Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
VII МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Қазақстанның ірі қалалары
Грамматикалық тақырыбы: Күрделі сөздер.
Біріккен сөздер
Бөлімі | Сабақ саны | Модуль мазмұны | Уақыты |
Кіріспе | 1-сабақ | Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту. «Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау | 45 минут |
Сөйлесу | 2-сабақ | «Ортағасырлық Отырар» мәтінімен жұмыс Фонетикалық талдау Жаттығуларды орындау М. Ерімбетовтің «Отырар» өлеңімен жұмыс | 45 минут |
3-сабақ | «Қазақ елінің бас қалалары» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау | 45 минут | |
4-сабақ | Тірек сызбамен жұмыс Жаттығуларды орындау Сұрақтармен жұмыс | 45 минут | |
5-сабақ | «Орынбор - түңғыш астана» мәтінімен жұмыс Диалогпен жұмыс Жаттығулармен жұмыс | 45 минут | |
6-сабақ | «Алматы қаласы» диалогі Жаттығулармен жұмыс «Алматы қаласы» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар | 45 минут | |
7-сабақ | Тірек сызбамен жұмыс Жаттығулармен жұмыс | 45 минут | |
8-сабақ | «Қызылорда қаласы» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс | 45 минут | |
9-сабақ | «Орал» мәтінімен жұмыс Жаттығулармен жұмыс | 45 минут | |
10-сабақ | «Астана тарихы» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау Суретпен жұмыс | 45 минут | |
11-сабақ | «Бас қаланың бойтұмары» мәтінімен жұмыс Жаттығуларды орындау «Бәйтерек» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар | 45 минут | |
Қорытынды | 12-сабақ | 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары | 45 минут |
Кіріспе бөлімі
1-сабақ Орта ғасырдағы Қазақстан қалалары
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Берілген мәліметтермен танысып, есте сақтау.


1. Қазақ тіл білімінде кемінде екі түбірден жасалып, бір мағынаны білдіретін сөздерді күрделі сөздер дейміз. Оның 4 түрі бар: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, тіркескен сөз.
2. Біріккен сөз - екі немесе одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін, бір сұраққа жауап беретін сөз. Мысалы: Талдықорған (Талды+қорған), Екібастұз (Екі+бас+тұз), т. б.
3. Кіріккен сөз - құрамындағы сөздердің ең кемінде бір дыбысы өзгеріп біріккен сөз. Мысалы:

V. Сөздік жұмысы.
1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерлеріне жазу.
2. Сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру: а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы;
ә) оқушылардың дауыстап қайталауы; б) оқушылардың тізбектеп оқуы.
3. Сөздерден сөз тіркестерін құрау.
4. Сөйлем құрау.
Мәдениет тірегі – центр культуры
Бой көтеру – возвышаться
әлемдік қарым – қатынас – международные отношения
жазба деректеме – рукопись
монша – баня
безендірілген – украшен
керуен - караван
VI. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беру. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.
2. Сөйлемдерге тиісті септік жалғауын жалғаңдар.
Қалалар мәдениеттің тірегіне айналды. Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалалардың бірі – Отырар. Тараз қаласының моншасы болған. Сығанақ – қыашақ бірлестігінң орталығы.
ІІ деңгей
1. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеңдер.
Жоспар:
Қалалардың дамуы.
Жібек жолының қалаларға ықпалы.
2. Көне қалалардың ішінде қазір сақталған Тараз, Түркістан қалалары туралы мәлімет жинастырыңдар.
І деңгей
«Орта ғасырдағы Қазақстанның ірі қалалары» атты реферат жазыңдар. Мәліметтерді тарихпен байланыстырып, әңгімелеп беріңдер.
Сұрақтар:
1. Орта Азия мен Қазақстан қалалары нешінші ғасырда гүлдене бастады?
2. Қазақстанда қандай қалалар бой көтерді?
3. Сырдарияның бойында орналасқан ірі қала қалай аталады?
4. VII ғасырда Ұлы Жібек жолының ірі мекеніне айналған қай қала?
5. Айша бибі күмбезі қай қалада көтерілген?
6. Сығанақ қаласы қайда орналасқан?
3-тапсырма. Берілген біріккен атауларды пайдаланып, үлгі бойынша сөйлем құрау.
Үлгі: Біз Көкшетауға бардық.
Сырдария, Қарағанды, Ақтөбе, Екібастұз, Қызылорда, Ақтау, Талдықорған, Көкшетау.
VII. Сабақты қорытындылау.
4-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрау.
Жауап үлгісі:
1. Батыс Түркістан жерінде... 2. Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі Исфиджаб, одан соң ... 3. Тараз жазба деректемелерде... 4. Тараз қаласының ... | 1. Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. 2. Сайрам деп аталды. 3. 568 жылдан бастап аталады. 4. моншасы болған. |
VIII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.
Сөйлесу бөлімі
2-сабақ Ортағасырлық Отырар
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беру. Мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындау.
Ортағасырлық Отырар
Арыс өзенінің Сырдарияға құяр аралығында ежелгі Отырар жатыр. Отырар сол кездің өзінде қолөнері дамыған, мал, егін шаруашылығымен айналысқан ірі орталық, жауынан қорғана алатын мықты бекінісі бар қала болды.
Отырардан бастау алған жол шығысында Қытаймен, батысында Византиямен оңтүстігінде Орта Азиямен байланысып жатты.
Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби Отырар топырағында дүниеге келді.
Отырар өмір сүрген дәуірде жаугершілік, шапқыншылық көп болды. Сол тұста Монғол жорығы мен Жоңғар шапқыншылығы бүкіл елді есеңгіретіп кетті. Бұл кезде Отырар қаласы Оңтүстік өңірін мекендеушілердің орталығы болды. Жан – жақтан келушілер Отырарды төңіректей қоныс тепті. Сөйтіп, Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақшытөбе деген шағын елді мекендер пайда болды.
Отырар ҮІІ ғасырдан бастап өсе келе ІХ ғасырда сол төңіректің астанасы араб деректеріндегі Фараб деген атпен дүние жүзіне мәлім бола бастады.
(К. Байпақов)
Сөздік:
Ежелгі – древний Қолөнер – рукоделие
Орталық – центр Бекініс – укрепление
Жаугершілік – смута Шапқыншылық – нашествие
Есеңгірету – обессилить Мекендеушілер - проживающий
2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жазбаша жауап жазу. Сұрақтарға жауап жазу кезінде өзара диалог құрау.
1. Ежелгі Отырар қай жерде орналасқан?
2. Отырар қандай қала болды?
3. Отырарда кім дүниеге келген?
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


