Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Лексикалық тақырыбы: Мен ата-анама көмектесемін
Грамматикалық тақырыбы: Құрмалас сөйлем түрлері.
Салалас сөйлем. Өзгелік, өздік етістер
Бөлімі | Сабақ саны | Модуль мазмұны | Уақыты |
Кіріспе | 1-сабақ | Модульге кіру Лексикалық тақырып Грамматикалық тақырып Бекіту. Жақан Смақовтың өлеңімен жұмыс. Жаттығуларды орындау | 45 минут |
Сөйлесу | 2-сабақ | Тіл дамыту Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау | 45 минут |
3-сабақ | Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау | 45 минут | |
Қорытынды | 4-сабақ | 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары | 45 минут |
Кіріспе бөлімі Күні: 30.09.15ж.
17-17-сабақ Ана
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Берілген мәліметтермен танысып, есте сақтау.
Салалас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдерінің жасалу жолы
• Жай сөйлемдері жалғаулық шылау арқылы байланысады.
• Жай сөйлемдері жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысады.

Кемінде екі жай сөйлемнен өзара тең дәрежеде байланысатын, баяндауыштары тиянақты болатын құрмаластың түрі салалас құрмалас сөйлем деп аталады. Салалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді. Құрамындағы жай сөйлемдерінің жасалу жолы: • Жай сөйлемдері жалғаулық шылау арқылы байланысады.
• Жай сөйлемдері жалғаулықсыз, интонация арқылы байланысады.
Жай сөйлемдерінің бірі екіншісіне мағыналас бағынатын салаластың түрі ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлемдерінің бірі екіншісіне қарсы мәнде қолданылатын түрі қарсылықты салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлемдерінің бірі екіншісінің себебін білдіретін түрі себеп-салдар салалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлемдерінде іс-қимылдың кезектесіп келетінін білдірсе, бұл түрі кезектес салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлемдерінде айтылған іс-әрекеттің біреуі ғана орындалатын салаластың түрі талғаулы салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Жай сөйлемдерінің бірі екіншісін түсіндіріп тұратын жалғаулықсыз байланысқа түсетін салалас түрі түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем деп аталады.
Мәліметтермен танысып, есте сақтау.
Етістің төрт түрі бар: өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ. Іс-әрекеттің орындаушысы тікелей орындаушының өзі болса, өздік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: - н, - ын, - ін. Мыс: жуын, киін, т. б. |
Іс-әрекетті, қимылды орындаушы өзге біреуге орындатқызатын түрі өзгелік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -ғыз, - гіз, -қыз, - кіз, - дыр, - дір, - тыр, - тір, - т. Мыс: барғыз, көрсет, қарат, айтқыз, т. б. |
1-тапсырма. Жақан Смақовтың өлеңін түсініп жаттау.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
1. Отбасы бақыты дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Ол кімге байланысты деп ойлайсыңдар?
3. Отбасында қадір тұтатын қандай құндылықтар, дәстүрлер бар?
4. Отбасы алдында жауапкершілік сезінесің бе?
5. Өз отбасыларыңда үлкендердің айтқан ақылдарын естеріңе түсіріңдер. Олардың мағынасы қандай деп ойлайсыңдар?
VI. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. Сұрақтар бойынша салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін қатыстырып, мәтін құрап жазу.
- Отбасыңда қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындассың?
- Отбасыңда қандай жақсы іс-әрекеттер жасап жүрсің?
- Лайықты бала болып жүрсің бе?
- Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Аналарыңды қалай жақсы көресіңдер?
- Аналарыңа қалай көмектесіп жүрсіңдер?
VII. Үй тапсырмасы.
3-тапсырма. Сөйлемдердің мағынасын түсініп, әр екі сөйлемнен құрмалас сөйлем жасау.
18-18-сабақ Тіл дамыту Күні: 1.10.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
IIL Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Диалоггі толықтырып өзара сөйлесу.
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- ... .
- Салалас құрмалас сөйлемнің қандай түрлері бар?
- ... .
- Олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?
- ... .
- Қандай мысал келтіруге болады?
- ... .
2-тапсырма. Әңгімені аяқтау.
Ертең біздің үйге қонақ келеді. Менің ата-анама көмектесуім крек. Ол үшін үйді жинауым, еденді сүртуім, ас үйді тазартуым, азық-түлік алуым керек...
Мәліметтермен танысып, есте сақтаңдар.
Етістің төрт түрі бар: өздік, өзгелік, ырықсыз, ортақ.
Іс - әрекеттің орындаушысы тікелей орындаушының өзі болса, өздік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -н, - ын, - ін.
Мысалы: жу-ын ки-ін, т. б.
Іс-әрекетті, қимылды орындаушы өзге біреуге орындатқызатын түрі өзгелік етіс деп аталады. Жалғанатын жұрнақтары: -ғыз, - гіз, -қыз, –кіз, - дыр, -дір, - тыр, –тір, - т.
Мысалы: бар-ғыз, көрсе-т, қара-т, айт-қыз, т. б.
V. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Берілген сөздерден өздік және өзгелік етістерді жасап, бірнеше сөйлем құрау.
А) Үлгі: сүрт – ін, жасыр – ын.
Сүрт, жасыр, тап, байла, сайла, сал, жу, көр, тазала.
ә) Үлгі: сөйле-т-кіз.
Сөйлет, ойлан, кел, өсір, қайнат, тазалан, үйрет, кел, жинаттыр, толтыр.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
19-19-сабақ Үйді жинауға көмектесу Күні: 2.10.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесуге жаттығу.
- Сен қандай үйде тұрасың? (жеке меншік, көп қабатты).
- ...
- Қай пәтерде тұрасың? (пәтер нөмірі).
- ...
- Үйіңде қанша бөлме бар?
- ...
- Сенің бөлмеңде зат көп пе?
- ...
- Бөлмеңді өзің жинайсың ба?
- ...
Кластер жасау:
Оқушыларға салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін толық жазып, әр түріне түсінік беру үшін кластер жасатамын. Әр топқа тапсырма беріледі. Болған соң топ ішінен бір оқушы шығып қорғайды.
2-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып, салалас құрмалас сөйлемдерді құрау. Салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтау.
Жауап үлгісі:
1. Біздің үйде жиһаз, тоңазытқыш, теледидар бар, оның барлығы жаңа.
2. Қонақ бөлмесі таза, өйткені мен үнемі жинаймын.
3. Кітап сәресі кітапқа толы, кішкентай кезімнен жинап жүрмін.
4. Терезелердің алдында гүлдер бар, анам гүлдерді өте жақсы көреді.
4-тапсырма. «Үйді жинау» деген тақырыпқа тірек сөздерді пайдаланып, әңгіме құрау.
Үй жинау, сыпыру, кілемдерді қағу, шаңды сүрту, аяқ киімді тазалау, жуынатын бөлмені тазалау, еденді жуу.
V. Сабақты қорытындылау.
![]() |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |



