Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

2. Мәтіндегі туынды зат есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріп, жұрнақтарын белгілеңдер.

ІІ деңгей

Қазақстанның орман шаруашылықтары қандай жұмыстарды атқарып жүргендері туралы айтып беріңдер.

І деңгей

«Орманды қалай қорғаймыз» деген тақырыпқа шығарма жазыңдар.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, ат қою. Мәтіннің қандай тақырыпқа жазылғанын анықтау.

Сөздік:

Зиян – вред өрт – пожар

Пайдалану – использовать бағытталған – направленный

Қарапайым ережелер – простые правила

Көміп тастау – закопать

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдердің екінші бағаннан жалғасын табу.

Жауап үлгісі:

Сөйлемнің басы

Сөйлемнің аяғы

1. Ормандарда өртті болдырмау үшін...

2. Өрт таралмау үшін...

3. Ағаштың түбінде...

1. халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құралдармен өртті сөндіру тәсілдерін үйрету керек.

2. оның арасынан ор, каналдар қазады.

3. от жағуға болмайды.

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Ұлағатты сөздерді түсініп оқып, жазып алу. Бұйрық райда тұрған етістік пен туынды зат есімдерді тауып, астын сызу.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

97-5-сабақ

Тақырыбы: Eң құрғақ жерлер

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген сұрақтарға жауап беру. Сұрақтар:

1. Жер шарындағы ең құрғақ жер қалай аталады?

2. Шөлдер Жер шарының қандай аумағын алып жатыр?

3. Шөлдерде жаңбыр жауа ма?

4. Үнемі не соғып тұрады?

5. Жел арқылы үйілген құмды төбелер қалай аталады?

6. Шөлді басқаша тағы қалай атайды?

2-тапсырма. Сөйлемдерге керекті сөздерді қойып жазу.

Жауап үлгісі:

1. Жер шарының көп аймағын шөлдер алып жатыр.

2. Шөл - суға тапшы аймақ.

3. Жел құмды сыпырып, биік төбе етіп үйеді.

4. Кейбір шөлдерде жаңбыр мүлде жаумайды.

3-тапсырма. Сөйлемдерді жазып, зат есімдердің жалғауларын анықтау.

1. Ең ыстық шөлдерде күндіз температура 50 С-қа дейін көтеріледі.

2. Ал түнде салқын, тіпті кәдімгідей суық болады.

3. Біздің елімізде Тауқұм, Сарыесікатырау, Мойынқұм, тағы басқа шөлдер бар.

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Өзара сөйлесу.

Ең үлкен шөл

-  Дүниедегі ең үлкен шөл қандай?

-  Солтүстік Африкадағы Сахара шөлі.

-  Оның аумағы қанша?

-  Шығыстан батысқа дейінгі арақашықтығы – 5600 километр, ал солтүстіктен оңтүстікке дейін арақашықтығы – 1700 км.

-  Сахарадан не табылды?

-  Сахара шөлінен тұзды тас кесектерден тұрғызылған қаланың ескі орны табылды.

-  Мұндай қала жаңбырға ери ме?

-  Біздің жерде жаңбырдың бірінші күні-ақ еріп кетер еді. Ал Сахарада ше?

-  Сахарада жаңбыр жаумайтындығынан бұл тұзды қала жүздеген жылдар бойы сақталып тұрған.

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. «Ең құрғақ жер» деген тақырыпқа шығарма жазу.

98-6-сабақ

Тақырыбы: Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу.

Жазғытұрымдай орман іші де, шалғынды далалар да, ауыл маңдары да, у-шу болып жатқан жоқ. Мамыр айында көк ала жібек кілем жайғандай қызғалдақ, сарғалдақ, қызыл – жасыл гүлдермен түрленген көкорай алаңқайлар көркінен айырылған. Сол алаңқайлардан ұшып, аспанға, көкке шығып қалықтап, мың түрлі күйге салған, құбылтып жырланған бозторғайлардың да жырлары қазір естілмейді. Жазғытұрымдай әуеге, көкке, гүл иісіне мастанған адам мен мал дауыстары да көп естілмейді.

Қызыл ала, жасыл, түрлі далалар, көкорайлар солып, бурыл тартқан. Көк жасыл ормандардың жапырақтары сарғылт тартқан, селдірей де бастаған. Ормандар да, дала да, жан-жануарлар да бәрі қазір солғын тартып, күзге салымғы күнге жай ғана шуақтап тұрған тәрізді.

2-тапсырма. Қызықты мәліметтерді түсініп оқып, жазып алу. Сұрақтарға жауап беру.

1. Әлемдегі ең биік ағаш қандай?

2. Ол ағаш қайда өседі?

3. Оның биіктігі қандай?

4. Сүт ағаштары қайда өседі?

5. Оны неге сүт ағашы дейді?

6. Кәмпит ағашы қайда кездеседі?

7. Оны неге көмпит ағашы деп атайды?

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.

Кешке қарай күн аспанда ақырын жылжиды, күндіз оқтын-оқтын соғып тұрған жел өзі-өзінен жуасып, майда ғана қоңыр самалға айналады. Сөйтеді де бірден тына қалмайды.

Осыдан кейін Арқаның сирек кездесетін, әдемі, үнсіз, таза, мөлдір түні басталады. Дәл осы бір шақта сені жер үстіне біткен барлық орман мен тоғай, мың түрлі шөп пен жемістер, гүлдер мен таулар, өзендер мен бұлақтар, көлдер мен теңіздер қоршап алып, алыстан ақырын ғана хош иісті лебімен желпігендей. (Ж. Саин)

V. Сабақты қорытындылау.

«Синквейн» әдісі:

Орман. Ағаш.

Ну, қалың.

Жайқалады, гүлденеді, өседі.

Орманды жерде қыдырғанды ұнатамын.

Тоғай.

VI. Үй тапсырмасы.

3-тапсырма. Тірек сызба бойынша сөйлемдер құрау.

99-7-сабақ

Тақырыбы: Жануарлар әлемі

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, диалог құрау. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

Жануарлар әлемі

Жануарлар - өсімдіктер сияқты жер бетіндегі тірі ағзалардың бірі. Жануарлар – жүре және сезе алатын тіршілік иелері. Жануарлар өздерін қоршаған ортаға қарай қалыптасады. Мысалы: суық, ыстық, сулы жерлерде сол жерлерге бейімделген жануарлар ғана мекендейді. Егер өздеріне қолайлы өмір сүретін ортасы жойылса, жануарлар құрып кетеді. Қазір көптеген жануарларға жойылып кету қаупі төніп тұр. Жануарлардың дүние жүзінде бір жарым миллионнан астам түрлері бар. Жануарлардың адамдар өмірінде де маңызы зор. Олар бізге ет, май, сүт, бал тағамдарын, жүн, жібек сияқты өнімдер береді.

(С.Қаженбаевтан)

2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.

ІІІ деңгей

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Адамдардың жануарларға тікелей тигізетін әсері қандай?

2. Жанама әсері немен байланысты?

3. Кейбір жануарлардың саны не себепті азаяды?

ІІ деңгей

Мәтінді үш бөлікке бөліп, әрқайсысына ат қойыңдар. Мазмұнын қысқаша айтып беріңдер.

І деңгей

«Жануарлардың санын сақтап, көбейту үшін не істеуіміз керек?» деген сұраққа дәлелді жауап дайындаңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

3-тапсырма. Сызба бойынша сөйлемдер құрау.

Ағаштарды кесу

Тың жерлерді жырту бәрі табиғатты және

Батпақты кептіру жануарлардың

Қалаларды, жолдарды салу тіршілік жағдайын

Ауаны, топырақты, суды ластау өзгертеді

олардың саны азаяды.

Соның нәтижесінде

кейбір түрлері жойылып кетеді.

VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, қоршаған ортаны қорғауға арналған қандай жұмыстарды жүргізуге болатыны туралы пікірлесу.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48