Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

М.Әлімбаев

кім?

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Сөз мәнісін түсініп айыру. Айырмашылығын анықтау.

70-6-сабақ

Тақырыбы: Ақын шығармалары

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Мәтінннен «Күн тоқыған кілем» өлеңін тауып жаттаңдар.

2. Жалқы есімдерді теріп жазыңдар.

ІІ деңгей

М.Әлімбаевтың өлеңдерінің көбіне «өз көзіммен көргендік арқау болды» дейді. Соның ішінде «Жол қайда жоғалды?» өлеңі қандай оқиға негізінде жазылғанын айтып беріңдер.

І деңгей

«М.Әлімбаевтың шығармашылығы» деген тақырыпқа реферат дайындаңдар.

2-тапсырма. М. Әлімбаевтың жұмбақтарын түсініп оқып, шешу.

Жұлдыз болып жетеді, Көк шатырда қол орақ,

Су, мұз болып кетеді. Өмірі ормас ол орақ.

(Қар қиыршығы) (Ай)

Қалың ағаш – бір алап, Бастапқым - тәтті шырын де,

Жап – жасыл болып жайнайды. Екіншім – қатқан суым де,

«Р»-ды қоссақ сыналап, Үшіншім – белгі таңба де,

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Құс болып та сайрайды. Үшеуін қосып оқысаң,

(Тоғай – торғай) Осыдан тәтті бар ма де.

(Бал-мұз-дақ)

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. М.Әлімбаевтың балаларға арналған өлең-жырларының басты тақырыбы қандай?

2. М.Әлімбаевтың балаларға арналған қандай шығармаларын білесіңдер? Атап шығыңдар.

3. Қандай жұмбақтарын жатқа білесіңдер?

4. Ақынның «Жол қайда жоғалды?» өлеңі неге негізделген?

VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Сөйлемдерді оқып, тұйық етістіктерді табу. Астын сызып, жасалу жолын түсіндіру.

71-7-сабақ

Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев - қазақ әдебиетінің көрнекті прозашысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу.

Оқушыларға мәтінді үш бөлікке бөліп беріп, аударма жұмысын жасатамын. Содан соң әр топ өзінің бөлігін аударып, не туралы айтылғанын түсіндіріп береді.

2-тапсырма. Берілген мәліметтер бойынша жазбаша шағын мәтін құрау.

1. Б. соқпақбаев 1924 ж. Алматы облысы Кеген ауданы Қостөбе ауылында туған.

2. Ата-анасынан ерте айырылады, туыстарының қолында өмір сүреді.

3. Кеңес армиясы қатарында қызмет етеді.

4. Ауылдық жерде мұғалім болады.

5. Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.

6. 1955-1957 жылдары Мәскеудегі жоғары әдеби курста оқиды.

7. Ол – балалар жазушысы.

8. Оның повестері: «Менің атым - Қожа», «Жекпе-жек», «Балалық шаққа саяхат», «Аяжан».

Кластер жасау:

Әр топ Б. Соқпақбаев туралы бар білгендерін қағаз бетіне түсіріп, мәліметтерді қолдана отырып жазады. Ортаға шығып өз жазғандарын айтып береді.

IV. Бекіту.

3-тапсырма. Б. Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесінде кімнің өмірі туралы жазылғанын анықтау.

Б. соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесі - өмірбаяндық туынды. Повестің балаларға танымдық мәні зор. Мұнда автор өз өмірін жазады.

«Бір сөзбен айтсам, сол өзін жазатын жазушы менмін. Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан: өз басымнан кешкенді, өзім байқап түйгендерімді, өзімді, өз айналамдағы жайттарды жинаймын. Солар туралы жазамын.

Сегіз жасымда, бірінші класта оқып жүріп, шешем өліп, жетім қалдым. Ең бір қиын кез. «Балалық шаққа саяхат» повесі, міне, осы толғаныстан туған дүние. Осының бәрі де шын, бәрі де болған».

(«Қаламгерлік өмірбаян»)

V. Сабақты қорытындылау.

 

Бердібек

Соқпақбаев

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

72-8-сабақ

Тақырыбы: «Менің атым - Қожа» повесі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. «Менің атым - Қожа» повесінің басты кейіпкері кім екенін анықтау. Мәтіннің мазмұнын айту.

Оқушыларға мәтінді үш бөлікке бөліп беріп, аударма жұмысын жасатамын. Содан соң әр топ өзінің бөлігін аударып, не туралы айтылғанын түсіндіріп береді.

2-тапсырма. 1-тапсырмада берілген мәтін бойынша тапсырмаларды орындау.

1. Мәтіндегі жалқы есімдерді теріп жазыңдар.

Бердібек Соқпақбаев, Қожа, Қаратай, Жантас, Нарынқол.

2. Берілген сөздердің тұйық етістік формасын жасаңдар.

Аударылды – аударылу,

Алды – алу, Жазылған – жазылу,

Танысады – танысу, Айтылады – айтылу,

Болады – болу, Қойылады – қойылу.

IV. Бекіту.

3-тапсырма. «Менің атым - Қожа» повесіндегі Қожаның бейнесін талдау. Сұрақтарға жауап беру.

1. «Менің атым - Қожа» повесіндегі Қожаның бейнесі ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?

2. Қожаны бұзақы десе де, ол қандай болған? Жолдасы Сұлтан туралы не дейді?

Кестені толтыру:

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Бердібек Соқпақбаев

V. Сабақты қорытындылау.

«Менің атым - Қожа» повесіндегі кейіпкерлерге сипаттама беріп, кестені толтыру.

Қожа

Айжан

Жантас

Сұлтан

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. «Менің балалық шағым» деген тақырыпқа шығарма жазу.

73-9-сабақ

Тақырыбы: Машқар Гумеровтың өмірі мен шығармашылығы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Машқар Бахретдинұлы Гумеров кім?

2. Ол қашан, қайда туған?

3. М. Гумеров қайда оқыған?

4. Жазушының балаларға арналған қандай шығармалары бар?

2-тапсырма. М. Гумеровтың «Құпия дәптер» атты кітабындағы «Аңсау» повесінің мазмұнын айтып беру.

Оқушыларға мәтінді үш бөлікке бөліп беріп, аударма жұмысын жасатамын. Содан соң әр топ өзінің бөлігін аударып, не туралы айтылғанын түсіндіріп береді.

Кластер жасау:

Әр топ қағаз бетіне Машқар Гумеров туралы бар білгенін жазып, ортаға шығып қорғайды. Өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәліметтер айту.

Септеу:

Сартай, Тікқұлақ сөздерін септеу.

Атау с.

Ілік с.

Барыс с.

Табыс с.

Жатыс с.

Шығыс с.

Көмектес с.

3-тапсырма. Сөйлемдердегі жалқы есімдерді тауып, бас әріппен жазу.

Жауап үлгісі:

1. М. Гумеровтың «Құпия дәптер» деп аталатын повесі - мектеп оқушыларының өмірі жайлы жазылған шығарма.

2. Жазушының соңғы жылдары туған шығармаларының бірі «Бірінші тоқсан» деп аталады.

3. «Бірінші тоқсан» повесінде алтыншы сынып оқушыларының тұрмыс-тіршілігі, олардың өнегелі істері туралы оқиғалар.

V. Сабақты қорытындылау. Кестемен жұмыс:

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Мұқан Иманжанов

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48