Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

100-8-сабақ

Тақырыбы: Құстар

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мақал-мәтелдерді түсініп оқып, мағынасына сипаттама беру. Есте сақтау.

Ажалды қарға бүркітпен ойнайды.

Аспандағы тырнаны ұстаймын деп,

Қолыңдағы шымшығыңнан айрылма.

Ертеңгі тауықтан,

Бүгінгі жұмыртқа артық.

2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындау.

Тапсырмалар:

1. Жоспар негізінде мәтіннің мазмұнын қысқаша әңгімелеу.

І. Бүркіттің мекендейтін жері.

II. Тұрған жерінің жағдайына қарай ұя салатыны.

III. Салған ұясының ерекшеліктері.

IV. Балапандарының өмір сүруі.

2. Зат есімдерді теріп, септік жалғауларын анықтау.

Үлгі: Қырғызстан –зат есім,

- да – жатыс септігінің жалғауы.

3-тапсырма. Диалог сұрақтарымен толықтырып, өзара сөйлесу.

- ...?

- Құстар жер жүзінің барлық жерлерін мекендейді.

- ...?

- Олардың тоғыз мыңға жуық түрлері бар.

- ...?

- Барлығына жуығы ұшады, дегенмен ұшпайтын құстар да кездеседі.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

- ...?

- Құстардың барлығы жұмыртқа салады.

- ...?

- Бәрі бірдей ұя салмайды. Ұрғашы үкі жұмыртқасын жерге салады, көкек бөтен құстың ұясына салады.

- ...?

- Құстар балапандарын жұмыртқадан денесінің қызуымен басып шығарады.

- ...?

- Олар жұмыртқасы мен балапандарын қорғау үшін жапырақтардан, талдардан ұя салады.

V. Сабақты қорытындылау.

4-тапсырма. Қызықты мәліметтерді оқып, есте сақтау.

Ең биік, ең салмағы үлкен және ең үлкен жұмыртқа салатын құс – түйеқұс, биіктігі – бір жарым-екі жарым метр, бірақ үша алмайды.

Ең кішкентай және ең кішкентай жұмыртқа салатын және қауырсыны ең көп құс – колибри, ұзындығы – бес-ақ сантиметр, ал жұмыртқасының ұзындығы – бір-ақ сантиметр.

Ең ұзақ өмір сүретін құстар – ақ тырна, каказу (тотықұстың бір түрі), қаз. Ғалымдар олардың сексен жылға дейін өмір сүретінін анықтаған.

VI. Үй тапсырмасы.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, неге «Сөзшең тотылар» деп атағаны туралы айту.

101-9-сабақ

Тақырыбы: Халықаралық «Қызыл кітап»

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. «Қызыл кітапқа» не жүктеледі?

2. Бұл кітап қандай құрал?

3. Оның қажеттілігі қандай?

4. Халықаралық «Қызыл кітапқа» Қазақстан жерін мекендейтін қандай құстар мен аңдар енгізілген?

2-тапсырма. Диалог бойынша сөйлесу.

- Біздің елімізде жануарларды қорғауды ұйымдастыру қандай бағытта жүргізіледі?

- Екі бағытта. Оның бірі – қорықтар ұйымдастыру, екіншісі – кәсіптік маңызы бар жануарларды пайдалану барысында сақтайтын қорық.

- Олар екеуі де қажет пе?

- Әрине, олар бір – бірін толықтырып отырады.

- Қорықтар арқылы Қазақстанда қандай аңдар сақталады?

- Құландарды, барыстарды, Тянь – Шань қоңыр аюын, гепартты, т. б. тіршілік ететін жерлерін қорыққа айналдыру арқасында сақтап қалу мүмкін болды.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндама жазу.

Өсімдіктердің түр-түрінің көп болуы адамдарға байланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де, дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік түрлерін жойып жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс қарамау нәтижесінде дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, қазір оның 25 мың түрі құрып кету дәрежесінде түр. Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса, оның 5,6 мыңнан астамы Қазақстанда өседі.

(С. Қаженбаев)

V. Сабақты қорытындылау.

«Он сұрақ қой» әдісі:

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Бір оқушы маңдайына сөз жазып алып, барлық оқушыларға сол сөз туралы он сұрақ қойып шығады. Он сұрақ қойып тауып алса жеңгені, таба алмаса жеңілгені. Әрі қарай басқа оқушы жалғастырады.

Сөз: Құлан, қорық, т. б.

VI. Үй тапсырмасы.

4-тапсырма. Мәтін бойынша төменде берілген кестені толықтыру.

102-10-сабақ

Тақырыбы: Табиғат — екінші үйің

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Табиғат туралы айтылған ұлағатты сөздерді түсініп оқып, есте сақтау.

«Дала тұрғынын басқаша көрініс, басқаша табиғат қоршайды. Жайқалған өзен, кең айдынды тұнықта үйрек, қаз, аққулар су бетінде әсем қалықтап жүзеді, қиқулап үн қосады, бірақ бәрі де орынды, жарасымды».

(Ш. Уәлиханов)

«... Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі ғой, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр».

(Ш. Айтматов)

«Егер әрбір адам өзіне тиесілі аядай жерде қолынан келгенінің бәрін жасаса ғой, онда біздің жеріміз қандай құлпырып, жайнап кеткен болар еді».

()

2-тапсырма. «Табиғатты қорғау» деген тақырыпта мектеп қабырғасында қандай шараларды ұйымдастыруға болатыны туралы пікірлесу.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әрі қарай шығарма ретінде өздері жалғастыру.

Жердің асыл қазыналары

Жер ресурстарымен өте бай. Дәнді дақылдар мен жемістер егістіктерде өседі. Өзен, теңіз, көлдерден балық аулайды. Орманның ағашын пайдаланамыз. Тауларда пайдалы қазбалар өндіріледі.

Көмір, мұнай және газ - табиғи маңызды пайдалы қазбалар. Олар электр энергиясын береді. Бірақ жер байлықтары мәңгілік емес. Сондықтан ғалымдар энергияны өндірудің басқа да жолдарын қарастырады. Мысалы: жел мен күн сәулесі арқылы электр энергиясын өндіруге болады...

V. Сабақты қорытындылау.

«Табиғат» сөзіне байланысты сөзжұмбақ құру.

Т - тамаша

А - асқар таулар

Б - бұлттар

И - ирелеңдеген жоталар

Ғ- ғажайып көрініс

А - айдынды көлдер

Т - тіршілік иесі

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

103-11-сабақ

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. «Нөсер жаңбыр» деген сөзде «нөсер» сөзі қандай мағынаны білдіреді?

A) жай жаңбыр B) суық жаңбыр

C) қатты жаңбыр D) жылы жаңбыр

2. Ауаның көбірек ластанатыны қай қабаты?

A) жоғары қабаты B) ортаңғы қабаты

C) төменгі қабаты D) барлық қабаты

3. Мәңгі жасыл өсімдіктер орманның қай түрінде болады?

A) қылқан жапырақты B) аралас жапырақты

C) ұсақ жапырақты D) ірі жапырақты

4. Ең үлкен орман қалай аталады?

A) қылқан жапырақты B) аралас жапырақты

C) тайга D)сахара

5. Біздің Жер шарымыздағы ең құрғақ жер қалай аталады?

A) көл B) шөл C) орман D) ауа

6. Сахара шөлі қайда орналасқан?

A) Америкада B) Африкада

C) Австралияда D) Қазақстанда

7. Әлемдегі ең биік ағаш қалай аталады?

А) эвкалипт B) емен C) шырша D) аққайың

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48