Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Сөйлемді мағынасына қарай құрау | |
1. Асхана орналасқан жанында үйдің. 2. Атауы асхананың қалай? 3. Орналасқан басында асхана көшенің. 4. Қызметкерлері қызмет халыққа етеді мінсіз асхана. | 1.Асхана үйдің жанында орналасқан. 2. Асхананың атауы қалай? 3. Асхана көшенің басында орналасқан. 4. Асхана қызметкерлері халыққа мінсіз қызмет етеді. |
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою. Жауап үлгісі:
1) Мен асханадан тамақтанамын.
2) Асханада кезекке тұрамын.
3) Түскі тамаққа палау бар.
4) Мен біріншіге сорпа аламын.
5) Асханада даяшы болмайды.
6) Асхананың тамағы өте дәмді.
4-тапсырма. Сөйлемдерді қолданып, оқушы мен аспаздың, екі оқушының, екі аспаздың арасында болатын диалогтер құрау.
- Қай жерде тезірек тамақтануға болады?
- Қалай тамақтанғанды қалайсыз?
- Қандай тағамдарды ұнатасыз?
- Жақын жерде асхана бар ма?
- Өзіңіз таңдаңыз. Ас мәзірін қараңыз. Тұз (қыша, бұрыш, тұздық) беріп жіберіңізші.
V. Сабақты қорытындылау.
Кестемен жұмыс: Оқушылар тағам атауларын жазады.
Жеңіл тағамдар | Ыстық тағамдар | Салаттар | Сүт тағамдары |
VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма.
Үй жанындағы асхана туралы шағын шығарма жазу.
5-сабақ Достарыммен асханада тамақ ішу
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Диалогті оқып, өзара сөйлесу. Диалог бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беру.
- Сәлеметсің бе!
- Қайырлы таң! Қайда бара жатырсың?
- Асханаға бара жатырмын, досыммен таңертеңгі асты ішпекпін.
- Онда қандай тағамдар бар екен?
- Әр түрлі тағамдар. Таңертеңгі асқа кофе немесе сүт ішпекпін. Май жағып, нан жеймін.
- Түскі тамақты да сонда ішесің бе?
- Иә, кей кезде достарыммен кездесуге уәделессем, сол жерде кездесеміз.
- Жақсы, сау бол, енді сені іздесем, содан табармын.
- Жарайды, сау бол.
Сұрақтар:
1. Екі таныс қай жерде кездесті?
2. Асханаға қандай ас ішу үшін бара жатыр?
3. Таңертеңгі асқа не жейді?
4. Түсте де асханадан тамақтана ма?
2-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерге керекті шылауларды қойыңдар.
Жауап үлгісі:
Әсет және Әсия асханаға барды. Ол асханадан ыстық тағам, нан мен тұздық алды. Екеуі біраз отырған соң, шай мен кофеге тапсырыс берді. Әсет салат пен торт алды, ал Әсия шайға шоколад алды.
V. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Асханаға байланысты жұмбақтарды шешу.
Қыстың қаңтар, ақпанын,
Кебежеме сақтадым. (тоңазытқыш)
Ағайынды төрт батыр,
Көтергені бір шатыр. (үстел)
Қалпағы бар, жиегі жоқ.
Аузы бар, иегі жоқ. (шәйнек)
VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Сұрақтардың орнына тиісті сөздерді қою. Сұрақтарға жауап беру.
31-31-сабақ 23.10.2015ж.
Асханада отбасыммен тамақтану
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
Сөздік:
Кешкі ас – ужин
Шие шырыны – вишневый сок
Кәуап – шашлык
ІІІ деңгей.
1. Мәтінге бірнеше сұрақтар дайындаңдар.
2. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын әңгімелеңдер.
ІІ деңгей.
1. Сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
Ыстық тамаққа кәуап алдық және шие шырынын іштік.
2. Сөздерді септеңдер.
Отбасы, кешкі ас, тапсырыс.
І деңгей.
«Асханада отбасыммен тамақтанамын» деген тақырыпқа шағын шығарма жазыңдар.
2-тапсырма. Сөздерге керекті әріптерді қою. Екі-үш сөзді қолданып, сөйлем құрау.
Жауап үлгісі:
Жазушы, тағдыр, жеңілдік, Бейбіт, билік, әйгілі, мінездеме, бақыт, домбыра, жаңбыр, биыл, оқырман, қазына, тарих.
V. Сабақты қорытындылау.
- Кешкі асқа дайындауға болатын тағамның бірін жазып, қалай дайындалатыны жайлы әңгімелеп беру.
VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма.
Сөздерді қолданып, өз пікірлерін білдіру.
32-32-сабақ Асханадағы ас мәзірі 24.10.2015ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, ас мәзірінде не барына назар аудару.
Лицей асханасы
Мен лицейдің сегізінші сыныбында оқимын. Биыл лицейде оқығаныма екінші жыл. Лицей – интернат болғандықтан, біз сол жерде таңертеңгі, түскі, кешкі асымызды да ішеміз. Лицей асханасының ас мәзірі күнделікті өзгеріп отырады. Бір апталық ас мәзіріндегі тағамдар тұрақты. Бірінші күні көбіне біріншіге борщ, екіншіге манты беріледі. Екінші күні біріншіге сорпа, екіншіге палау беріледі. Үшінші күні балық күні, ылғи балықтан жасалған тағамдар жасалады. Төртінші күні жеңіл күріш сорпасы мен картоп беріліп жүр. Бесінші күні біріншіге сүт кеспе, екіншіге қуырдақ берілсе, алтыншы күні көбіне біріншіге күріш сорпасы, екіншіге тұшпара беріледі. Сонымен қатар тамақтарға қоса түрлі салаттар да дайындалады. Жалпы ас мәзірінде осы аталғандар тұрақты сақталады.
«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны
Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.
I тур
Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.
1 қатар | 2 қатар | 3 қатар | 4 қатар | 5 қатар | 6 қатар |
Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.
II тур
2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырады, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.
1-қатар + 3-қатар
4-қатар + 6-қатар
2-қатар + 5-қатар
Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтар қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша). Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады. Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.
III тур
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.
Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар
2-қатар + 3-қатар
4-қатар + 5-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:
1. Лицей асханасының ас мәзірі қандай?
2. Бірінші күні не беріледі?
3. Екінші күні ше?
4. Үшінші күн қандай күн?
5. Төртінші, бесінші, алтыншы күндері ас мәзірінде не бар?
6. Асханада тамақтардан басқа тағы не бар?
2-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтау. Қарны ашқанда және шөлдегенде не ішіп, не жейтіндері туралы әңгімелеу.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


