүйіспеншілігін туғызған кім?

2) Ақын өтірік өлеңдер мен жұмбақ – жаңылтпаштарды нелерге сүйеніп жазған?

2. Мәтіннен етістіктерді теріп алып, тұйық етістік формасын жасаңдар. Жасалу жолдарын түсіндіріңдер.

І деңгей

М.Әлімбаевтың «Мейман» дген кішкентай поэмасының мазмұнын әңгімелеңдер.

V. Сабақты қорытындылау.

 

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48