Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Жұмыс аяқталған соң, II және III деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылар әр сұраққа қойылған бағалары негізінде өз сыныптастарына бір ортақ баға шығарып, оны да бағалау парағына енгізіп, мұғалімге өткізеді.

I деңгей тапсырмаларымен жұмыс істеген оқушылардың бағалау парағын мұғалім өзі толтырады.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

12-12 –сабақ Күні: 19.09.15ж.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Төменде берілген халық мақалын түсіндіру. Мақалды есте сақтау.

Ата – асқар тау,

Ана – бауырындағы бұлақ

Бала – жағасындағы құрақ.

IV. Бекіту.

2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тапсырманы төмендегі ойын түрінде де өткізуге болады.

Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң да өзін-өзі тағы солай тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тапсырмаларын орындауға құқылы.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

ІІІ деңгей

1. Мәтінді оқып, мақал – мәтелдерді табыңдар. Мағынасын түсіндіріңдер.

2. Мәтіндегі бірінші сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.

3. Үлгі бойынша мәтіннен сапалық және қатыстық сын есімдерді тауып жазыңдар.

Үлгі: сапалық қатыстық

Рухани өнегелі

ІІ деңгей

1. Мәтіннің мазмұны бойынша диалогті толықтырып, өзара әңгімелесіңдер.

- Орта Азияны мекендеген басқа халықтардың әйелдеріне қарағанда қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны қандай?

- ... .

- Қазақ әйелдері жүздерін жамылғылармен бүркеген бе?

- ... .

- Қазақ әйелдері үшін басты міндет қандай?

- ... .

- Қыз бен ер баланың тәрбиесіне байланысты қазақтың қандай мақал – мәтелдерін білесіңдер?

- ... .

2. Үлгі бойынша мәтіннен етістерді теріп жазып, жұрнақтарын ажыратыңдар. Етіс түрін анықтаңдар.

Үлгі: бөлісіп – ортақ етіс.

Табылады – ырықсыз етіс.

І деңгей

1. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерге сипаттама беріңдр.

2. Мәтін бойынша монолог дайындаңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

13-13-сабақ Күні: 23.09.15ж.

Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын жазбаша жазу.

IV. Бекіту.

2-тапсырма. Төменде берілген ақыл-кеңестерді түсініп оқып, есте сақтау.

1. Жұрттың бәрімен, әсіресе қатаң адамдармен қай жерде, қай уақытта болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең өзгелердің денсаулығын сұрап амандас.

2. Өзіңді айнала қоршаған табиғатты сүй.

3. Өз бойындағы сараңдықты, жалқаулықты, екіжүзділікті, менмендікті, пайдакүнм мен есепшілікті қорқынышты жең. Адамға сен, адамды сүй.

4. Ой мен істі бір – бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең бастысы – істеу керек.

5. Қарапайым бол!

6. Арақ ішпе, темекі тартпа!

7. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба.

8. Егер сен дұрыс жасамасаң, кемшілігіңді тез түзетуге тырыс. Жақсылыққа апарар жолға баста.

9. Сәтсіздіктеріңді емес, қуанышты күндеріңді жиі еске түсір.

10. Өзге адамдардың ой-пікірі мен талап-тілегіне түсіністікпен қара.

Сөздік

Сараңдық – жадность қарапайым – простой

Екіжүзділік – двуличие ашуланба – не злись

Менмендік – гордость кемшілік – недостатки

Пайдакүнем, есепшілдік – расчетливость

Қорқыныш – трусость түзету – исправить

Сәтсіздік – неудача түсіністік – понимание

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп оқып, әрқайсысына сұрақ құрастыру. Керекті жалғауларын қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1) Қазақ отбасында өз баласын мейірімділік (пен) баулып өсірген.

2) Отбасы(нда) осындай тәрбие көрген бала ақырында өздігі(нен) тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болады.

3) Қазақ отбасы(нда) ар-намысы(н) сақтауға, отбасы мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

5-сабақ

Әдептілік — әр адамның бет-бейнесі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:

1. Әдеп сақтау қандай дәстүр?

2. Әдепті адам қандай болады?

3. Үлкендердің алдында сендер қандай әдеп сақтайсыңдар?

4. Әдептілік деген не?

Топтастыру:

 

IV. Бекіту.

2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тұрлаулы мүшелерді табу.

1. Қазақ халқында қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. (Н. Мыңжани).

2. Қазақ баласын үлкенді сыйлауға кішкентайынан үйретеді.

3. Қарттардың үлкен құрметке ие болатыны сонша – үй ішінде бір мәселе төңірегінде кеңес етсе, бәрі де қарттың сөзіне тоқтауға мәжбүр.

(Э. Вульфсон).

Кластер жасау:

Әдептілік туралы бар ойларын қағаз бетіне түсіріп, оқушылар ортаға шығып қорғайды. Өз ойларын ортаға салады.

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. 1-тапсырмадағы мәтіннен сын есімдерді теріп жазу.

Әдепті, әдемі, үлкен, кіші, халықтық, үлгілі, ерекше, қасиетті, тәлімдік, тамаша.

VI. Үй тапсырмасы.

Әдеп туралы мақал – мәтелдер жазып келу.

14-14-сабақ Күні: 25.09.15ж.

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Сөздік:

Адал – честный тыныштық – спокойствие

Еңбексүйгіштік – трудолюбие ғұмыр бойы – всю жизнь

Табыс – успех шыншыл – правдивый

Сезе біл – умей чувствовать ырзалық – благословение

Көңіл хошы – настроение тілалғыш – послушный

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, есте сақтау. Орыс тіліндегі баламасын табу.

1. Арыңды жасыңнан сақта. Береги честь смолоду.

2. Жылтырағанның бәрі алтын емес. Все блестящее не золото.

3. Бетің қисық болса, айнаға өкпелме. Не вини зеркало, если ты не красив.

2-тапсырма. Берілген мәселелер бойынша пікірталас өткізу.

1. Адамды іс-әрекетіне қарап бағалау керек.

2. Әдептілік - әр адамның бет – бейнесі.

3. Баланы жастан.

IV. Бекіту.

3-тапсырма. Мәтін бойынша мазмұндама жазу.

Сенің адал өмір сүруің, еңбексүйгіштігің, оқу мен еңбектегі табыстарың – ата-анаң үшін айтып жеткізгісіз зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл.

Анаңның жүрегін сезе біл, анаңның көз жанарынан көңіл хошы мен тыныштықты, бақыт пен қуаныш нұрын көре біл. Жастайыңнан анаңның көзінен жан дүниесін көре білуге үйренбесең, сен ғұмыр бойы адамгершілік тұрғысынан ақ көз боп өтесің.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48