Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Орталық Қазақстанның табиғаты
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру.
Бұл жердің климаты республиканың басқа аудандарының климатымен салыстырғанда жазы ыстық және құрғақ, ал қысы суық, қары аз, күшті жел соғып тұрады. Жауын – шашын аз жауады.
Топырағы қоңыр қызыл, ал ауданының бүкіл ортаңғы бөлігін ақшыл қызғылт топырағы бар шөл дала зонасы алып жатыр. Оңтүстік бөлігі жусанды, негізінен, мал жайылымы ретінде пайдаланылады.
(А. Бейсенбаевтан)
Сөздік:
Құрғақ – сухой
Аяз – мороз
Шөл – пустыня
Мал жайылымы - пастбище
2-тапсырма. Төмендегі сөздерден қаланың табиғаты жөнінде шағын диалог құрау.
Ыстық, құрғақ, суық, аяз, аз, күшті, жел, жауын – шашын.
3-тапсырма. Сөйлемге жақшадағы керекті сөзді қою.
Жауап үлгісі:
1) Бұл жердің жазы (ыстық).
2) Қысы (суық) болады.
3) Күшті (жел) соғады.
4) Қар (көп) жауады.
4-тапсырма. Тірек сызба бойынша басқа облыстардың климаты туралы әңгімелеп беру.
V. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. Сызбаны толықтырып, сөйлемдер құрау.
Біздің қаламыздың табиғаты
![]() | |
болады.
VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Сен Қазақстанның қай қаласында тұрасың? «Менің қаламның табиғаты» деген тақырыпта шағын мәтін құрау.
2-сабақ Қазақстан облыстарының өнеркәсібі
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген тірек сызбаны қолданып, мәтін құрау және төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Орталық Қазақстан өнеркәсібі
Сұрақтар:
1. Қара металлургия Орталық Қазақстанның қай қалаларында дамыған?
2. Аймақта жеңіл өнеркәсіп қалай дамыған?
3. Түсті металлургиядан қандай комбинаттар бар?
4. Тамақ өнеркәсібі қандай бағыттарда дамыған?
2-тапсырма. Сөйлемдерге керекті жалғауларды қою. Жауап үлгісі:
Орталық Қазақстанның аймақтарында қара, түсті металлургия, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Тамақ өнеркәсібінен Қарағанды^а ет комбинаты, кондитер фабрикасы бар. Балқашта балық зауыты бар.
3-тапсырма. Берілген тірек сызба бойынша диалог құрау.
Шығыс Қазақстан өнеркәсібі
Түсті машина жеңіл электр
металлургия жасау өнеркәсіп энергиясы
4-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, тірек сызбаны толықтыру.
Батыс Қазақстан өнеркәсібі
Батыс Қазақстан қалалары мұнай, газ, химия циклдері Ембі алабы мен Маңғыстау түбегіндегі мұнай мен ілеспе газды өндіруді, Атырауда мұнай өңдеп, полиэтилен өндіруді және Жаңаөзен мен Теңіздегі газ өңдеу өнеркәсібін қамтиды.
Мұнай, газ, химия өнімінің негізінде Ақтау қаласында пластмасса жасау, Атырау полиэтилен жасау зауыттары жұмыс істейді.
Батыс Қазақстанда кен, химия циклі: фосфорий, натрий, бром және магний тұздарын өндіруді, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттар өндірісін, ал электр металлургия циклі: никель және хром кендерін өндіру мен байытуды, ферроқорытпалар мен хром қосылыстарының тұздарын өндіруді қамтиды.
5-тапсырма. Мәтін бойынша тірек сызбаны толықтыру.

6-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу.
V. Сабақты қорытындылау.
7-тапсырма. Диалогте берілген күрделі сөздерді қолданып, сөйлемдер құрау.
VI. Үй тапсырмасы.
8-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, тиісті септік жалғауларын қою.
Мәтіндегі түсініксіз сөздерді түсіндірме сөздіктен қарау.
3-сабақ Қазақстан облыстарының табиғи байлықтары
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Тірек сызбадағы мәліметпен танысып, төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Гипс, әктас Қазақстанның қай аймағында жақсы тараған?
2. Орталық Қазақстанда қандай кен орындары бар?
3. Қазақстанның қай аймағы полиметалдарға бай?
2-тапсырма. Берілген сөздерді септеу.
Кен, металл, табиғат.
3-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазу.
Орталық Қазақстан қалаларында тас, көмір, мыс, темір, марганец кен орындары бар. Шығыс Қазақстан қалаларында қорғасын, мырыш, мыс және көптеген түсті металдар кен орындары бар. Батыс Қазақстан қалаларында хром, никель, хромит, темір, марганец, көмір, фосфорит, мыс гипс, әктас кен орындары бар.
5-тапсырма. Берілген тірек сызбаны қолданып, тақырып бойынша мәтін құрау. Құрастырған мәтінге сұрақтар дайындау.
Қазақстан облыстарының табиғи байлықтары
Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан
қалаларының табиғат қалаларының табиғи
байлықтары байлықтары
Темір кені, тас көмір Минералды байлықтарға өте бай.
мен қоңыр көмір, боксит көп, Қаратауда, Кентау мен Жаңатас
сондай-ақ мыс және құрамы аудандарында полиметалл
әр түрлі минералдық су бар. кендер мен фосфорит ерекше көп.
Арал теңізінде сульфат пен ас тұзының, әктас, цемент өндірісінің шикізаты бар.
6-тапсырма. Берілген сұрақтарға сәйкес жауаптарын тауып, диалог құрау. Біріккен сөздерді теріп жазу.
Жауап үлгісі:
Сұрақ | Жауап |
1. Қазақстанның қай жерінде мұнай өндіріледі? 2. Қазақстанның қай облысы минералды байлықтарға өте бай? 3. Хром қай облыста өндіріледі? 4. Қай аймақта ас тұзы бар? | 1. Батыс Қазақстандағы Маңғыстау алқабында. 2. Оңтүстік Қазақстан өте бай. 3. Батыс Қазақстанның Ақтөбе ауданында өндіріледі. 4. Оңтүстік аймақтағы Арал теңізінде. |
V. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Табиғи байлықтарға қатысты жұмбақтарды шешіп, жаттап алу.
VI. Үй тапсырмасы.
7-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі жалғау мен шы-лауды анықтап, емлеге сай жазу.
4-сабақ Қазақстан облыстарының халқы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген тірек сызбаны пайдаланып, әр облыстың халқының ерекшелігін атау. Сызба бойынша әңгіме құрап, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Қазақстан облыстарының халқы:
Орталық Қазақстан – халқы – 1411,7 мың адам.
Шығыс Қазақстан – халқы – 1530,8 мың адам.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |



