Партнерка на США и Канаду по недвижимости, выплаты в крипто

  • 30% recurring commission
  • Выплаты в USDT
  • Вывод каждую неделю
  • Комиссия до 5 лет за каждого referral

10. - ыл, - іл, - л жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрін табыңдар.

A) өздік етіс B) өзгелік етіс C) ырықсыз етіс D) ортақ етіс

ІІ. Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау.

1. Құрмалас сөйлемнің әр түріне мысалдар келтіріңдер.

2. Ана туралы білетін өлеңдеріңді жатқа айтып беріңдер.

3. Қазақ халқында ер адаммен, әйел адаммен амандасу реті қалай жүзеге асатындығын түсіндіріңдер.

4. Ырықсыз және ортақ етістерді қатыстырып, бірнеше сөйлемдер құраңдар. Етістердің айырмашылығын атаңдар.

5. «Отбасы сыйластығы» деген тақырыпқа шағын әңгіме құраңдар.

6. Әдеби шығармалардан отбасы сыйластығы, сәлемдесу туралы сөйлемдерді теріп жазып, құрмалас сөйлем түрлерін анықтаңдар.

7. «Тәрбие отбасынан басталады» деген тақырыпқа пікірталас, сұхбат ұйымдастырыңдар.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

II МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: Отбасы сыйластығы

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. Отбасы - Отанымыздың ошағы. Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Жаттығуларды орындау

Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

3-сабақ

Жаттығуларды орындау

Деңгейлік тапсырмалар

45 минут

4-сабақ

Жаттығулармен жұмыс

Мәтінді мазмұндау

45 минут

5-сабақ

Жаттығуларды орындау

Мәтін бойынша сұрақтармен жұмыс

45 минут

6-сабақ

Мақал-мәтелдермен жұмыс Жаттығулармен жұмыс

45 минут

Қорытынды

7-сабақ

1. Диктант

2. Бақылау сұрақтары

45 минут

Кіріспе бөлімі 10-10-сабақ Күні: 17.09.15ж.

НЕ нашли? Не то? Что вы ищете?

Отбасы - Отанымыздың ошағы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту. Сөздік жұмысы.

Сөздік

қалыптасу - формироваться өзгерту - изменить

тәрбиелі - воспитанный ержету - взрослеть

көкірек - душа міндет - задача

сақталу - сохраниться бірлік - единство

керемет - прелесть

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, құрмалас сөйлемдерді теріп жазу. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің астын сызу.

2-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беру

1. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы қайдан басталады?

2. Адамның алғашқы адамгершілік белгілері неден басталады?

3. Жеке адамның бойындағы қасиеттері немен байланысты?

4. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының өсері қандай?

5. Отбасы қандай орта?

6. «Отбасы - тіршілік тірегі» дегенді қалай түсінесіңдер?

 

Сын есім

Қандай? Қай?

Заттың түрі, түсі, сипаты,

сапасы, көлемі, аумағы

 

Тұлғасына қарай Құрамына қарай Мағынасына қарай

Негізгі туынды дара күрделі сапалық қатыстық

Түбірдің өзінен ғана болатын сын есімдер негізгі сын есімдер деп аталады. Мысалы: жеңіл, қызыл, биік, т. б.

Белгілі бір жұрнақ арқылы жасалатын сын есімдер туынды сын есім деп аталады. Мысалы: аспалы, білгіш, ұялшақ, т. б.

Бір ғана сын есімнің сындық белгісі дара сын есім деп аталады. Мсыалы: қызылдау, тарихи, т. б.

Күрделі сын есімдер тіркесіп не қосарланып жасалады. Мысалы: көп балалы, жеп-жеңіл, т. б.

Сындық белгіні анықтайтын сын есім сапалық сын есім деп аталады. Мсыалы: үлкен, жеңіл, сарғыш, т. б.

Басқа сөз таптарынан жасалған сын есім қатыстық сын есім деп аталады. Мысалы: жазғы, сәнқой, орманды, т. б.

3-тапсырма. Абай Құнанбаевтың сөзін түсініп, есте сақтау. Мағынасын түсіндіру. Өз пікірлерін ортаға салу. 4-тапсырма. Сөйлемдердің екінші жартысын табу.

Жауап үлгісі:

1) Адамның алғашқы

қалыптасуы...

2) Адам бойындағы

алғашқы адамгершілік белгілер ...

3) Отбасы - ...

4) Баланың тәрбиелі болып өсуіне...

1) отбасынан басталады.

2) отбасында қалыптасады.

3) сыйластық, жарастық орнаған орта.

4) берекелі отбасының

өсері мол.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

11-11-сабақ Отан отбасынан басталады Күні: 18.09.15ж.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Н. Ә. Назарбаевтың сөзін түсініп оқып, есте сақтау.

2-тапсырма. Мәтін бойынша үш деңгейлік тапсырмаларды орындау. Мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды жеке-топтық оқыта үйрету ойыны арқылы да жүргізуге де болады.

Жеке-топтық жұмыс формасы

Құрал-жабдығы:

1. Бағалау парағы.

2. Оқулықтағы үш деңгейлік тапсырмалар.

3. Жауап үлгілерін мұғалімнің өзі дайындайды.

Жетондар.

Ойынның жүру барысы

Бұл сабақта оқушылар өз даярлық деңгейіне қарай тапсырмалар таңдай алады. Әр оқушының алдында үстелде барлық, үш деңгейлік сұрақтар бар парақтар жатады (әр парақта 2-3 тапсырмадан).

Оқушылар деңгейді таңдайды:

• III деңгей тақырып бойынша алынған ақпаратты қолданып, жеткізе білуді талап етеді.

• II деңгей сұрақтары бұл ақпаратты талдай білуін талап етеді.

• I деңгей (едәуір күрделі деңгей) сұрақтары шығармашылық сипаттағы тапсырмалардан тұрады, мұнда оқушылар ақпаратты бағалап, ол туралы өз пікірін білдіріп, оны негіздеп, дәлелдей білуі тиіс.

Жауаптар әр деңгейдің ішінде бес балдық жүйемен бағаланады.

Оқушыларға өздеріне тиісті деңгейді таңдап алуға уақыт беріледі (2-3 минут). I деңгейді тандап алған балалар бөлек отырады (оларға көбірек уақыт беріледі). Әрбір сұраққа немесе тапсырмаға дайындалу үшін оқушыларға 5-7-10 минут уақыт беріледі. Оқушылар екі-екіден отырады. II және III деңгей тапсырмаларын таңдап алғандар бір-біріне бірінші сұрақ бойынша жауап береді. Сосын мұғалімнен жауап үлгілерін алып, сыныптастарының жауабын салыстырады да, бағалау парағына бір-біріне баға қояды.

Мұғалім дайындық барысында оқушыларға көмек бере алады. I деңгей тапсырмасын алған оқушылардың жауабын мұғалім өзі тексеріп, бағалайды. Бұдан әрі 2, 3-сұрақтардың жауаптары да осы үлгімен дайындалады.

Из за большого объема этот материал размещен на нескольких страницах:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48