Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Қайталау
VI. Үй тапсырмасы. Шығарма жазу.
VI МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Асхана
Бөлімі | Сабақ саны | Модуль мазмұны | Уақыты | |
Кіріспе | 1-сабақ | Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту Суретпен жұмыс Жаттығуларды орындау | 45 минут | |
Сөйлесу | 2-сабақ | «Қазақ дастарқаны» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Мақал-мәтелдермен жұмыс | 45 минут | |
3-сабақ | «Дұрыс тамақтану әдебі» мәтіні Жаттығуларды орындау Тірек сызбамен жұмыс | 45 минут | ||
4-сабақ | Жаттығуларды орындау Тақырыпқа байланысты тапсырмалар Диалогпен жұмыс | 45 минут | ||
5-сабақ | «Асханада қандай тағам дайындағанды ұнатасың? » сұхбатымен жұмыс Жұмбақтарды шешу Жаттығулармен жұмыс | 45 минут | ||
6-сабақ | «Асхана тазалығын сақтау» сұхбатымен жұмыс Тірек сызбамен жұмыс Жаттығулармен жұмыс | 45 минут | ||
7-сабақ | Тірек сызбамен жұмыс Жаттығулармен жұмыс | 45 минут | ||
8-сабақ | «Асханада ыдыс жуу тәртібі» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс Фонетикалық талдау жасау | 45 минут | ||
9-сабақ | «Ыдысын көріп асын іш» мәтінімен жұмыс Жаттығулармен жұмыс Жұмбақтарды шешу | 45 минут |
| |
Қорытынды | 10-сабақ | 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары | 45 минут |
|
11-cабақ | Диктант | 45 минут |
| |
12-сабақ | Мазмұндама | 45 минут |
|
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Асханада өзін-өзі ұстау әдебі
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Сөз тіркестерін пайдаланып, асханада тамақтану кезінде нені есте сақтау керектігін әңгімелеп беру.
Тамақтан соң қол жуу, тамақ ішу, түрегеп тұрып ішпе, санитарлық ережелерді сақта, нан қоқымын тастама, ыдысты тазала, кезекпен ал, өзіңді - өзің ұста, тамақ үстінде кітап оқыма, теледидар қарама, ас ішу кезінде тәртіппен тамақтан, қасықты оң қолда ұста, түзу отыр, тазалықты ұста.
2-тапсырма. Сурет бойынша асханада тапсырыс беру туралы диалог құрау.
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге тиісті жалғауларды жалғап, асханада өзін-өзі ұстау әдебіне назар аудару.
Тамақ алдында және тамақтан соң қол жуу - адамды көптеген ауру-сырқаулардан сақтайды. Тамақты түрегеп тұрып жеуге болмайды. Тамақты аузыңа аз-аздан сал. Ac пісіргенде санитарлық ережелері мұқият сақтау керек. Нанды бір қолыңмен үзбе, нан қоқымын жерге тастама. Дастарқанды таза ұстау керек. Тамақ ішіп болған соң, ыдысыңды ыдыс жуатын орынға апаруды ұмытпа.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті и, й әріптерін қою.
Жауап үлгісі:
Әдебиет, қиял, ағайын, бүлік, бейбіт, үйірме, рухани, тиімді, ғажайып, қиын, биіктік, әйгілі, ыңғайлы, саяси, емтихан.
V. Сабақты қорытындылау.
«Кім жылдам?» ойыны: Берілген сөзден көп сөз құра.
«Орамжапырақ» сөзі.
Орам, жапырақ, орама, пырақ, жап, қар, қам, жапа, ора, қара, қожа, жама, парақ, жар, ара, ақ , т. с.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
Сөйлесу бөлімі 2-сабақ
Дастарқан басында сақталатын дәстүрлер, ырым - тыйымдар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту. Сөздік жұмысы.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұнын айтып беру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сұрақтар:
1. Қазақ халқы үшін дастарқан қандай рөл атқарады?
2. Дастарқанда қандай тағамдар болады?
3. Дастарқанға ең бірінші қандай тағам әкелінеді?
4. Дастарқанның төрінде кімдер отырады?
5. Дастарқан басындағы сыйлы адамнан не күтеді?
2-тапсырма. Керекті сөздермен толықтырып, берілген ырым - тыйымдарды есте сақтау.
Жауап үлгісі:
Дастарқанға бірінші нан әкеліп қояды. Қонаққа сынық ыдыспен ас беру - қонақты сыйламағандық. Ac ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. Тамақты тұрып ішуге болмайды. Дастарқаннан аттауға болмайды. Әкесі отырғанда балаға бас тартылмайды. Таңғы асты тастама. Ac ішкен кезде дастарқан рәсімдері сақталу керек. Тамақты жасы үлкен адам бірінші болып бастайды.
3-тапсырма. Дастарқан басындағы рәсімдер туралы әңгімелеп беру.
V. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. «Дастарқан басындағы дәстүрлер» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Дастарқан басында қандай рәсімдер орындалады?
2. Халық дастарқанды қалай атаған?
3. Дастарқан басында ас ең алдымен кімге ұсынылады?
4. Дастарқан басына адамдар қалай отырады?
5. Тамақтану кезінде қолға қандай су құйылады?
6. Қолға су қалай құйылады?
7. Тамақтанып болған соң қандай рәсім жасалады?
VI. Үй тапсырмасы.
5-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдердің мағынасын түсініп, жаттап алу.
39-3-сабақ Дұрыс тамақтану әдебі Күні: 14.11.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Әңгімені түсініп оқып, ат қою. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Дұрыс тамақтану адам денсаулығы үшін қандай рөл атқарады?
2. Жандос інісіне қандай ақыл айтты?
3. Ол тамақтанудың қандай реттерін айтып өтті?
4. Інісіне ақыл айтқан Жандосты көрген ата-анасы не істеді?
Сөздік:
Бұлтию – обидеться асықпау – не торопиться
Амал – поступок қомағайлық – прожорливость
Баппен ішу – кушать не торопясь мәз болу – радоваться
Тауысу - доесть
2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді мәтінге байланысты дұрысын анықтау. Сөйлемнің мағынасы дұрыс болмаса, үлгі бойынша дұрысын жазу.
Жауап үлгісі:
1) Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
2) Алдыңа қойылған асты үлкеннен кейін бастау керек.
3) Тамақты ұнатпау сияқты амалдан сақтану керек.
4) Тамақты тойып ішпеу керек.
3-тапсырма. Берілген тірек сызба бойынша тамақтанудың әдебін сақтау туралы әңгімелеп беру.
Тамақтану әдебі
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелді жаттап алу. Мағыналарын түсіндіру.
Сыйлап берсе суын іш.
Ат – адамның қанаты, Арпа, бидай ас екен,
Ас – адамның арқауы. Алтын, күміс тас екен.
Асы бар аяқтан аттама. Ас атасы – нан.
6-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қою. Жауап үлгісі:
Тамақта адам денесіне қажетті әр түрлі дәрумендер болады. Тамақты жақсылап шайнап жұту керек. Тамақты талғаммен ішіңіз. Тамақтың сапасына, құндылығына назар аудару қажет. Тамақты тартынып ішу керек.
V. Сабақты қорытындылау. Сұрақ – жауап әдісі:
1. Денсаулық мықты болу үшін қалай тамақтану керек?
2. Тамақтану әдебін білесің бе?
3. Асты қалай ішу керек?
4. Сен қалай тамақтанасың?
5. Үстел басында өзіңді қалай ұстау керек?
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


