Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
Батыс Қазақстан – халқы – 2057,2 мың адам.
Солтүстік Қазақстан – халқы – 3706,4 мың адам.
Оңтүстік Қазақстан – халқы – 6246,6 мың адам.
ІІІ деңгей
1. Мәтін құрап, бірнеше сұрақ дайындаңдар.
2. Сөздерді септеңдер. Халық, қала, адам.
ІІ деңгей
1. Өз қалаларыңның тұрғындары туралы әңгімелеп беріңдер.
2. Қала тұрғындарының тіліндегі ерекшеліктерге (диалектісіне) назар аударып, бірнеше мысал келтіріңдер.
І деңгей
«Қазақстан – көп ұлтты мемлекет» атты реферат жазыңдар.
2-тапсырма. Берілген етістіктерді қолданып, сөйлем құрау.
Тұрдыңыздар, оқыдық, берді, сөйлесті, көрдің, еңбек етті, жұмыс істедім, отырдың, үйрендім, көмектестім, аштың, жеңді, әкелдіңіз, үйрендім.
3-тапсырма. Берілген диалогті оқып, өзара сөйлесу. Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
- Қанат, сен қай қалада тұрасың?
- Алматыда, бұл қалаға қыдырып келіп едім.
- Қала ұнады ма?
- Әрине, көрікті жерлері көп екен. Халқы да қонақжай.
- Қаламызда көп ұлт тұрады.
- Қазақ халқының санын өзге ұлттар да толықтырады екен ғой.
- Иә, Қазақстан азаматтары болған соң, халық санына есептеледі ғой.
- Біздің қаламызда да халық саны өсіп келеді.
- Жақсы мен де қаламыздың көркейгеніне қуаныштымын.
Сұрақтар:
1. Қанат қай қалада тұрады?
2. Қала халқы қандай екен?
V. Сабақты қорытындылау.
«Кім көп біледі?» ойыны: Оқушылар қала аттары жазылған парақтарды үлестіріп алып, сол қала туралы білгендерін ортаға шығып айтып береді.
VI. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. Мәліметтермен танысып, әңгімелеу.
5-сабақ Қазақстан қалаларына саяхат
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, сұрақтар дайындау.
Сөздік:
Жергілікті – местный нулы – густой, непроходимый
Шұрайлы – плодородный, наилучший
өріс – поле қоржын – коржын, сумка
қайнар – родник нүкте – точка
төбешік – бугор, холмик шығанақ – залив
2-тапсырма. Қосымша сұрақтар мен тапсырманы орындау.
1. Қазақстанның қай қалаларын көрдіңдер?
2. Қай қала несімен ұнады?
3. Қазақстанның Швейцариясы атанған Көкшетау қаласына барған болсаңдар, көрген жерлеріңді сипаттап беріңдер.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазу.
Жауап үлгісі:
Шахтинск қаласы көмір кенінің үстіне жайғасқан. Үйлер мен дүкендер, мектептер мен мәдениет үйі, адамдар, машиналар - бәрі де көмір кенінің үстінде. Алматы, Қарағанды, Шымкент, Ақмола - бәрі де Қазақстанның ірі қалалары. Қазалы, Жаңақорған және Шардара - Сырдария өзенінің бойындағы су электр станциялары.
4-тапсырма. Кестедегі Қазақстанның қай қаласына барғысы келетіндігін айту. Қала атауларын қолданып, шағын мәтін құрау.
№ | Қазақстан облыстары | Орталығы |
1. | Ақмола | Көкшетау |
2. | Ақтөбе | Ақтөбе |
3. | Алматы | Талдықорған |
4. | Атырау | |
5. | Батыс Қазақстан | Орал |
6. | Жамбыл | Тараз |
7. | Қарағанды | Қарағанды |
8. | Қостанай | Қостанай |
9. | Қызылорда | Қызылорда |
10. | Маңғыстау | Ақтау |
11. | Оңтүстік Қазақстан | Шымкент |
12. | Павлодар | |
13. | Солтүстік Қазақстан | Петропавл |
14. | Шығыс Қазақстан | Өскемен |
V. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.
VI. Үй тапсырмасы.
6-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі сұрақтарға жауап беру.
6-сабақ
Тақырыбы: Маған ұнайтын қала
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту. Жазба жұмысы:
1-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.
- Сен қандай қалада болдың?
- ... .
- Сол қалалардың ішінен қай қала қатты ұнады?
- ... .
- Бұл қала саған несімен ұнады?
- ... .
- Қалада тағы нелер бар?
- ... .
- Сенің қалаңнан ерекшелігі қандай?
- ... .
- Табиғаты тамаша ма?
- ... .
- Сен ол қалаға жиі барып тұрасың ба?
- ...
Диалог негізіне мына сөздерді қолдануға болады: Алматы, Астана, Көкшетау Ақтөбе, көше, таза, әдемі, үлкен ғимараттар, көп қабатты үйлер, қысы суық, жазы жылы, бау-бақша жақсы өседі, бірнеше рет, жыл сайын.
2-тапсырма. Берілген хронологиялық кесте бойынша мәтін құрап, төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
1. Верный әскери қамалы қай жылы қаланды?
2. Алматыға «Алма-Ата» деген атау қашан берілді?
3. 1998 жылдың 1 шілдесіндегі заң бойынша Алматы қандай мәртебе алды?
3-тапсырма. Жоғарыдағы кестені қолданып, өздеріне ұнайтын қала туралы мәлімет жинап, тарихын айтып беру. Мәтінге төмендегі сын есімдерді қолдану.
Көрікті, кең, таза, ауқымды, орманды, жылы, ажарлы, сүйікті, әсем, тарихи, жазғы, өндірістік, аймақтық, мәдени, саяси.
5-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақ қою.
Жауап үлгісі:
1. Елімізде қандай қалалар көп?
2. Сенің сүйікті қалаңда нелер көп?
3. Сүйікті қалаңа жиі барып тұрасың ба?
4. Сен өз қалаңды жақсы көресің бе?
5. Біздің елімізде табиғаты тамаша қалалар көп пе?
V. Сабақты қорытындылау. «Кім тапқыр?» ойыны:
Әріптерге сөзге байланысты сөздер тауып жазу.
А - асқар А – астана
Л – лайықты С – сүйікті
М – мейірімді Т – таусыз
А – алмалы А – арманды
Т – тамаша Н – намысты
Ы – ырысты А – асқақ қала
VI. Үй тапсырмасы.
4-тапсырма. Сызба бойынша ауызша сөйлем құрау. Сүйікті қалалары туралы әңгімелеу.
7-сабақ
Тақырыбы: Қай қалада тұрасың?
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Берілген диалог бойынша өзара сөйлесу.
- Әсет, сен қай қалада тұрасың?
- Мен Қызылорданыкімін. Өзің ше?
- Осы Алматыданмын.
- Алматыда біраздан бері тұрасың ба?
- Жоқ, бір-екі жыл бұрын көшіп келгенбіз.
- Қай жерден?
- Алматы маңындағы шағын ауданнан. Өзің Қызылорда қаласынансың ба?
- Иә, қалада туып - өскем.
Сөздік жұмысы:
Біраздан бері – с некоторых пор көшу – переезжать
Шағын аудан – небольшой район
2-тапсырма. Диалог бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. Әсет қай қалада тұрады?
2. Алматыға қашан көшіп келген?
3. Әсет қайда туып-өскен?
4-тапсырма. Кестеде берілген қатардан мағынасына қарай сөз тіркестерін құрау.
Жауап үлгісі:
керемет | табиғат |
ыңғайлы | орын |
көрікті | қала |
жеңіл | жүк |
орманды | алқап |
тарихи | оқиға |
кең | бөлме |
ыстық | Жаз |
V. Сабақты қорытындылау.
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


