Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
4. «Баламен сырласу» өлеңінің авторын табыңдар.
A) Қ. Мырзалиев B) Қ. Баянбаев
C) Е. Елубаев D) С. Қалиев
5. Е. Елубаевтың балаларға арналған қай шығармасы республикалық қуыршақ театрында қойылды?
A) «Тастың аты тас» B) «Болатбек»
C) «Туады, шығады, түседі, келеді» D) «Кім қайда тұрады?»
6. С. Қалиевтің «Балдырған» журналында басылған алғашқы өлеңін атаңдар.
A) «Дүрбі» B) «Қуандырам»
C) «Мен мектепке барамын» D) «Қасиетті тақия»
7. Б. Әділовтің қай шығармасы 1990 жылы бәйгеде үшінші жүлде жеңіп алды?
A) «Мейірім» B) «Қырық жеті мысал»
C) «Асқақтаған кірпіштер» D) «Ерегес»
8. Н. Ақышевтың алғашқы прозалық кітабын атаңдар.
A) «Жұмбақ іздер» B) «Үндемейтін ұл»
C) «Сынық домбыраның сазы» D) «Жатақхана қыздары»
9. «Балалар елін бағындыру» ертегісіндегі оқудың атасын табыңдар.
A) Еңбек B) Өнер C) Ойын D) Кітап
10. Берілген сөйлемге керекті сөзді қойыңдар. Болашаққа үндейтін... қана өміршең болмақ.
А) кітап В)теледидар C) өнер D) ойын
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
1. Жалқы есім мен жалпы есімнің айырмашылығын табыңдар.
2. Қадыр Мырзалиевтің қазақ әдебиетіндегі орнын атаңдар.
3. «Сабақ» жинағының мазмұнын айтып беріңдер.
4. Қ.Баянбаевтың шығармашылығына сипаттама беріңдер.
5. «Асқақтаған кірпіштер» шығармасының мазмұнын айтыңдар.
6. «Балалар елін бағындыру» шығармасының қандай тәрбиелік мәні бар?
7. Ғұламалардың кітапқа берген анықтамаларынан біреуін жаттап алыңдар.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
XI МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Табиғат
Грамматикалық тақырыбы: Туынды зат есімдер.
Бұйрық рай
Бөлімі | Сабақ саны | Модуль мазмұны | Уақыты |
|
Кіріспе | 1-сабақ | Модульге кіру Грамматикалық тақырып Лексикалық тақырып Бекіту Жаттығуларды орындау Нақыл сөздермен жұмыс | 45 минут |
|
Сөйлесу | 2-сабақ | «Ағаштар неге ашуланды?» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау | 45 минут |
|
3-сабақ | «Таулар қалай пайда болады?» мәтіні Жаттығуларды орындау Диалог құрау | 45 минут |
| |
4-сабақ | Жаттығуларды орындау Диалогпен жұмыс | 45 минут |
| |
5-сабақ | Жаттығулармен жұмыс Тірек сызбамен жұмыс | 45 минут |
| |
6-сабақ | «Суды қадірлейік» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар | 45 минут |
| |
7-сабақ | Тіл дамыту Жаттығуларды орындау | 45 минут |
| |
8-сабақ | «Таза бұлақ» мәтінімен жұмыс Деңгейлік тапсырмалар Жаттығулармен жұмыс | 45 минут |
| |
9-сабақ | «Табиғат құбылысы» мәтінімен жұмыс Жаттығулармен жұмыс | 45 минут |
| |
Қорытынды | 10-сабақ | 1. Тест 2. Бақылау сұрақтары | 45 минут | |
85-1-сабақ Кіріспе бөлімі
Тақырыбы: Табиғат және біз
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру.
Берілген мәліметтермен танысып, есте сақтаңдар.


Зат есім - заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер? Туынды зат есім - түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы жасалған зат есім. Мысалы: білім, достық.
Етістіктің бұйрық райы іс-қимылдың бұйыру, талап ету, өтіну ретінде айтылу мағынасын білдіреді. Бұйрық рай етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: қорғайын, қорға, т. б.
V. Бекіту.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындау. Мәтінге ат қою.
Тапсырмалар:
1. Мәтін бойынша пікірлесетін сұрақтар құрандар.
2. Мәтіннен табиғатқа қатысты сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңдер.
4-тапсырма. Берілген сөздерді үлгі бойынша сөз құрамына қарай талдау.
Үлгі: ұқыптылықпен – ұқып – түбір, - ты – сөз тудырушы жұрнақ, -лық – зат есім тудыратын жұрнақ, - пен – көмектес септігінің жалғауы.
Жанашырлықпен, тіршілік, денсаулық, сұлулық.
VI. Сабақты қорытындылау.
2-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, пікірлесу
1. Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием. (Дж. Байрон)
2. Табиғат қарапайым да біртұтас бірегейлігімен-ақ ғаламат көрікті. (Р. Фейнмен)
3. Табиғи дүниенің бәрі сұлу. ()
VII. Үй тапсырмасы. Ережелерді жаттау.
2-сабақ
Тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды?
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Аударма сөздік бойынша мәтінді түсініп оқып, рөлге бөліп оқу. Әңгіменің негізгі ойы бойынша пікірлесу.
«Кезбе журналист» әдісі:
Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Алмабектің жасаған қылығы туралы оқушылардан пікір алмасады. Әр оқушы өз ойын айтады. Табиғатқа деген жанашырлығы туралы айтады. Адам мен табиғаттың байланысы туралы ашып айтады.
2-тапсырма. Б. Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесі бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1. Мәтіннің негізгі мазмұнын ашатын сұрақтар дайындаңдар.
2. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің қандай сөз табына жататынына сипаттама беріңдер.
3. Мәтіннен бұйрық райда тұрған етістіктерді теріп жазып, қандай жақта тұрғанын анықтаңдар.
ІІ деңгей
1. Мәтіннен негізгі мазмұнын анықтайтын сөйлемдерді табыңдар.
2. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар.
І деңгей
1. Мәтінді әңгімелеп, өз ойларыңды білдіріңдер.
2. Мәтіннің мазмұнын қысқаша түрде жазыңдар.
3-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық райға қойып жазу.
Жүгіре жөнелді – жүгіре жөнел! Болды – бол!
Естілді – есті! Жүгіру – жүгір!
Беремін – бер! Қопсытты – қопсыт! Ақтады – ақта!
V. Сабақты қорытындылау. Автор орындығы:
«Адам мен табиғат байланысы» деген тақырыпқа шағын эссе жазып, жазғандарын ортаға шығып, орындыққа отырып оқып береді.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
86-3-сабақ
Тақырыбы: Таудың пайда болуы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту.
1-тапсырма. Таудың пайда болуы туралы мәліметтермен танысып, сұрақтарға жауап беру.
Сөздік:
Көтеріңкі – возвышенный өркештеу – горбиться
заңғар – высочайший құзды – скалистый, с утесами
түзілу – образоваться жаншу – придавить
тау қаптары – горные складки қозғалыс - перемещение
Сұрақтар:
1. Тау деген не?
2. Таулар қалай пайда болған?
3. Таудың биік басына қарай климат қандай болады?
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


