Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

74-10-сабақ

Тақырыбы: М. Гумеров шығармаларынан үзінділер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. М. Гумеровтың «Ерегес» повесінен үзіндіні түсініп оқып, басты кейіпкерлердің бірі Домбайдың сабаққа дайындалуы туралы айтып беру. Өздерінің сабаққа дайындалуы туралы пікірлесу.

Пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары

Рөлдік ойын

Дөңгелек үстел, эксперттік комиссияның отырысы, форум және т. б. формада жүргізіледі.

Құрал-жабдығы:

1. Рөлдердің, командалардың, топтардың сілтеме көрсеткіштері. Бағалау парағы.

2. Белгі жалауша.

3. «Тайм-аут» кестесі.

Ойынның жүру барысы 1-нұсқасы

Сынып 4-6 адамнан топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысына: Реалистер, Оптимистер, Пессимистер, Сарапшылар, Сыншылар, Байқаушылар рөлдері беріледі. Әр топта Жүргізуші және Кеңесші тағайындалады. Мұғалім келесі мәселе қоя отырып, оны әр топ өз рөлі тұрғысынан қарауды ұсынады.

Дайындыққа бөлінген уақыт (10-15 минут) өткен соң, әр топ өздерінің (рөлдеріне сай) біріге құрған пікір, көзқарастарын ортаға салып, оған дәйектеме келтіріп, өз сызба сурет, есеп берулерімен дәлелдейді. Негізгі (3) топтар сөйлеп болған соң, «сарапшылар» немесе «сыншылар» тобы шығады. Ол әр топтың жұмысын қорытады, олардың дәйектеме келтіріп, дәлелдеу дәрежесін талдайды немесе осал жерлерін сынайды, әр топқа сұрақтар қояды.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

«Байқаушылар» тобы барлық топтардың қызметін қорытындылап, ортақ бағалау парағын толтыра отырып, неғұрлым белсенді қатысушыларды атап көрсетеді.

2-нұсқа

Мұндай рөлдік ойын тек екі бәсекелес командаға ғана құрылады (Б суретті қараңдар). Бұл жағдайда әр жақтың өкілдері сөйлеп болғаннан кейін, «Байқаушылар» командаға сұрақ қояды (сұрақтарды өздері құрады немесе оларға мұғалім береді); даярлық уақыты - 7-10 минут, сосын командалар кезегімен жауап береді.

Қарама-қарсы сұрақтар тууы, яғни қарсылас командалар бір-бірінің сөздерінен кейін бірден өз сұрақтарын қоюы мүмкін. «Сарапшылар» бұл пікірталасты да бағалайды. Пікірталасқа команданың барлық оқушылары қатысуы керек.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

75-11-сабақ

Тақырыбы: Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

1-тапсырма. Берілген тірек сызбаны толықтырып, әңгіме құрау.

Қазақстан балалар жазушылары

Жазушының аты – жөні

Туған жылы

Туған жері

Оқыған оқу орны

Қызмет істеген жері

Шығармалары

Мұқан Иманжанов

Шығармалары

Шығармалар тақырыптары:

-  Адамгершілік тәрбие беру;

-  Адамдардың соғыс кезіндегі ерліктері мен еңбектері;

-  Ауылдық жердегі мектеп өмірі;

-  Адамдар арасындағы қарым – қатынас;

-  Балалардың бойындағы жаман – жақсы қасиеттер;

-  Еңбексүйгіштік;

-  Білімге құмарлық, т. б.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1. Зат есім деген не?

2. Жалқы есім деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тұйық етістік деген не?

4. Тұйық етістіктің емлесі қандай? Жасалу жолдары қандай? Мысал келтіріңдер.

IV. Бекіту.

4-тапсырма. «Қазақстан балалар жазушыларының шығармалары» деген тақырып бойынша диалог құрау.

V. Сабақты қорытындылау.

5-тапсырма. Кітап, білім туралы ұлағатты сөздерді түсініп, мағынасын анықтау. Тұйық етістіктерді тауып, астын сызу.

1. Кітап – асып-таспайтын адал досымыз. (В. Гюго)

2. Кітап оқу – міне, үйренудің ең жақсы түрі. (А. Пушкин)

3. Кітап өміріңнің қиын сәттерінде сенімді сырласың болады, ешқашан өкіндірмейді.

(А. Дадэ)

4. Кітаптар... – тәрбиенің маңызды жақтарының бірі ретінде, тәрбие жоспарына енуге тиіс. (В. Белинский)

5. Кітап - өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. (Серке Қожамқұлов)

6. Кітап – ақылды қуаттандыратын құрал. (А. Команский)

7. ... Егер кітапты оқи қалсаң, оқыған нәрсеңнің ойын көңілге тоқи біл. (Сенека)

VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. «М. Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығы» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

1. Тест сұрақтарына жауап беру.

1.1. Жансүгіров қай жерде дүниеге келді?

A) Маңғыстау облысы

B) Алматы облысы

C) Қарағанды облысы

D) Талдықорған облысы

2. Өтебай Тұрманжановтың өлеңдері қай басылымға шыға бастады?

A) «Қазақ» газетіне

B) «Серке» газетіне

C) «Ақ жол» газетіне

D) «Дала уәлаяты» газетіне

3. Мұқан Иманжанов кім?

A) ақын B) жазушы С)сатирик D)драматург

4. Мұзафар Әлімбаевтың алғашқы кітабы қалай аталады?

A) «Жарық жұлдыз» B) «Маржан сөз»

С) «Қарағанды жырлары» D) «Көңіл күнделігі»

5. Балаларға танымал «Менің атым - Қожа» повесінің авторы кім?

A) I. Жансүгіров B) Ө. Тұрманжанов

C) М. Әлімбаев D) Б. Соқпақбаев

6. 1927 жылы башқұрт елінде өмірге келген жазушыны табыңдар.

A) I. Жансүгіров B) М. Гумеров

C) М. Әлімбаев D) Б. Соқпақбаев

7. М. Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қай шығармасында сомдалған?

A) «Ұя» B) «Ерегес» C) «Аңсау» D) «Құпия дөптер»

8. М. Иманжановтың балаларға арнап жазған шығармалары қай уақыттан бастау алды?

A) оқып жүрген кезінде

B) қызмет жасай бастағанда

C) Ұлы Отан соғысы кезінде

D) Алматыда оқып жүргенінде

9. М. Гумеровтың Домбай атты кейіпкері қандай пәндерден қиналатынын табыңдар.

A) тарих, әдебиет B) табиғаттану, тарих

C) ана тілі, математика D) математика, тарих

II. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1. І. Жансүгіровтің балаларға арнап жазған шығармаларын атап, жалқы есімдерге назар аударыңдар.

2. Жалқы зат есімдерді қолданып, балаларға арналған шығармаларды атаңдар.

3. Тұйық етістіктерді қолданып, жазушылардың бір шығармасына жоспар құрыңдар.

4. М. Иманжановтың шығармаларының ерекшеліктерін атаңдар.

5. Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылығы мен өмірбаянын әңгімелеңдер.

6. Б. Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» шығармасындағы Қожа бейнесіне сипаттама беріңдер. Көрген кинофильмнен үзінді айтып беріңдер.

7. М. Гумеровтың «Ерегес» повесінен үзінді айтып беріңдер.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

76-12-сабақ

8-сынып Қазақ тілі

Сабақ тақырыбы

Диктант «Кеме»

Жалпы мақсаттар

Сөйлем мүшелері, сөйлемдегі орны, тыныс белгілері бойынша диктант жүргізу. Материалды қалай меңгергендігіне бақылау жасау.

Өтілген тақырып бойынша сауаттылығын бағалау.

Алған білімдерін өз бетінше пайдалана алуға үйрету.

Оқыту нәтижелері

Топта белсенділік көрсетуге тырысады;

Теориялық білімдерін практикада тиімді пайдалануға үйренеді; ситуациядан шығу жолдарын бірлесе ойланады;

пысықтауыштың күнделікті әрекетте кездесіп жүргенін біледі, сөйлемге жүйелі талдау жасауға ұмтылады.

Негізгі идеялар

Диктант - сауаттылықты тексеру жұмысы, оқушылар жұмыстарының қалай бағаланатын біледі.

Дереккөздер, сілтемелер

Қазақ тілі «Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы».

. 2002 ж.

Ынтымақтастық атмосфера тудыру

Мұғалім жазбалары

Еркін әңгімелесу.

Мектепке келе жатып нені байқадыңыздар?

Ауа - райы қалай?

Сен сыныпқа келгенде кімдер болды?

Тұсаукесер

Ø  Өтілген ережелер бойынша сұрақтар, диктант мақсатымен таныстыру, бағалау критерийлерін бірігіп жасау.

Ø  Мәтінге кіріспе сұрақтар беру.

Ø  Жыл мезгілдері туралы айту.

Мағынаны тану

Ескіден жаңаға көшу, меңгеру қадамдары.

Кеме

Кеме тарихы көне заманнан басталады. Адамдар әуелі бөренемен, салмен, сонан кейін ойып жасалған қайықтармен жүзді. Осыдан шамамен 3 мың жылдай бұрын Жерорта теңізінде ескегімен қоса желкенді кемелер пайда болды. Мұнымен теңіздерде жүк тасыды, әскери жорықтарға аттанды. Олар галералар деп аталды.

Бірте – бірте кемелерді жүргізуге жел күші көбірек қолданыла бастады. Кемеде желкендер саны көбейді, кеменің аумағы ұлғайып, жүк көтеруі мен жылдамдығы арта түсті. Сол кездегі шапшаң жүзетін кеме – шай таситын клиперлер болды.

(83 сөз)

Жазу кезеңі

«Қайық» сөзіне морфологиялық талдау жасау.

Зат есімдерді табу.

Қосымша тапсырмалар

Қайталап оқу, тексеру, тыныс белгілерін қою.

Ой толғаныс

Қазір кемелердің орнын қандай қайықтар басты?

Үйге тапсырма:

Ережелерді қайталау.

Бағалау

Тексеріп, емле қателері мен пунктуациялық қателерін шартты белгімен көрсету.

X МОДУЛЬ

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48