Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2. Қолданушы агент дегеніміз не?

3. Тасымалдау агенті дегеніміз не?

4. Тасымалдау агентінің ең кең таралған түрі қалай аталады?

5. Жеткізу агенті дегеніміз не?

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

4-сабақ Электронды пошта жүйесіндегі мекенжайлар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) Электронды пошта мекенжайының неше түрі бар?

2) Интернет жүйесіндегі электронды пошта қандай форматта болады?

3) Домен дегеніміз не?

4) Доменнің құрамындағы сөз немен бөлінеді?

5) Доменнің оң жақ шетіндегі екі әріп нені білдіреді?

6) Мемлекеттер коды қандай стандарт бойынша бекітілген?

7) Кейде жоғарғы домен ретінде ненің атауы көрсетілуі мүмкін?

ІІ деңгей

1. Тірек сызба бойынша пошта жүйесіндегі мекенжайлар туралы әңгімелеңдер.

2. Көп нүктенің орнына керекті септік жалғауларын қойып жазыңдар.

Доменнің оң жақ шетіндегі екі әріптен тұратын сөз мәлімет баратын елдің коды болып табылады.

І деңгей

Берілген мәтіннен түсінгеніңді айтып, электронды поштаны өз қолдануыңмен салыстыр.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

3-тапсырма. Төмендегі сөздерге фонетикалық талдау жасау.

Жүйе, мекенжай, тұтынушы, таңба.

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Берілген сұрақтарға сәйкес жауаптарын тауып, диалог құрау. Өзара сөйлесу.

Сұрақ

Жауап

1. Электронды пошта мекенжайының неше түрі бар?

1. Электронды пошта мекенжайларының екі түрі бар.

2. Доменнің оң жақ шетіндегі екі әріптен тұратын сөз не деп аталады?

2. Доменнің оң жақ шетіндегі екі әріптен тұратын сөз мәлімет баратын елдің коды болып табылады.

3. Мемлекеттердің коды не бойынша бекітіледі?

3. Мемлекеттердің коды халықаралық ISO стандарты бойынша бекітіледі.

VI. Үй тапсырмасы.

2-тапсырма. Мәтін бойынша көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.

5-сабақ Пошталық қосалқы аттар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Тірек сызба бойынша пошталық қосалқы аттар жөнінде мәтін құрау.

Оқушылар тірек-сызбаға сүйене отырып мәтін құрайды. Мәтіндерін оқып, таныстырады.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Пошталық қосалқы аттар не үшін қажет?

2. Қосалқы атаулар қандай файлдарда анықталады?

3. Қосалқы аттар тұтынушылар тізімінен басқа нені анықтайды?

4-тапсырма. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу. Жауап үлгісі:

Желіде хабарламалар алмасуға арналған кең таралған құрал - электронды пошта. Электронды пошта - хабарламалар алмасудың заманауи, жылдам, сенімді, үнемді құралдарының бірі. Электронды поштаның көмегімен әлемнің әр түкпіріндегі адамдар өз идеяларын ортаға салып, ортақ мәселелерін талқылап, жаңалықтар, ақпараттармен бөліседі.

E-mail пошта пайдаланушысы деңгейіндегі техникалық құралдарға компьютер мен модем, сондай-ақ жедел жадыға минималды талаптары бар бағдарламалық қамтамасыздандыру енеді.

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Берілген диалог бойынша өзара сөйлесу.

- Сәлем, Марат!

- Сәлем, Дидар!

- Жаңа желіде жоқ едің ғой.

- Иә, енді ғана қосылып, поштадағы хаттарды қарап жатыр едім.

- Электронды поштада қосалқы аттарды қалай қолдануға болады?

- Қазір жазып жіберемін.

- Жарайды.

- Алдымен электронды пошта желісіндегі қосалқы аттарды қолданушы агенттің конфигурация файлынан іздейсің. Онан кейін аliases файлынан, соңында қайта бағыттауға арналған қолданушы файлынан іздейсің.

- Шамасы, тапқан сияқтымын, рақмет. Білмегенімді сұрармын.

- Жарайды, көмектесуге дайынмын ғой.

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Берілген домендерден мемлекеттің кодтарымен танысу. Электронды пошта қай код арқылы бекітілгенін атау.

6-сабақ

Электронды поштамен жұмыс істеуге арналған танымал бағдарламалар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Электронды пошта тіркелгісіне кірудің қандай жолдары бар?

2. Ең жиі қолданылатын бағдарламалар түріне нелер жатады?

3. Отандық талаптарға бейімделген қандай бағдарлама бар?

ІІ деңгей

Электронды пошта бағдарламасының қайсысын жиі қолданасың? Өз пошталарың туралы шағын әңгіме құраңдар.

І деңгей

Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеп беріңдер.

2-тапсырма. Берілген сөздерден сөйлемдер құрау.

Тіркелгі, бағдарлама, ұялы телефон, ұйымдастыру, жылдам қозғалыс, қарым-қатынас жасау.

3-тапсырма. Жақшадағы сөздерді мағынасына қарай жазу.

Жауап үлгісі:

1) Электронды пошта бағдарламаларын (ұялы телефон) арқылы қосуға болады.

2) Outlook бағдарламасы жұмыс кестесін жасайтын, басқалармен қарым-қатынас жасауды ұйымдастыратын (кешенді) бағдарлама болды.

3) E-mail (пайдаланушыларының) көпшілігі LJUPC бағдарламасын немесе электронды пошта арқылы хат жіберудегі оның модификацияларын қолданады.

V. Сабақты қорытындылау. Топтастыру:

 

Электронды

бағдарламалар

VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің қай сөз табына жататындығын анықтау. Сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

7-сабақ Пошта жүйесін баптау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

Сөздік жұмысы:

Баптау – настройка жәшік – ящик

Тіркеулік жазба – регистрационная запись

Дерек – сведения, данные

Сандық формат – цифровой формат

Мәтіндік файл – текстовой файл

Қуатты – сильный

Файлдарды жіберу хаттамасы – протокол передачи файлов

1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Пошта бағдарламасына хаттарды жөнелтіп, қабылдау үшін не қажет?

2. Outlook Express бағдарламасын баптаудың мәні неде?

3. Барлық деректерді пайдаланушыға сервердің пошта қызметі қай уақытта хабарлайды?

2-тапсырма. Берілген тірек сызбадағы мәліметтерді қолданып, пошта жүйесін баптау негізіне диалог құрау.

3-тапсырма. Берілген мәтін бойынша жаттығуларды орындау. Қажетті мәліметті есте сақтау. Іс жүзінде қолданып көру.

«Кезбе журналист» әдісі:

Бір оқушы журналист, бір оқушы оператор болып өз рөлдеріне енеді. Оқушылардан электронды поштаны қолдану жолын сұрастырып, олардың пікірлерін тыңдайды. Қазіргі кезде бұндай поштаның қаншалықты пайдасы бар екені жайлы айтып, дәлелдеу. Оқушылар бір-бірімен электронды пошта арқылы қалай хабарласып тұратыны жайлы айтады.

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтау.

1. Электронды поштаны қолдану арқылы...

2. Негізінен мәтіндік файлдарды...

3. Санға айналған суреттер, графиктер, слайдтар

4. FTP берілген мақсатты...

1. сандық форматқа ауысатындардың барлығын жіберуге болады.

2. жібереді.

3. Файлдарды жіберу хаттамасы арқылы тасымалданады.

4. сәтті жүзеге асырып келеді.

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Сын - қимыл үстеулерді пайдаланып, электронды поштамен жіберген мәліметтер туралы әңгімелеу.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48