Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто
- 30% recurring commission
- Выплаты в USDT
- Вывод каждую неделю
- Комиссия до 5 лет за каждого referral
8. Сүт ағаштары қайда өседі?
A) Африкада B) Бразилияда
C) Австралияда D) Үндістанда
9. Ең биік, ең салмағы үлкен және ең үлкен жұмыртқа салатын құс қайсы?
A) тырна B) колибри C) шымшық D) түйеқұс
10. Халықаралық «Қызыл кітапқа» Қазақстан аумағын мекендейтін қанша аң-құстың түрі енген?
A) 24 түрі B) 25 түрі C) 26 түрі D) 27 түрі
ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.
1. Туынды зат есімдерді қолданып, табиғат байлықтары туралы шығарма жазыңдар.
2. Орман түрлеріне сипаттама беріп, адам өміріндегі орманның маңызы туралы айтыңдар.
3. Жануарлар әлемінің пайдасы мен зияны туралы тірек сызба құрастырып әңгімелеңдер.
4. Қазақ халқы үшін бүркіттің маңыздылығын атаңдар. Туынды зат есімдерді қолданыңдар.
5. «Қызыл кітапқа» енген ит – құстардың қайсысымен таныссыңдар. Шағын диалог құраңдар.
6. «Табиғатты қорғайық» деген тақырыпқа бұйрық рай мен туынды зат есімді қолданып, шағын шығарма жазыңдар.
V. Сабақты қорытындылау.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
104-12-сабақ
Тақырыбы: Диктант
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Диктант жазу.
Диктант мәтінін бірнеше рет оқып шығамын. Содан соң түсініксіз, қиын сөздердің емлесін түсіндіремін, тақтаға қалай жазылатынын көрсетемін. Жазып болған соң бір рет тексеріп, содан соң оқушылардың өздеріне тексертемін. Емле ережелерін қайталап өту.
Ізбасты
Қыпшақ Ізбасты би, он жасар күнінде көш үстінде көп адаммен бір түлкі қуысып, бәрінен бұрын түлкіні соғып алды. Артынан келген жасы үлкен кісілер түлкіңді бізге байла деп еді, Ізбасты бермеді. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті. Сонда Ізбасты ханға айтты дейді:
- Ойдан қашты бір түлкі, тауға қарап демалмай, жабыла қудық кеп кісі, бәрі де қалды ере алмай; сол түлкіні кім алар, жалғыз жеткен мен алмай; ағайыннан дұшпан жоқ, алдына салып айдап жүр, алтайы түлкі көре алмай; ұялып, тақсыр, жүрмеңіз, мұның төресін оңдап бере алмай. (98 сөз).
V. Сабақты қорытындылау.
Тапсырмалар:
1. Қазақшылық әдетте жасы үлкенге мұндай соғып алған түлкіні байлаушы еді, мынау бала бізге байламайды деп, заманындағы ханына арызға келісіпті.
Берілген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.
2. Қыпшақ, Ізбасты сөздерін септеу.
VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.
XIII МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Менің күн тәртібім
Грамматикалық тақырыбы: Біріккен сөздер
Бөлімі | Сабақ саны | Модуль мазмұны | Уақыты |
Кіріспе | 1-сабақ | Модульге кіру. Лексикалық тақырып. Грамматикалық тақырып. Бекіту. Диалогпен жұмыс. Жаттығуларды орындау. | 45 минут |
Сөйлесу | 2-сабақ | Жаттығуларды орындау. Өлеңмен жұмыс | 45 минут |
3-сабақ | Жаттығуларды орындау. Тақырып бойынша сұрақтармен жұмыс. | 45 минут | |
4-сабақ | Нақыл сөздермен жұмыс. Жаттығулармен жұмыс. Ө.Ақыпбековтің өлеңімен жұмыс. | 45 минут | |
5-сабақ | Жаттығуларды орындау. Диалогпен жұмыс. | 45 минут | |
Қорытынды | 6-сабақ | Нәтиже сабақ. 1. Тест. 2. Бақылау сұрақтары. | 45 минут |
105-1-сабақ Кіріспе бөлімі
Тақырыбы: Күн тәртібім
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.
III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Грамматикалық тақырыпты тірек сызба негізінде түсіндіру. Біріккен сөздерге қатысты қосымша мәліметтерді есте сақтау.
1. Өсімдік, құс, жөндік, ақ атаулары: итмұрын, аққу, аққұтан, т. б. 2. Кісі аттары: Боранбай, Орынбасар, Қазанғап, т. б. 3. Жер, су, географиялық атаулар:Ақтөбе, Қызылорда, кемпірқосақ, Алакөл, т. б. 4. Ойын атаулары: ақсүйек, алтыбақан, т. б. 5. Өн, күй атаулары: Сарыарқа, Қаражорға, Қараторғай, т. б. 6. Анатомиялық атаулар: ұлтабар, асқазан, тоқішек т. б. |
V. Бекіту. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.
«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны.
Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.
I тур
Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.
1 қатар | 2 қатар | 3 қатар | 4 қатар | 5 қатар | 6 қатар |
Мұғалім әp жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.
II тур
2 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 4 және 5-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.
1-қатар + 3-қатар 4-қатар + 6-қатар 2-қатар + 5-қатар
Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтар қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша). Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.
Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.
III тур
II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.
Енді кездесетіндер: 1-қатар + 6-қатар 2-қатар + 3-қатар 4-қатар + 5-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтар:
1. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз не?
2. Академик адамға қандай сипаттама берген?
3. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?
4. Күн тәртібінің өзін-өзі тәрбиелеуде маңызы қандай?
2-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.
3-тапсырма. Таңертең тұрғанда жуыну мен ас ішуді ескеру. Осыған қатысты төменде берілген өлеңдерді түсініп оқып, жаттау.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру. «Өз жартыңды тап» ойынын өткізу. Ойынның шарты:
Мұғалім жұп кеспелер дайындайды: біреуінде - сұрақтар, екіншісінде - жауаптар. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған кеспелердің түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті кеспені (әрқайсысы біреуін) таңдайды. Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серігін іздеп, бірге отырып, жұмыс істейді.
1. Біріккен сөздер деген не? 2. Біріккен сөздер қалай жасалады?
3. Біріккен сөздерге бірнеше мысал келтіріңдер. 4. Біріккен сөздерден сөйлемдер құрандар.
VI. Сабақты қорытындылау.
VII. Үй тапсырмасы. 6-тапсырма. Біріккен сөздерді мағынасына, бірігу жолдарына қарай талдау. Ереже жаттау. VIІ. Бағалау.
106-2--сабақ Сөйлесу бөлімі
Тақырыбы: Дене шынықтыратын жаттығулар
|
Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 |


