Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

3. Қандай кітаптары жарық көрді?

4. Қай кітабы жүлде жеңіп алды?

3-тапсырма. Б. Әділовтің «Қырық жеті мысал» жинағынан «Асқақтаған кірпіштер» атты мысалын түсініп, рөлге бөліп оқу. Кірпіштердің дауын қалай түсінгендері туралы пікірлесу. Өз пікірлерін ортаға салу. Көрініс дайындау.

V.  Сабақты қорытындылау.

Кестемен жұмыс:

Ақынның аты-жөні

Туған жылы, жері

Оқыған оқу орны

Ақынның шығармалары

Балтабай Әділов

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

83-8-сабақ

Тақырыбы: Нұрдәулет Ақышев

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтіндегі берілген мәліметтермен танысу.

Нұрдәулет Ақышевтың «Жұмбақ іздер» кітабы 1980 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген. Оның шығармаларының тақырыбы, негізінен, балалар мен жастар өміріне арналған. «Үндемейтін ұл», «Сынық домбыраның сазы», «Таң алдындағы дабыл», «Қиырдан келген көгершін», «Жатақхана қыздары» атты кітаптардың авторы. Ол «Жалын» баспасының бәйгесінде бірнеше рет жүлдегер болған.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

2-тапсырма. Ертегіден үзіндіні түсініп оқып, төменде берілген үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Сөздік:

Мақұрым – безвестный

Жұпыны – простой, скромный

Есіл-дерті – в полную силу, со всей душой

ІІІ деңгей

1. Үзіндінің мазмұнын ашатын сұрақтар құраңдар.

2. Мәтіннен тұйық етістіктерді теріп алып, талдаңдар.

ІІ деңгей

Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

І деңгей

Бұл ертегінің ерекшелігі қандай деп ойлайсыңдар?

3-тапсырма. «Балалар елін бағындыру» ертегісінің бұл үзіндісін жазбаша мазмұндау.

Оқудың Кітап деген атасы бар екен. Өзі бір көзәйнек таққан қайырымды қарт көрінеді. Тыным таппай елді аралап жүрген оны балалардың көпшілігі ұнатып қалады. Кітаптың арқасында өмір тіпті қызықты бола түседі.

Бұл бір Балалар елінің кемеліне келіп, гүлденген дәуірі екен. Өйткені Ойын, Еңбек, Оқу, Өнер, Спорт, Кітап - алтауы балаларды кезек-кезек қағып әкетіп, тек жақсылыққа қарай жетелейді де отырады. Бұл алтауы елдің ең сүйікті адамдарына айналады. Олар да балаларды керемет жақсы көреді екен.

V. Сабақты қорытындылау. «Синквейн» әдісі:

Ертегі

Қызықтырады, таң қалдырады.

Қызық, таңғажайып, шыншыл.

Қызықты ертегілерді ұнатамын.

Аңыз.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау. Өз ойынан ертегі жазып келу.

9-сабақ Талас

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, рөлге бөліп оқу.

«Кезбе журналист» әдісі:

Оқушылардың біреуі журналист, біреуі оператор болып шағын көрініс дайындайды. Е. Елубаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, ізденіп, тапқанын оқушыларға көрсетеді.

2-тапсырма. Кітап туралы ғұламалардың айтқан сөздерін түсініп, жазып алу. Аударма сөздігін пайдалана отырып, мағыналарын анықтау.

1. Жазушының жазған кітабын қабылдайтын да, қабылдамайтын да халық. Ендеше, кітапты жазушы жазып шығарғанмен, шын тағдырын шешетін төреші де сол халық. (В. Гюго)

2. Болашаққа үндейтін кітап қана өміршең болмақ. (О. Бальзак)

3. Білімнің қайнар бұлағы, сенің рухани қазынаңның қайнар бұлағы – кітап. өз кітапханаңды құра біл. Кітапты бір оқып қанағат тұтпа, қайтадан оқы.

()

3-тапсырма. «Талас» мәтіні бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

1. Мәтінде қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер. Сол сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

2. Тазалықтың пайдасы мен маңызы қандай? Қалай ойлайсыңдар?

ІІ деңгей

Мәтінде берілген мына сөйлемді қалай түсінесіңдер? Пікірлесіңдер.

Өзінің киімін өзі реттеп киінуге тиіс.

І деңгей

Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.

Ү. Сабақты қорытындылау.

«Синквейн» әдісі:

«Талас» сөзіне бес жолды өлең жазу.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

10-сабақ Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.

1 қатар

2 қатар

3 қатар

4 қатар

5 қатар

6 қатар

Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 3-қатар 4-қатар + 6-қатар 2-қатар + 5-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

ІІІ тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер:

1-қатар + 6-қатар 2-қатар + 3-қатар 4-қатар + 5-қатар

(қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

1. Қазіргі кезең балалар әдебиетінің ақын-жазушылары кімдер?

2. Қадыр Мырзалиев туралы не білесіңдер?

3. Қ. Мырзалиевтің қандай шығармаларын білесіңдер?

4. Қ. Мырзалиевтің «Сабақ» жинағында не туралы айтылған?

5. Қастек Баянбаев деген кім?

6. Оның шығармалары қандай?

7. Е. Елубаевтың «Туады, шығады, түседі, келеді» өлеңі қандай тақырыпқа жазылған?

8. Б. Әділовтің қандай мысалдарын білесіңдер?

9. «Асқақтаған кірпіштер» мысалы не туралы?

10. Кітап туралы қандай ұлағатты сөздерді білесіңдер?

2-тапсырма. «Қазіргі кезең балалар әдебиетінің ақын-жазушылары» деген тақырыпқа диалог құрып, өзара сөйлесу.

3-тапсырма. «Жақсы кітап - ақылды адамның әңгімесімен бірдей» деген тақырыпқа шығарма жазу.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

11-сабақ Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Қадыр Мырзалиев 1935 жылы қай жерде дүниеге келген?

A) Алматыда облысында B) Маңғыстау облысында

C) Орал облысында D) Қарағанды облысында

2. «Әдебиет» сөзі қай тілден енген?

A) араб B) латын C) орыс D)грек

3. Қ. Мырзалиевтің «Сабақ» жинағындағы үшінші сабақ атауын табыңдар.

A) табиғаттану сабағы B) тіл сабағы C) еңбек сабағы D) тарих сабағы

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48