Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
• ұл, қыздан да жаман мінез шығады, Қырсыз қылық тек әкеден жұғады.
:
• Балаң ақылды әрі есті болсын десең, дені сау, мықты етіп өсір. Ол жұмыс істесін, әрекеттенсін, жүгірсін, айқайласын, тынымсыз қимыл үстінде болсын.
:
• Сан ғасыр жасаған халық даналығымен бірге жеткен мынадай ақиқат бар: баланың жақсысы әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы - қайғысы, азап - соры.
2-тапсырма. Ә. Тәжібаевтың «Балалар» өлеңін түсініп, жаттау.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқу. Мазмұнын әңгімелеп, өз ойларын білдіру. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру. Мәтінге ат қою. «Өз жартыңды тап» ойынын өткізу.
Ойынның шарты:
Мұғалім жұп кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы - біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
Сөздік:
Айыра алмау – не различать Сәнқой – модница
Селдір, шолақ – редкий короткий Көрші – сосед
Ақ кенерлі көзілдірік – очки с белой оправой
Қалың – густой Тізе – колено
Тыңдай бермеу – не слушаться
Сұрақтарға жауап беру.
1) Апалы-сіңлілі қыз балалардың аты кім және олар нешінші сыныпта оқитын еді?
2) Жанардың мінезі, кескін - кейпі, киімі, жүріс-тұрысы қандай?
3) Данардың мінезі қандай болған?
4) Олар бірін-бірі тыңдаған ба?
5) Сендердің інілерің, сіңлілерің немесе ағаларың, апаларың бар ма?
6) Сендердің олармен қарым-қатынастарың қандай? Әңгімелеңдер.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
5-5-сабақ Ұлың өсіп ержетер, қызың өсіп бойжетер Күні: 9.09.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту. Сөздік жұмысы.
Сөздік
ойлау - подумать жау - враг
жұмсақ - мягкий арзан - дешевый
төр - почетное место қатты - твердый
есті - здесь: понимающий жалқау - ленивый
1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқу. Мақал-мәтелдердің мазмұны мен мағынасын түсіндіріп, жазып алу. Орыс тілінде баламасы бар мақалдарды белгілеу. Қарамен жазылған сөйлемдерді талдау.
Ең алдымен ойлан, онан кейін істе.
Досыңды алдынан, жауыңды соңынан көр.
Жұмсақ төсеп, қатты ұйықта.
Ақылдың арзаны жоқ, ақылдының бүгінгі ісі кеше тынған.
Ақыл ауыздан, мерей көзден.
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке сүйрер.
Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла.
Естіге екі сөз жетіп жатыр.
Адамды еңбек асырар, жалқаулық құтын қашырар.
Айырылмастай досыңа, қайырылмастай сөз айтпа.
2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, жас балалардың үлкендер алдында өзін-өзі ұстауы туралы әңгімелеу. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау.
ІІІ деңгей
1. Араласпайды, ұнатпайды, болмайды сөздерінен мәтіннің мазмұны бойынша салалас құрмалас сөйлемдер құраңдар.
2. Сұрақтарға жауап беріңдер.
1) Қандай баланы ешкім ұнатпайды?
2) Қалай ойлайсыңдар, неге?
3) Үлкендер арасында балалар қашан сөйлей алады?
ІІ деңгей
1. «Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз пікірлеріңді айтыңдар. Сендер отбасыларыңда үлкендер сөйлескенде араласасыңдар ма?
2. Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді теріп, тұрлаулы мүшелерін табыңдар. Құрмалас сөйлемдердің түрлерін анықтаңдар. (СҚ немесе СҚ).
І деңгей
Жас балалардың үлкендер арасында өзін - өзі ұстауына қатысты қандай ережелерді ұсынар едіңдер?
3-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып шығу. Мазмұнын қалай түсінгендері туралы айтып беру.
4-тапсырма. Мәтін бойынша мазмұндама жазу.
Қандай бір жағдайда болмасын адам өзін ұстай білгені жөн. Ашу үстінде айтылған сөз әрқашан әділ бола бермейді. Сондықтан біреумен әлдеқалай ренжісе қалсаңыз, бірден үзілді-кесілді пікір айтпауға тырысқан жөн. Әдепті адамның талғамы да биік. Өзін де, өзгені де сыйлай білетін адам көпшілік орындарға қалай болса солай киініп бармайды. Әрине, талғаммен киіну деген өз байлығын паш ету емес. Әр киімді орнымен, сыр-сымбатымен, үйлесімімен қолдана білу қажет.
V. Сабақты қорытындылау.
5-тапсырма. Мәліметтермен танысып, есте сақтаңдар.
VI. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Етістіктерді оқып, түбір мен жұрнақтарын ажыратып жазу.
6-6-сабақ Тіл дамыту Күні: 10.09.15ж.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Бекіту. Сөздік жұмысы.
Сөздік
жұрт - народ жарамау - не пойдет
қайтып келу - вернуться айрыла жаздау - чуть не разрывается
майдан - фронт ақымақ - глупый
1-тапсырма. Б. Соқпақбаевтың шығармасынан алынған үзіндіні түсініп оқып, шығарманың атын еске түсіру. Үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тапсырманы төмендегі ойын түрінде де өткізуге болады.
Жұмыстың бұл түрі жеке де орындалуы мүмкін. Жазба жұмысын орындағанда әрбір оқушы үш деңгейдің тапсырмалары жазылған парақ алады. Солардың біреуін таңдағаннан соң, оқушылар бірінші тапсырманы орындауға кіріседі. Оны орындаған оқушы қолын көтереді. Өз жұмысын мұғалімнен алған дұрыс үлгісімен салыстырып, оқушы бағалау парағына баға қояды да, екінші тапсырманы орындауға кіріседі. Аяқталған соң тағы да өзін-өзі солай қайтадан тексереді. Одан кейін үшінші тапсырмасын орындап, соны бағалауға кіріседі. Оқушы кез келген деңгей тапсырмаларын орындауға құқылы.
2-тапсырма. Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына керекті етіс жұрнақтарын қойып көшіру.
Жауап үлгісі:
1. Біреуі оқуда, біреуі демалыста, анам да көрінбейді.
2. Барлығы алма-кезек құшақтап, көрісіп жатыр.
3. Өзі ата-ана бауырынан тыс, таршылықта өскен жан жақсы атаққа ілінді.
4. Сөйтіп жүргенде, сабақ та басталды.
3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, өзара пікірлесу. Негізгі ойын айту. «Тіршілік тірегі - еңбек» дегенді түсіндіру. «Асыранды қаздар» мәтінінің мазмұнын жазбаша беру. Бұл тапсырманы «Бір-біріне диктант жүргізу» ойыны арқылы өткізуге болады.
Ойын барысы:
![]()
Оқушылар екі-екіден отырады. (1) (2), (3) (4) т. с.с. Әр жұпта мәтінді бір-біріне жаздырып, оқулық бойынша тексереді.
Асыранды қаздар
Көңілді көктем болатын. Атам екеуміз көл жағалап келе жатыр едік, бір топ қаз қаңқылдай көтеріліп, төбемізден аса ұшты.
- Ата, біздің үйдегі қаздар неге мыналар секілді самғап ұша алмайды? – деп сұрадым.
Атам аспай-саспай бетіме бір қарап алды да, ұшып бара жатқан қаздарға көз тікті.
- Балам, бір кездері біздің үйдегі қаздар да аспандап ұшқан. Олар өз бетімен тіршілік еткен. Бертін келе адам қолға үйретіп, қорадан шығармай ұстады. Қабырғасы қалыңдап, жүрегін май басты... Егер өз бетіңмен еңбек етпей, үнемі біреуге иек арта берсең, сен де асыранды қаздар секілді бойыңдағы қабілетіңнен айырыласың. Самғап, биікке ұша алмайсың.
- Шынында да солай-ау, осы!
(К. Ахметова).
V. Сабақты қорытындылау.
Венн диаграммасы:
Үй қаздары Дала қаздары
![]() |
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |



