Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді әрі қарай жалғастырып жазу.
Таңертең мен ерте тұрамын. Тұрғаннан соң, дене шынықтыру жаттығуларын жасаймын. Содан кейін анама таңғы асты дайындауға көмектесемін. Таңғы асты ішкеннен кейін мектепке барамын. Сабақ аяқталғасын үйге қайтамын.
2-тапсырма. Оқыған кітап, журнал, газеттерінен біріккен сөздердің түр-түріне мысал тауып, кестені толықтыру.
Біріккен сөздер | |||
Кісі аттары | Жер, су географиялық атаулар | Ән, күй аттары | Қоғамдық өмірге, күнделікті тұрмысқа байланысты атаулар |
Ү. Сабақты қорытындылау.
3-тапсырма. Диалогті толықтыру
- Сабақтан кейінгі бос уақытыңда не істейсің?
- ... .
- Үй жұмыстарымен айналысасың ба?
- ... .
- Анаңа қандай көмек бересің?
- ... .
- Сабақтарға дайындалу үшін кітапханаға барасың ба?
- ... .
- Үйдің қасында кітапхана бар ма?
- ... .
- Сабаққа қанша уақыт дайындаласың?
- ... .
- Сабақтарға дайындалғаннан кейін не істейсің?
- ... .
Синквейн әдісі: Бес жолды өлең құрап жазу.
Уақыт. Көмек.
Ұзақ, қысқа.
Тоқтамайды, зымырайды, емдейді.
Мен уақытымды үнемдеп жүремін.
Кеңістік.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.
110-6-сабақ
Тақырыбы: Нәтиже сабақ
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.
I. Тест сұрақтарына жауап беру.
1. Біріккен сезді табыңдар.
A) еңбек B) қарлығаш C) парыз D) қамқорлық
2. ... тамақты көп жеуге болмайды. Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына керекті сын есімді қойындар.
A) тәтті B) майлы C) ыстық D) салқын
3. Географиялық атауға байланысты біріккен сөзді табыңдар.
A) тасбақа B) Орынбасар C) Орынсатпақ D) Ақтөбе
4. Дене тәрбиесі қандай қасиетті шыңдайды?
А) шыдамдылық В) жалқаулық C) еріншектік D) шыдамсыздық
5. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар. Таңертең мен ерте тұра... .
A) –пын B) –пін C) –мын D) - мін
6. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Мен бос уақытымда... барамын.
A) ауылда B) мектептен C) кітапханаға D)саябақта
7. Көп нүктенің орнына керекті жалғауларды қойыңдар. Адам... ең күштісі - ешкім... міндет артпайтыны.
A) - дың, -қа B) -ның, - ге C) - нің, -ға D) - дің, - ке
8. Берілген сұраққа керекті сөзді қойыңдар. (Нені?) көп жеу керек.
A) шырынды B) шайды C) көкөністі D) сорпаны
9. Анатомиялық атауға байланысты біріккен сөзді табыңдар.
A) Қаратөбе B) аққу C) ұлтабар D) қарлығаш
10. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. Тез оқығанда көз... шаршайды екен.
A) көп B) аз C) тез D) сонша
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
1. Бір күнгі тәртіптеріңді мәтін ретінде жазыңдар.
2. Біріккен сөздердің мағынасына қарай бірнешеуін мысалға келтіріңдер.
3. Адамның өзін - өзі тәрбиелеуі мақсатында қалай жұмыс жүргізуге болатындығын айтып, өзара сөйлесіңдер.
4. Дене шынықтыратын бірнеше жаттығулар жөнінде мәтін құраңдар.
5. Сабақтан бос уақыттарыңды қалай өткізесіңдер? Шағын мәтін құраңдар.
Ү. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.
XIV МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы:
Сабаққа дайындық
Бөлімі | Сабақ саны | Модуль мазмұны | Уақыты |
Кіріспе | 1-сабақ | Модульге кіру. Лексикалық тақырып. Бекіту. Кітапханаға байланысты мәтінмен жұмыс. Жаттығуларды орындау | 45 минут |
Сөйлесу | 2-сабақ | А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен жұмыс. Жаттығуларды орындау. | 45 минут |
3-сабақ | Нақыл сөздермен жұмыс. Жаттығуларды орындау. | 45 минут | |
4-сабақ | «Қазақ тілі сабағында» мәтінімен жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар. Жаттығулармен жұмыс. | 45 минут | |
Қорытынды | 5-сабақ | 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары | 45 минут |
6-сабақ | Диктант. | 45 минут | |
7-сабақ | Мазмұндама. | 45 минут |
111-1-сабақ Кіріспе бөлімі
Тақырыбы: Кітапханадағы жұмыс
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінмен танысып, сұрақтар дайындау. Сұрақтарға өзара жауап беру.
2-тапсырма. Сызбалар бойынша мәтін құрау.
3-тапсырма. Берілген мәтінді пайдалана отырып, кітапханашы мен оқырман арасындағы диалог дайындау.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.
«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны
Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.
I тур
Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.
1 қатар | 2 қатар | 3 қатар | 4 қатар | 5 қатар | 6 қатар |
Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.
II тур
2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.
1-қатар + 3-қатар
4-қатар + 6-қатар
2-қатар + 5-қатар
Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).
Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.
Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.
III тур
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.
Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар
2-қатар + 3-қатар
4-қатар + 5-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.
1. Мектеп кітапханасынан басқа кітапханаға барып, сабаққа дайындаласыңдар ма?
2. Қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарын үйге бере ме? Қанша күнге береді?
3. Кітапхананың оқу залында жиі жұмыс істейсіңдер ме?
4. Сабақта қосымша әдебиеттерді пайдаланасыңдар ма?
V. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. Оқыңыз, қызық!
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
VІI. Бағалау: Сабаққа белсенді атсалысқан оқушыларды бағалаймын.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


