Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

Лексикалық тақырыбы: Қазақстан балалар жазушылары

Грамматикалық тақырыбы: Тұйық етістік. Жалқы есімдер

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру. Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Ілияс Жансүгіров» мәтіні Диалогпен жұмыс Жаттығуларды орындау I. Жансүгіровтің өлеңін оқу

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Жаттығуларды орындау Тақырып бойынша шығарма жазу

45 минут

3-сабақ

«Өтебай Тұрманжанов» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау Ө. Тұрманжановтың өлеңін оқу

45 минут

4-сабақ

Мұқан Иманжанов туралы мәтінмен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Диалогпен жұмыс

45 минут

5-сабақ

Мұзафар Әлімбаев туралы мәтінмен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс

45 минут

6-сабақ

Ақын шығармалары мәтінімен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар Жұмбақтарды шешу Жаттығулармен жұмыс

45 минут

7-сабақ

Бердібек Соқпақбаев туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

8-сабақ

«Менің атым - Қожа» повесі Жаттығуларды орындау Шығарма жазу

45 минут

 

9-сабақ

Машқар Гумеров туралы мәтінмен жұмыс Жаттығуларды орындау

45 минут

 

10-сабақ

М. Гумеровтың шығармаларымен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

 

11-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау

45 минут

 

Қорытынды

12-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

 

Кіріспе бөлімі

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

1-сабақ Ілияс Жансүгіров

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.

ТҰЙЫҚ ЕТІСТІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

1. Шақпен, жақпен байланысы болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін түрі тұйық етістік деп аталады. Тұйық етістік не істеу? деген сұраққа жауап береді. Тұйық етістік у жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: аудару, орындау.

Тұйық етістік көптеледі (тексерулер), тәуелденеді (менің айтуым - I ж.), септеледі (тексерудің - і. с).

2. Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма атаулары. Мысалы: Көкшетау, Сарысу, Асан, «Абай жолы» романы, т. б.

V. Сөздік жұмысы.

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дөптерлеріне жазу.

2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы; ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.

3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.

4. Сөйлем құрау.

Сөздік

жетім – сирота тәрбиесінде - на воспитании

қатал – строгий өткір мінезді - решительный характер

өжет - бойкий зерек - одаренный

ұста - мастер

VI. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, берілген сұрақтарға жауап беру.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.

1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар

Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде ер жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 3-қатар

4-қатар + 6-қатар

2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтар қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

ІІІ тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер:

1-қатар + 6-қатар

2-қатар + 3-қатар

4-қатар + 5-қатар

(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:

1. Ілияс Жансүгіров қашан және қайда туған?

2. Ілиясты жастайынан кім тәрбиелеген?

3. Әкесі қандай болған? Немен айналысқан?

4. «Сегіз қырлы, бір сырлы» дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Ілияс Жансүгіров әкесінен не үйренген?

6. Ілиястың әдебиетке қызығуына кім әсер еткен?

7. Ілияс кімнен халық өлеңдерін, қызықты әңгімелер естіген?

8. Халық өмірімен тереңірек танысуына кім мүмкіндік туғызған?

2-тапсырма. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдерді жалқы зат есімдермен толықтыру.

3-тапсырма. Ілияс Жансүгіровтің «Мен қалай жаздым?» мақаласындағы айтқан сөзін қалай түсінетіндерін талдау.

4-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

VII. Сабақты қорытындылау.

VIII. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма. I. Жансүгіровтің өлеңін мәнерлеп оқуға жаттығу.

66-2-сабақ

I. Тақырыбы: Жансүгіровтің шығармалары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III.  Сабақтың мақсатын, барысын айту.

Тұйық етістік туралы түсінік

жақ шақ

Негізгі туынды түрленуі

Сұрау+у шеге+ле+у зат есімдерше түрленеді

Етіс болымсыз

Сөйле+с+у кл+ме+у

Жалқы есім

 

Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана

қойылған аты жалқы есім

 

Елді мекен аттары;

Жер – су аттары;

Газет – журнал, шығарма атаулары;

Адам аты, тегі, лақап аты.

1. Шақпен, жақпен байланысты болмай, қимылдың атауын ғана білдіретін түрі тұйық етістік деп аталады. Тұйық етістік не істеу? деген сұраққа жауап береді. Тұйық етістік у жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: аудару, орындау.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48